Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының командалары.
Болдырмау командасы. Суреттерду сақтау.
Мәтіні бар сурет салу. Редактордағы тәжірибелік жұмыс.
Бағдарламалық – ОЕТС, ОЖ Windows 98.
дидактикалық Оқулық.
қамсыздандыру: Жұмыс дәптер
Сабақтың мақсаты: 1. Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.
Болдырмау командасын пайдалануды үйрету, суреттерді сақтауға
үйрету. Суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын
пайдалануға үйрету.
2. Оқушылардың соңғы үш әрекеттерді болдырмау қалай жасалатынын, суретті сақтау командалары, олардың ерекшеліктерін, мәтіні бар сурет салу әрекеттерінің тізбегін білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум
Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс
қойылатын талаптар: - соңғы үш әрекеттерді болдырмау қалай жасалатынын;
-
суретті сақтау командалары, олардың ерекшеліктерін;
-
мәтіні бар сурет салу әрекеттерінің тізбегін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
БОЛДЫРМАУ КОМАНДАСЫ
4.3.1-тапсырма. Мысық сұрақ қояды.
Тапсырма оқушылар параграфты оқып болған соң орындалады және олардың тақырыпты меңгеруін бақылау үшін қолданылады.
1. Соңғы әрекетті қалай болдырмауға болады?
Правка Отменить (Түзету Болдырмау)
2. Орындатпаған әрекетті қалай кері қайтаруға болады?
1. Соңғы әрекетті қалай болдырмауға болады?
Правка Вернуть (Түзету Кері қайтару)
СУРЕТТЕРДІ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ
4.3.2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Тапсырма тақырыпты меңгеруін тексеру үшін қолданылады.
-
Суретті дискідегі файлда не үшін сақтау керек?
Суретті келешекте тағы да қолдану үшін сақтайды.
-
Paint файлға қандай кеңейтуді автоматты түрде меншіктейді?
bmp
-
Paint бағдарламасының құжатын бірінші рет сақтау үшін, қандай команданы орындау керек?
Файл Сохранить как
-
Paint бағдарламасының құжатын қайталап сақтағанда, қандай команданы орындай керек?
Файл Сохранить
МӘТІНІ БАР СУРЕТТІ ҚАЛАЙ САЛАДЫ
4.3.3-тапсырма. Суретке мәтін қосу үшін орындайтын әрекеттер тізбегін көрсет.
Тапсырманы тақырыпты түсіндіру және бақылау жүргізу кезінде үшін қолдануға болады.
-
Надпись (Жазу) құралын таңдаңдар.
-
Мәтін енгізілетін сурет салу аймағында мауспен жақтау жасаңдар.
-
Мәтінді енгізіңдер.
-
Егер Шрифты (Қаріп) құрал-саймандар тақтасы жоқ болса, оны Вид Панель атрибутов текста командасымен қосыңдар. Мәтіннің қажет атрибуттарын таңдаңдар.
-
Мәтін жақтауының сыртында шертіңдер.
4.3.4-тапсырма. Жоспар.
Сыныбыңның немесе өзіңнің пәтеріңнің планын сал.
Кейбір элементтерін атап жаз (стол, шкаф және т.б.)
Шығармашылық тапсырма. Оқушылар өздері орындайды.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
4.3.1-4.3.4 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау
1)Үйге тапсырма
Paint графикалық редакторының командалары.
Болдырмау командасы. Суреттерду сақтау. Мәтіні бар сурет салу.
2)Оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |