Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы №1059/10 қаулы Павлодар облысы Әділет Департаментінде 2013 жылғы 21 қарашадағы №3614 болып тіркелген



Дата22.02.2016
өлшемі30 Kb.
#2219
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 1059/10 қаулы

Павлодар облысы Әділет Департаментінде 2013 жылғы 21 қарашадағы № 3614 болып тіркелген



Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 маусымдағы «Екібастұз қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін 2013 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» №547/6 қаулысына өзгеріс

енгізу туралы



Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңы 31 – бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 маусымдағы «Екібастұз қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін 2013 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 547/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3565 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 шілдедегі № 28 (1774) «Отарқа» және № 28 (2986) «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) (бұдан әрі – қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:

қаулының 1-тармағындағы «бір процент мөлшерінде» сөздері «бес процент мөлшерінде» сөздерімен ауыстырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Екібастұз қаласының

әкімі А. Вербняк

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет