4-тақырып. «Әдебиеттік оқу» пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны



Дата06.12.2022
өлшемі14.84 Kb.
#466651



4-тақырып. «Әдебиеттік оқу» пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны.

Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны


1. Қазақ балалар әдебиеті ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті бөлімдерін қамтиды.
1) Ауыз әдебиеті үлгілері: аңыз әңгімелер, бата, мысалдар, шешендік сөздер, нақыл сөздер.
2) Жазба әдебиеті үлгілері ұсынылатыны:
қазақ ақын-жазушылары: Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Жабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Бегалин, Б.Соқпақбаев, Ш.Смаханұлы, Қ.Мырза Әли, М.Әлімбай, Ө.Тұрманжанов, Ж.Смақов, Қ.Баянбай, Ә.Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Ә.Табылдиев, А.Асылбеков, Ө.Қанахин, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, Б.Кірісбаев, Е.Елубай, С.Қалиев, С.Сейітов, Б.Ысқақов, Д.Жұмагелдинова, М.Айымбетов, М. Абылқасымова өлең-жырлары, ертегі-мысалдары, әңгімелері.
3) ғылыми-танымдық шығармалар: мақала, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, адамзат сырлары, техника жетістіктері, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).
4) Әлем халықтары балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің үлгілі шығармалары: әңгіме, мысал, ертегілері.
2. Әдеби-теориялық білім:
Халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары (ертегі, аңыз, бата, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал–мәтелдер, нақыл сөздер, шешендік сөздер) туралы ұғымдар дамытылып, олардың басты белгілері, мысал, әңгіме туралы ұғым, шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжеті туралы қарапайым түсініктер, теңеу, эпитет, кейіптеу қолданысы, олардың анықтамалары, кейіпкерге мінездеме, портрет, диалог, монолог туралы).
3. Мәтінмен жұмыс:

  1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу;

  2. көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау;

  3. қолдануға (практикалық) және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру;

  4. кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау;

  5. көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру;

  6. шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

  7. шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

  8. мәтіннен немесе мәтін бөлімдерінен түйін сөздерді көрсету, түйін сөздер мен негізгі ой арасындағы байланысты орнату;

  9. сөздіктермен жұмыс жасау;

  10. шығармашылық жұмыстар: шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.

4. Оқу дағдысы. Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет