қазақстан республикасының
білім және ғылым министрлігі
|
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
|
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
2011-2015 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
СМЖ СДЖ 04/1 - 2012
ТАРАЗ 2012
03.01.2011 Ж. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМІНІҢ мәжілісінде талқыланды
хаттама № 1
берілген стратегиялық жоспар ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМНІҢ миссиясын, мақсатын, міндетін, басым бағыттарын анықтайды.
СМЖ 5.4 бөлімі ИСО стандартының 9001-2009 жоспарлау құжаты болып табылады.
мазмұны
терминдер және анықтамалар
1. кіріспе
2. бөлімнің мақсаты мен Миссиясы
3. бөлімнің сипаттамасы
4. бөлімнің даму стратегиясы
-
Халықаралық қызметінің стратегиялық даму бағдарламасы
-
терминдер және анықтамалар
Даму стратегиясы – халықаралық байланыс бөлімінің басым бағытын нұсқаушы, жетекшілік әрекеттер бағдарламасы және бәсекеге қабілетті ортада барынша көңіл аударуды, күш және ресурстар концентрациясын талап ететін жоспарлық жұмыс іс-шаралары.
Стратегия басым әрі жетекші мақсаттар мен міндеттерді қалыптастырады және оларға қол жеткізу басқару үрдісінің жалпы бағыттық әрекеттеріне бағына отырып, ЖОО-ның әкімшілік және ұжымдық басқарылуының бірізділігінде жүзеге асады.
Миссия – ұжым қолдайтын, іс-әрекетке ынталандыратын ЖОО нақты, шабыттандыратын көзқарас; бәсеке кеңістігіндегі ЖОО рөлі және жалпы қоғамға және өз ұжымына деген оның міндеті. Миссияның ЖОО қызметінің стратегиялық бағыттарын көрсететін желілі құрылымы бар. Бұл желі халықаралық байланыстар бөлімінің даму стратегиясының кешенді көзқарасын баяндайды.
Стратегияның басты идеясы –қысқаша түрде ұран болып белгіленген желі.
Стратегиялық жоспардың басты идеясы –оның басты идеясын өмірде жүзеге асырудың нәтижесі.
Көзқарасы – халықаралық байланыстар бөлімі және жалпы ЖОО болашағы туралы қызметкерлер мен оқушылардың мұратты түсініктері.
Басымдықтар – талаптар мен мүмкіндіктердің бірлігі, Миссияға жетудің негізгі бағыттары.
Стратегиялық мақсаттар – халықаралық байланыс бөлімінің миссиясын орындаудың іс-әрекеттік нәтижесі.
Стратегиялық жоспарлау –халықаралық байланыстар бөлімінің ресурстарды бағдарлаушы қызметінің негізгі бағыттарын анықтау құралы; болашақтың жылжуына және шарасыздықты пайдалануына құрылымдық тәсіл.
Стратегиялық бағдарлама (СБ) – негізгі бөлімдері миссия, стратегиялық бағыттар (басымдықтар), бағдарламалар мен жобалар болып табылатын құжат.
1 Кіріспе
Қазіргі жаһандану жолмен келе жатқан заманауи өмірде халықаралық бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті табысты және тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік адамзаттық потенциалдың даму мүмкіншіліктерімен байланысты.
Осыған байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған маңызды міндеттердің бірі - қазақстандық жоғары білім сапасын әлемдік стандартқа сәйкес қамтамасыз ету, оның ұтымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Халықаралық байланыстар бөлімінің мақсаты – институтымыздың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Егер білім және ғылым үрдісіндегі шығын мен сапаның үйлесімді қатынасы қамтамасыз етілсе, қойылған мақсатқа қол жетімділік мүмкіншілігі артады. Ол үшін қосымша құралдарды қамтамасыз ету, қорларды тиімді пайдалануды және қосымша қорларды қамтамасыз ететін жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерді енгізу қажет, білім сапасының құрылымын, оқыту мазмұны мен технологияларын түрлендіру негізінде жоғары сапаға жету, инновациялық потенциал мен инвестициялық ұтымдылықты көтеру.
Халықаралық байланыстар бөлімінің стратегиялық жоспарын құрастыруда келесі басым бағыттарға негізделді:
-
ҚР «Білім туралы» Заңында;
-
Қазахстан Республикасының 2011-2020 жылдардағы білімді дамыту бағдарламасына;
-
2011ж. 11 ақпанында №130 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қазахстан Республикасының 2011-2020 жылдарына арналған білімді дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың бойынша 2011-2015 жылдардағы іс-шаралар жоспарына (1 кезең);
-
2010 ж. 23 ақпанында 2010-2014 жж. арналған Қазақстанның үдемелі өндірістік-инновациялық дамыту бағдарламасы;
-
2010ж. 7 желтоқсанындағы 2011-2020 жж. арналған Қазахстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
-
2007ж. 20 маусымындағы 2007-2012 жж. арналған Қазахстан Республикасының ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
-
18.02.2012ж. ҚР «Ғылым туралы»Заңы.
Осы стратегиялық жоспар келесі бағыттарға қол жеткізеді: әлемдік жетекші білім және ғылым мекемелерімен өзара тиімді серіктестік байланысты орнату және дамыту. Білім, ғылым және мәдениет аумағында екіжақты және жан-жақты ынтымақтастық бағдарламаларын дайындау, институттық халықаралық жобаларды бағыттау, шетелдік серіктестермен келісімшартты бекіту және келісімшарт хаттамаларын тіркеу, шетел делегацияларын қабылдау, еуропалық жоғары білім деңгейіне теңесу, шетелде білім алу бағдарламасын ұйымдастыру және кеңес беру.
Бұл бағыттар республикалық білім мекемелерінің арасындағы институттың тұрақты рейтингтік дәрежесін қамтамасыз етеді. ТарМПИ-дің 2015 жылға арналған стратегиялық даму жоспары институттың миссиясын, көзқарасын, мақсаттарын және міндеттерін анықтайды.
2. БӨЛІМНІҢ МИССИЯСЫ МЕН КӨЗҚАРАСЫ
Халықаралық байланыстар бөлімінің миссиясы Болон үрдісінің шарттарына сәйкес еуропалық білім кеңістігіне енудің үйлесімді ықпалын тудыру.
Халықаралық байланыстар бөлімінің стратегиялық міндеттері:
- ҚР-ның және білім аумағындағы халықаралық келісімшарттардың заңдары мен басқа да нормативтік актілеріне сәйкес институттың білім аумағындағы халықаралық байланыстық іс-әрекетін дамыту арқылы ҚР-ның мемлекеттік саясатын іске асыру;
- Оқу, ғылыми, әдістемелік жұмыстарды қалыптастыруда, материалды-техникалық базаны дамытуда, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық жетстіктермен алмасуда шетелдік ЖОО-мен ұзақ мерзімді жан-жақты байланыс орнату;
- Жастардың білім алу қажеттілігін қанағаттандыруда шетелдік қазақ диаспоры ықпалын жасау;
- Жоғары білікті кадрларды жас талантты қазақстандық жастар негізінде дайындаудағы ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шараларын жетекші шетелдік оқу орындарында жүргізу.
Халықаралық байланыстар бөлімі жұмысының негізгі міндеттері:
- әлемдік жетекші оқу және ғылыми мекемелерімен өзара тиімді серіктестік байланыстарды орнату және дамыту, ғылым, білім және мәдениет шеңберінде екіжақты әрі жан-жақты байланыстық бағдарламаны дайындау;
- шетелдік серіктестермен келісімшарттардың, жұмыс бағдарламаларының, жобалардың өңделуіне қатысу, олардың орындалуын бақылау;
- институт базасында халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, симпозиумдар, семинарлар мен көрмелерді өткізу;
- институт білімгерлері мен ПОҚ-ның шетелде білім алуы, білім жетілдіруі мен тәжірибе алмасуын бағыттау;
- жоғары білікті шетел мамандарының институт білімгерлері мен ПОҚ-на лекциялар мен семинарларды оқуы, консультацияларды, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, білімнің құрылымы мен жүйесін қалыптастыруда әдістемелік көмек беру;
- ректорат деңгейінде инстиутқа келген шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыру, шетелдік мамандарды шақыруды ұйымдастыру және оларды есепке алу, делегацияларды қабылдау шығындарының есебін және келу бағдарламасын дайындау;
- бөлім іс-әрекеті бойынша қажеттіліке сәйкес есеп беруді;
- халықаралық іс-әрекет аумағындағы хабарландыруларды заманауи әдістер және коммуникация құралдары негізінде тарату, жалпылау және талдау;
- институттағы халықаралық іс-әрекетті реттеуші құжаттық талдаулар, қорытындылық есептерді, сонымен қатар, шетелге іс-сапардың есептерін дайындау (ереже, бұйрықтар, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар).
3. БӨЛІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Халықаралық байланыстар бөлімі Тараз мемелекеттік педагогикалық институтының құрылымдық бөлімі ретінде сыртқы байланыстың ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын кешенді түрде қалыптастыру және дамыту, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты, институттың халықаралық техникалық-әдістемелік іс-әрекетін орындалуын қамтамасыздандыру, халықаралық ұйымдармен, оқу мекемелерімен ынтымақтастықты дамыту, халықаралық тәжірибені шығармашылық негізде пайдалану арқылы оқу үрдісін жетілдіру және мамандарды сапалы дайындау міндеттерін орындауға қатысты іс-шараларды атқарады.
Халықаралық байланыстар бөлімінде келесі қызметкерлер жұмыс істейді: бөлім бастығы, инспектор және маман.
Халықаралық байланыстар бөлімінің бағыттық іс-әрекеттері:
- институттық халықаралық жобаларды бағдарлау;
- шетелдік серіктестермен келісімшарт жасау және бекіту;
- еуропалық жоғары білім деңгейіне теңесу;
- шетелде білім алу бағдарламаларын ұйымдастыру және кеңес беру;
- шетелдік делегацияларды қабылдау.
Халықаралық байланыстар бөлімінің қызметі:
- халықаралық ұйымдармен, оқу мекемелерімен ынтымақтастықты дамытуға қатысты ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу, оларды бекіту және жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- хаттамалық қызметтерді орындау: институттың халықаралық хат алмасу іс-шараларын, шетелдік потенциалды және нақты серіктестермен түрлі іс-әрекет аумағындағы ынтымақтастық хаталмасулар мен халықаралық байланысты орнату шеңберінде шетелдік корреспонденциялық жұмыстарды, шетелдік ЖОО-ның өкілдері мен делегацияларды жоғары деңгейде қабылдау іс-шараларын атқару;
- халықаралық конгрестер, конференциялар, байқаулар, дөңгелек үстелдерді жүргізу мен дайындауға қатысты тәжірибелік көмек беру, іс-сапарлық құжаттарды рәсімдеу;
- іс-сапарлардың техникалық жоспарлардың (тапсырмалардың) орындалуын, іс-сапар нәтижесі туралы толық есептің мерзімінде өткізілуін қадағалау, оқу үрдісіне іс-сапар нәтижесі бойынша әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын енгізу;
- халықаралық байланыс жұмысына жылдық қорытындылық талдау жасау, Білім және ғылым министрлігіне халықаралық байланыс бөлімінің жұмысы мен халықаралық байланыс нәтижесі туралы жалпы мәлімет дайындау;
- халықаралық байланысты дамытуға қатысты басқа да қызметтерді орындау.
4. бөлімнің даму стратегиясы
4.5 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Халықаралық қызметінің даму концепциясы
Халықаралық ынтымақтастық ТарМПИ-дің ғылым және білім беру аймағындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес реттеледі және халықаралық келісімшарттар мен конвенциялар негізінде жүзеге асады. Институттың білім беру аумағындағы халықаралық іс-әрекетінің негізгі міндеттернің бірі - әлемдік білім беру кеңістігіндегі ЖОО-ның жоғары білім беру жүйесіне теңесу. Қазіргі уақытта институт жақын және алыс шетелдік ЖОО - мен ынтымақтастық туралы 28 келісімшартқа қол қойды.
Халықаралық байланыстар бөлімі жоспарға сәйкес ынтымақтастықты дамытуға қажетті іс-құжаттарды толтыру, келіссөз жүргізу және т.б. іс-шараларды орындайды. Қазіргі таңда төмендегі шетелдік ЖОО-мен келіссөз жүргізілуде:
-
Санг Менг университеті (Чонан қ., Оңтүстік Корея)
-
Іле педагогикалық институты ( Іле қ., ҚХР)
-
Нигде университеті (Нигде қ., Түркия)
-
Кастомону университеті (Кастомону қ., Түркия)
-
Ержиес университеті (Кайсери қ., Түркия)
Бағдарламаның мақсаты жоғары білім және ғылым қоғамдық дамудың жаһандық факторы ретінде маңызды ұлттық және жалпы әлемдік басымдылыққа сәйкес халықаралық іс-әрекеттерді қалыптастырудың базалық принциптік білімдерді талап етеді.
Келесі аспектілерге аса зор мән беру қажет: ҚР-ның заңнамалық негіздері, сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты халықаралық іс-әрекет негіздері, серіктес-мемлекеттердің сыртқы саясаты мен ұлттық ерекшеліктері, халықаралық құқықтық білім негіздері; іскерлік құжаттарды жүргізу негіздері; тұлға психологиясы ерекшеліктері тұлғааралық қатынас, кіші топ психологиясы, топаралық қарым-қатынас пен өзара әрекет психологиясы негіздері; шет тілдерін меңгеруде жағдай жасау .
Мақсаттық индикаторлар: білім беру қызметі нарығында бәсекеге қабілеттілікті көтеруді қамтамасыз ететін халықаралық байланыс іс-әрекеттерін дамыту, институттың жоғары білікті оқу білім және ғылыми орталық ретінде халықаралық мәртебесін көтеру, заманауи әлемдік талаптарға сәйкес білім беру және ғылыми іс-әрекеттер сапасын қамтамасыз ету.
№
|
Іс-шаралар
|
Нәтижелік көрсеткіштер
|
Жауаптылар
|
Ректорат тарапынан бақылау
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
| -
|
Халықаралық ынтымақтастағы білім беру аумағындағы келісімшарт саны
|
5
|
2
|
6
|
7
|
9
|
ҒЖжХБ проректоры, ХББ бастығы
|
Ректор
| -
|
Шетелден шақырылатын ғалымдар саны
|
4
|
5
|
6
|
8
|
10
|
ҒЖжХБ проректоры, ХББ бастығы
|
Ректор
| -
|
Ғылыми және шетелдік білім беру ұйымдарында біліктілікті жетілдіру, қайта даярлау және тағылымнамадан өту
|
5
|
6
|
8
|
10
|
12
|
ҒЖжХБ проректоры, ХББ бастығы
|
Ректор
| -
|
Халықаралық, ғылыми және ғылыми-педагогикалық конференцияларға, семинарларға,көрмелерге және т.б. қатысу
|
3
|
5
|
7
|
9
|
10
|
ҒЖжХБ проректоры, ХББ бастығы
|
Ректор
| -
|
Институттың білімгерлері мен ПОҚ-тың шетелдік ЖОО-да, басқа да ұйымдарда білімдерін жетілдіру, тағылымнамадан өту, өндірістік-танмдық тәжірибелерден өту
|
2
|
4
|
5
|
7
|
8
|
ҒЖжХБ проректоры, ХББ бастығы
|
Ректор
|
Достарыңызбен бөлісу: |