3D Studio Max бағдарлама интерфейсі
Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде графикалық редактордың көптеген түрлері белгілі. Соның ішіндегі менің қарастырайын деп отырған программам бұл – үшөлшемді 3d studio max графикалық редакторы.
3d studio max программасы – кескіндерді моделдеу, визуализациялау және анимациялау программалық жиындарын қамтыған жалғыз программа. Ол Windows NT операциялық жүйесінің 3. 51 - ден төмен емес версиялары үшін Autodesk фирмасында шығарылған болатын. Жалпы 3ds max программасын бүкіл дүние жүзіндегі мыңдаған дизайнерлер үшөлшемді ойындарды, телеарна мен кинофльмдерді шығару үшін шыншыл эффектілерді, сонымен бірге Web - парақтарының үшөлшемді графикалық элементтерін іске асыру үшін қолданылып жатыр. 3d max программасының пайда болуы қолданушының жұмыс істеу мүмкіндігін әлдеқайда кеңейтті. Төменде программаның кейбір жаңа мүмкіндіктері көрсетілген.
Жұмысты эффектілі әрі жоғары деңгейде істеуін қамтамасыз ететін жаңа қолданушы интерфейсі орнатылған;
Жан - жақты мүмкіндікті қамтитын жаңа операциялық жүйемен және жоғарғы модернизация мүмкіндіктері қамтылған;
Кескіндерді моделдеу және редакциялау командаларының қасиеттері кеңейтілген;
Stack – геометриялық элементтерге қолданылатын модификатор тізімі. Бұның көмегімен кез - келген уақытта модификатор параметрлерін өзгертуге болады.
Мультипроцессордың кез - келген өзгерту әрекеттерін қолдануға мүмкіндік беретін жаңа визуализация модулі қолданылады.
Жаңа сұхбаттасу терезесі – тректерді қарап шығу – анимацияның қалыпты істеуін және өзгертуін басқаруға қолданушыға ыңғайлы етіп жасалынған. Және т. с. с. көптеген мүмкіндіктермен қамтылған.
3d max – күрделі программа. Командалар, режимдер,қасиеттер, құрал – саймандар саны бірнеше мыңға жетеді.
Жүктелген программа процесінде әр түрлі батырмалар, пиктограммалар, панельдер саны көп.
Оларды 5-ке бөлуге болады:
Проекция терезесі – төртеу.
Меню қатары жоғарыда орналасқан – Word-символы.
негізгі құрал- саймандар панелі ( меню қатарының астында).
командалық панель – терезесінің оң жағында орналасқан.
қалып-күй қатары – терезенің төменгі жағында орналасқан.
3ds max программасын іске қосқан кезде мына түрдегі терезе ашылады:
3d max терезесі
Интерфейстің қарапайым элементтері:
Тышқан курсоры - әр түрлі операциялар орындау кезінде формасын өзгерте алады.( бірнеше, ондаған )
Қалқымалы түсіндірмелер. Проекция терезесіндегі батырма, пиктограмма обьектіге курсорды апарғанда қысқаша түсініктемелер шығады.
Ашылатын тізімдер – белгісін басқанда ішкі тізімдер шығады.
Сан енгізу аймағы Мысалы: цилиндр радиусын қалауымызша таңдаймыз.
Контексті тәуелді меню. Екі контекстті меню бар: біріншісі Quads ( меню из квадрантов) - проекция терезесіндегі объектіні шерту кезінде шығады. Екіншісі стандартты тәуелді меню.
Бекітілген панель – немесе ашылатын графикалық меню.
Меню қатары
Меню қатары барлық Windows қосымшаларының барлығында дерлік бар. 3 d max – та орындалатын саны – 15.
FILE – файлдармен орындалатын барлық операциялар жүргізіледі (сақтау, жүктеу, қосу, импорт, экспорт )
Edit ( түзету ) – белгіленген объектіні көшіру, жою, көшірме алу, іс-әрекетті қайталау немесе болдырмау
Tools ( құрал-саймандар ) – 3 ds max-тің әр түрлі құралдарын іске қосу командасы
Group ( топтастыру ) – объектілер тобына амалдар орындауға арналған
Views ( түр ) – проекция терезесінің сыртқы түрі мен ондағы объектінің бейнеленуін басқарады
Greate ( Создать ) – стандартты объектілер тұрғызуға мүмкіндік берді
Modifiers ( Модификаторлар ) – барлық стандартты модификаторлар топтастырылған
Character ( Персонаж ) – мұнда Character Studio модуліне қатысты үш өлшемді персонаж құру мен басқаруға арналған құралдар орналасқан
Reactor – reactor модулін пайдаланып ақиқат өшіреді және имитация жасау командалары орналасқан
10. Animation ( Анимация ) – анимацияны басқару құрылғылары
( шектеуіштер – бақылауыштар )
11. Graph Editors ( Графикалық редактор ) – Тректі қарау редакторын және жүйені қарау редакторын іске қосу командалары орналасқан
12. Rendering ( Визуализация ) – визуализацияны таңдау
(қоршаған орта, атмосфералық эффектіні визуализациялау), визуализациялаудан кейінгі эффект, визуализацияны іске қосу
13. Customire ( Баптау ) – барлық баптау терезе ашу мүмкіндігіне ие болатын командалар орналасқан. Интерфейс кез келген элементін таңдауға болады (өлшемі, түсі, кез келген клавиатуралық)
14. Maxsoript – 3ds max сценаритін құрып, редактрлер командалары орналасады
15. Help ( Анықтама ) – көмек алу командасы бар.
Құрал – саймандар қатары
Құрал – саймандар панелі бірнеше панельге бөлінген.
Үнсіз жағдайда Main Toolbar ( Негізгі құрал – саймандар қатары ) және Reactor екі бөлігі көрінеді:
Олардан басқа Layers ( Қабаттар )
Axis Constraints ( осы бойынша шектеуші )
Extras ( Қосымша средства )
Негізгі құрал – саймандар қатарында – негізгі жиі қолданылатын командалар орналасқан: белгілеу, болдырмау, қайта орындау, объектілерді топтау, визуализацияны келтіру
Reactor – динамиканы ұқсастыру үшін қажет
Layers ( Қабаттар ) панелінде – қабаттармен жұмыс жасау үшін қажетті барлық құралдар.
Командалық панель
Командалық панельде командалар мен құрал – саймандардың ең жоғарғы саны бар. 3ds max-та 6 панель бар.
Greate ( Создать-Құру ) – бұл панельде 3 ds max-тың барлық объектілерін құру командалары орналасқан
Modify ( Изменить-Өзгерту ) – объектіні түрлендірудің барлығы осы панель арқылы орындалады. Объектіні құрып болғаннан кейін Өзгерту панелін ашсақ, онда осы объектінің параметрі көрінеді
Hierarchy ( Иерархия ) – мұнда, “ предок – потомок ” типті иерархиялық байланыстарды басқарып, реттеу командалары орналасқан
Motion ( Движение-Қозғалыс ) – бұл панельде қозғалысты басқаратын қарапайым құрылғылар орналасқан
Display ( Отображение-Бейнелеу ) – мұнда, объектіні бейнелейтін және объектінің түрін өзгертетін командалар орналасқан
Utilities ( Утилиты ) – бұл панель арқылы басқа панельгеенбейтін программаның қосымша модульдері іске қосылады
Қалып – күй қатары
Қалып күй қатары программа терезесінің төменгі жағында орналасқан. Мұнда қалып күй элементтерін басқаратын батырмалр орналасқан. Яғни қозғалысты, проекция терезесін түрлендіру режимін басқаратын батырмалар және түрлендіру координаттарын енгіз өрісі, уақыт ползуногы, көмек алу жолы орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |