3 тапсырма ситуациялық есептер №1 есеп



бет1/3
Дата18.03.2024
өлшемі0.81 Mb.
#495966
  1   2   3
АШЫК САБАК 122 2024 ж


3 ТАПСЫРМА СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
1 есеп.
Оң жақ өкпені тексеру барысында дәрігер өкпе ұшының орналасуын анықтады
1. Қалыпты жағдайда оң жақ өкпенің ұшы қайда орналасады?
2. Оң және сол жақ өкпе ұшы шекаралары сәйкес келе ме?

2 есеп.


Бала абайсызда бөгде затты жұтып, ол тыныс жолдарына түсті.
1. Бөгде зат қай бронхқа түсуі мүмкін?
2. Бұл ерекшеліктің анатомиялық негізделуі неге байланысты?

3 есеп.


Дәрігер оң жақ өкпені рентгенологиялық тексеру барысында өкпенің төменгі шекарасы қалыпты жағдайға сәйкес келетіндігін анықтады.
1. Қалыпты жағдайда оң жақ өкпенің төменгі шекарасы қалай өтеді?
2. Париетальды плевраның төменгі шекарасы оң жақ өкпенің төменгі шекарасымен сәйкес келе ме?

4 есеп.


Жұтқыншақтан ауа көмей қуысына IV мойын омыртқасы деңгейінен басталатын көмей кіре берісі арқылы келіп түседі.
1. Көмей кіре берісі немен шектелген?
2. Көмей бөлімдерін атаңыз?

1 есеп.


1. Оң жақ өкпе ұшының шекаралары: алдынан – бұғана сүйегінен – 2 см, бірінші қабырғадан – 3-4 см жоғары, артынан – өкпе ұшы VII мойын омыртқасының жоталық өсіндісі деңгейінде анықталады.
2. Сол жақ өкпе ұшының шекаралары оң жақ өкпе ұшы шекараларымен сәйкес келеді.
2 есеп.
1. Бөгде зат оң жақ басты бронхқа түсуі мүмкін.
2. Оң жақ басты бронх вертикальды бағытталған, сол жақ бронхпен салыстырғанда қысқа және жалпақ, кеңірдектің жалғасы ретінде қызмет атқарады.
3 есеп.
1. Оң жақ өкпенің төменгі шекарасы бұғана ортаңғы сызығы бойынша VI қабырға сызығынан, алдыңғы шекарасы алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша – VII қабырғаны, ортаңғы қолтық сызығы бойынша – VIII қабырға, қолтық артқы сызығы бойынша – IX қабырға, жауырын сызығы бойынша – X қабырға, омыртқа маңы сызығы бойынша XI қабырға мойнында аяқталады.
2. Париетальды плевраның төменгі шекарасы өкпенің төменгі шекарасымен сәйкес келмейді. Өкпе шекараларымен салыстырғанда бір қабырға төмен орналасады

4 есеп.


1. Көмей кіре берісі алдынан көмей қақпашығымен, қапталынан – көмей қақпақшығы қыртысымен, артынан қалқан тәрізді шеміршектермен шектелген.
2. Көмей қуысында көмей кіреберісін, дыбыстық кеңістікті ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет