4 – тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Сандық сауаттылық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата16.05.2024
өлшемі28.59 Kb.
#501297
11-сынып 4 тоқсан БЖБ

4 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Сандық сауаттылық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты 11.3.4.6 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау;

11.3.4.5 Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмыс істеу қағидатын

түсіндіру;

11.6.2.1 Ақпараттарды және зияткерлік меншікті(1996 жылғы 10 маусымдағы

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», 2015 жылғы 16

қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», 2003 жылғы 7 қаңтарғы

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»

Қазақстан Республикасының Заңдары) қорғаудың қажеттілігін

негіздеу;

11.6.2.2 Электрондық сандық қолтаңба мен куәліктің мақсатын сипаттаңыз


Бағалау критерийі Білім алушы

  • Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдайды;

  • Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмыс істеу қағидатын түсіндіреді;

  • Ақпараттарды және зияткерлік меншікті қорғаудың қажеттілігін негіздейді;
  • Электронды цифрлық қолтаңба және сертификат қызметін сипаттайды.


Орындау уақыты 20 минут


Тапсырмалар
  1. Цифрландыру сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

  • Ақпараттың цифрлық формаға өзгертуі;

  • Ақпараттың цифрлық формаға өзгеруі экономиканың тиімділігін көтеруге және тұрмыыс сапасын жақсартуға әсерін тигізеді;

  • Телекоммуникациялық инфрақұрлымды құруға, дамытуға бағытталған, аумақтарға бөлінетін ақпараттық ресурстарды біріктіретін процесс;

  • Ақпараттық ресурстарға жедел түрде қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шара;

  • Адам мен қоғам өмірінің барлық салаларына ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану.

[1]


  1. Цифрландыру үшін алғышарт болған технологияларды таңда

  • компьютердің пайда болуы;

  • мобильді байланыстар сапасының жақсаруы;

  • бұлттық технологиялардың пайда болуы;

  • ақпараттық экономиканың пайда болуы;

  • мобильді құрылғылардың жетілуі.

  • ақпараттық технологияның пайда болуы

[3]


  1. Блокчейннің дұрыс анықтамасын таңда:

  • Бірегей жұмыс ұстанымы бар, деректерді және деректерді өңдеу туралы ақпаратты сақтау технологиясы.

  • Ақша сақталатын кілті жоқ қорапша.

  • Қағаздар шашылып жатқан үстел. Қағаздардың тәртібін тек бір адам ғана біледі.

  • Кез келген тәртіппен орындауға болатын міндеттердің тізімі.

[1]


  1. Биткойнді кім ашты?

[1]









  1. Зияткерлік меншік нысандарына төнетін қауіпсіздік қатерін көрсет

  • қорқыту

  • жала жабу

  • алаяқтық

  • авторлық құқықты жәнеи аралас құқықты бұзу

  • жалғандық

[1]

  1. ЭЦҚ қызмттерін таңда

  • құжаттың тұтастығын тексеру;

  • құжаттардың санын тексеру;

  • құжаттың сенімділігі;

  • құжаттардың құпиялылығы;

  • құжатты жіберуші тұлғаны анықтау.

[3]



  1. Қандай сертификат порталда сәйкестендіруді (аутентификация) орындауға мүмкіндік береді?

[1]



  1. «Ашық үкімет» порталында қандай заңның негізінде қандай НҚА-ны жариялауға болады?

  • «Ақпаратқа қолжетімділік туралы»

  • «Ақпараттандыру туралы»

  • «Мемлекеттік құпиялар туралы»

  • «Дербес деректер мен оларды қорғау туралы»

  • «Электрондық құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңба туралы»

  • «Байланыс туралы»

[1]



  1. «Ашық үкімет» порталының барлық мүмкіндігін толық көлемінде қолдану үшін, қандай міндетті шарттар орындалуы тиіс?

  • ЭЦҚ-ның болуы;

  • Кәмелеттік жасқа толуы;

  • Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы;

  • Порталда авторизациядан өту;

  • Порталда тіркелу.

[1]



11 « » __________ Оқушының аты жөні _______________________________________










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет