Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Информатика дегеніміз не? Компьютер – ақпарат өңдеу құралы. Компьютер өңдейтін ақпарат түрі. Компьютер – аппараттық және бағдарламалық құралдар бірлестігі. Операциялық жүйелер. Ақпаратты компьютерде сақтау.
Бағдарламалық – Оқулық.
дидактикалық Жұмыс дәптері.
қамсыздандыру: Мәтін, графикалық сурет, музыкалық шығарма (техникалық
тасуыштарда). Бағдарламалық құралдар: калькулятор, мәтіндік және
графикалық редактор.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру. Оқушыларды деректер компьютердің ішкі және сыртқы жадында қалай сақталатынымен таныстыру.
2. Оқушылардың информатиканың негізгі ұғымдарын, компьютер
өңдейтін ақпарат түрлерін, бағдарламалық жабдықтама деген не
екенін, операциялық жүйе ұғымын, оның міндетін, компьютердің ішкі
және сыртқы жадының айырмашылық ерекшеліктерін білу
қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру
Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:
қойылатын талаптар: - информатиканың негізгі ұғымдарын;
-
компьютер өңдейтін ақпарат түрлерін;
-
бағдарлама деген не екенін;
-
бағдарламалық жабдықтама деген не екенін;
-
бағдарламалық жабдықтама түрлерін;
-
операциялық жүйе ұғымын, оның міндетін;
-
компьютердің ішкі және сыртқы жадының айырмашылық ерекшеліктерін;
-
файл деген не екенін.
Оқушылар үйрені тиіс:
-
ақпарат түрін анықтауды;
-
бағдарламалық жабдықтама мысалдарын келтіруді;
-
ішкі және сыртқы жадқа жататын құрылғылардың мысалдарын келтіруді.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
КОМПЬЮТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Информатика – бұл ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым; ЭЕМ көмегімен ақпаратты өңдеу тәсілдері туралы ғылым.
Бұл ғылым XX ғасырдың екінші жартысында пайда болды, оның дамуы электрондық есептеу техникасының пайда болуымен байланысты. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ – ақпараттық процестер. АҚПАРАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕР – бұл ақпаратты белгілер мен сигналдар түрінде беру, өңдеу және жинақтау процестері. Ақпараттық процестер:
тірі организмдердің ішінде;
техникалық құрылғыларда;
адамдар қарым-қатынасында;
телекоммуникацияларда;
қоғам өмірінде.
Ақпарат сигнал түрінде беріледі.
Ақпарат белгілер түрінде жинақталады.
Ақпаратты өңдеу – белгілер мен сигналдар түрінде, атап айтқанда: тірі организмдермен және техникалық құрылғыларда ақпарат сигналдар түрінде өңделеді.
Тірі организмдер арасында – белгілер мен сигналдар түрінде.
Компьютер пайда болмай тұрып ақпаратты өңдеу, сақтау және беру жұмыстарын адам орындаған. Сондықтан компьютердің құрылысы аздап адамның организміне ұқсайды. Адамның ең маңызды мүшелері аздап адамның организміне ұқсайды. Адамның ең маңызды мүшелері – бас, ми. Бірақ адамға өмір сүру үшін тек бас қана жеткілікті емес, оған тағы басқа мүшелер керк, сол сияқты компьютерге жұмыс істеу үшін көп түрлі құрылғылар керек.
1.3.1.Тапсырма.
Ақпараттық процестердің жүру кезінде адамның кейбір мүшелерімен компьютер құрылғыларының арналуын салыстырыңдар. Белгілі бір ақпараттық процесті орындайтын компьютердің құрылғылары мен адамның мүшелерін бағдаршалармен көрсетіңдер.
Кестеге бір-біріне сәйкес компьютер құрылғылары мен адам мүшелерінің атауларын жазыңдар.
Ақпаратты
енгізу
Компьютер
Пернетақта, маус.
Адам
Сезім мүшелері (көз, құлақ, сезім мүшелері, иіс сезу мүшесі)
Ақпаратты білдіру мен есте сақтау қажеттілігі пайда болғанда тіл, жазу, бейнелеу өнері пайда болды. Телефон, телеграфф, радио және теледидар пайда болуы ақпараттың орасан зор көлемін беруге мүмкіндік берді. Техникалық құралдар мен құрылғыларды пайдаланып ақпараттық процесстерді ұйымдастыру АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ деп аталады. Ақпараттық технологиялар түрлері өте көп. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІНЕ мыналар жатады: хат; пошта; телеграф; телефон; теледидар; телекоммуникациялар; электрондық пошта т,б,
Бұдан басқа, ақпараттық технологияларды төмендегілерге бөлуге болады: қағаздық; қағассыз; жаңа ақпараттық технологиялар.
ҚАҒАЗДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – бұл қағаз тасуыштарды (хаттарды, кітаптарды, архивтерді, кітапханаларды т.б.) пайдаланып, ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.
ҚАҒАЗДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – бұл ақпараттың қағаз тасуыштарын пайдаланбай (радио, теледидар, телеграф, факсимальдік байланыс т.б.) ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.
ЖАҢА ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – бұл ЭЕМ-ді пайдаланып, ақпаратты жинау, өңдеу және беру технологиялары. ЭЕМ-ді қолдану бұл өңдеудің негізгі бөліктерін автоматтық құрылғыларға артуға мүмкіндік береді, олар адамның қатысуынсыз мейлінше ұзақ және адамның ақпаратты өңдеу жылдамдығынан миллиондаған есе артық жылдамдықпен жұмыс істеуге қабілетті.
1.3.2.Тапсырма.
Жеті жапырақты гүлдің әр жапырағында компьютердің анықтамасы берілген. Егер бұл анықтама дұрыс болса, онда жапырақты боя.
Кейбір анықтамаларды басқа заттарға да қолдануға болады. Төменде аталған заттарды өздеріне сәйкес анықтамалардың шаршыларына жаз.
Егер сен анықтамаға сәйкес тағы заттар білсең, оларды да жаз.
Тапсырма компьютердің басқа техникалық құрылғылардан айырмашылғы жөнінде әңгімелесу барысында орындалады. Жеті жапырақты гүлдің әрбір жапырағында жазылған анықтамалардың әрқайсысы компьютерге қатысты болуы мүмкін, сондықтан нәтижесінде оның жапырақтарының барлығы боялады.
Компьютер бұл ақпаратты сақтауға және автоматты түрде өңдеуге қабілетті машина деген анықтама неғұрлым толық болып саналады. Әңгіме барысында осы кезеңге ерекше көңіл аударып, «жапырақты» ашық түспен ерекшелеу керек.
Аталған заттар былай бөлінеді:
Пернетақтасы мен экраны бар электрондық аспап
|
Калькулятор
|
Қашықтан басқаратын теледидар
|
Ұялы телефон
|
Электрондық сағат
|
Пейджер
|
Берілген жоспар бойынша жұмыс істейтін механизм
|
Электрондық сағат
|
Пейджер
|
Кодты құлып
|
Ойын қосымшасы
|
Автоматты кір жуу машинасы
|
Есептеуді жеңілдететін құрылғы
|
Калькулятор
|
Есеп құралы
|
|
|
|
Басқа аспаптарды басқара алатын аспап
|
Кодты құлып
|
Ойын қосымшасы
|
|
|
|
Ақпаратты сақтайтын және автоматты түрде өңдей алатын машина
|
Калькулятор
|
Электрондық сағат
|
Кодты құлып
|
Ойын қосымшасы
|
Автоматты кір жуу машинасы
|
Мәтінді енгізетін және қағазға басып шығаратын аспап
|
Басу машинасы
|
Телеграф аппараты
|
|
|
|
Ақпаратты сақтауға қабілетті құрылғы
|
кітап
|
Пейджер
|
Кодты құлып
|
|
|
Оқушыларға берілген анықтамаларға сәйкес келетін құрылғыларды өз бетімен ойлап тауып, оларды кестеге жазу ұсынылады.
Компьютердің көмегімен өңделетін ақпарат түрлеріне мыналар жатады:
-
мәтіндік;
-
графикалық;
-
дыбыс;
-
сандық;
Дегенмен, бұл ақпараттың барлығы сандық айналдырылуы қажет. Мысалы, музыкалық дыбысты сандық түрге ауыстыру үшін, әрбір өлшеу нәтижесін сандық түрге көрсете отырып, кішкене уақыт аралығы сайын дыбыс интенсивтілігін (күшеюін) белгілі жиілікте өлшеуге болады. Ал компьютер бағдарламаның көмегімен алынған сандық ақпаратты кері дыбыс түріне айналдыра алады.
Сол сияқты компьютер мәтіндік ақпаратты өңдейді. Компьютерге енгізген кезде әрбір әріп белгілі бір санмен (0 мен 1-ден тұратын) кодталады, ал адамға түсінікті болу үшін, сыртқы құрылғыға (монитор, принтер) шығарғанда, кодтар бойынша әріптердің бейнелері құрылады. Әріптер жинағы мен сандар кодтарының өзара сәйкестігі символдар кодтауы деп аталады.
1.3.3.Тапсырма. Ертегі.
Компьютер ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған АППАРАТТЫҚ және БАҒДАРЛАМАЛЫҚ комплекс болып табылады. Оқулықтан осы тақырыпты оқып танысқаннан кейін, оқушыларға ертегі-жұмбақты оқып, сөз компьютердің құрамына кіретін аппараттық және бағдарламалық құралдардың бірлестігі туралы екенін табу ұсынылады. Бұл тапсырманы орындау кезінде терминдер сөзжұмбағы бұған көмек болады.
«Кактус» - бұл компьютерді шартты-схема түрінде көрсету. Мұнда стандартты емес, ойын түрінде маңызды тақырып оқылады, оқушылардың өздері құрған схема бұл жұмыстың нәтижесі болуы керек.
1
|
А
|
П
|
П
|
А
|
Р
|
А
|
Т
|
Т
|
Ы
|
Қ
|
|
Ж
|
А
|
С
|
А
|
У
|
Ақпаратты қабылдауға, түрлендіруге және беруге арналған өзара байланысты құрылғылар тобы.
А
|
Е
|
Н
|
Г
|
І
|
З
|
У
|
|
Қ
|
Ұ
|
Р
|
Ы
|
Л
|
Ғ
|
Ы
|
С
|
Ы
|
Компьютер жадына бағдарламалар мен деректерді кодтауға және беруге арналған құрылғылар.
В
|
Ж
|
А
|
Д
|
|
Қ
|
Ұ
|
Р
|
Ы
|
Л
|
Ғ
|
Ы
|
С
|
Ы
|
Деректерді, бағдарламаларды, нәтижелерді сақтауға арналған құрылғы.
Деректерді өңдейтін және өңдеу процесін басқаратын негізгі құрылғы.
Д
|
Ш
|
Ы
|
Ғ
|
А
|
Р
|
У
|
|
Қ
|
Ұ
|
Р
|
Ы
|
Л
|
Ғ
|
Ы
|
С
|
Ы
|
Өңдеу нәтижелерін кері кодтауға жәнеоларды адамға қолайлы (түсінікті) түрде шығаруға арналған құрылғы.
Е
|
А
|
Қ
|
П
|
А
|
Р
|
А
|
Т
|
Т
|
Ы
|
Қ
|
|
К
|
Е
|
Ң
|
А
|
Р
|
Н
|
А
|
Құрылғылардың арасында ақпарат беруге арналған өткізгіш сымдар тобы.
2
|
Б
|
А
|
Ғ
|
Д
|
А
|
Р
|
Л
|
А
|
М
|
А
|
Л
|
Ы
|
Қ
|
|
Қ
|
Ұ
|
Р
|
А
|
Л
|
Д
|
А
|
Р
|
Арналуы әр түрлі бағдарламалар жиыны.
F
|
Ж
|
Ү
|
Й
|
Е
|
Л
|
І
|
К
|
|
Б
|
А
|
Ғ
|
Д
|
А
|
Р
|
Л
|
А
|
М
|
А
|
Л
|
А
|
Р
|
Компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын бағдарламалар тобы.
G
|
Қ
|
О
|
Л
|
Д
|
А
|
Н
|
Б
|
А
|
Л
|
Ы
|
|
Б
|
А
|
Ғ
|
Д
|
А
|
Р
|
Л
|
А
|
М
|
А
|
Л
|
А
|
Р
|
Деректерді өңдеуге арналған бағдарламалар.
J
|
Б
|
А
|
Ғ
|
Д
|
А
|
Р
|
Л
|
А
|
М
|
А
|
Л
|
А
|
У
|
|
Ж
|
Ү
|
Й
|
Е
|
Л
|
Е
|
Р
|
І
|
Басқа бағдарламаларды құруға және өңдеуге арналған бағдарламалар.
КОМПЬЮТЕР
АППАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАР
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР
Енгізу
құрылғысы
Жүйелік бағдарламалар
Жад
құрылғысы
Қолданбалы бағдарламалар
Процессор
Бағдарламалау
жүйелері
Шығару
құрылғысы
Бағдарламалық
кеңарна
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМА (ЖАСАУ)
Дербес компьютер – ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрылғы. Ол кез-келген ақпаратты өңдеу әрекеттерін орындай алады. Дегенмен компьютер өзі қолдану салаларының ешқайсысында білімі жоқ, бұл білімдердің барлығы компьютерде орындалатын бағдарламаларда. «Компьютер жасады» деген сөз компьютерде тиісті әрекетті орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама барын білдіреді.
БАҒДАРЛАМА сөзінің қазіргі сөздіктердегі анықтамасы төмендегідей:
-
Орындалатын жұмыстың жоспары орындалды;
-
Компьютердің қызметін (іс-әрекетін) басқару үшін енгізілетін, кодталған (арнайы түрде жазылған) ақпарат,.
Сөздің бірінші мәні компьютер шықпай тұрып белгілі болған. Жоспарды адамдар адамдар үшін құрады. Компьютерлік бағдарламаларды анықтау үшін екінші анықтама сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, бағдарлама дегеніміз – бұл компьютерге түсінікті тілде құрастырылған нақты және толық нұсқаулар тізбегі; немесе пайдаланушының бұйрығын орындау үшін компьютерге жүктелетін және файл түрінде магниттік дискіде сақталатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.
Бірнеше анықтамалар берейік:
Машина тілі екілік кодтарға, яғни 0 мен 1-ден (екілік санау жүйесі) тұратын кодтарға негізделген, себебі компьютер кез-келген командаларды тек екі мәнде болатын сигналдар түрінде қабылдайды:
1-сигнал бар; 0-сигнал жоқ.
Файл дегеніміз – қандай да бір тұрақты есте сақтау құрылғысында, мысалы, дискетте немесе винчестерде жазылған, нақты аты бар ақпараттың негізгі құрылымдық бірлігі. Аты бойынша оны көптеген өзіне ұқсас файлдардан ажыратуға болады.
Пайдаланушы – бағдарламалармен жұмыс жасайтын және олардың көмегімен өз мақсатын жүзеге асыратын адам.
Интерфейс - өзара әрекеттесу құралдары, байланыс, келісу, сүйемелдеу құралдары.
Интерфейстің мына түрлері кездеседі:
-
Аппараттық интерфейс (дербес компьютердің электрондық құрауыштарының деңгейінде);
-
Бағдарлама жасаушылар интерфейсі (бағдарламалық модульдерді түйістіру туралы келісімдер мен ережелер кешені);
-
Пайдаланушы интерфейсі (келісімдер мен пайдаланушының арасында диалог құрылады).
Компьютерге арналған бағдарламаларды ауыстыра отырып, оны (ДК) бухгалтердің жұмыс орнына, редакторға айналдыруға немесе қандай да бір ойын ойнауға болады. Бағдарламалардың түрі өте көп. Олардың түрлерін білу керек.
ДК-де жұмыс істеуде қолданылатын және аппараттық құралдардың жұмыс істеуін, өңдеуді, жөндеуді және пайдаланушылардың жұмысын орындауды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиыны бағдарламалық жабдықтама деп аталады (БЖ). Басқаша айтқанда, бағдарламалық жабдықтама ДК-де аппараттық құралдар мен пайдаланушының арасындағы интерфейс қызметін атқарады.
Содан кейін 1.3.4 тапсырмадағы шығарылған төртбұрыштарды тақырыпты түсіндірумен қатар толтыру керек. ДК-нің бағдарламалық жабдықтамасы пирамида түрінде бейнеленген.
Бағдарламалық жабдықтама (Sofware) арналуы бойынша былай бөлінеді: жүйелік (ЖБЖ), құрал-саймандық (ҚСБЖ), қолданбалы (ҚБЖ).
Жүйелік бағдарламалық жабдықтамаға аппараттық құралдардың жұмыстарын басқаратын және пайдаланушылар мен пайдаланушы қолданбалы кешеніне қызмет ететін бағдарламалар жатады:
-
операциялық жүйелер;
-
драйверлер (енгізу//шығаруды басқару);
-
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау қолайлылығын қамтамасыз ететін қабықша-бағдарламалар (NC);
-
Операциялық қабықшалар (графикалық интерфейс, мульти-бағдарламалау, бағдарламалар арасында ақпарат алмасу құралдары, мысалы Windows 3.1);
-
Утилиталар;
-
ЭЕМ-ді тестілеу мен диагностика құралдары;
-
жергілікті желіні басқаратын бағдарламалар.
Операциялық жүйе компьютерді басқаруға арналған бағдарламалар кешені болып табылады. Ол:
-
«компьютердің әмбебап есептеуіш машинасының» ядросын құрайды;
-
компьютердің ішіндегі барлық процестерді басқарады;
-
компьютер мен оған қосылған мысалы, принтер, дисплей, дискіжетек пен винчестер сияқты шалғай құрылғылардың арасындағы алмасуды басқарады;
-
аппаратура модульдері мен қолданбалы бағдарламалар арасындағы байланыс мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
-
пайдаланушы мен компьютер арасындағы делдал қызметін атқарады.
Ең кең тараған операциялық жүйелер: MS-DOS, PC-DOS, Windows 98, Windows NT, OS/2, UNIX, Net Ware.
Microsoft фирмасының дискілік MS-DOS операциялық жүйесі ДК класының ЭЕМ-і үшін негізгі стандарт болып табылады.
Құрал-саймандық бағдарламалық жабдықтама (ҚСБЖ) жаңа бағдарламалар, бұған қоса жүйелік бағдарламалар мен қолданбалы бағдарламалардың арасындағы аралық класс болып табылады. Оның құрамына:
-
комппиляторлар;
-
жоғары деңгейлі тілдер интерпретаторы;
-
стандартты бағдарламалар кітапханалары;
-
қолданбалы утилиталар;
-
бағдарламаларды редакциялау, жөндеу және тестілеу құралдары жатады.
Адам әрекетінің әр түрлі аумағының мәселелерін шешуге арналған бағдарламалар қолданбалы бағдарламалық жабдықтаманы құрайды. ҚБЖ-ны екі топқа бөлуге болады: мақсатты, әмбебап.
Мақсатты бағдарламалық жабдықтама пайдаланушылардың нақты мақсаттарын орындауға арналған және оның қолдану аумағы шектелген, мысалы: оқу бағдарламалары, ойындар.
Әмбебап бағдарламалық жабдықтама мәселелердің толық бір класының шешуін автоматтандыруға немесе ақпараттың жеке түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді. Оған мыналарды жатқызуға болады:
-
әр түрлі редакторлар (мәтіндік, графикалық, музыкалық);
-
кестелік процессорлар (Суперкалк, Excel);
-
деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ);
-
автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ);
-
құрамына жоғарыда аталған жүйелердің бірнешеуі бірақ кіретін жинақталған жүйелер;
-
ЖБЖ функцияларын кеңейтетін қолданбалы бағдарламалар пакеті (вирусқа қарсы бағдарламалар);
-
бухгалтерлік бағдарламалар.
1.3.4.Тапсырма.
Тапсырма берілген тақырыпты түсіндірумен қатар орындалады. Суреттердің жазулары тапсырмада берілген.
-
Аппараттық құралдарды «тірілту» үшін, бағдарламалық жабдықтама керек.
-
Жүйелі бағдарламалық жабдықтаманың негізгі бағдарламасы
Операциялық жүйе.
-
Операциялық жүйе компьютердің бар құрылғыларын басқаруға және деректер алмасуын жүзеге асыруға арналған.
-
Операциялық жүйегеи MS-DOS, Windows жатады.
-
Бағдарламалау тілі басқа бағдарламалар жасауға арналған.
-
Бағдарламалау тілдерінің атын төртбұрыштарға жазыңдар (Бейсик, Паскаль, Ассемблер, Си, Пл-1 т.б.).
-
Арнаулы бағдарламалар бір мамандық қызметкерлерінің жұмысында қолданылады.
-
Арнаулы және әмбебап қолданбалы бағдарламалық жасауға қандай бағдарламалар жататынын жазыңдар (бухгалтерлік, оқыту, жүйелік жоба т.б. бағдарламалары).
-
Әмбебап бағдарламалар пайдаланушылардың көпшілігінің жұмысында қолданылады.
Жүйелік
бағдарламалық жабдықтама
Бағдарламалау жүйелері
Бейсик
Паскаль
Си
Ассемблер
ПЛ-1
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтама
Жүйелік жоба
Сарап. жүйесі
Бухг.бағдар.
Оқыту бағдар.
Мәтін. ред
Граф.ред.
Электр.кесте
Сұраққа жауаптардың реті оң жақ жоғары бұрыштағы төртбұрыштан басталады.
Жоғарғы деңгейде «Компьютердің аппараттық жабдықтамасы» орналасқан. Оның жұмыс істеуі үшін бағдарламалық жабдықтама керек, оның схемасы пирамида-сарай түрінде көрсетілген. Жоғарғы қабатта «Ханша – операциялық жүйе» тұрады. Ол аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмысын үйлестіреді. Келесі деңгейде бағдарламалау тілдері жататын бағдарламалау жүйесі орналасқан (олардың аттарын сәйкес төртбұрышқа жаз). Олардың көмегімен пайдаланушылардың көпшілігіне арналған қолданбалы бағдарламалардың көбі құрылады. Өз кезегінде, олар арнайы және әмбебап бағдарламаларға бөлінеді. Оқушылар өздеріне таныс қолданбалы бағдарламалардың атын сәйкес төртбұрыштарға жазуы керек.
АҚПАРАТТЫ КОМПЬЮТЕРДЕ САҚТАУ
Компьютер бір уақытта қатар сақтай алатын ақпарат көлемі компьютер жады деп аталады. Жадтың екі түрі бар: ЖЖҚ (жедел жадтайтын құрылғы немесе жедел жад RAM) және ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы немесе тұрақты жад ROM).
Тұрақты жадтағы ақпаратты өзгертуге болмайды, ол тек оқу үшін қолданылады. Мұндай жадта сақталған деректер компьютерді өшіргенде жоғалмайды. Оперативтік (жедел) жадты көбіне тек жад деп қана атайды. Ол бағдарлмаларды жүктеу мен орындау үшін, сонымен қатар деректерді уақытша сақтау үшін қолданылады. Компьютерді өшіргенде жедел жадтағы деректер жоғалады. Сыртқы жад құрылғылары жүйелі блоктан тыс орналасады, олар оған тек сыртынан ғана қосылады және ақпаратты көп уақыт сақтауға арналған.
1.3.5.Тапсырма(Ү).
Тапсырма берілген тақырыптың ойын тесті болып табылады және «Компьютердің ішкі және сыртқы жады» тақырыбы бойынша өз бетімен орындауға және бақылау үшін ұсынылады. Нәтиже оқушының жауап кестесіне енгізіледі. «Молодец» деген сөз шығуы керек.
Сабақтың аяғында «Компьютер» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тестілеу арқылы тексеру ұсынылады.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
1.3.1, 1.3.2, 1.3.3, 1.3.4– тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау
1)Үйге тапсырма
Информатика дегеніміз не? Компьютер – ақпарат өңдеу құралы. Компьютер өңдейтін ақпарат түрі.
Компьютер – аппараттық және бағдарламалық құралдар бірлестігі. Операциялық жүйелер.
Ақпаратты компьютерде сақтау.
1.3.5 - тапсырма
2)Оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |