4-дәріс – Психодиагностиканың зерттеу әдістері және оларды жіктеу Қарастырылатын сұрақтар



Дата02.01.2022
өлшемі24.99 Kb.
#454126
гузал


4-дәріс – Психодиагностиканың зерттеу әдістері және оларды жіктеу
Қарастырылатын сұрақтар

  1. Психодиагностикалық әдістерді жіктеудің негіздері мен критерийлері

  2. Психодиагностикалық әдістерді жіктеудің критерийлері

Психодиагностиканың барлық зерттеу әдістері мен әдіс-тәсілдерін немесе оның санын тереңірек айтып шығу мүмкін емес. Қазіргі кезде психодиагностиканың зерттеу әдістері мен әдіс-тәсілдері екі мыңнан асып түседі. Дегенмен олардың арасынан қазіргі кездегі психодиагностиканың тұтас бейнесін ашып көрсететін көпшілікке белгілі кейбір әдістер мен әдіс-тәсілдерді айтуға болады.

Алдымен психодиагностикалық әдістердің негізгі жіктемелерімен танысып алайық.

Психодиагностикалық әдістерді жіктеудің негіздері алуан түрлі. Психодиагностикалық әдістерді жіктеудің біршама табиғи негізіне өлшенетін психикалық қасиеттің мазмұнын жатқызуға болады.

Диагностикаланыатын психологиялық қасиеттердің типі бойынша психодиагностикалық әдістерді мынадай топтарға бөлуге болады:


  1. Танымдық қабілеттерді диагностикалайтын әдістер: қабілеттердің, естің, зейіннің, интеллектінің, креативтіліктің ерекшеліктерін бағалайтын;

  2. Арнайы қабілеттерді диагностикалайтын әдістер: музыклық, актерлық, техникалық, математикалық сапаларды және т.б. бағалайтын;

  3. Тұлғаның мінез бітістерін диагностикалайтын әдістер;

  4. Өзіндік сананы диагностикалайтын әдістер;

  5. Тұлғаның индивидуалды санасын диагностикалайтын әдістер;

  6. Мотивациялық шеңберді диагностикалайтын әдістер;

  7. Тұлға аралық қатынастарды және т.б. диагностикалайтын әдістер.

Психодиагностикалық ақпараттарды алудың тәсілдері бойынша зерттеу әдістерін мынадай топтарға жіктейді:

  1. Объективті (стандартты);

  2. Клиникалық (интерпретациялап «түсінуге» бағдарланған әдістер.

Объективті әдістерге көбіне тест әдістері жатады (тестердің субъективті әдістері). Оларды қолданғанда зерттеудің нәтижесіне диагноз қоюшы психологтардың ықпалы аз болады.

Клиникалық әдістер тобына клиникалық сұхбат, әлсіздеу стандарттыланған проективті әдістер жатады.

Мұндай әдістерді қолданғанда зерттеудің нәтижелері көбіне психологтың біліктілігіне, оның практикалық дағдыларына, интуициясына байланысты болады.

Тест тапсырмаларын қолданудың типіне қарай психодиагностикалық әдістерді былайша жіктеуге болады:



  1. Сұрау әдістері (онда сыналушы адамға бағытталған сұрақтар қойылады);

  2. Пайымдаулар (онда сыналушы адам келісетін немесе жоқ деп жауап беретін кейбір пікірлер қолданылады;

  3. Продуктивті әдістер. Мұнда қандай да бір вербальды, бейнелі, материалдық түрдегі сыналушы адамның өзінің шығармашылық өнімдері пайдаланылады;

  4. Әрекеттік әдістер. Мұнда сыналушылар сипаты жағынан оның психологиясын бағалауға болатын практикалық әрекеттердің кешенін орындауға қатысты тапсырмалар алады.

  5. Физиологиялық әдістер. Мұндай әдістерде психодиагностика адам ағзасының ырықсыз физиологиялық немесе физикалық жауап реакцияларын талдауға сүйеніп жүргізіледі.

Тест материалдарын жолдауға қатысты психодиагностикалық әдістерді былайша жіктеуге болады:

  1. Саналы әдістер. Мысалы, сыналушының санасына негізделетін сұрау әдістерін айтуға болады;

  2. Бейсаналы әдістер. Мысалы, адамның бейсаналы жауап реакцияларына негізделетін проективті әдістерін айтуға болады.

Тест материалдарын ұсынудың формаларына қарай психодиагностикалық әдістерді былайша жіктеуге болады:

  1. Бланкті әдістер. Жазбаша немесе қандай да бір сұлбалар, суреттер және сол секілді тест материалдары бланкті түрде ұсынылады.

  2. Техникалық әдістер. Мұнда тест сыналушыға материалдары аудио, видео немесе кино түрінде, сондай-ақ басқа да техникалық құрылғылармен ұсынылады;

  3. Сенсорлы әдістер. Сыналушы адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ететіндей материалдар физикалық түрткілермен беру.

Тест нормаларының бар болу критерийіне қарай психодиагностикалық әдістерді былайша жіктейді:

  1. нормалары бар, бірақ ашып көрсетіле бермейтін;

  2. Нормалары жоқ әдістер.

Соңғысы, психодиагностикалық әдістердің ішкі құрылымына қарай әдістерді былайша жіктейді:

  1. Бір өлшемді (мономерный);

  2. Көп өлшемді.

Бір өлшемді әдістер бір сапаны не қасиетті бағалауға, диагностикалауға арналған. Ал көп өлшемді әдістер бірнеше сапаларды не қасиеттерді бағалауға, диагностикалауға негізделген. Кейде оларды бір типтік және әр алуан типтік әдістер деп те атайды.

Соңғы көп өлшемді психодиагностикалық әдістер шкалалары жеке психикалық сапаларды бағалайтын бірнеше әдістерге бөлінеді. Мысалы, мазасыздықты бағалайтын Спилберг-Ханиннің белгілі тестісі бір өлшемді әдіске жатады. Ал ағылшын-американдық психолог Рэймон Бернард Кеттелдің 16 акторлық тұлғалық тестісі көп өлшемді әдіске жатады.

Психодиагностикалық бір әдістің өзін әр қырынан алып жіктеуге болады. Сондықтан, кез келген әдісті белгілі бір жіктеу тобына емес, оны бірден бірнеше жіктеу топтарына жатқыза беруге болады.

Осы жағынан алғанда, психодиагностикалық әдістерді жіктеудің бөліп шығарылған критерийлерін бір-бірін жоққа шығаратын жіктемелер емес, керісінше бір-бірін толықтыратын әдісті сипаттайтын, оларды топтарға бөліп талдаудың мүмкін болған аспектілерін ашып көрсетеді.

Психодиагностикалық әдістерді эксперименттік мәліметтерді сапалы және сандық түрде талдайтын әдістер деп те жеке топтарға жіктейді.

Сапалы талдауға негізделген әдістер деп адамның диагностикаланатын қасиеттерін бәріне белгілі ғылыми ұғымдармен сипаттауды айтады.

Ал сандық талдауға негізделген әдістер деп адамның диагностикаланатын қасиеттерін сипаттағанда, оны басқа адамдармен салыстырғанда осы адамда оның қаншалықты дәрежеде дамығандығын көрсететін шартты белгілермен сипаттауды айтады. Мысалы, сандармен көрсету.

Кейде бір әдіспен алынған мәліметтердің нәтижесінен екі түрлі сипаттама алу үшін сандық және сапалы түрде талдайды.

Мысалы, жеткіншектердің мінез акцентуациясын диагностикалайтын Андрей Евгеньевич Личконың тестісінде әрбір мінез бітістері сандық және сапалы талданып, екі жағынан бірдей сипатталады.

Барлық психодиагностикалық әдістерді ғылыми және практикалық деп бөледі. Дегенмен бұл шартты түрде бөлу болмаса да психодиагностикалық әдістердің басым бөлігін практикалық психодиагностикалық және ғылыми зерттеу жұмыстарында эксперимент жүргізу үшін қолданады.

Өйткені олардың арасында өзіндік айырмашылықтар бар. Ғылыми зерттеу әдістері психологиялық сапаларды тереңірек ғылыми тұрғыдан тану мақсатында қолдануға бағытталған.

Ал практикалық әдістермен қандай да бір сапаның даму дәрежесін бағалағанда, оны практикалық мақсатта қолдану үшін пайдаланады.

Бұдан басқа ғылыми әдістер ерекше қайталанбайтын, оның қиындықтары да бар, әрі олар қымбат тұрады. Сондықтан, оларды практикалық диагностиалауда кеңінен қолдана бермейді.

Практикалық әдістер тым қарапайым, жүргізу оңай және айтарлықтай арзан.



Психодиагностикалық әдістердің көп болуы олардың көмегімен бәрін бағалауға тура келмейтін қасиеттердің санының көптігінен ғана емес, барлық әдістердің өз шегінің болатындығына байланысты. Сондықтан, адамның қандай да бір қасиетін бір психодиагностикалық әдістермен өлшесе, басқа қасиеттерді басқа диагностикалық әдістермен өлшеуге тура келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет