ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
«Ветеринария және биоқауіпсіздік» жоғары мектебі
4-апта. Практикалық сабақ
Тақырыбы: Облыстық Бас мемлекеттік инспектордың және оның орынбасарының міндеттері
Орындаған: ВМ-43 топ студенті Нұржауов Т.Ж.
Тексерген: а.о. Абирова И.М.
Орал 2020
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;
4) шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
5) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Достарыңызбен бөлісу: |