130
Компьютерлік техника мен интернет желісінің қарыштап дамуы
қоғамның барлық салаларына өз ықпалын тигізуде. Интернеттегі
ақпараттар легін, компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін кең
қолдану күнделікті қажеттілікке айналды. Электронды оқыту жүйесі
компьютерлік телекоммуникациялардың бай дидактикалық мүмкіндік-
теріне негізделген. Мысалы, кез-келген форматтағы ақпаратты жедел
тасымалдау,
компьютер жадында сақтау, жеңіл өңдеу және баспаға
шығару, мультимедиалық, интерактивтік мүмкіндіктер, білім беру
үрдісіне қатысушылардың желі арқылы қашықтан қарым-қатынас жасай
алуы, әр түрлі мәліметтер қорын бірлесе қолдануы, желілік теле-
коммуникациялық жобалар жасау, т.б.
Электронды оқытудың негізгі компененттері
E - learning жүйесімен жұмыс жасау бірнеше негізгі компоненттерден
тұрады:
Мектепті басқару жүйесі (SMS).
Сыныпты басқару жүйесі (CRMS).
Оқу үрдісін басқару жүйесі (LMS).
Тестілеуді басқару жүйесі (TMS).
Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS).
Электрондық психологиялық - мониторингтік жүйе (MPsMS).
Ақпараттық - анықтамалық жүйе(IMS).
Оқытуды басқару жүйесі - (Learning Management System) оқу
қызметін басқару жүйесінің негізі, өңдеу, басқару және оқу oнлайн
мариалдарын тарату үшін қолданылатын бірлескен рұқсатпен
қамтамасыз етілетін жүйе. Жүйенің негізгі бағыты оқыту ортасында
тапсырмалар мен үйрету материалдарын кез-келген педагог жасай
алатындығымен сипатталады. Жүйенің құрамына әр түрлі жеке
тапсырмалар, аз топтың жобалары және барлық мектеп оқушылары үшін
мазмұндық компонентке негізделген элементтер мен коммуникативтік
оқу құралдары енеді.
CRMS - Classroom Management System (сыныпты басқару жүйесі) -
мұғалімге оқушыны дербес компьютермен
толық бақылап және
басқаруға, сабақтың қызықты өтуіне және тиімді болуына мүмкіндік
беретін арнайы Бағдарламалық қамсыздандыру. Бұдан басқа, CRMS
лездік дауыс қатынастары және диалогтардың берілу мүмкіндігі бар
бағалы лингафон сыныбының атқаратын қызметтері болуы керек,
сонымен бірге бейне және аудиофайлдарды таратып, оларды нақты
уақытта демонстрациялауға болады.
Электрондық оқыту жүйесін енгізудің тиімділігі:
кез-келген уақытта ашық - бүгінгі немесе болашақтағы ұстаздар
білім
беру қорларын, курстарды, он-лайндық қоғамдарды немесе қайта
даярлау бағдарламаларын өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта бағалай
алады;
131
кез-келген жерде ашық - үйренушілер басқалармен катынасады
немесе қорларды пайдалана алады, Интернет желісіне қосылған
компьютер бар болса, кез келген орыннан нұсқау және
сараптама алады;
бірлескен жұмыс және желілік қоғамдар - э-оқыту ұстаздарға
бірлескен жұмыстар және зерттеулер өткізу үшін, сонымен бірге пробле-
малық мәселелерді бірлесіп шешуде, инновациялық технологияларды
енгізумен және оқу бағдарламаларындағы тақырыптарды бірлесіп
талқылау мен тәжірибелерін ортаға бөлісу үшін жаңа мүмкіндіктер
ашады;
жаңа педагогикалық амалдар - э-оқыту дәстүрлі парадигманың
өзгеру үрдісінде катализатор қызметін көрсете алады;
э-оқыту дәстүрлі әдістермен салыстырғанда
интерактивті ортада
оқытуды бірлесіп құрастыруға мүмкіндік туғыза алады.
Достарыңызбен бөлісу: