Психика мен сананың дамуы
Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы
Вирустар мен микроағзалар сияқты қарапайым тіршілік иелерінде психикалық қасиет болмайды. Оларға барлық тірі ағзаның басты қасиеті тітіркенушілік ғана тән. Ал тітіркенушілік дегеніміз – тірі ағзалардың сыртқы әсерге байланысты өз қозғалысы мен күйінің өзгеруін сезіп, оған жауап беру қасиеті. Мысалы, амеба сыртқы қабатына кез-келген бөгде зат тисе, ол ақтарын шығарып, ол зат жеуге жарамды болмаса да, сол затты бас салады. Тірі ағзаның психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен 2 кезеңнен тұрады:
Жануарлардың психикасының дамуы.
Адам санасының дамуы.
Психиканың даму сатылары (А.Н. Леонтьев пен К.Э. Фабри бойынша):
Сенсорлық – тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілеттілік.
Төменгі дәрежелі – қарапайымдылар, суда тіршілік ететін көпжасушалылар (тітіркену жақсы дамыған);
Жоғары дәрежелі - құрттар, ұлу (қарапайым шартты рефлекстер бар)
Мысалы, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара түсі мен иісіне реакция жасайды.
Перцептивтік – нерв жүйесінің жоғары бөлігінің қалыптасуы және құрылымының күрделенуі, бұл сүтқоректілердің әрекеті екінші сатымен сипатталады.
Төменгі деңгей – балық, моллюскалар т.с.с., негізгі манипуляция- әсер ету мүшесі – жағы (челюсть)
Жоғарғы деңгей – ойлаудың қарапайым формалалры бар құстар
Өте жоғарғы деңгей – қарапайым жағдаятты әр-түрлі жолмен шеше білу, арнайы әсер ету мүшесінің болуы (қол, лапа). Заттардың арасындағы байланысты тәжірибелік әрекетте қолдана білу, яғни, инсайттың туындауы.
Жануарлар психикасының негізгі түрлері:
Инстинкт
Дағды
Интеллект
Инстинкт - туа біткен және сыртқы әсерлердің ықпалымен ұрпақтан-ұрпаққа көшетін психика түрі, ол латынның «инстинктус» латын тілінен аударғанда «санасыз ұмтылу» деген мағына білдіреді. Инстинкт омыртқасыздардың, құстардың, балықтардың т.с.с. жануарлардың мінез-құлық іс-әрекетінің негізі болып табылады. Инстинкт адамда да бар, бірақ адамның іс-әрекеті әдетте интеллектіге, ақыл-ойға бағынады.
Интеллект мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар:
а) Амалдық-тұтастық (ін қазу, ұя салу, аң аулау, ұясына, ініне тамақ жинау);
б) Туа пайда болған, яғни жануардың нерв жүйесінің бойына біткен тұқым қуу арқылы берілген қасиеті;
в) Санасыздық, санасыз тұрғыдағы жануар әрекеті, мысалы, бал арасының балауызын тесіп қойса да, бұрынғысынша бал келтіре беруі.
Жануарлар дағдылары. Жануарлардың мінез-құлықтарының көптеген формалары тұқым қуалаған емес, өз өмірінен, өзінің тәжірибесінен алғаны. Бір әрекеттің қайталана беруінің нәтижесінде бірте-бірте жасалған іс-әрекеттер – дағдылар деп аталады. Дағды инстинкттерге қарағанда өзгермелі, мінез-құлықтың икемді түрі. Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д. Дуров И.П. Павлов ілімінің нәтижесіне жетті. Өйткені, В.Д. Дуров жануарларды жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарға шартты рефлекстер арқылы байланыс жасады. Дағдының физиологиялық негізі – шартты рефлекстер. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың тұғандағы инстинктері өзгереді, мысалы, 2 ай көлемінде екі алабұға өз жемдері шабақпен 1 аквариум ішінде шынымен бөлініп тұрды, шыныға соққыланып, кейін үйренісіп кеткен шабаққа ортада тұрған шыныны алып тастаған соң тиіспеген. Алабұғаның мінезіндегі шабуыл жасамау сипаты шартты рефлекс жасаудың арқасында өзгерген.
Жануарлар интеллектісі. Күрделі әрекеттер жасай білетін, яғни интеллектуалдық мінез-құлықтар деп атауға болатын әрекеттері бар адам тәріздес маймылдың, дельфиннің, пілдің, иттің, мысықтың әрекеттік сипаттамаларын жатқыза аламыз.
2 Адам санасының пайда болуы, дамуы
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |