3;13. 9Найман, керейіт, меркіт



Pdf көрінісі
Дата17.02.2024
өлшемі0.83 Mb.
#492271
НАЙМАН, КЕРЕЙІТ, МЕРКІТ, ЖАЛАЙЫРЛАР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ... Э...ТЕН ТІЛІ МӘСЕЛЕСІ (МОНҒОЛДЫК ЖӘНЕ ТҮРІКТІК ШЫҒУ ТЕГІ КОНЦЕПЦИЯСЫ)



ҚАЗАҚСТАН
ТАРХИЫ
3.9;9.3;13.1


3.9НАЙМАН, КЕРЕЙІТ, МЕРКІТ, 
ЖАЛАЙЫРЛАР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ
МӘЛІМЕТТЕРІ. ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ
МЕН ТІЛІ МӘСЕЛЕСІ (МОНҒОЛДЫК
ЖӘНЕ ТҮРІКТІК ШЫҒУ ТЕГІ
КОНЦЕПЦИЯСЫ)


НАЙМАН

Найман-
Тарих Еділ қағанның заманынан басталады. Наймандар 3 ғасырда Теле тайпасы 
ретінде Ғұн мемлекетінің іргетасын көтергені жайлы көнеқытай деректерінде жазылған

Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысыОрталығы 
Балықты қаласыИнанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар
қарақытайлардың үстемдігінен құтылғанОл наймандар одағының басын қосып
мемлекетті күшейттіБұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді
Шыңғысханға қарсы қырғызмеркітнайман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға
жиналадыСоғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен
соғысыпойсырай жеңіледіАлтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан
әскері қолға түсіріпжазалайдыАл 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа
шығыпоны біржола жеңедіДаян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.


КЕРЕЙІТ

керейіттер
-Тарихи атажұрты Батыс Моңғолияда.4—13 ғғ. —
христиандық дінінде болған.

Керейіт тайпалары Орхон, Керулен,Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған.
Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында,Маркус пен
баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған.1202 жылы керейіттердің ханы
Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады.
Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады.Тарихшы
Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір
сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді.
Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған”
деп жазды.Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.


ЖАЛАЙЫР

Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың
бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Үйсін тайпасына
кіреді.

Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон
өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір
сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын
адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан
өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының
түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде
андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның
жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі.


МЕРКІТ

Меркіттер
ежелгі түркі тайпасы. Орта жүз Керейдің ішіндегі бір ру.

11 – 12 ғасырларда ерте мемлекеттік құрылым (ұлыс) деңгейіне көтерілді. Ұлысты Тудур
Билге Чигин басқарып тұрған шақта әскері үш топқа бөлінген. Тоқтыбектің (Тоқтабек) 
тұсында өзіндік орда гвардиясы болғаны жайлы дерек бар. Меркіттер көрші наймандармен
тату-тәтті өмір сүрді. Керейттер (керейлер) Меркіттерді төрт дүркін шапқан.Шыңғыс
хан бастаған боржигендер тарих сөресіне шыққан тұста оларға ең әуелі қарсылық көрсеткен
Меркіттер болды.

Тоқтыбек бастаған Меркіттер 1205 жылға дейін моңғолдарға қарсылық көрсетіп, 
қазіргі Солтүстік Қазақстан жеріне шегінді. 1218 жылы меркіттерді қуып барған Шыңғыс
ханның ұлы Жошы Ырғыз өзені бойында қыпшақтармен соғысып, Хорезм шаһ әскерлерімен
кездесті. Меркіттердің көпшілігі қырылып, аман қалғандары Шыңғыс ханға бағынды. Қазіргі
кезде Орта жүз керей тайпасының құрамында меркіт руы бар.
[1
]


Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі 
мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс 
аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар 
Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман 
мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың 
екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. 
Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында 
наймандар қарақытайлардың үстемдігінен 
құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, 
мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар 
тұсында мемлекет екіге бөлінді.Найман, керейіт, 
жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық 
жүйемен жүргізілді. Найман, керейіт, жалайыр 
тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой 
болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды.
ҚОРТЫНДЫ

Document Outline

  • Slide 1: Қазақстан тархиы 3.9;9.3;13.1
  • Slide 2: 3.9Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарихы мен тілі мәселесі (монғолдык және түріктік шығу тегі концепциясы) 
  • Slide 3: Найман
  • Slide 4: керейіт
  • Slide 5: жалайыр
  • Slide 6: меркіт
  • Slide 7: Қортынды


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет