42 Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. Казак әскерлерінің жергілікті халыққа



Pdf көрінісі
Дата20.05.2024
өлшемі321.43 Kb.
#501486
тарих



42) Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық 
қозғалыс. Казак әскерлерінің жергілікті халыққа 
қысымы және ішкі алауыздықтың күшеюі Кіші 
жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. 
Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, 
халыққа заңда қарастырылмаған салық салған 
Нұралы ханның салық саясатының да зардабы 
болды. Осындай жағдайда тарихи аренаға 
Пугачев 
қозғалысына 
қатысушы, 
батыр, 
байбақты руының старшыны, шешен Сырым 
Датұлы (1742-1802 жж.) шықты. Оған Еділ 
жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ 
даласы қосылды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-
азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 
жылдардағы патшалық Ресейдің орталық 
саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің 
басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша 
үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, 
билер, ру басшылары болды. Кіші жүз 
руларының барлығы да көтеріліске қатысты: 
Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, 
Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, 
Жағалбайлы, Қызылқұрт және т.б. Сырым 
батырдың соңынан ерушілердің саны туралы 
нақты мәлімет жоқ. Кейбір деректерде жалпы 
алғанда көтерілісшілер саны 3500 адам болды 
деп беріледі. Бірақ көтерілісшілер санының 
одан көп болғаны да айтылады. С. Датұлы 
бастаған 
халық 
қозғалысының 
алғашқы 
мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою 
және Жайық казактарына қарсы соққы беру 
болды. Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар 
бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін 
қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ 
жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен 
оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына 
шек қою. Ұзақ мерзімге созылған патша 
үкіметінің 
отаршылдық 
саясатына 
қарсы 
бағытталған осы ірі көтерілістің халық таныған 
басшысы Сырым Датұлы болды. Сырымның 
Орал казак әскерімен ашық түрде күресі 1783 
жылдың күзінен басталды. Батыр 1783 жылы 
желтоқсанда казактардың тұтқынына түсіп 
қалады, 1784 жылы көктемде тұтқыннан 
Нұралы хан босаттырған батыр ұсақ топтардың 
басын қосып ірі әскери қол ұйымдастыруға 
тырысты. Сырымның Орал казак әскерімен 
кескілескен күресі 1784 жылы маусымда 
басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі 
Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде 
топтасты. Барақ, Тіленші, Оразбай старшындар 
мен Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер 
жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының 
маңайына шоғырланды. 1784 жылы қараша 
айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның 
жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті. 
Патша үкіметіне қызмет еткен Нұралының 
көтерілісшілерімен қатынасын суытуы Орынбор 
билеушілері 
тарапынан 
әскери 
шаралар 
қолдануға түрткі болды. 1785 жылы 17 ақпанда 
көтерілісшілерге 
қарсы 
генерал-майор 
Смирнов басқарған 237 казак, 2432 башқұрттан 
құралған әскер жіберілді. Бірақ күннің суығынан 
олар Кіші жүз даласына тереңдеп ене алмай, 
қазақ ауылдарын тонап, қазақтарды тұтқындап 
әкетті. 1785 жылы көктемде көтеріліс кең қанат 
жайды. 
1787 
жылдың 
наурызында 
көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак 
әскерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 
1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ 
көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруінен 
және табиғаттың қолайсыздығынан олар 
мақсаттарына жете алмады. Нұралы ханның 
ашық 
түрде 
патшаға 
қызмет 
етуі 
көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі 
олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды. 
1785 жылы старшындар съезі Нұралыны 
хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. 
Патша әміршісімен арасы суыған, беделінен де 
айырылған Нұралы елден қашып, кейін Уфаға 
жер аударылып, 1790 жылы қайтыс болады. 
Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың 
пайдасына 
шешпекші 
болып, 
О.А. 
Игельстромның реформасы бойынша хандық 
билікті жойғысы келеді. Сырым Датұлы 
реформаны алғашқыда қолдады, себебі оның 
көздегені хандар арқылы жүргізіліп отырған 
үстемдікке соққы беру болды. Алайда көп 
кешікпей патша үкіметі бұл реформаның өз 
мүддесіне қайшы келетінін түсінді, реформа 
тоқтатылды. 1790 жылы казак әскерінің 
атаманы Д. Донсковтың қазақтарға қарсы 
әскери қимылы көтерілістің қайта басталуына 
түрткі болады. 1791 жылы Нұралының өліміне 
байланысты Ералының хан болып сайлануы, ал 
Сырымның жаңа ханды мойындамауы қазақ 
сұлтандары мен старшындары арасында жік 
туғызады. Осыдан кейін Сырымның екі жақты – 
Орал казактарына және өзіне қарсы феодалдық 
топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді. 
1794 жылғы Ералы ханның өлімі, 1795 жылы 
Нұралы ұлдарының бірі Есімнің хан болып 
сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта 
оралуы 
Сырымның 
Нұралы 
әулетіне 
қарсылығын бұрынғыдан да өршітті. Бұл жағдай 
Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан 
шабуыл жасауымен және Есім ханның өлімімен 
аяқталды. Бірақ ханның өліміне Сырымның 
жеке басының ешқандай қатысы болмады. Хан 
өлгеннен кейін елде екі билік болды: бірі – 
Нұралының ұлы Қаратай хан сайланса, екіншісі 
– Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан 
Айшуақ сұлтан төрағалық еткен хан кеңесі. 
Кеңес құрамына Нұралы ханның ұрпағы 
кіргізілген жоқ, себебі патша үкіметі осылайша 
Сырымды өз жағына шығаруға тырысты. Бірақ 
олар қателесті. Қаратайдың хан болып 
сайлануы 
Сырымның 
ықпалын 
қайтадан 
күшейтті. 1797 жылы сұлтан Қаратайдың 
қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа 
хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым Хиуа 
хандығында дүние салды. 
43) Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің 
жойылуы. Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 
1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін 
патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды 
қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір 
генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған 
және Ресей императоры I Александрдің 
жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары 
(қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. 
Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты 
мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін 
біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің 
мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның 
солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей 
империясына 
қосып 
алып 
отарлауға 
бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі 
әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі 
түбірімен өзгертілді Орта жүздегі хан билігінің 
жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды 
әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз 
сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі 
тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол 
астындағы 
халық 
арасында 
беделінен 
айырылып тынған болатын. 1822 жылы 
Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен 
Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары 
(қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын 
жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де 
хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара 
шебіне 
және 
Орынбор 
өлкесінің 
ішкі 
округтарына 
шабуыл 
жасауы 
жиі-жиі 
қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің 
бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшін Азия 
комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының 
түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 
1824 жылы көктемде біржолата бекітті. 
Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. 
Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын 
жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші 
жүздегі хан билігі де жойылды. Бұл реформа 
бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт 
жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы 
ондағы 
әкімшілік 
бірліктерінің 
аттары 
өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары 
деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор 
губернаторына 
тікелей 
бағынатын 
басқарушысұлтандардың 
қолына 
көшті. 
Басқарушы-сұлтандарға 
казактардың 
жасақтары 
да 
бағындырылды. 
Ондай 
жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге 
дейін адам болды. Басқарушысұлтандар казак 
станицаларында 
және 
шекара 
шебіндегі 
бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның 
өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын 
күшейте 
түсті. 
Басқарушысұлтандардың 
атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын 
халықты «тәртіп сақтайтын және патша 
үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі 
етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. 
Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, 
баскарушы 
сұлтандарға 
дейінгі 
барлық 
лауазымды 
тұлғаларды 
Орынбор 
губернаторының өзі тағайындайтын болды. 
Сайлау жүйесі жойылды.
44) Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: 
басқару жүйесінің ерекшеліктері. Ішкі Қазақ 
Ордасы 
(Бөкей 
Ордасы) 
— 
Ресей 
империясының вассалы ретінде Еділ мен 
Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей 
Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы 
Шыңғысхан 
ұрпақтарымен 
меңгерілген 
мемлекеттік құрылым. Хандық сұлтан Бөкей 
Нұралыұлының есімімен аталды. Бөкей Ордасы 
Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. 
Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал 
облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында 
— Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев 
және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 
km2 19 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі 
бойынша — 77 624 km2.Орда өңірініңдегі дала 
көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. 
Көтеріңкі 
жерлері 
төмпелі, 
ойпаттарда 
шабындық жерлер орналасады, бірақ кей 
тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік 
жағында (Тарғын, Тал, ҚамысСамар, Қалмақ) 
қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде 
көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм 
төбелерінің арасында құмаршық (Triticum 
cristatum) 
өсетін 
ойпаттар 
кездеседі. 
Төмпелерде 
ештеңе 
өспейді, 
теңізге 
жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға 
айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері 
көріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде 
жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте 
біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер 
диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар 
мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның 
ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік 
табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш 
қалауы бар.Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген 
ғалымзерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл 
алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. 
Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына 
ризашылықтарын 
естелік—зерттеулерінде 
жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей 
ордасында 100-ден астам Ресей және шетел 
зерттеушілері 
болған.1842 
ж. 
Жәңгірдің 
өтінішімен 
белгілі 
картограф, 
Орыс 
жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков 
Бөкей ордасының аумақтық картасын жасайды 
Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя 
болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың 
адам тұрды (50 мың жанұя) Елді хан басқарды. 
Жәңгір-Керей 
хан 
кезінде 
хан 
билігі 
абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 
ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі 
ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы 
болған билер (депутаттар): шеркештен — 
Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал 
Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, 
масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — 
Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай 
Досмұхамедұлы, 
жаппастан 
— 
Көшетұр 
Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, 
адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан 
— Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан 
Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, 
жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) 
— Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос 
Боздайұлы.Бөкей 
хандығында 
хан 
билігі 
институты, екі ханның Бөкей хан мен оның 
баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып 
есептегенде 45 жылға созылды.Ішкі Орданы 
қадағалауды Орынбор әскери губернаторы 
және Ресей империясының Сыртқы істер 
министрлігі іске асырды. 
45) Жоламан Тіленшіұлының наразылық 
қозғалысы(1822-1824 жж.). Тіленшіұлы бастаған 
көтеріліс азаттық көтерілісі 1822 – 1825 
жылдары аралығында болды. 1822 жылы табын 
руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы 
Ресейге қарсы шығып, Елек өзені бойындағы 
жерлерді қайтарып алу жөніндегі күреске 
басшылық етті. Көтерілісшілер казактардың 
станицаларына шабуыл жасады, олардың 
үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға 
алып, малдарын айдап әкетті.Көтерілісті басу 
үшін құрамында 500 Орынбор казагы мен екі 
зеңбірегі бар жазалаушы экспедиция жіберілді. 
1825 
жылдың 
көктемінде 
жазалаушы 
экспедиция Бұлдырты, Шиелі және Тамды 
өзендерінің 
бойындағы 
жүздеген 
қазақ 
ауылдарына ойран салып, аяусыз қырып – 
жойды. Көтерілісшілер аянбай қарсылық 
көрсетті, жазалаушы отрядтармен болған 
шайқастар кезінде 195 сарбаз қаза тапты, 125 
адам тұтқынға алынды. Бұлардың құрамында 
әйелдер мен жас балалар да болды. Оларды 
Жайық түрмесіне айдап апарып, қамап тастады. 
Түрмедегі жағдай адам төзгісіз ауыр болды. 
Көптеген адамдар ауырып қаза тапты. Жоламан 
батырдың ең жақын алты бауыры Сібірге жер 
аударылды. 
Қалыптасқан 
мұндай 
ауыр 
жағдайда көтеріліс жетекшісі патша үкіметіне 
қарсыласуды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр 
болды. 1935 Жылы Кенесары Қасымұлы 
бастаған ұлт азаттық көтеріліске барып 
қосылады.
46) Жәңгір ханның ағартушылық саясаты. 
Жәңгір хан өзін ел басқару саясатынды 
ағартушылық жағынан да көрсеткен болатын. 
Бөкей ордасында ол өз мектебін ашты. Ол үшін 
ол императорға арнайы хат жазып, Ресейдің 
жоғары 
мектептерінде 
қазақ 
балаларын 
оқытуға рұқсат алды. Император рұқсат берді, 
бірақ бір шарт бойынша: балалар бастауыш 
мектепте орыс тілінде оқу қажет. Сондықтан 
олар Жәңгір хан мектебінде бірден екі тілде - 
қазақ және орыс тілдерінде сабақ берді. Біздің 
гид Айнаштың айтуынша, көп адамдар "бізді 
орысқа айналдырмақшы" деп сеніп, бұл 
мүмкіндіктен бас тартты. Бірақ Жәңгір бәріне 
үлгі көрсетіп, өз балаларын және өзіне жақын 
адамдардың балаларын мектепке берді. Бөкей 
ордасында "Қазақстан" газеті де шығып тұрды. 
Гидтер оның қазақ атымен бірінші шыққанына 
сенімді. Бұған дейін мұнда қазақтарды қырғыз 
деп атаған. Ханның бас кеңсесінде газетті басып 
шығаратын үлкен баспахана болды. Бөкей 
ордасының жетістіктерінің бірі - қазынашылық, 
яғни 
ақша 
мекемесі 
болып 
табылады. 
Жетекшіміз Айнаштың айтуынша, Жәңгір хан 
штаб-пәтерде 
халықаралық 
көрме 
ұйымдастыруға шешім қабылдайды. Бүкіл 
әлемнің 
саудагерлері 
Ордаға 
ағылады. 
Жергілікті халықтың ақшасы болмағандықтан, 
олар шетелдік тауарларды қойға айырбастап 
отырды. 
47) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей 
империясы құрамына кіруі. ХIХ ғасырдың екiншi 
жартысын- да Ресей империясында өнеркәсiп 
пен сауда күштi қарқынмен дамыды. Тауар 
өткiзудiң жаңа көзiне, арзан шикiзат пен 
жұмысшы күшiне деген қажет- тiлiк пайда 
болды. Осы жағдайға байланысты Ре- сей 
империясының сыртқы саясатында Жетiсу мен 
Оңтүстiк Қазақстанның алатын маңызы арта 
түстi. ХIХ ғасырдың 20-жыл- дарының бас 
кезiнде Ұлы жүздiң аумағында бiртұтас хан 
билiгi қалмады. осындай жағдайда Жетiсу мен 
Оңтүстiк Қазақстан қазақтарының бiр бөлiгi 
Ресейдiң қол астына өте бастады. Жергiлiктi 
қазақ халқына Орта Азия мемлекеттерi, соның 
iшiнде әсiресе Қоқан мен Хиуа хандықтары жиi- 
жиi шабуыл жасады. Бұл аймақтардағы 
қазақтар Ресеймен баж салығын төлемей-ақ 
сауда жасауға қатты қызықты. Бұл аймақ елге 
ықпалы ша- малы бiрнеше сұлтанның билiгiне 
бөлiнген едi. Елдiң басын бiрiктiретiн, iшкi 
алауыздық пен айтыс-тартысты тыятын сыртқы 
агрессияға қарсы тұра алатын мықты күш елде 
болған жоқ. Патша үкiметiнiң қазақ өлкесiн 
бiрте-бiрте отарлай түсуiне өте қолайлы жағдай 
қалыптасты. 
48) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық 
қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — 
қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша 
бұқаралық 
және 
ұзаққа 
созылған 
көтерілістерінің 
бірі 
болды. 
Себеп: 
XIX 
ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл 
өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы 
қарым-қатынас 
катты 
шиеленісе 
түсті. 
Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан 
билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің 
және батырлардың коптен астам бөлігінің 
наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі 
қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі 
жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай 
тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге 
ешқандай 
алымсалық 
төлеп 
көрмеген 
қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, 
жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе 
түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, 
пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, 
патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ 
ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. 
Осының бәрі байырғы жергілікті халықты қатты 
күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін 
қиындатып жіберді. Көтерілістің басталуы: 
Көтеріліс 
Кенесарының 
патша 
үкіметінің 
саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын 
сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып 
алудан басталды. Ол шекара шебіндегі 
бекіністерге де, патша үкіметінің әскери 
жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. 
Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары 
хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп 
жеңіп шықты. Кенесары 1838 жылы өзінің 
адамдарын Батыс Сібір генералгубернаторына 
жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында 
Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, 
Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел 
босатуды талап етті. Генерал губернатор 
Кенесарының адамдарының барлығын да 
әскерге 
жарайтындары 
тұрақты 
армия 
қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге 
жер аударылды. Генералгубернатордың бұл 
қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын 
келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. 
Өкінышке 
орай 
,жеңілу 
себепі: 
Ресей 
зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең 
соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар 
қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен 
шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп 
жетер деген үмітте болды. Бірақ патша 
үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары 
олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып 
үлгерген 
еді. 
Үшінші 
тәулік 
дегенде 
көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып 
шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген 
сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. 
Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге 
тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның 
салдарынан қаза тапты».
49) Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет 
Көтібарұлының 
көтерілістері. 
Жанқожа 
Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының 
көтерілістері. 19 ғасырдың ортасында болған 
Сырдария бойындағы көтерілістің себебі Хиуа 
ханы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария 
мен Қуаңдария аудандарында қамалдар 
тұрғызуы. Көтеріліс жетекшісі – Жанқожа 
Нұрмұхамедұлы. Көтеріліске Арал маңындағы 
ірі рулар қатысты.1843 жылы Жанқожа 
Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр 
қазақтары 
хиуалықтардың 
Қуаңдария 
бойындағы бекінісін талқандады.1845 жылғы 
көктемде Жанқожа тобы хиуалық 2000 əскерді 
жойып жіберді. 1847 жылы Хиуа ханының 
Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан 
əрекеті сəтсіз аяқталды. Жаңақала ауданы 
көтеріліс ошағы болды. 1856 жылдың жазында 
Жанқожаның жанына 2 мыңдай қарулы топ 
жиналды. 1856 жылы желтоқсанның аяғында 
көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды. 
Күштерді біріктірмеу үшін генерал-майор 
Фитингов тобы жіберілді. 1860 жылы Жанқожа 
көтерілісі 
талқандалды. 
Патша 
әскерінің 
қуғындауынан Жанқожа Арал маңынан шегінуге 
мәжбүр болды. Арал теңізінің солтүстігінде Есет 
Көтібарұлы бастаған көтеріліс жалғасын тапты. 
1855 жылғы 8 шілдеде Есет тобы сұлтан 
Арыстан 
Жантөрин 
лагеріне шабуылдап, 
сұлтанды сыбайластарымен қоса мерт қылды. 
1857 жылы наурызда тұтқынға түскен 3 қазақ 
атылып, 18-і Сібірге жер аударылды. 1858 
жылғы қыркүйекте Есет батыр Орынборға 
барып, патша билігін лажсыздан мойындады. 
Көтерілістің себебі: Мырза Ахметтің қазақ, 
қырғыз жерлерін күшпен тартып алып, өз 
жақындарына беруі. берді. 3 мыңдық қолы бар 
Мырза Ахмет Қоқан ханынан көмек сұрады. 
Көтерілісті 
басуға 
келген 
топтың 
бірін 
Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан басқарды. 
1858 жылғы мамырда көтерілісшілер Созақ, 
Мерке, Шолаққорғанды алып, Жаңақорған мен 
Түркістанды қоршады.
50) 1867-1868 жж. уақытша ереженің жүзеге 
асырылуы. 
1867-1868жж. 
реформалар 
«Уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе 
ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан 
бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылды. 
1886-1891жж. 
«Ережелер» 
1867- 
68жж. 
«Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен 
заңды тұрғыда бекітті.Сондықтан, ереженің 
атауындағы 
«уақытша» 
сөзі 
алынып 
тасталды.Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар 
патша 1867ж. 11- шілде «Жетісу, Сырдария 
облыстарын басқару туралы, 1868ж.1886ж.2-
маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы 
Ереже» бекітілді. Ол бойынша үш генерал-
губернаторлық қалды, бірақ Түркістан генерал-
губернаторлығынан 
Жетісу 
облысы 
шығарылып, Батыс-Сібір ген-губ-на берілді. 
Түркістанға Ферғана, Самарқан облыстары еніп, 
енді үш облыстан тұрды. 1891ж. 25-наурызда 
«Ақмола, 
Семей,Жетісу, 
Орал, 
Торғай 
облыстарын 
басқару 
туралы 
Ереже» 
бекітілді.Ол бойынша 1891ж. Орынбор мен 
Батыс-Сібір 
генерал 
губернаторлығы 
біріктіріліп, Дала генерал губернаторлығы деп 
аталды. 1891-1897жж. аралығында оның 
құрамында 5 облыс болды, Нәтижесінде, 
1897ж. екі генерал губернаторлық төрт 
облыстан 
тұратын 
болды. 
1867-1868жж. 
ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны 
болған еді: билердің төтенше съезі, билердің 
болыстық соты, бидің жеке соты Салық 


жүйесіндегі 
өзгерістер:1867-1868жж. 
реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір 
рет «түтін салығын» төлейтін еді 1868 (210-бап) 
және1886 (270бап)- жылғы ереженің қазақтарға 
ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. 
Онда қазақ жері Ресей империясының 
мемлекеттік 
меншігі 
деп 
жарияланып, 
қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді 
51) 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал 
облыстарындағы 
және 
1870 
ж. 
Маңғыстауқазақтары 
көтерілістері. 
Патша 
үкіметі 1867-68 жылдардағы реформаны күшіне 
енгізе бастады. Реформа отарлық езгі мен 
патша чиновниктерінің үстемдігін күшейтті. 
Алым-салық көбейіп, қанаудың одан әрі күшейе 
түсуі бұқара халықтың жаппай наразылығын 
тудырды. 19 ғасырдың 60 жылдарында әр 
түтінге салынатын салықтың жалпы мөлшері 10-
12 сомға жетіп, ол кедейлерден байлармен 
бірдей өндірілді. Заттай төлемдер тұрақты 
алымға айналды. Кіші жүз қазақтары мемлекет 
кіресін тегін тарту үшін (Наурызым орманынан 
Сырдария бойындағы қалаларға ағаш тасу және 
т.б.) түйешілермен (5 түйеге бір адамнан) қоса 4 
мың түйе беруге, Орта Азия хандарына жорық 
жасап жатқан патша әскерлерін азық-түлікпен, 
баспанамен, жылы киімдермен және т.б. 
жабдықтауға міндетті болды. Тек 1839-40 
жылдары ғана 14 мың түйе, 15 мың пұт ет, 15 
мың саржан киіз, 10 мың бас киім, қолғап 
алынды. Жергілікті әкімдер халық есебінен 
көлікпен, қаражатпен қамтамасыз етілді. 
Күйзеліске ұшыраған кедейлер топ-тобымен 
казак-орыс шептеріне, ірі қалаларға жалдануға 
кете бастады. 50 жылдары Орал казак-орыс 
шептерінде 20 мыңнан астам қазақ кедейлері 
жалданды.Шаруалардың бұл көтерілісі нашар 
ұйымдастырылды, 
стихиялық 
түрде 
өтті, 
сондықтан жеңіліске ұшырады. Солай бола 
тұрса да, Орал мен Торғай облыстарындағы 
көтеріліс 
қазақ 
шаруаларының 
отарлау 
саясатына, қанаушыларға қарсы қозғалысының 
ерекше бір көрінісі болды. 
52) Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, 
Сібір казак әскерлері. Орынбор казак әскерлері 
1748-1755 жылдар аралығында құрылды. 
Олардың Жайық казактарынан айырмашылығы 
— өз беттерімен келіп, стихиялық түрде 
құрылған жоқ, патша үкіметінің бастама көтеруі 
бойынша арнайы мақсатпен құрылды. Орынбор 
казактарының негізгі ұйытқысы Самара, Уфа, 
Алексеев және Есет казактары болды. Олар 
шекараны қорғау күзетінде қызмет етті. 
Казактар 
негізінен 
селолық 
жерлерде 
қоныстанды. Қалаларда казактардың небары 
2%-ы тұрды. Орынбор казактары негізінен 
егіншілікпен, мал өсірумен, балық аулаумен 
айналысты. Казак әйелдері ешкінің түбітінен 
түрлі орамал тоқыды. Сібір казак әскерлерінің 
негізін полиция қызметіндегілер құрады. Олар 
XVI ғасырдың аяқ кезінен бастап Сібір әскери 
бекіністерінде 
күзет 
қызметін 
атқарды. 
Казактардың қатары солдаттардың ер жеткен 
балаларының, саяси жер аударылып келгендер 
мен 
башқұрт, 
мещеряктар 
және 
Дон 
казактарының есебінен де толықтырылды. 
Олардың 
әскери 
атаманы 
Батыс 
Сібір 
генералгубернаторына, ал кейінірек - Дала 
өлкесінің 
генерал-губернаторына 
тікелей 
бағынды. Сібір казактарының негізгі кәсібі 
егіншілікпен айналысу болды. Бірақ далалық 
ауа 
райының 
құбылмалылығы, 
құрғақшылықтың жиілігі, қақаған күшті аязды 
күндердің 
көптігі 
егін 
егуде 
қыруар 
қиыншылықтар туғызды. Казактар негізінен 
күздік және жаздық қара би дай егумен 
шұғылданды. Сұлы, арпа, тары, сондай-ақ 
картоп екті. Казактардың арасында бау-бақша, 
темекі өсіру де жақсы дамыды. Петропавл 
маңында бау-бақша өсірумен айналысатын 
тұтас казак поселкелері құрылды. Шекара 
шебінің темекісі «махорка» бүкіл Сібірге 
кеңінен тарады. Казактар сонымен қатар кендір 
өндірумен де айналысты, сора өсірді. Казак 
әскерлері мал да ұстады. Мұның өзі егін 
шаруашылығына және жорыққа да қажет еді. 
Өзендер мен көлдердің көптігі балық аулау ісін 
де дамытты. Олар Ертіс өзені мен Зайсан 
көлінде 
балық 
аулауды 
өздерінің 
монополиясына айналдырып алды. Казактар 
сонымен қатар жүк тасымалымен, тері илеу 
және тоң май дайындау кәсіпшіліктерімен де 
айналысты. 
Сауда-саттықпен 
де 
күшті 
шұғылданды, жергілікті қазақтармен сауда 
жасасты. Жол жөндеу жұмыстары үшін 
алынатын 
баж салығы 
да казактардың 
пайдасына түсетін. Жайық (Орал) казактарының 
ең алғашқы елді мекендері XVI ғасырда қазіргі 
Қазақстан аумағының солтүстік-батыс бөлігінде 
(Жайық (Орал) өзенінің бойында) пайда болды. 
Патша үкіметі казактардың еркіндігін шектеу 
саясатын ұстанды. Олардың тұрмысына бірте-
бірте қатаң әскери тәртіп енгізіле бастады. 
Мәскеу 
мемлекеті 
Жайық 
казактарына 
оңтүстікшығыс шекараны қорғау және әскери 
отарлау міндеттерін жүктеді. Жайық казактары 
ауқатты тұрды. Әрбір казактың 80 десятинадан 
жер телімі болды. Жайық казактары егіншілік 
пен балық аулау, түз өндіру және аңшылықпен 
айналысты. 
53) ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон 
мәселесі. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта 
шенінде Қазақстанның Россия қол астына 
қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ 
даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі 
реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық 
ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды 
губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді 
тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің 
бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі 
оны кезең – кезеңімен іске асырды. Оның 
алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін 
созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық 
дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз 
мемлекетке формальды түрде болса да 
қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл 
кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы 
хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне 
араласпай, 
қазақ 
елін 
өзіне 
жағынып 
бағынышты болған хандар арқылы басқарды.
54) «Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы 
наразылық. Зар заман ағымы отаршылдық 
дәуірдегі елдің әлеуметтік ахуалының көркем 
бейнелеуінің көрінісі. Асан ата айтып кеткен 
(«Мұнан соң қилы-қилы заман болар,Заман 
азып, заң тозып, жаман болар»), Бұқар болжап 
берген («Күн батыстан бір дұспан Ақырда 
шығар сол тұстан») дәуір келіп жеткен соң ақын-
жырауларының өлең-толғауларының тақырыбы 
өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты. 
Сондықтан бұл құбылыс басталар жері, 
тамамдалар 
тұсы 
айқындалған, 
тарихи 
өзгерістер аясында жетіліп, өркенделген, 
түйінделген ағым ретінде қарастырылады.Бұл 
сарынның 
ақындары 
қатарына 
Дулат 
Бабатайұлы 1802-1871, Шортанбай Қанайұлы 
1818- 
1881, 
Мұрат 
Мөңкеұлы1843-1906, 
Әбубәкір Кердері Шоқанұлы 1858-1903 т.с.с. 
ақындарды қосуға болады. Солардың көрнекті 
өкілдерінің 
бірі 
Шортанбай 
– 
орыс 
отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген 
әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып 
бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда 
капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей 
болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау 
кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі 
суреттеледі.Орыс зар заман ақындарының 
шығармаларына наразы болады себебі бұл 
шығармаларда 
қазақ 
жеріндегі 
орын 
алыпжатқан ашшы шындық бейнеленгені 
орысқа ұнамайды
55) Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс 
аударуы. XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша 
үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен 
дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара 
бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле 
өлкесінің аумағында тұрып келген еді. Онда 
тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда 
және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай 
үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. 
Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында 
күресті. 
Алайда 
Қытай 
әскерлері 
ол 
көтерілістерді 
аяусыз 
басып-жаныштады. 
Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында 
Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған 
болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы 
ондағы 
ішкі 
қарама-қайшылықтарды 
асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей 
әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша 
үкіметі 
өлке 
тұрғындарының 
отбасылық 
істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына 
араласпау 
саясатын 
ұстанды. 
Олардың 
жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ 
оларды патша әкімшілігі өз бақылауында 
ұстады. 
Жалпы 
жағдай 
едәуір 
тұрақтандырылғандай болды. Алайда дүние 
жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол 
өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер 
жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар 
мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры 
туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі 
империя арасында Санкт-Петербург бейбіт 
келісімшарты 
жасалды. 
Ұйғырлар 
мен 
дүнгендер 
бір 
жылдың 
ішінде 
Жетісу 
облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде 
өздері нақты шешім қабылдауға құқықты 
болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті 
халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 
100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан 
аумағына өтуге тілек білдірді.1897 жылы 
Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген 
болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал 
дүнгендер 20 мың адамға жетті.
56) Ш.Уәлиханов және оның Қазақстанның 
тарихы, 
географиясы, 
экономикасы 
мен 
мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы. Шоқан 
Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед 
Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл 
ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, 
Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, 
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 
туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің 
тұңғыш 
өкілдерінің 
бірі, 
шығыстанушы, 
тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, 
ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп 
еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен. 
Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы 
мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен 
танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте 
оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің 
негізін үйреніп алды. Ол 1834 жылы Омбыда 
Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс 
армиясында жоғары әскери шен - полковник 
атағын алды және Қазақстанды басқару 
аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер 
атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір 
қырғыздарының облыстық басқармасының 
кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны 
болды. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті 
жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал 
губернаторының 
кеңсесінде 
қызметке 
қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір 
мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын 
басқаратын генерал губернатор Гасфорттың 
адьютанты 
болып 
тағайындалады. 
Осы 
қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия 
халықтарының тарихын, этнографиясы мен 
жағрафиясын 
зерттеуге 
белсене 
араласады.Қызмет барысында Шоқан көптеген 
экспедицияларға қатысады , ал сапарларда 
жинаған 
материалдарды 
ол 
«Жоңғария 
очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», 
«Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», 
«Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай 
империясының батыс өлкесі және Құлжа 
қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады
57) Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы 
туралы. саяхатшы және суретші Джон Кэстль 
1734 жылы Ресей патшалығы ұйымдастырған 
Орынбор 
экспедициясының 
құрамында 
Орталық Азияға сапар шегіп екі жыл сонда 
болды. Осы сапары барысында ол 1736 жылы 
Кіші жүз қазақтарының ханы Әбілхайыр Ханның 
ордасында болып ресейліктердің атынан 
онымен келіссөздер жүргізді.Осылайша 1736 
жылы 14 маусым мен 13 тамыз арасында үш ай 
бойы жалғасқан сапарының алғашқы 20 күні 
қазақтар арасында өтті. Ол осы сапары 
барысында көрген білгендерін естелік ретінде 
жазды.Оның бұл жазғандары кейін атап 
айтқанда 
1784 
жылы 
Рига 
қаласында 
естеліктерін неміс тілінде “Ұлы Император Петр 
қайтыс болғаннан бері Ресей тарихына қатысты 
материалдар”деген 
атпен 
кітап 
болып 
жарияланды.Оны қазақ жеріндегі сапарынан 
үзінді :Хан ордасына алғашқы келген Еуропалық 
болған Кэстлдың бөлек түр бейнесі мен 
киімдері қазақтардың назарын аударады. 
Сондықтан Кэстль өзіне арнап тігілген үйінде 
өзін көруге келген көптеген қазақты қабылдауға 
мәжбүр болады. Мұның себебін ол, “Aдамдар 
менің 
тұлғамды 
және 
неміс 
киімімді 
таңырқады” – деп түсіндіре келіп ол -, “Олардың 
кейбіреулері менің дене бітімімді және 
киімдеріме 
таңырқап 
қарады, 
әсіресе 
аяғымдағы тар сымға және бадырайған үлкен 
көзіме қарап күлді. Кейбіреулер болса қасымда 
әкелген заттарды көруге, білуге, ұстауға құштар 
болды. Олардың қызығушылығы соншама, 
қолға ұстап көргеннен менің кейбір заттарым 
бүлінді. Ендібасқалары менің бұтыма киген тар 
сымға, сағатқа, айылбас-түймелеріме ерекше 
қайран қалысты. Енді келген басқа біреулер 
болса басқа заттарымды қарап шықты. Ең 
қызығы олардың бірі менен сағаттың қандай бір 
мақұлық екенін сұрады. Мең оның тірі мақұлық 
емес, адам қолынан уақытты білу үшін жасалған 
бір зат екенін түсіндіруге тырыстым. Бірақ 
сендіре алмадым. Сағатым тұрған жерге тізелеп 
енкейіп қарады да, мұның ішінде сайтан бар 
екенін айтып қиратып жоғалтуды ұсынды” 
дейді. 
58) 
Мемлекеттік 
Думадағы 
қазақ 
депутаттарының 
қазақтың 
жайылымдық 
жерлерінің талан таражға салынуы туралы 
пікірлері. 
Мемлекеттік 
Думадаты 
казак 
депутаттарынын 
казактын 
жайылымдык 
жерлерінін талан-таража салынуы туралы 
пікірлері І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) 
қазақ депутаттарының алдында тұрған ең 
маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. 
Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі 
еуропалық 
гүбернелерінен 
миллиондаған 
жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – 
С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп 
қоныстандыру 
саясатын 
Думаның 
қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде 
тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 
4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-
бадан мұраға қалған төл жерін Дума 
қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп 
беру. Қазақ депутаттары І және ІІ Думада 
алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді 
түбегейлі реформалап, толыққанды халық 
билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет 
құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін 
мемлекет меншігі 
пен 
патша 
әулетінің 
қолындағы 
жермен 
бірге 
жалпыұлттық 
мемлекеттік қорғап күштеп алу. Ал мұндай жер 
реформасы, Алаш жетекшілерінің ұсынуынша, 
империя халқының экономикалық өмірін де, 
отаршыл патшалық мемлекеттің құрылымын да 
толығымен өзгертеді. Ондай өзгеріс, өз 
кезегінде, 
жекеменшікті 
жер 
институтын 
тамырымен жояды, ұсақ жер иелерімен бірге 
патшалық абсолютизмнің тірегі болып келген ірі 
дворян-помещиктер 
тап 
ретінде 
тарих 
сахнасынан біржола кетеді, ал саяси билік – 
өзінен өзі халықтың қолына өтеді. Қазақ 
өкілдерінің жер мәселесінен кейінгі көздегені – 
қазақтың барлық 9 облысы мен Астрахан 
губерниясыне қарайтын Бөкей ордасына, 
сондай-ақ 
Алтай 
өңірінің 
Бийскі 
және 
Змеиногорск болыстарына – Дума мақұлдаған 
заң жүзінде генерал-губернаторлық, ояз және 
крестьян бастықтары институттарын жауып, 
оның орнына жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін 
– земство енгізу болды. Оның себебі: егер 
Ресейдің ішкі еуропалық бөлігінде земствоға 
ұқсаған мекемелер болса, Сібір мен Дала 
облыстарында әлі күнге дейін қоғамдық өзін-өзі 
басқарудың сағымы да болған жоқ. Ә.Н. 
Бөкейхан ол туралы: «Қазақтар өзінің жер 
мүддесін қорғауды талап етеді. Ол мүдде 
«Ақмола мен Семей облыстарына көшіріп 
қоныстандыруды уақытша тоқтат» деген қағази 
нұсқаумен қорғалмайды... Ол тек қана... 
конституция мен халық билігі болған да ғана 
мүмкін», – деп мәлімдеді Бір сөзбен айтқанда, 
І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының 
стратегиялық мақсаты – 1847 жылы біржола 
ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ 
хандығының 
жер 
аумағында 
жергілікті 
инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін 
құру болды. Думаның қазақ депутаттары 1906 
жылдан бастап Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу 
казак әскерлерінің үлгісімен дербес әскери 
қолбасшылығы бар ұлттық атты әскер жасақтау, 
«Қарқаралы 
құзырхатында» 
жазылғандай, 
қазақ тілінде цензурасыз мерзімді баспасөз пен 
баспахана ашу, жергілікті әкімшілік (земство 
жиналысы, 
басқармасы) 
пен 
соттың 
ісқағаздарын 
және 
ұлттық 
мектеп медреселерде оқу жергілікті ұлт тілінде 
жүргізу, қазақтың ұл-қыздарын кәсіби оқу 
орындары (гимназия, училище, семинария, т.б.) 
мен ЖОО-да оқыту үшін «қазақ капиталы» 
есебінен 
стипендиялар 
тағайындау, 
жатақханалар (пансиондар) салу және т.б. 
маңызды мәселелерді, әсіресе жер мәселесін 
көтеріп, заң жүзінде шешуге ұмтылды. Ең 
маңыздысы: І және ІІ Думада осы ұлттық 
мәселелердің көпшілігін, әсіресе жер, земство 
мәселесін шешуге толық мүмкіндік болды. 
Өйткені І Думада кадет партиясының 161 
депутаты, Еңбекшілер партиясының 107, поляк 
колосы, украин, эстон, латыш, литва және т.б. 
ұлт топтарын қамтитын автономистердің 70 
депутаты, түркі мұсылман халықтарының 25 
депутаты болды. Ашығын айтқанда І Думадағы 
511 дауыстың кемінде 338-і – самодержавиеге 
қарсы партиялар мен ұлттық топтардың 
үлесінде болды. Ә.Н. Бөкейханның 1905 
жылдан кадет партиясының мүшесі, 1906 
жылдың маусымында І Думаға кадеттердің 
Семей облыстық қазақ бөлімінен сайланғанын, 
І 
және 
ІІ 
Думадада 
түркі-мұсылман 
халықтарының 
депутаттары 
мұсылман 
фракциясына 
бірігіп, 
кадет 
партиясының 
фракциясына қосылғанын ұмытпау керек. І 
Думаның 
спикері 
(төрағасы), 
оның 
екі 
орынбасары 
әрі 
хатшысы 
болып 
Ә.Н. 
Бөкейханның партияластары әрі достары С.А. 
Муромцев , князь П.Д. Долгоруков, Н.А. 
Гредескул және князь Д.И. Шаховской сайланды 
ІІ Думада патшалыққа қарсы солшылдар тіпті 
басымырақ болды. Кадеттердің саны екі есеге 
жуық қысқарып 98 депутат, Еңбекшілдер – 104, 
автономистер – 76, түркі-мұсылмандар – 37, 
ішінде 6 қазағы бар, барлығы – 315 дауысқа ие 
болды. ІІ шақырылымның спикері және 
хатшысы болып тағы да кадет өкілдері Ф. 
Головин мен М. Челноков, екі орынбасары 
болып партияға кірмеген солшыл депутат Н. 
Познанский мен Еңбекшілдер өкілі М. Березин 
сайланды. ІІ Думада олардың қатарын енді 
социал-демократтар 
65, 
эсерлер 
37 
депутатымен толықтырып, 500-дей дауыстың 
427-сіне жетті. Алайда аталған мәселелердің 
бірі де жүзеге аспады. Себебі 5 жылға сайланған 
Мемлекеттік Думаның 1906 және 1907 
жылдарғы І және ІІ шақырымдары 72 және 102 
күн ғана жұмыс істеп, біріншісі 1906 жылы 8 
шілдеде, екіншісі 1907 жылы 3 маусымда 
күштеп таратылды. ІІ Дума таратылған күні 
император ІІ Николай өзі шығарған «Негізгі 
мемлекеттік заңдардың» 87-бабын өрескел 
бұзып, сайлау ережесінің жаңа нұсқасын 
шығарды . Ресейдің либералдық қауымы жаңа 
ережені «3 маусым төңкерісі» деп бағалады. Екі 
Думаның мезгілсіз таратуының бар сырын Қыр 
баласы (Ә. Бөкейхан) сайлау құқынан айрылған 
халқына жалпақ тілмен түсіндіріп берді: 
«Себебі, бұл екі Дума да мұжыққа орыс 
дворяны жерінен жер бермек болды. ІІІ Дума 
депутаты сайланатын жол жасағанда мұжық 
депутатын неше қайтара бұрынғадан азайтты. 
Орыс патшалығы панасындағы жұрттың әрбір 
100-іне 85 орыс мұжығы болады, қалған 15-тің 
ішінде поляк, еврей, татар, қазақ һәм уақ 
жұрттар. Орыстың қаласынан «3-інші июнь» 
законымен сайланған адамдардың мұжық 
депутаты 10-нан 1-ақ, Думада мұжық депуттары 
40-50 - 442 депутат ішінде. Орыстың 
патшалығын арқалап асырап отырған мұжыққа 
мұны қылғанда - аз, бытыраңқы, «надан» 
қазақты не қылсын?! Думадан шығарды да 
тастады». 
Бір 
сөзбен 
айтқанда, 
Ресей 
императоры ІІ Николай үкімет басына өзі де ірі 
жер иесі –помещик болған П.А. Столыпинді 
тағайындау 
арқылы, 
біріншіден, 
өзінің 
абсолюттік билігінің бас тірегі болып келген 
дворян-помещиктер табына сүйене беретінін 
айқын аңғартты. Екіншіден, «3 маусым» заңы 
Думадағы халық үнін, яғни бұқара халық пен 
оның өкілдерінің дауысын өшіріп, көнбіс, 
жетекшіл тап – дворяндар мен шенеуніктердің, 
сондай-ақ көпестер мен өнеркәсіпшілердің 
көнбіс бөлігінің дауысын күшейтті. Осылайша 
Дума бұқара халықтың орнына, күштілер мен 
байлардың сөзін сөйлейтін болды. Соның 
нәтижесінде заңнамалық үдеріс бюджетті және 
тағы басқа маңызы жоқ заңдарды мақұлдау 
талас-тартыссыз өтетін болды да, азаматтық 
құқық және бостандыққа, қазақ сынды кең-ба 
тақ жері бар халықтың саяси құқықтарын 
шектеуге қатысты заң жобаларын Дума елемей 
ысырып қоятын болды. Реакцияшыл премьер-
министр П. Столыпиннің ауқымды жоспарынан 
бір ғана реформасы – аграрлық реформасы 
жүзеге асты. Қазақ жерінің есебінен. Атап 
айтқанда өзі сияқты дворян-помещиктерінің 
жерлерін меншігінде қалдырып, миллиондаған 
жерсіз мұжық-шаруаның мұқтажын қазақ жері 
есебінен қанағаттандырды. Отаршыл Ресей 
империясының әкімшілігі 5 млн-нан асқан (саны 
жағынан Ресей халықтарының арасынан 5-нші 
болды – С.А.) қазақ халқын сайлау құқынан 
айырумен 
қатар, 
«Алаш» 
ұлт-азаттық 
қозғалысының жетекшілерін қудалады. Атап 
айтқанда Алаш көшбасшысы Ә. Бөкейхан өзі 
сайланған І Думаны таратуға наразылық ретінде 
«Выборг үндеуіне қол қойғаны және таратып-
насихаттағаны үшін» 3 ай түрме жазасына кесіп, 
абақтыда 3 айдың орнына 8 ай отырып шыққан 
соң , өзін саяси айдауға жіберуін күтпей, 
алдымен 
С.-Петерборға, 
одан 
Самарға 
эмиграцияға кетті.Ж. Ақбайұлы алдымен Саха- 
Якутияға, одан Түркістанға жер аударылды, А. 
Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы Семей 


түрмесіне жабылып, босатылысымен бірі өз 
таңдауымен Орынборға, екіншісі Түркістанда 
бас сауғалап жүріп, 1913 жылы ғана Орынборда 
«Қазақ» 
газетін 
шығара 
бастаған 
А. 
Байтұрсынұлына келіп 
қосылды. 
«Алаш» 
жетекшілері халқының сайлау құқын қалпына 
келтіру, саяси-экономикалық мүддесін 1907- 
1912 және 1912-1917 жылдары жұмыс істеген ІІІ 
және IV Дума құрамындағы кадет, мұсылман 
және Сібір депутаттары фракциялары арқылы 
қорғауға мәжбүр болды. Ол туралы «Қазақ» 
газеті жарыққа шыққан 1913 жылғы бір 
мақаласында Қыр баласы былай жазды: «Өткен 
жылы (1912 ж.) ІІІ Дума тарқарда Дума өз үйін 
түзетуге ақша бермек болып закон жобасы 
қаралған еді; сонда Қазан депутаты Мақсұдов 
сөйледі: «Сіздер Думаның үйінің төбесін 
түзетеміз деп отырсыздар, әуелі Думаның өз 
төбесін түзетіңдер. Түркістаннан, қазақ жерінен 
Думада бір депутат жоқ. Осы облыстарға 
депутат беріңдер» деп. Биыл (1913 ж.) Мәскеу 
депутаты Шепкин осы жоғарыда закон 
қаралғанда 
сөз 
сөйледі: 
«Бұ 
қалай, 
Түркістанның, қазақ жерінің сөзін Забайкал, 
Харкоб депутаты тұрып сөйледі, бұлардың өз 
депутаты қайда? «Үшінші июнь» ақсақ законын 
түзету керек», – дейді» Қысқасы, қазақты саяси 
құқынан айырған «3 маусым» заңын бұздыра 
алмаса да, Алаш жетекшілері Дума мен оның 
депутаттарының 
көмегін 
мейлінше 
кең 
пайдаланды. Мысалға олардың талап-тілегі 
бойынша, Ресей патшасы қазақтың дербес атты 
әскер жасақтауынан сескеніп, І Дүниежүзілік 
соғыстың Батыс майданына қара жұмысқа 
алынсын деген 1916 жылғы «25 маусым» 
жарлығын шығарды. Сол жылдың жазында Ә. 
Бөкейхан IV Думадағы мұсылман фракциясы 
Бюросына қазақтың ресми өкілі болып кіріп, 
қазан айында қазақтың екінші өкілі етіп М. 
Шоқайды алдырады . Ондағы мақсат: қазақ 
жігіттерін Батыс майданға қара жұмысқа алуын 
1916 жылдың соңы – 1917 жылдың басына 
қарай созу, майданға алынған жігіттердің 
жұмысын жеңілдету, екіншіден – «25 маусым» 
жарлығын өрескел жүзеге асыруға қарсы 
көтерілген 1916 жылғы халық толқуын аяусыз 
басып-жаншыған үкіметтің әрекетін Дума 
депутаттары – А. Керенский, Қ. Тевкелев 
арқылы парламенттік тергеуге алып, әшкерелеу 
болды. Қорыта келгенде, ХХ ғасыр басындағы 
қазақтың «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 
қалыптасып, 
нығайып, 
алға 
қойған 
стратегиялық 
мақсат-міндеттерін 
жүзеге 
асыруына Ресей Мемлекеттік Думасының 
қосқан үлесі, алатын орны өте зор болды. Алаш 
зиялылары мен жалпы қазақ қоғамында «халық 
билігі» («демократия»), «парламентаризм», 
«құқықтық мемлекет», «жергілікті өзін-өзі 
басқару» (земство) сынды демократиялық 
ұғымдардың берік қалыптасуына ықпал етті. 
Мемлекеттік Думаның 300 ғасырдан астам 
билеп-төстеп келген Романовтар әулетін тақтан 
бас тартуға көндіріп, 1917 жылғы Ақпан 
төңкерісін жүзеге асыруға қосқан үлесі тіпті 
шексіз еді. 1917 жылы саны 6,5 млн-нан асқан 
қазақ халқының сайлау құқын қайтарып берген 
Уақытша үкіметті жасақтаған да IV Дума 
болатын.
59) Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының 
ықпалы. Жәдитшілдік (араб сөзі – жаңа әдіс) – 
ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында түркі 
тілдес мұсылман халықтары арасында өріс 
алған мәдени-ағартушылық қозғалыс. XIX 
ғасырдың 90-жылдарына қарай мұсылман оқу 
орындарының саны өсе бастады. Мұсылман 
мектептері 
мен 
медреселерін 
Орынбор 
муфтилігі де тікелей қадағалап отырды. XIX 
ғасырдың аяғында түркі халықтары арасында 
жәдитшілдік 
қозғалысы 
жандана 
түсті. 
Бастапқыда Қырым, Еділ бойы татарларының 
арасында қалыптасқан бұл қозғалыс, кейіннен 
Орта Азиядағы барлық түркі халықтары 
арасында жалғасын тапты. Жәдитшілдіктің 
өкілдері 
қоғамдық 
өмірдегі 
рухани 
тоқыраушылықты сынға алды және өздерінің 
ағартушылық 
бағыттағы 
күресін 
патша 
өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағыттады. 
Жәдиттік қозғалыстың жандануы «жаңа әдісті» 
мұсылмандық медресе, мектептердің көптеп 
ашылуына 
алып 
келді. 
«Жаңа 
әдісті» 
жақтаушылар 
жаңа 
оқу 
бағдарламасына 
география, тарих, есеп, жаратылыстану, орыс 
тілі сияқты пәндерді енгізуді қажет деп тапты. 
Жалпы, жәдитшілер халықты «еуропалық оқу 
жүйесінде» оқытуды қалады. XIX ғасырдың 
соңында бұл жоба татар медреселерінде 
кеңінен 
қолданылды 
және 
Қазақстанда 
ашылған мұсылман оқу орындары да осы жоба 
тәртібіне 
бағындырылды. 
Жәдиттік 
қозғалыстың 
көш-басшыларының 
бірі 
И. 
Гаспринский 
оқу 
орындарында 
діни 
сабақтармен қатар, жағрафия, математика, 
тарих, 
биология 
сияқты пәндердің 
аса 
қажеттігін 
дәлелдей 
отырып, 
ескі 
қадимшілдіктен жаңа жәдитшілдікке көшуді 
ұсынып, «Тәржіман» газеті арқылы осы жолды 
насихаттады. Ол өз идеясын Ресейдегі түркі 
халықтарының арасында таратып, жәдит-шілдік 
қозғалыстың жандануына үлес қосты. Еділ-Орал 
аймағы татарлары жәдитшілдік идеялардың 
негізгі тара-тушылары болды. Олар мектеп ашу, 
оқу құралдар мен жабдықтарды сатып алу, 
кедейленген шәкірттерге жәрдемақы төлеу 
ісіне қажет болған қаржыны аямады. Олардың 
негізгі мақсаты – білім беруді дамыту еді. 
Көркем шығармалар, газет-журнал беттері, 
шәкірт шығармалары – бұның айғағы.
60) 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық 
көтерілісі. 1916 жылғы Орта Азия улт-азаттык 
котерілісі. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 
жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. 
Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп 
салалары 
жедел 
қарқынмен 
дамыды. 
Өнеркәсіп орындары ел экономикасының 
дамуына 
үлес 
қосумен 
қатар, 
соғыс 
қажеттілігіне 
орай 
ірі 
мемлекеттік 
тапсырмаларды 
да 
атқарды. 
Өнеркәсіп 
өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен 
жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа 
дайындықсыз, 
әскери-өнеркәсіптік 
әлеуеті 
төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, 
армия әскери-техникалық жағынан нашар 
қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң 
жалпы 
империяда, 
ішінара 
Қазақстанда 
өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте 
кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс 
Қазақстан 
экономикасының 
құлдырауына 
әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі 
егіншілік 
облыстар 
бойынша 
біркелкі 
дамымады. 
Ол 
құнарлы, 
егіншілік 
шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда 
жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да 
елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл 
шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі 
ұлғайды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған 
соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері 
үшін жұмыс істеді. 1916 жылы 25 маусымда 
патшаның 
Қазақстан, 
Орта 
Азия, 
Сібір 
тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер 
азаматтарын тыл жұмысына алу туралы 
жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. 
Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық 
аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар 
басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске 
ұласты. Көтерілістіңірі ошақтары Жетісу мен 
Торғайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды 
қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық 
және саяси азаттық болды. Көтерілістің негізгі 
күші шаруалар, жергілікті жұмысшы табының 
өкілдері болды. Жетісуда басшылары Бекболат 
Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, 
Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай 
Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және 
т.б.) және Торғайда басшылары - Әбдіғаппар 
Жанбосынов, 
Амангелді 
Иманов, 
Әліби 
Жангелдин және басқалар болды. Жеңілу 
себептері. Қозғалыстың жеңіліс табуының ең 
басты себептері – оның бытыраңқылығы, 
көтеріліс ошақтары арасындағы байланыстың 
жеткілікті болмауы, патша үкіметінің қарулы 
жазалаушы 
күштерінің 
басымдылығы 
еді.Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 
жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда 
Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-
экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына 
түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-
отаршылдық 
басқару 
жүйесінің 
іргесін 
шайқалтып, шығыстың отар халықтарының 
импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың 
басында 
өріс 
алған 
бүкіл 
ұлт-азаттық 
қозғалысының құрамдас бөлігі болды.
61) 
Қазақ 
тіліндегі 
алғашқы 
мерзімді 
басылымдар. Бірінші болып 1870-1882 жылдар 
аралығында 
Ташкентте 
басылып 
тұрған 
«Түркістан уалаятының газеті» дүниеге келді. 
Бұл мерзімді басылым Түркістан генерал-
губернаторының 
ресми 
үнқағазы 
– 
«Туркестанские ведомости» газетіне қосымша 
ретінде айына төрт рет қазақ және өзбек 
тілдерінде алма-кезек шығып тұрды. Басылым 
жабылған соң, 1888 жылы Дала генерал-
губернаторының Омбыдағы кеңсесі жанынан 
«Дала уалаятының газеті» деген атаумен екінші 
басылым жарық көре бастады. Жаңа газет 1894 
жылға 
дейін 
«Особое 
прибавленіе 
къ 
«Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» 
басылымына, 
1900 
жылға 
дейін 
– 
«Акмолинскимъ, 
Семипалатинскимъ 
и 
Семиречинскимъ областнымъ ведомостямъ» 
басылымының «Киргизская степная газета» 
атауымен басылып тұрған үнқағазына, ал 
біржола 
жабылған 
1902 
жылға 
дейін 
«Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» 
газетіне қосымша ретінде жарық көріп тұрды. 
Мерзімді 
қазақ 
баспасөзінің 
ресми 
тарихнамасы бойынша, аталған екі басылым 
мерзімді қазақ баспасөзінің басы деп саналады. 
Көп ұзамай өзге басылымдар шыға бастады. 
1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісі 
тұсында шығып, қазақтың қоғамдық-саяси 
өміріне онша ықпал ете алмай ғайып болған 
«Серке» және «Қазақ газеті» солардың 
қатарында. 1911 жылы шыға бастаған өзге екі 
басылым – «Қазақстан» газеті мен «Айқап» 
журналы әлдеқайда салмақты көрінді және 
дәуірі 
ұзағырақ 
болды. 
Газетті 
кадет 
корпусының түлегі, белгілі ақын әрі ағартушы 
Шәңгерей Бөкейұлы ашты, ал журналды 
шығаруға белгілі қоғам қайраткері, публицист 
әрі педагог Мұхаметжан Сералин мұрындық 
болды әрі өзі редаторлық етті. 15 нөмірі жарық 
көрісімен 
отаршыл 
биліктің 
күштеуімен 
жабылған «Қазақ» газетіне қарағанда, түрлі 
дерек бойынша таралымы 500-ден 1 мыңға 
дейін жеткен «Айқап» журналының тұрақты 
оқырмандары болды. «АЙҚАП» НЕГЕ ШЫҚПАЙ 
ҚАЛДЫ? 
«Айқап» 
журналының 
алдыңғы 
басылымдардан, әсіресе патша әкімшілігінің 
ресми баспа үні болған «Түркістан уалаяты» мен 
«Дала уалаяты» газеттерінен ерекшелігі – 
журналда қазақтың 20-ғасыр басындағы әдеби-
мәдени қозғалысы мен қоғамдық пікірінің 
дамуы айтарлықтай көрініп тұрды.
62) 
Ресейдегі 
ақпан 
буржуазиялық-
демократиялық революциясы және оның 
Қазақстанға әсері. ХХ ғасырдың басында 
Ресейде самодержавалық монахия болды 
.Батыс Еуропа елдерімен салысьырғанда Ресей 
әлеуметтік экономикалық жағынан артта қалған 
ед еді.Ресей буржуазиясы бұл жағдайға кінәлі 
самодержавалық монахияның сақталуы деп 
есептелді.Олар самодержавалық монахияны 
жойып,демократиялық қоғам орнатқысы келді. 
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресей 
халықтарының жағдайы одан сайын ауырлай 
түсті.Салықьар көбейді жұмысшы күші жетіспеді 
азық түлік жетіспеді халық қайыршылық күйге 
түсті. Елде наразылық күшейе түсті. Міне 
осындай жағдайда 1917жылы 27 ақпанда 
буржуазиялық 
демократиялық 
революция 
басталып жеңіске жетті .Самодержавалық 
монахия 
құладыХалықтың 
жағдайы 
жақсармады.Сөз 
бостандығы 
баспасөз 
бостандығы жарияланды Қоғамдық ұйымдар 
саяси 
діни 
партиялар 
құрылды 
.Ресей 
азаматтарының теңдігі қабылданды, діни және 
ұлтқа байланысты шектеудің күшін жойған 
шешім қабылдады.Ақпан революциясынан 
кейін Ресей империясында тұрақсыз саяси 
жағдай 
қалыптасты.Осы 
тұрақсыздықты 
Владимир Илич Ленин бастаған балшевиктер 
тиімді пайдаланып билікке ұмтылды .Олар 
жергілікті өзін өзі басқару органдарын құра 
бастады сүйтіп елде қөс өкімет орнады.Бірінші 
уақытша үкімет уақытша үкіметтің бағыты 
реформистик комитализм, яғни реформа жасау 
арқылы капитализмді дамыту , демократиялық 
қоғам орнату. Екінші билік балшевиктердің 
билігі жұмысшы салдат және депутаттарының 
Кеңесідеп аталды .Олардың ұстанған бағыты 
социолизм 
құру.Бірінші 
кезекте 
жұмысшылардың 
билігін 
орнату 
тапқа 
бөлінушілікті жою , тапсыз қоғам құру. 
Қазақстанда 
ақпан 
төңкерілісінен 
кейін 
құрылған қоғамдық ұйымдар саяси және діни 
партиялар Қоғамдық ұйымдар Омбыда "Оқушы 
жастардың демократиялық кеңесі" Ақмолада 
"Жас Қазақ" Петропавлда "Талап" Саяси діни 
партиялар Ташкенте "Шура-и-ислами" партия 
құрылуының мақсаты мұсылман халықтарының 
өзін 
өзі 
басқаруы, 
Түркістан 
генерал 
губернаторлығындағы халықтардың дәстүрлері 
діни ерекшеліктерін сақтау.Бұл партияның 
жұмысында Мұстафа Шоқайдың өте белсенді 
жұмыс атқарған. "Алаш"саяси партиясы
63) Жалпықазақ съездері және олардың 
маңызы. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда 
жалпықазақ 
съезі 
өтті. 
Онда 
қаралған 
мәселелер. - Мемлекеттік басқару; -Қазақ 
облыстары автономиясын құру; -Жер мәселесі; 
-Халық милициясын құру; -Білім беру; -Сот ісі; -
Дін мәселесі; -“Алаш” саяси партиясын құрып, 
оның 
бағдарламасын 
жасау; 
-Жетісудың 
ашыққан халқына көмек ұйымдастыру; -
Құрылтай жиналысын шақыру Делегаттар жер 
туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап14 
тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: 
«Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып 
болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп 
көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан 
алынып қойған жерлерді кері қайтару талап 
етілді. Сиез жұмысы барысында бір топ делегат 
партия құру ісіне байланысты сөйлеген 
Бөкейханұлынан ресейлік кадет партиясына 
қатынасын ашық мәлімдеуді талап етті. Соған 
байланысты болашақ партия басшысы кадет 
партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз 
қаулыларында «осы күнгі тұрақты әскер орнына 
халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық әскер 
жасақтауды, 
«көшпелі 
елдерде 
отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болыстық 
земство ашылсын» деп, земстволық басқару 
жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген түрін 
ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» 
жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық 
сот - айрықша сот» құруды жақтап шықты. 
Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін 
мәселелері бойынша қабылданған шешімдері 
қазақ 
зиялыларының 
бұл 
қоғамдық 
мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы 
қоғамдық 
ойдың 
алдыңғы 
қатарында 
тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне 
байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті 
болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана 
тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және 
мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен 
жазылсын» деп көрсетті.1917 жылы 21-26 
шілдеде Орынборда жалпықазақ съезі өтті. 
Онда 
қаралған 
мәселелер. 
Мемлекеттік 
басқару; Қазақ облыстары автономиясын құру; 
Жер мәселесі; Халық милициясын құру; Білім 
беру; Сот ісі; Дін мәселесі; “Алаш” саяси 
партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау; 
Жетісудың 
ашыққан 
халқына 
көмек 
ұйымдастыру; Құрылтай жиналысын шақыру; 
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор 
қаласында ІІ жалпықазақ съезі өтті. Съездегі 
қаралған аса маңызды мәселелер: Қазақ-
қырғыз автономиясы; Милиция құру; Ұлт кеңесі; 
Оқу мәселесі. Съезд бірауыздан мынадай қарар 
қабылдады: I. Алашорданың Жалпықазақтық 
халық кеңесі өзі құрылған күннен бастап бір ай 
мерзім ішінде Түркістан өлкесінің барлық 
қазақтарын 
Алаш 
автономиясына 
қосу 
мүмкіндігін анықтауға міндеттенеді. II. Егер 
Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір 
ай мерзімде қосылмаса, Алашорданың халық 
кеңесі қалған қазақ облыстарының бөрі атынан 
ресми 
түрде 
автономия 
жариялауға 
міндеттенеді. III.Түркістан қазақтары Алаш 
автономиясына бір ай мерзімінде қосылмай, 
Алашорда автономия жарияламаған жағдайда 
әрбір облыстың халқына өз калауы бойынша 
әрекет етуге рұқсат етіледі. IV.Түркістан 
қазақтары Алаш автономиясына бір ай ішінде 
қосылған жағдайда Алашорданың халық 
кеңесіне бірінші мүмкіндік болғанда Алаш 
автономиясын жариялауға құқық беріледі. 
Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы 
өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол 
тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 
жылдың жазында қалыптасқан жағдайда 
халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей 
қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси 
күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу 
жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең 
алдымен, 
партияның 
программасының 
жобасын 
дайындаудан, 
қазақ 
ұлттық 
мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, 
қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына 
депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне 
қажырлылықпен ат салысудан аса айқын 
көрінеді.
64) Алаш автономиясының құрылуы. Алаш 
автономиясы — Трансконтинеталды қазақ 
республикасы болған. Оның аумағының көбісі 
Орта Азияда болып, бір бөлігі Шығыс Еуропада 
орналасқан. Бұл Ресей Республикасының, одан 
кейін Кеңестік Ресейдің бөлігі болған ел. 1917 
жылда Алаш партиясының қазақ зиялыларымен 
құрылып, 1920 жылда Кеңес үкіметі басқарып 
отырған партияның жұмысына тыйым салғанда 
таратылған. Автономияның мақсаты - Ресейден 
тәуелсіздік алып, ұлтшылдыдемократиялық 
мемлекетті құру. Ел солтүстігінен және 
батысынан Ресей аумақтарымен, оңтүстігінен 
Түркістан Автономиясымен, ал шығыстан 
Қытаймен шектеседі. Алаш" сөзі - түркі тілдерде 
қандастар, бауырластарды білдіреді. Кейбір 
деректер бойынша, Алаш - қазақ сөзінің 
синонимі болып саналады. Яғни қазақ сөзі мен 
Алаш сөзі, екеуі де еркін, азат адам дегенді 
білдіреді. 
Қадырғали 
Жалайыр 
өз 
еңбегіндерде, қазақтарды белгілеу үшін Алаш 
сөзін қолданған. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан 
аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ 
съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. 
Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. 
Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. 
Ә.Бөкейхан 
бастаған 
топ 
Қазақстанды 
мекендейтін орыстардың еркін білмейінше 
автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды 
қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған 
топ автономияны дереу жариялау керек деп 
санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. 
Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, 
автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір 
ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия 
жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 
жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария 
съезіне 
«бірігу 
мәселесін 
қозғау 
үшін» 
Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы 
жіберілді. Бүл жиында табиғи талас тартыстан 
кейін Түркістанның оқығандары қосылуға 
ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір 
айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. 
Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын 
тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия 
жариялау үшін қайта жиналған жоқ. ЫЫ съездің 
қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда 
«Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. 
Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы 
құжаттарда сақталып қалған
65) Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің 
құрылуы. Түркістан Автономиясы немесе Қоқан 
автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының 
өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 
1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті 
құрамында құрылған автономиялы мемлекет. 
Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан 
халықтарының 
өзін-өзі 
басқару 
құқығын 
мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан 
төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте 
өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік 
кеңестер 
съезі 
өлкеде 
кеңес 
билігінің 
орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық 
Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі 
биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін 
мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің 
құрамында жергілікті мұсылман халықтарының 
бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің 
отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. 
Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа 
Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан 
өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні 
Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше 
мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге 
созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін 
Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан 
Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің 
Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық 
билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. 
Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 
адам 
енді, 
оның 
32-сі 
Түркістаннан 
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған 
депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі 
тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария 
мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. 
Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар 
съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-
өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі 
өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар 
болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан 
тұрған Түркістан автономиясының Уакытша 
үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі 
барлық 
халықтардың 
құқығын 
сыйлап, 
қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық 
мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан 
автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. 
Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос 
билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде 
құрылып, 
ең 
алдымен 
ресейлік 
қоныс 
аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын 
нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, 
соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық 
негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-
өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты 
екендігін 
жариялады. 
Түркістан 
Уақытша 
үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі 
болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер 


министрінің 
орынбасары 
болып 
заңгер 
Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы 
істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай 
тағайындалды. 
Көп 
ұзамай 
Түркістан 
автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа 
Шоқай болды. Түркістан автономиясының 
құрылуын 
Түркістан 
өлкесінің 
жергілікті 
халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған 
қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін 
білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан 
қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі 
Сырдария 
облысы 
Алаш 
автономиясы 
жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы 
құрамында болатындығын білдірді. Халық зор 
үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 
2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен 
таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға 
алды. 
66) 
Қазақ 
өлкесіндегі 
«ақтар» 
мен 
«қызылдардың» қарсыластығы. Азамат соғысы 
— мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен 
таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы 
өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. 
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы 
күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, 
Жетісу 
казак 
әскерлері, 
өнеркәсіп 
орындарының бұрынғы қожалары, кезінде 
Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты 
топтары, қазақ ауылының байшонжарлары 
және солардың мүдделерін қорғайтын саяси 
партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, 
эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). 
Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы 
кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен 
байланысып, 
қазақ 
халқының 
мүддесін 
қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға 
жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне 
қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы 
құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен 
(Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, 
одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор 
және Орал казак әскерлерінің басшылығымен 
келісімге келуге ұмтылды. 1918 жылы жазда 
төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, 
Семей облыстарының көптеген аудандарын, 
соңынан 
Жетісу 
облысының 
бірқатар 
аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін 
құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның 
кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде 
сақталды. Қазақстанда азамат соғысының 
Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және 
Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс 
әрекеттері 
Азамат 
соғысының 
ірі 
майдандарындағы, 
ең 
алдымен 
Колчак 
әскерлеріне 
қарсы 
құрылған 
Шығыс 
майдандағы қимылдарға тығыз байланысты 
жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат 
соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның 
Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. 
Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз 
кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер 
етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия 
қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда 
жасақталған партизандық жасақтар құрамында 
да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. 
Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына 
“қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. 
Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков 
т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, 
Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай 
далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. 
Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, 
Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби 
Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан 
кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-
жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді. 
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат 
соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды 
67) Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік 
Автономиялық Республикасының құрылуы. 
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік 
Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында 
РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ 
республикасы.1920 жылдың маусымында КСРО 
басшылығымен 
қырғыз-қайсақтардың 
(ол 
кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ 
деп, ал қырғыздарды қырғыз не қарақырғыз 
(кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері 
Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский 
облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және 
Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың 
ұлттық автономиялық республика құру шешімі 
қабылданды. Республика астанасы - Орынбор 
қаласы деп жарияланды. ВЦИК-тің 1921 жылғы 
17 
қаңтардағы 
Жарлығымен 
Омбы 
губерниясынан республика құрамына қазақ 
халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, 
Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері 
Ақмола облысы болып енді. Сондай-ақ, 1921 
жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған 
Омбы облысының 15 ауданы да республика 
құрамына өтті. ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 
қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор 
облысынан Башқұрт АКСР ның құрамына өтіп 
кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары 
Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды. 1924 
жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, 
қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, 
Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына 
кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара қырғыз 
автономиялы облысы құрылды. 1925 жылы 
республиканың батысында, Арал теңізінің 
оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы 
Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды. 1925 жылдың 
сәуірінде 
республиканын 
орысша 
атауы 
Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып 
өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда 
қаласына көшірілді.1921 жылғы 17 қаңтардағы 
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 
қаулысымен 
жаңадан 
құрылған 
Ақмола 
губерниясына Омбы губерниясынан Ақмола, 
Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері 
берілді. 1921 жылдың 10 маусымындағы 
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 
қаулысымен автономды Қырғыз КСР мен Сібір 
арасындағы шекара Омбы губерниясының 
Омбы уезінде белгіленді (Есілкөл станциясы 
Қырғыз АСКР аумағында қалды). Шекара 
сызығы Есілкөл станциясынан шығысқа қарай 
Петропавл уезінің шекарасы бойымен, одан әрі 
солтүстікте 
Кіші 
Қараой, 
Үлкен 
Қараой 
көлдерінің, Қаратерек мекенінің бойымен өтіп, 
орыс болыстарының оңтүстік шекараларына 
бойлай және Ертістегі Шерлақ станицадан шыға 
өтеді (Қырғыз АСКР қалдырылған), бұған қоса 
Ореховск, Добровольск, Моисеевск, Русско-
Полянск, 
Ново-Санжаровск, 
Черноусовск, 
Степановск, Котельниковск орыс болыстары 
Қырғыз АСКР құрамына кіргізілген. 1921 жылы 1 
қазанда Омбы губерниясы Омбы уезінің 15 
болысы Қырғыз АСКР берілді. Бүкілресейлік 
Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылғы 12 
қаңтардағы қаулысымен Есілкөл станциясы 
(Омбы губерниясы Омбы уезіндегі Сібір мен 
Қырғыз АСКР шекарасының бойында) Сібір 
шегінде қалды. 1923 жылы 15 мамырға қарай 
республиканың құрамына кірді: Адай уезі 
тікелей республикалық бағыныста; Ақмола 
губерниясы — Ақмола уезі, Атбасар уезі, 
Шерлақ уезі, Көкшетау уезі, Петропавл уезі; 
Ақтөбе губерниясы — Ақбұлақ ауданы, Ақтөбе 
ауданы, Ырғыз ауданы, Можар ауданы, Темір 
ауданы, Ойыл ауданы; Бөкей губерниясы — 1 
Теңіз маңы округі, 2 Теңіз маңы округі, Қалмақ 
округі, Нарым ауданы, Қамысамар ауданы, 
Талов ауданы, Торғын ауданы, дербес ауылдар; 
Қостанай губерниясы — Адамовск ауданы, 
Боровск ауданы, Всесвятск ауданы, Денисовск 
ауданы, Қостанай ауданы, Семнозерск ауданы, 
Торғай ауданы, Федоровск ауданы; Орынбор 
губерниясы — Илецк ауданы, Исаево-Дедовск 
ауданы, Краснохолмск ауданы, Орынбор 
ауданы, Ор ауданы, Петровск ауданы, Покровск 
ауданы, Шарлық Микаил ауданы; Семей 
губерниясы — Зайсан ауданы, Қарқаралы 
ауданы, Павлодар ауданы, Семей ауданы, 
Өскемен ауданы, Бұқтырма ауданы; Орал 
губерниясы — Гурьев ауданы, Жымпиты 
ауданы, Қалмақ ауданы, Елек ауданы, Орал 
ауданы. 
1924 
жылғы 
21 
қазандағы 
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 
Жарлығына сәйкес, бұрын Башқұрт АКСР 
құрамында болған Жылайыр кантонының 
Тоқсоран кантоны мен Иманғұл болысы Қырғыз 
АСКР берілді. 1924 жылы Жетісу, Сырдария 
және 
Самарқан 
облыстарының 
солтүстік 
бөліктері құрамға кіріп, оның аумағында Жетісу 
мен Сырдария губерниялары құрылды. 1925 
жылы ақпанда Арал маңының оңтүстік бөлігінде 
Қырғыз АКСР құрамында Қарақалпақ АО 
құрылды. 1925 жылы 11 ақпанда автономиялық 
республиканың астанасы Орынбордан Ақмешіт 
қаласына көшірілді (1925 жылы 15 маусымда 
Қызылорда деп өзгертілді). 1925 жылы 6 
сәуірде Орынбор губерниясы Қырғыз АСКР 
шығарылып, РКФСР тікелей бағынуға берілді. 
1925 жылы 15 маусымда Қырғыз АСКР Қазақ 
АСКР болып өзгертілді. Кейін социалистік 
құрылыс барысында Қазақ АСКР одақтас 
республикаға айналдырылды (1936 жылғы 
КСРО 
Конституциясы 
бойынша 
Қазақ 
Автономиялық 
Социалистік 
Республикасы 
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп 
атала бастады).
68) 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық. 
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат 
соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы 
бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 
жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс 
жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем 
мен 
жазда 
жауынның 
болмауы 
қатты 
құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық 
нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол 
елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы 
аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне 
қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам 
аштыққа ұшырады. Етек алған ашаршылыққа 
байланысты 
РК(б)П 
Орталық 
Комитеті 
1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық 
мүшелеріне 
арнайы 
үндеу 
жолдады. 
«Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек 
құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі 
аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл 
шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, 
ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл 
және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ 
помещиктер 
мен 
капиталистердің 
және 
олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің 
бәсеңсімей отырғанынын да салдары».[1]. 
Партия құжаттарында көрсетілген себептермен 
бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң 
жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл 
шаруашылығы саласына қатты соққы болып 
тиген 
«әскери 
коммунизм» 
саясатының 
нәтижесіндегі 
төтенше 
экономикалық 
жағдайларға 
да 
байланысты 
туындады. 
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған 
ашаршылық 
құрсауында 
қалды. 
Орал, 
Орынбор, 
Қостанай, 
Бөкей, 
Ақтөбе 
губернияларында 
себілген 
астық 
қатты 
құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары 
жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен 
айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі 
аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар 
толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 
жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай 
уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. 
Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа 
болыстар да зардап шекті. Ашаршылық 
құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн 
сайын көбейе берді. Ашаршылық отырықшы 
аймақтарды 
да 
қамтыды. 
1921 
жылғы 
ақпаннаурыз 
айларында 
Қостанай 
губерниясындағы 
Исаев Дедов 
аудандық 
кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық 
Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде 
аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ 
жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп 
жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда 
шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс 
бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп 
алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, 
Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі 
көршілес кенттерден қосылған әйелдермен 
бірге жиналған астықты Орынбор астық 
қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, 
«егер сіздер жиналған астықты әкететін 
болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген 
ұранмен шықты. Ал Васильев селосының 
тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында 
шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан 
мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс 
ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті 
өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз 
аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы 
алды. Никольск селосының тұрғындары, сол 
кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген 
тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды. 
1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, 
Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары 
аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне 
ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне 
қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының 
бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және 
Қостанай 
губерниялары 
Түркістан 
АКСР-і 
құрамындағы 
Сырдария 
және 
Жетісу 
губернияларын қоспағанда және Адай уезінің 
тұрғындары аштыққа ұрынды. асханалар 
ашылды, қараусыз балаларға арналып балалар 
үйлері ұйымдастырылды. Мысалы, Қостанай 
уезінің болыстарында 1921 жылы алты балалар 
үйі жұмыс істеді, мыңнан астам бала жатын 
жаймен және тамақпен қамтамасыз етілді.
69) . Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат 
(ЖЭС). Жаңа экономикалық саясат — 20 
ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат 
соғысы салдарынан қираған ел экономикасына 
жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз 
еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған 
әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-
съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа 
экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы 
шешім қабылданды. Жаңа экономикалық 
саясат 
шеңберінде 
қираған 
халық 
шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге 
өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын 
азық-түлік салығымен алмастырып, жеке 
меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол 
ашу болды.Жаңа экономикалық саясаттың 
енгізілуіне байланысты сырттан шет ел 
капиталы (концессиялар) тартылып, ақша 
реформасы 
(1922 
— 
1924) 
жүргізілді. 
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі 
өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру 
қажет болды. Яғни кәсіпорындар сала бойынша 
ірі 
тресттерге 
біріктірілді. 
Өнеркәсіптегі 
өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын 
зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін 
қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, 
Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, 
Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы 
Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. 
Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен 
қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: 
Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. 
Тресттердің пайдасы Ресейге кетті. Ауыл 
шаруашылығындағы өзгерістер : 1. 1924 жылы 1 
қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін 
болды. 2.Салық үдемелі болғандықтан, оның 
бар ауыртпалығы байларға және кулактарға 
түсті. 3. Мал өсіретін қожалықтар салықтан 
босатылды. 4.Жалдамалы еңбекті пайдалануға 
рұқсат берілді. 5.Салықтан түскен қаражат 
халық ағарту ісіне жұмсалды. 6.Жерді жалға 
беруге рұқсат берілді. 7.Несие берілетін болды. 
8.«Қосшы 
Одағы» 
құрылды. 
9.1924-1925 
жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Осы 
өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, 
мал саны өсті және кедейлер азайып, 
орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар 
шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды. 
1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 
80%-ы 
қырылып 
қалды. 
Елде 
аштық 
басталды.Ашығушылар саны барша қазақ 
халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 700 мыңнан 
астам адамдар республикадан тыс жерлерге 
көшіп кетті.
70) Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және 
оның саясиэкономикалық салдарлары. Ірі-бай 
шаруашылықтарын 
тәркілеу; 
саяси 
және 
экономикалық 
салдыры. 
1927 
жылы 
желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу 
жөнінде 
әзірлейтін 
арнайы 
комиссия 
құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан 
Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын 
бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың 
тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу 
науқанына 
тікелей 
басшылық 
жасайтын 
комиссия 
ұйымдастырды. 
Комиссияның 
төрағасы 
болып 
Е.Ерназаров 
тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында 
Орталық 
Атқару 
комитеті 
мен 
Халық 
Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі 
заң 
жобасы 
қабылданды.Республиканың 
барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы 
нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-
мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі 
байларға;көшпелі 
аудандарда 
ірі 
қараға 
шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай 
көшпелі аудандарда 150-ден астам малы 
барлар 
және 
бұрынғы 
сұлтандар 
мен 
хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика 
көлмінде 
барлығы 
696 
бай-феодал 
тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп 
болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген 
тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп 
береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша 
үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас 
малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт 
ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана 
тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 
пайызы ғана. Оның себебі алдын-ала жасалған 
малдың есебі дұрыс емемс еді. Қазақстан 
басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр 
болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы 
отырықшы 
аудандардың,83,3 
пайызы 
жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 
пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген 
малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға 
және 
колхоздарға 
таратылып 
берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 
292 колхоз құрылды.Көптеген қазақ партия-
кеңес 
қайраткерлері 
тәркілеуге 
қарсы 
шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық 
деңгейінің 
төмен 
екенін,сондықтан 
да 
әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа 
қожалықтарына салық мөлшерін көбейту 
шаралары 
арқылы 
реттеуді 
ұсынды.Ал 
болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық 
принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету 
жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге 
асырды.Қазақ 
байларын 
тәркілеу 
Қазақстандағы 
күшпен 
ұжымдастыру 
саясатының бастамасы болды 
71) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ 
шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп 
көшіру. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ 
шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік 
жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан 
тайдыру 
үшін 
жүзеге 
асырған 
саяси-
шаруашылықтың 
шаралары. 
Алғашқы 
жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-
климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін 
ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 
20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ 
шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне 
назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен 
РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл 
елде 
шаруалар 
қожалықтарын 
күшпен 
ұжымдастыру 
науқанына ықпал 
жасады. 
Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және 
жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның 
үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және 
жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 
80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. 
Мемлекеттік 
жоспарлау 
бойынша 
Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі 
шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс 
істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан 
өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 
6- қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, 
яғни 
отырықшыландырудың 
алғашқы 
жылында, осы шарамен кем дегенде барлық 
қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан 
астам) 
жергілікті 
органдарға 
міндеттеді. 
Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік 
құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да 
атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 
1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл 
жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде 
күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.
72) Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және 
ауыр зардаптары. Көшпелі және жартылай 
көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын 
күшпен 
отырықшылыққа 
көшірудің 
зардаптарын 
талдаңыз 
(1928-1932 
жж.). 
Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді 
отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру 
саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін 
мықтап бұзды.Кеңес үкіметі көшпелі және 
жартылай көшпелі қазақ қожалықтарынжаппай 
отырықшылыққа көшіріп, бұрын болмаған 
әлеуметтік тәжірибеге жол берді. Мұның 
бірден-бір 
себебі 
астық 
мәселесін 
күрделендірген 
гипердинамикалық 
индустриалды даму жоспары болды. Өндірісте 
істейтін миллиондаған жұмысшылар мен 
қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету 
міндеті тұрды. Ал Қазақстанда астықты 
аудандарды ұлғайту мәселесі егін егуге 
қолайлы жерлерді жайылымға пайдаланып 
отырған көшпелі шаруашылықпен қарама-
қайшы келді. Міне, осы кезде көшпелі және 
жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай 
отырықшылыққа көшіру жүзеге асырылды және 
ол 
ұжымдастырумен 
қатар 
жүрді. 
Отырықшылыққа көшетін қазақтарды үймен 
қамтамасыз ету мәселесі өте қажет және бірінші 
тұрған міндет деп санамады. Керісінше 
олардың өз киіз үйлерін пайдалануға болады 
деп есептеді. Большевиктер жүргізген күштеп 
ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру 
саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. 
Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске 
ұшырады. 
Ұжымдастыру 
мен 
отырықшыландыру кезінде 
дәстүрлі 
мал 
шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, 
түгел 
қауымдастырылған 
мал 
шығынға 
ұшырады. Сонымен қатар, малдың көп бөлігі 
үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. 
Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің YІ 
Пленумында 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. 
бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4 млн. ғана 
мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды. 
Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ 
халқының 
басына 
үлкен 
апат 
әкелді. 
Зерттеушілер 1930-1932 жылдары шетелге 
кеткен қазақтар санын, қайтып келгендерді 
шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді. 
Қазақтардың аштықтан қырылуы және шет 
аймақтарға үдере көшуі нәтижесінде халық 


саны күрт азайды, яғни демографиялық апатқа 
әкелді. Мысалы, 1937 жылдың басында халық 
шаруашылығы есебінің бастығы М. Саматовтың 
Л. Мирзоянға берген мәліметі бойынша 1930 
жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 
маусымы аралығында халық саны 2 есеге 
кеміген. 
73) 
Саяси 
сенімсіздік 
пен 
халықтарды 
Қазақстанға күштеп депортациялау. Кеңес 
Одағын мекендеген халықтардың сталиндік 
зорлықзомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, 
саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес 
үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, 
комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір 
халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына 
жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер 
аударылды.1920-1950 жылдары тұрғындарды 
күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі 
құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да 
депортацияға ұшырағандардың саны 1920 
жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға 
жетті. КСРО-да күштеп қоныс аударту 3 белгі 
бойынша 
жүзеге 
асырылды: 
1.этностық 
белгілері бойынша депортация («жазаланган 
халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз 
халықтар»); 
2.әлеуметтік-таптық 
белгілері 
бойынша депортация (1934 жылға дейінгі 
кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, 
арнайы көшірілгендер 
(спецпереселенцы); 
3.саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары 
көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» 
деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс 
аударылғандар» деген атау қолданылды. 
Жоғарыда 
аталған 
күштеп 
жүргізілген 
депортациялардың ішінде мерзімі жағынан 
большевиктік 
әлеуметтік-таптық 
геноцид 
бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань 
казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы 
большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. 
Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде 
жою басталды. Қазақстандағы байларды 
тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы 
сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және 
Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, 
Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары 
мыңдаған адам жер аударылды. Қазақстан 
«Сібір» сөзінің синониміне айналды. Кулак деп 
аталған миллиондаған шаруаның көзін құртқан 
этнодемографиялық 
дағдарыс 
КСРО 
халықтарына зор зиянын тигізді. Олар арнайы 
комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі 
жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, 
металл 
өндірісі, 
темір 
жол 
мен 
электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық 
Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта 
өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. 
салаларда жұмыс күші ретінде пайдаланылды. 
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының 
негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР не 15 
мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, 
қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі 
Солтүстік 
Қазақстанға, 
қалғаны 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облыстарына 
орналастырылды. 
Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, 
Белоруссия мен басқа республикалардан 
арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 
1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. 
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да 
поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны 
көшіріліп әкелінді. 1939-1940 жылдары Гитлер 
армиясының 
Польшаға 
басып 
кіруіне 
байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы 
поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-
1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, 
Ақтөбе, 
Қостанай, 
Павлодар, 
Солтүстік 
Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы 
облыстарына орналастырылды. Тоталитарлық 
тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып 
қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір 
бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп әкімшілік 
қоныс 
аудару 
басталды. 
1938 жылдың 
көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі 
басталды. Енді олар тұрақты мекендерге 
орналастырылды. 
70 
корей 
ұжымшары 
республиканың 8 облысында – Қызылорда, 
Алматы, 
Солтүстік 
Қазақстан, 
Атырау, 
Қарағанды, 
Қостанай, 
Ақтөбе, 
Оңтүстік 
Қазақстанда орналасты. Олар балық және 
ауылшаруашылығымен айналысты. КСРО-ның 
ұлт саясатындағы 30 жылдардағы қуғын-
сүргініне иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, 
Әзірбайжан, 
Грузия 
және 
Армения 
аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 
жылы 
қазан-қараша 
айларында 
Алматы, 
Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді. 
Күрдтердің Қазақстанға депортациясы да 
соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Кеңес 
үкіметі 
орнағаннан 
кейін 
Әзірбайжан 
құрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы 
республикасы құрылғаны белгілі. Алайда 1936 
жылы күрдтердің ғасырлар бойғы арманы аяқ 
асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» 
қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап 
ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, 
Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия 
мен Қазақстанға қоныстандырылды. Дәл 
осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, 
шешен, ингуш, балқар және т.б. Солтүстік 
Кавказ, Грузия, Қырым өңірі халықтары 
«фашистік 
басқыншылармен 
жақындасты» 
деген 
желеумен 
көшіріліп, 
ұлттық 
автономиялар жойылды. 1943 жылы Қарашай 
автономиялы республикасы жойылып, жалпы 
саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл 
және 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облыстарына 
орналастырылды. 
Қалған 
отбасылар 
Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды. 
Жалпы саны 40 мыңдай балқардан Солтүстік 
Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың 
балқар 
отбасы 
оңтүстік 
облыстарғақоныстандырылды. 
Қалғандары 
Қырғызстанға жөнелтілді. 1945 жылға карай 
Қазақстанға 
көшірілген 
шешендер 
мен 
ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға 
жетті. 1944 жылы Орталық Азия мен 
Қазақстанға Грузиядағы күрдтердің екінші 
толқыны, 1948-1950 жылдары үшінші толқыны 
күштеп көшірілді. Екінші дүниежүзілік соғыс 
аяқталғаннан 
кейін 
майданнан 
қайтқан 
майдангер-күрдтер туғандарын таба алмай 
әуре-сарсаңға түсті. Олардың өздері 50 
жылдардың 
соңына 
дейін 
арнайы 
қоныстардағы НКВД органдарына айына 2 рет 
барып белгіленіп тұруға міндетті болды. 1943 
жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ 
АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына 
көшірілді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен 
Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» 
тазарту үшін 2000 жүк машинасы әзірленді. 
1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар 
ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен 
қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 
4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. 
Депортацияға 
ілінген 
месхеттік 
түріктер 
Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 
жылы қарашада Қазақстанға әкелінді. Жалпы 
1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың 
отбасы арнайы қоныстандырылды. Жергілікті 
қазақ халқының үлес салмағы 1939 жылмен 
салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп 
кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың 
үлес салмағы 2 есеге азайды. 
74) ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі өнеркәсіп 
кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін 
Қазақстанға 
эвакуациялау. 
Жедел 
эвакуацияланған 
еліміздің 
оңтүстік-батыс 
облыстарының 
кәсіпорындары, 
сондай-ақ 
Мәскеуден және басқа да майдан даласындағы 
облыстардан 
шұғыл 
эвакуацияланған 
кәсіпорындар Қазақстанға екі лекпен: 1941 
жылғы қазан-қарашада және 1942 жылғы 
шілде тамызда келді. Қазақстандық ғалым 
Ғ.Әбішев 
өз 
еңбегінде 
атап 
өткендей, 
эвакуацияланған кәсіпорындарды қабылдау 
және орналастыру 1941-1942 жылдардағы 
күздің кеш және қақаған қысында болды. 1941 
жылдың шілдесінен 1942 жылдың 15 ақпанына 
дейін Қазақ КСР-не 110 кәсіпорын келді [1, 50 
б.]. 
Республикада 
эвакуацияланған 
кәсіпорындарды 
жедел 
қабылдау 
және 
орналастыру үшін үкіметтік комиссия, ал Қазақ 
КСР 
Халық 
Комиссарлары 
Кеңесі 
мен 
Еңбекшілер 
депутаттары 
Кеңестерінің 
облыстық 
атқару 
комитеттері 
жанынан 
пайдалануға 
берумен 
айналысатын 
эвакуациялық 
бөлімдер ұйымдастырылды. 
зауыттар 
мен 
фабрикалардың 
келген 
жабдықтары мен станоктары. Барлығы 1941-
1942 жылдары Қазақстанға Ресейдің еуропалық 
бөлігінен 220 зауыттар мен фабрикалар, цехтар 
мен артельдер, сондай-ақ 50 мың кадрлық 
жұмысшылар 
мен 
инженерліктехникалық 
қызметкерлер көшірілді. Ұлы Отан соғысы 
жылдарында Қазақстанға эвакуацияланған 
және көшірілген кәсіпорындарды орналастыру 
кезінде, ең алдымен, майданға әскери 
өнімдерді шұғыл түрде шығару қажет болды. 
Алма-Ата, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, 
Қарағанды, Ақтөбе көшірілген зауыттар мен 
фабрикалардың негізгі орындарына айналды. 
Осылайша, 
кәсіпорындар 
мен 
олардың 
қызметкерлері халықтың белгілі бір бөлігінің 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған 
инфрақұрылым 
жұмыс 
істейтін 
елді 
мекендерде орналасты. Уақыт өте келе 
эвакуацияланған 
халық 
санының 
және 
көшірілген объектілердің санының артуына 
байланысты іс жүзінде барлық қалалар 
тартылды. Кәсіпорындарды көшіру барысында 
жауапты мамандар көптеген факторларға 
сүйенді. Қазақстандық қалалардағы халық 
санына, ондағы өнеркәсіптік нысандардың, 
халықтың әртүрлі саладағы кәсіби топтарына, 
темір жол және басқа да көлік бағыттарының, 
шикізаттың жақындығына талдау жасалды. 
Кәсіпорындарды қалаларда орналастыруда 
өзекті және басқа да көптеген аспектілер 
шешуші болғаны анық. Осылайша, Алматыда 22 
зауыт пен фабрика көшірілді; Петропавл – 7; 
Шымкент – 8; Көкшетау – 1; Гурьев – 2; Қостанай 
– 6; Балқаш – 1; Қарағанды – 4; Орал – 5; 
Ақчатауқұрылысы – 1; Семей – 8; Қызылорда – 
3; Жамбыл – 2; Павлодар – 2; Лениногорск – 1; 
Ақтөбе -5; Аягөз – 1 [2, ll. 49-51]. Академик М.К. 
Қозыбаев, 
Қазақстан 
аумағында 
эвакуацияланған 
кәсіпорындарды 
орналастырудың үш нұсқасы болды: бірі 
салынып жатқан Алматы вагон жөндеу 
зауытының ғимаратында жұмыс істеді, Ақтөбе 
ферроқорытпа 
зауыты 
Запорожье 
ферроқорытпа зауытынан қосымша жабдық 
алды. Басқалары республиканың жұмыс істеп 
тұрған 
зауыттары 
мен 
фабрикаларына 
құйылды. 
Осылайша, 
Харьков 
темекі 
фабрикасының толық емес жабдықтары бар 
жабдықтары 
АлмаАта 
фабрикасында 
орналасты, Харьков тігін фабрикасы Алма-Ата 
тігін фабрикасымен біріктірілді. Алдыңғы 
шептен көшірілген кәсіпорындардың бір бөлігі 
толық емес техникамен қалған үшінші жол 
болды. Содан кейін кәсіпорындар өздерінің 
профилі бойынша бірігіп, жаңаларын құрады. 
Кузнецк 
және 
Ақтөбе 
ферроқорытпа 
зауыттарының 
салынуы 
Шығыста 
жаңа 
металлургиялық 
базаның 
құрылуын 
қамтамасыз еткен әскери экономиканың үлкен 
жеңісі болды. Тыл жұмысын қайта құру 
барысында 
Қазақстанның 
өнеркәсіп 
кәсіпорындары 
1941 
жылдың 
үшінші 
тоқсанының 
өзінде-ақ 
өндіріс 
қарқынын 
арттырып, сол жылдың екінші тоқсанымен 
салыстырғанда өнім өндіруді 25,8 пайызға 
арттырды. 
Кәсіподақтық 
бағыныстағы 
өнеркәсіп бойынша тоқсандық жоспар 128,7%-
ға, 
республикалық 
121,1%-ға, 
жергілікті 
өнеркәсіп бойынша 107%-ға орындалды [4, б. 
473]. Айта кетейік, Қазақстанға эвакуацияланған 
кәсіпорындар 1942 жылдың соңына қарай 
толық 
қалпына 
келтірілді. 
Сондай-ақ 
республикада 
қару-жарақ 
пен 
оқ-дәрі 
шығаратын бірнеше жұмыс істеп тұрған 
зауыттар мен ірі цехтар іске қосылды, оның 
ішінде осы кәсіпорындардың жартысына жуығы 
сол 
жерде 
жаңадан 
салынды. 
Барлық 
эвакуацияланған 
қорғаныс 
кәсіпорындары 
айлық, тоқсандық және жылдық өндірістік 
жоспарларын ойдағыдай орындап, көбісі 
жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындады [1, 
б. 51]. Мемлекеттік қорғаныс комитеті ұсынған 
КСРО 
жоғарғы 
басшылығы, 
әрине, 
республикадағы 
эвакуацияланған 
кәсіпорындарды қалпына келтіру және дамыту 
процесін бақылауда ұстады және стратегиялық 
әскери мақсаттағы өнімдерді өндіру жоспарын 
белгіледі. Сондай-ақ, жаңа түсті металлургия, 
отын-энергетика 
салаларының 
құрылысын 
кеңейту 
міндеті 
қойылды. 
Қазақстанда 
соғыстың басында қара металлургия және 
басқа да машина жасау және әскери өнеркәсіп 
салаларының кәсіпорындары алғаш рет салына 
бастады. Мәселен, 1942 жылы екі қуатты және 
10-ға жуық ірі электр станциялары, түсті 
металлургияға арналған 7 шахта мен өңдеу 
зауыттары, 12 көмір шахтасы, 2 көмір шахтасы, 
2 мұнай кәсіпшілігі және 30-дан астам әртүрлі 
өнеркәсіптің басқа да ірі кәсіпорындары 
салынып, пайдалануға берілді. операция [5, l 
.239]. Соғыс жылдарында республикада берік 
бронь 
тақталары 
мен 
жоғары 
сапалы 
болаттарды өндіруге аса қажетті молибден, 
марганец, ванадий, вольфрам, никель және 
басқа да пайдалы қазбаларды өндіру өсті [6, б. 
3]. Соғыс қарсаңында мамандар Балқаш 
өңірінің даласында кейіннен Шығыс Коунрад 
кеніші қаланған молибден кен орнын тапты. 
Құрылысшылар мен кеншілердің қажырлы 
еңбегінің арқасында 1941 жылдың қараша 
айының басында ел Балқаш молибденін алды. 
Ал жау жаулап алған Никополь шахталары 
кезінде Қазақстан Орал металлургия зауыттары 
үшін марганец рудасының негізгі жеткізушісі 
болды. Республиканың түсті және сирек 
металдардың орасан зор қоры, көмір мен 
мұнай кен орындары майдан қызметіне 
қойылды. Мыс өнеркәсібінің алыбы Балқаш 
зауыты, еліміздегі ең ірі Шымкент қорғасын 
зауыты, Үлкен Алтайдың өнеркәсіп торабы және 
басқа да кәсіпорындар қорғаныс өнеркәсібіне 
қажетті түсті металдар өндірісін арттырды [7, б. 
22]. Ресми статистика бойынша Қазақстанда 
металдарды өндіру және өңдеу саласында 
атқарылған жұмыстардың көлемі мынадай 
түрде берілген: «Бүкілодақтық мыс балқытудың 
30%, мыс кенін өндірудің 50%, марганец кенін 
өндірудің 60%. , полиметалл кенін өндірудің 
70%, еліміздегі қорғасын өндірісінің 85%, 
болаттар» 
[8, 
б. 
98]. 
Еліміздің 
отын 
балансындағы Қазақстанның рөлі айтарлықтай 
артты. Қарағанды көмір бассейні соғыстың 
шешуші кезеңдерінде, әсіресе жау Кеңес 
Одағының негізгі бассейні – Донбасс пен Ростов 
облысын басып алғаннан кейін металлургия 
кәсіпорындары мен темір жол көлігінің 
жұмысында үлкен рөл атқарды, ол 63% 
қамтамасыз етті. елдегі соғысқа дейінгі көмір 
өндіру. 
Соғыс 
жылдарында 
Қарағанды 
бассейнінен еліміздің металлургиялық және 
қорғаныс зауыттарына кокстелетін көмірді 
жөнелту 
соғысқа 
дейінгі 
1940 
жылмен 
салыстырғанда 96 пайызға өсті. Бүкілодақтық 
масштабта өнеркәсіптік кәсіпорындардың елдің 
шығыс аудандарына көшірілуіне байланысты 
бұл аймақтардың бүкіл экономикасын қайта 
құру талап етілді. Жаңа шикізатқа деген 
қажеттілік артты. Мысалы, химия зауыттарының 
құрылысы қарқынды түрде басталды. Орал, 
Сібір, Қазақстан және Орта Азияның ғылыми 
орталықтарының 
химик 
ғалымдарының 
белсенді қатысуымен 1943 жылы соғысқа 
дейінгі 
кезеңмен 
салыстырғанда 
әскери 
қажеттіліктерге арналған химиялық өнімдер 
көп өндірілді. Сонымен, анестезияға арналған 
эфир өндірісі екі есе, новокаин 1,5 есе, хлорэтан 
7 есе, висмут препараттары 5 есе өсті. Соғыс 
жылдарында марганец рудаларының кен 
орындары 
ашылды. 
Балқаш 
көлінің 
солтүстігінде ғалымдар кварц пен молибден 
бар тамырларды тапты; Қазақстанның сусыз 
жоталарының ішінде – ванадийге бай қара 
көмір жыныстары. Қазақстанда мамандар 
сирек металдардың – литий, молибден, 
ванадий көздерін ашты; Орал тауының 
орманды 
беткейлерінде, 
көлдердің 
жағаларында кобальт пен ниобий кендері, 
алюминий кендерінің көптеген кен орындары 
ашылды. Қара және түсті металлургия үшін өте 
қажет отқа төзімді материалдар, кварц 
құмдары, саздар, каолиндер, графиттер кен 
орындары ашылды. Соғыстың алғашқы күнінен 
бастап Қазақстан майдан арсеналдарының 
біріне айналды. Бұл бұрыннан бар салаларда 
да, жаңадан құрылуы тиіс салаларда да оның 
бүкілодақтық экономикаға қосқан үлесін 
арттыруды 
талап 
етті. 
Қарағандының 
көміршілері жанқиярлықпен еңбек етті. Төрт 
жылда олар жер бетіне 34 миллион тонна көмір 
шығарды, бұл бассейннің бүкіл өмір сүрген 
уақытынан 3 миллион тоннаға көп. Орал-Ембі 
мұнай өндіруші өңірдің кәсіпорындарында 
сұйық отын өндіру 39 пайызға, электр 
энергиясын өндіру екі есеге жуық артты. 
«Ембімұнай» тресінде мұнай өндіру 1941 
жылдың 
екінші 
жартысында 
бірінші 
жартыжылдықпен салыстырғанда 21,3 пайызға 
өсті [1, б. 56]. Зерттеуші Ғ.Әбішевтің деректері 
бойынша 
1941 
жылдың 
желтоқсанында 
Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындары 
1940 жылмен салыстырғанда қорғасын 7,4, мыс 
22,8 пайызға артық өндірілген [1, б. 55]. 
Инженерлік-техникалық қызметкерлер мен 
жұмысшылар 
арасындағы 
орасан 
зор 
патриоттық көтеріліс көптеген кәсіпорындарға 
өнім көлемін ұлғайтуға және жоспарлы жылдық 
тапсырмаларды мерзімінен бұрын орындауға 
көмектесті. Мысалы, Лениногор қорғасын және 
Ертіс мыс қорыту зауыттары, жұмыс істеп тұрған 
8 полиметалл кенішінің 7-і және басқа да 
бірқатар кәсіпорындар өз міндеттемелерін 
мерзімінен бұрын орындады [1, б. 55]. Барлығы 
1941-1945 жж. 460 зауыт, фабрикалар, 
шахталар, шахталар және жекелеген өнеркәсіп 
орындары 
салынды. 
Оларға 
сондай-ақ 
эвакуацияланған кәсіпорындар, соның ішінде 
миналар мен снарядтар, торпедалар мен 
бомбалар, 
от 
шашатын 
қондырғылар, 
радиостанциялар және қару-жарақ пен әскери 
техниканың басқа да түрлерін шығаратын 
металл өңдеу және машина жасау зауыттары 
кірді. Өндірістің дамуы, содан кейін қару 
үлгілерін 
жетілдіру 
конструкторлардың, 
инженерлердің және кәсіпорындардың озық 
жұмысшыларының назарында болды: И.А. 
Аристова, Г.А. Барикова, Н.К. Пышкина, П.Х. 
Карвер, Л.Я. Селеменева, Я.И. Фофер, Н. 
Шмарин. Бұл өндірістің сандық және сапалық 
көрсеткіштерінің 
өсуіне 
ықпал 
етті. 
Қазақстанның жалпы өнеркәсіп өніміндегі 
металл өңдеу мен машина жасаудың үлесі 1940 
жылғы 16%-дан 1945 жылы 35%-ға дейін өсті.
75) Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар 
және олардың зардаптары. Республика жерінде 
соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн 
гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының 
қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау 
обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. 
Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), 
Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, 
Сарышаған 
сынақ 
полигондары. 
Шығыс 
Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы 
ядролық сынақтың полигоны болды. Осы 
жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында 
атмосферада - 27, жер бетінде - 183, 
қалғандары жер астында ядролық сынақтар 
болды. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын 
сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс 
ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп 
отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 
жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның 
ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар 
жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 
жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі 
полигондар қатарына Атырау облысының 
Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, 
Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр 
ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда 
радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, 
қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп 
кеткен. Полигондардың ішінде Семей өңірі ең 
көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын 
сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - 
Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының 
Абай, 
Бесқарағай, 
Жаңасемей, 
Абыралы 
аудандарының аумақтары атом сынақтарының 
ордасы аталып, ең көп зардап шеккен 
экологиялық 
апатты 
аймаққа 
айналды. 
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, 
су, 
топырақ, 
тіпті 
өсімдіктер 
жабыны 
радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер 
асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге 
тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 
2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. 
Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке 
ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші 
бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.
76) Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді 
игеру. Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы 
басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық 
Комитетінің пленумында «Астық өндіруді 
арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» 
туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық 
өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал 
мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда 
жүргізілді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 
13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер 
жыртылды. Оның 6,5 миллион гектары, яғни 
50%-ы Қазақстанда болды. Осылайша жаппай 
тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы 
басталды. Тың жерлерді игеру Ақмола, 
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, 
Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді. 
1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 
миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың 
жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс 
түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар 
жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн 
гектар жер жырту көзделген болатын. Тек 1954-
1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде 
жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған 
совхоздардың атауларының өзі көп жайтты 
аңғартты: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», 
«Ростов», 
«Одесса», 
«Кантемировец», 
«Тамановец» совхоздары құрылды. Олар 
Ақмола, 
Көкшетау, 
Қостанай, 
Павлодар, 
Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 
1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы 
бойынша 29,7 миллион гектар тың және 
тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 
18 миллион гектар, яғни 66,6% жер жыртылды. 
Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде 
Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг 
астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік 
тәжірибе бойынша жан басына 1 мың кг астық 
жеткілікті болатын. Тың жерлерді игеру 
мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшы 


келді. 1953- 1958 жылдар аралығында 
совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың 
механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың 
игеру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың 
игеруді жеделдету мақсатында 
көптеген 
шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың 
игеруге келгендерге көптеген материалдық 
жеңілдік жасалды. Тың игеруге келген әр 
адамға 150 мен 1000 сом аралығында бір реттік 
көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, 
азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге 
келгендер 
ауылшаруашылығы 
салығынан 
босатылды. 1954-1959 жылдар аралығында 
Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді 
игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом 
жұмсалды. Тың игеру Қазақстанда ерекше 
қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік 
жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі 
жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. 
1956 жылы тың игерушілер 16 миллион тонна 
астық жинады. Соның арқасында Қазақстан 
Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен 
қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында 
Қазақстан көп ұлтты, интернационалды елге 
айналды. Қазақстан жерінде тұрғын үйлер, 
құрылыстар, мәдени обьектілер көптеп салына 
бастады. Он мыңдаған шақырым жол төселді. 
Көптеген жыл бойы тың жерлерді игеру партия 
көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп 
келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе 
айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. 
Тың игерудің рухани, демографиялық және 
экологиялық зардаптары да зор болды. 1960 
жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 
9 миллион гектар жер жел эрозиясына 
ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың 
игеру 
үшін 
Қазақстанға 
КСРО-ның 
тек 
еуропалық бөлігінен 2 миллион адам әкелінді. 
Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға 
дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен 
халықтың жойылып кету қаупі туды. Қазақстанға 
тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер 
арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де 
болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға 
келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана 
механизатор 
болды. 
Нәтижесінде 
тәртіпбұзушылық пен қылмыс етек алды. Тың 
игеруге байланысты совхоздарға көбінесе 
тозған, бүлінген тракторлар мен комбайндар, 
ауылшаруашылық 
техникасы 
жіберілді. 
Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп 
территория жыртылып, нәтижесінде көп жер 
тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ 
эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 
Малшаруашылығының дамуы артта қалды. 
Миллиондаған гектар жер жыртылғандықтан, 
малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын 
жерлер 
азайды. 
Малшаруашылығының 
шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің 
көлемі де азайды. Қазақ халқының ұлттық 
ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер 
арасында қазақ халқының ұлттық намысын 
қорлайтын теріс пікірлер тарады. Тың игеру 
жылдары 
қазақ 
халқының 
салт-дәстүрі, 
мәдениеті, ұлттық руханияты ескерілмеді. 
Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі 
газет-журналдар 
азайды. 
Қазақ 
тілінің 
қолданылу аясы тарылды. Тың игеру жылдары 
келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкіліне 
берілген 
артықшылықтар 
қазақ 
халқын 
менсінбеушіліктің көрінісі болды. 1959 жылғы 
халық санағы бойынша республикада тұратын 
жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 
мың, яғни барлық халықтың 29%-н ғана құрады. 
Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі 
жабылды. Енді қазақ балалары мектеп-
интернаттарда оқытыла бастады. Олардың 
басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. 
Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі 
мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. 
Екіншіден, Қазақ елінің елдімекендері мен жер-
су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы 
Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның 
солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, 
Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Тың 
игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті 
халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір 
қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау 
берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары 
ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып 
қалды. Өйткені қазақтар шошқа шаруашылығын 
жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа 
шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың 
қысқаруы 
қазақ 
халқының 
дәстүрлі 
малшаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе 
мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. 
Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат 
өндіру ұмытыла бастады. Сол кезеңде халық 
үшін ең ауыр тигені Кеңес үкіметінің жеке және 
қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы 
болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. 
Тың игерудің қорытындысы – Қазақстан халқын 
нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. 
Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге 
экспортқа астық шығаратын елге айналды. 
77) КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. 
Горбачевтың «қайта құру» саясаты. КСРО 
құрамындағы одақтас республикаларда 1980 
жылдан кейін аса күрделі кезең басталды. 
Басшылықтың 
өзгерістерді 
жүзеге 
асыру 
қажеттігін 
түсінуге 
қабілетсіздігі 
мен 
дәрменсіздігі, 
қоғамдық 
өмірдің, 
экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке 
өмірінің бір орталықтан басқарылуы, партиялық 
және мемлекеттік функциялардың бірігуі, 
заңдылықтың 
бұзылуы, 
жариялылықтың 
болмауы, 
ғылымитехникалық 
және 
технологиялық прогресте арттақалушылық, 
бақылаусыз басқару аппараты, инфляция, тауар 
тапшылығ, 
халықтың 
тұрмыс 
деңгейінің 
нашарлауы, 
теңгермешілдік, 
әлеуметтік 
әділеттіліктің 
жиі 
бұзылуы, 
ұлтаралық 
қатынастардағы шиеленістер экономикалық 
дағдарысқа алып келді. 1985 жылдың көктеміне 
қарай елде экономикалық реформа жүргізу 
қажеттігі айқын сезілді. 1985 жылы наурыз 
айында КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы 
болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің 
алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс 
жағдайының себептерін ашу үшін батыл 
шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін 
қойды. 
М.С. 
Горбачев 
экономикалық 
реформаны 
жүргізуді 
бастау 
үшін 
жас 
кадрларды тарта отырып, өз «командасын» 
жинады. Партия мен мемлекет басшылығына 
жаңа адамдар келді. 1985 жылы сәуірде КОКП 
ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық 
дамуды 
жеделдету 
мәселесіне 
сәйкес 
экономикалық құрылымды қайта құру бағыты 
жарияланды. Бұл бойынша қоғамды түбегейлі 
өзгерту 
және 
әлеуметтік 
экономиканы 
дамытуды тездету тапсырылды. Қоғамдағы 
адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте 
тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды 
жетілдіру көзделді. М.С. Горбачев саясатының 
ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру. Бұл 
қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII 
съезінде мақұлданды. Қайта құру ешқандай 
бағдарламасыз, 
ғылыми 
айқындамасыз 
жүргізілді. М. Горбачев командасы экономика 
мәселелерін 
әлі 
бұрынғыша әмір 
беру 
әдістерімен шешуге болады деген сенімнен 
арылмады. 
Коммунистік 
басшылық 
әр 
республика өз шаруашылығын өзі басқаруы 
керек 
деген 
пікірлер 
мен 
талаптарды 
жершілдік, ұлтшылдық бағыттағы саяси ойын 
деп санады. Қайта құру бағыты алғашқы кезден 
бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. 1987 жылғы 
Маусым пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру 
мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген 
құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын 
туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша 
қатынастарының 
рөлі 
айқындалды. 
Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар 
өндірушілер 
ретінде 
қарастырылды. 
Шаруашылықты 
жүргізудің 
экономикалық 
әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. 
Алайда бұл шаралар іске асырылмады. 
Халықшаруашылығындағы жағдай ауырлай 
түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын 
тауарлар жоғала бастады, азықтүлік түрлері 
азайды. Қоғамның саяси құрылымдарын 
жаңартпайынша шаруашылықты жүргізудің 
жаңа әдістері нәтиже бермейтіні айқын болды. 
Қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси 
жүйеге реформа еңгізу керек болды. 1990 
жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі 
жөніндегі 
декларация 
қабылданды. 
Қазақстанда 
одақтық 
заңдардан 
республикалық заңдардың басымдығы туралы 
ұстаным жария бола бастады. Қабылданған 
шешімдер 
мен 
қарарлар 
бұрынғыдай 
орталықтың емес, республиканың мүддесіне 
сай болатын болды. 1990 жылы желтоқсанда 
Қазақстан президенті болып Н.Ә. Назарбаев 
бекітілді. Қазақстанда «Қазақ КСР-індегі меншік 
туралы заңның» қабылдануы экономикада 
түбірлі 
бетбұрыс 
жасап, 
нарықтық 
қатынастарды енгізудің бастамасы болды. Бұл 
заң өндіріс құралжабдықтарына мемлекеттік 
меншіктен 
өзге, 
жекеменшіктің 
болу 
мүмкіндігін дәйектеп берді. Өзге одақтас 
республикалардағыдай Қазақстан экономикасы 
да нарықтық қатынастарға бағыт алды, түрлі 
кооперативтер, жекеменшік фирмалар, шағын 
кәсіпорындар 
құрыла 
бастады. 
Алайда 
республика бұрынғыша шикізат көзі болып қала 
берді. Рухани идеологиялық өмір отарлау 
жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен 
ағарту саласын қаржыландыруда «қалдықты» 
ұстаным сақталды. Аса маңызды мәселелердің 
барлығы 
Мәскеуде 
шешіліп 
отырды. 
Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана 
болды.
78) 1986 жылғы Алматыда және республиканың 
басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. 
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 
желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ 
жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, 
әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық 
іс қимылдары. 
Бостандыққа, 
тәуелсіздікке 
ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі 
оқиға болып табылады Көтерілістің басталуына 
Мәскеудегі орталықтың республика халқының 
пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы 
партия коммитетінің 1- хатшысы Г.В. Колбинді 
ҚКОК-нің 1- хатшысы етіп тағайындауы түрткі 
болды. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан 
қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 
студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда 
КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы 
қазақ 
ұлтшылдығының 
көрінісі 
ретінде 
бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси 
өмірін демократияландыруға серпін берді
79) 1991 жылғы тамыз бүлігі және КСРО-ның 
ыдырауы. 1991 жылғы тамыз «бүлігі» және 
КСРО-ның ыдырауы. 1991 жылдың көктемінде 
Одақ пен егеменді республикалар арасындағы 
қарымқатынастар жаңа сатыға көтерілді. 
Одақтас республикалардың егемендікке деген 
жаппай ұмтылысы — 1991 жылдың сәуірінен 
маусымына дейін Мәскеу түбіндегі Ново-
Огареводағы 
президент 
резиденциясында 
одақтас республика басшыларының бірнеше 
дүркін бас қосуларына алып келді. Ново-
Огоревада 1991 жылы 23 сәуірде РКФСР, 
Украина, Қазақстан, Белоруссия, Өзбекстан, 
Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және 
Түрікменстан басшылары кездесіп, нәтижесінде 
«9+1» деп аталатын жаңа Одақтық шарт 
дайындалды. Бұл Одақ енді Кеңестік Егеменді 
Республикалар Одағы деп аталатын болды 
(КСРО-ның тоғыз Одақтас республикасы мен 
КСРО 
Президенті). 
Тоғыз 
сағаттық 
келіссөздерден 
кейін, 
елдегі 
жағдайды 
тұрақтандыруға шұғыл шара қолдану және 
дағдарысты еңсеру туралы мәлімдемеге қол 
қойылды. Құжатта мемлекеттердің егемендігі, 
Одақтық өкімет орындарының қайта сайлануы 
мен Одақтық жаңа Конституцияның қабылдану 
қажеттілігі айтылды. Мәлімдеменің мәтінінде 
болашақ Одақ турасында «КСРО» деген түсінік 
аталынбады. КСРО-ның тағдыры туралы 17 
наурыздағы 
референдумда 
азаматтардын 
көпшілігі Одақты сақтап қалу жөнінде өз пікірін 
білдірсе, 
екінші 
жағынан 
республика 
басшылары, бірінші кезекте Б.Н. Ельцин, 
Одақтың арқасында өз ұстанымын күшейтуге 
тырысты. 
80) Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
рәміздері: 
Туы, 
Елтаңбасы, 
Әнұранының 
бекітілуі. 
Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, 
оның 
астында 
қалықтап 
ұшқан 
қыран 
бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. 
Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ 
түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, 
қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының 
авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер 
қайраткері 
Шәкен 
Ниязбеков. 
Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік 
елтаңбасы 
Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік 
елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір 
түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, 
шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап 
уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен 
сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар 
бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – 
бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі 
бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. 
Жұлдыздың, 
шаңырақтың, 
уықтардың, 
аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, 
сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын 
түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер 
Жандарбек 
Мәлібеков 
пен 
Шот-Аман 
Уәлиханов. 
Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік гимні Бұрын «Менің Қазақстаным» 
әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні 
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы 
бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің 
Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 
жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының 
салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. 
Әннің 
авторы 
Шәмші 
Қалдаяқов, 
сөзін 
жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан 
Назарбаев.
81) «Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан 
астанасының көшірілуі. Біздің мемлекетімізде 
Президенттің 
бастамасымен 
1997 
жылы 
«ҚАЗАҚСТАН 
2030» 
даму 
стратегиясы 
қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті 
мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет 
ретінде көргісі келетінін атап көрсетті. Жалпы 
Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті 
басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға: 
Ұлттық қауіпсіздік; Ішкі саяси тұрақтылық пен 
қоғамның 
топтасуы; 
экономикалық 
өсу; 
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі 
мен 
әл-ауқаты; 
Энергетика 
ресурстары; 
Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс; 
Кәсіпқой мемлекет құру. Сондай-ақ даму 
стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған 
үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму 
бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып 
отырылады.
82) 
Жоспарлы 
экономикадан 
нарықтық 
экономикаға көшудің негізгі кезеңдері. Кеңестік 
жүйенің ыдырауы, бір жағынан одақтас 
республикалардың дербес дамуына жол 
ашқанмен, 
екінші 
жағынан 
оларды 
экономикалық 
тығырыққа 
тіреп 
қойды. 
Қазақстанның 
жалпы 
одақтық 
халық 
шаруашылық 
кешені 
құрылымындағы 
шикізаттық 
рөлі 
жағдайды 
одан 
әрі 
шиеленістірді. 
Өйткені, 
республиканың 
экономикалық әлеуетінің жартысынан астамы 
одақтық министрліктерге қараған еді. Одақтық 
ведомостволар 
шикізат 
ресурстарын 
эквивалентсіз бағамен сығып алды және 
республикалық бюджетке қаражат көздерін 
қарастырған жоқ. Нәтижесінде Қазақстан 
төменгі дәрежедегі дотациялық республикаға 
айналды [1,7 б] Осы кездегі кеңестік 
басшылықтың уәдешіл әлеуметтік саясаты елдің 
экономикасына кері әсерін тигізді. 1989-1990 
жылдары өндірістік инвестиция тоқтап қалды. 
Посткеңестік жүйеде экономикалық дағдарыс 
басталды. Осы кезде әлеуметтік инфантилизм 
құбылысы көрініс берді, оның негізі алғашқы 
өтпелі кезеңдегі 1990 жылдардағы «жабайы 
капитализм», яғни игілікке жетудің дұрыс емес 
формулаларымен «аз жұмыс істеп-көп алу», 
«ауадан ақша жасау» және т.б. белең алды [2, 
12 б]. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен 
кейін нарықтық экономикаға бағытталған 
құрылымдық 
реформаларды 
іске 
асыра 
бастады. Оның негізгі тармақтары: 1992 
жылдың қарашасында жарияланған бағаны 
ырықтандыру мен 1993 жылдың қарашасында 
енгізілген ұлттық валюта болды [3, 9 б]. 
Қалыптасқан осындай жағдайда Н.Ә. Назарбаев 
республиканың 
экономикалық 
дербестігін 
қамтамасыз 
етуге 
кірісті. 
«Сыртқы 
экономикалық қызмет саласында республика 
мен орталықтың қарымқатынасын ретке келтіру 
керек болды. Біз егемендік алғанмен, сыртқы 
экономикалық, 
валюталық 
тәуелділіктен 
арылмай, 
толыққанды 
еркіндіктің 
болмайтынын» 
түсіндік. 
Қазақстандағы 
одақтық мемлекеттік кәсіпорындардың меншігі 
туралы мәселе 1991 жылдың жазына қарай 
шешіле бастады. Кәсіпорындарды Қазақстан 
құзыретіне өткізу қажеттілігі мойындалды» [1,7-
8 б]. 1990 жылдың жазында кеңестік кезеңде ірі 
астықты аймаққа айналған Торғай облысы 
қалпына келтірілді (1970 жылы құрылған Торғай 
облысы, 1988 жылы таратылып кеткен еді). 
Сонымен қатар Теміртаудағы Қарағанды 
металлургиялық 
комбинаты 
Қазақстан 
құзыретіне өтті. Ол 1970 жылдары Қарағанды 
металлургия заводы негізінде құрылған еді. 
Мемлекет 
басшысы 
Н.Ә. 
Назарбаевтың 
алғашқы еңбек жолы да осында басталды. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл көмір 
бассейнінің 500 мың тоннасын шетелге сату 
туралы келісім шартқа қол қойылды. Ал одан 
түскен валютаның 60%-ын шахтерлардың 
пайдасына шешу, тағы бір бөлігін өндіріс 
орындарын 
қайта 
өңдеу 
мен 
жаңа 
технологиялармен 
жабдықтауға 
жұмсау 
көзделді
83)Қазақстан Республикасының білім және 
ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» 
бағдарламасы. Тәуелсіздік алғаннан бергі 
жетістіктерді сөз еткенде ел дамуына өлшеусіз 
үлес қосуы тиіс білім мен ғылым саласына 
тоқталмай өту мүмкін емес. Әсіресе, Қазақстан 
жастарына жаһандағы дамыған, оқу-тоқуы 
жетілген 
мемлекеттердің 
есігін 
ашқан 
«Болашақ» бағдарламасының жөні бөлек. Әу 
баста 
«Болашақ» 
Елбасы 
Нұрсұлтан 
Назарбаевтың 1993 жылы 5 қарашадағы №1394 
қаулысына сәйкес құрылды. Бұл бағдарлама 90-
жылдардың 
күрделі 
кезеңіне 
сәйкес 
келгенімен, Елбасы бағдарламаның ел келешегі 
үшін маңызды екенін жақсы түсінген еді. 
Қазақстанның 
Тұңғыш 
Президенті 
еліміз 
нарықтық 
қатынастарға 
көшкен 
сәттегі 
қиындықтарға қарамастан жасалған қадамның 
маңызды болғанын атап өткен-ді. «Болашақ» 
бағдарламасын 
бекіту 
туралы 
қаулы 
қа былдаған кезде Қазақстанның төл валютасы 
айналымға әлі енбеген болатын. Соған 
қарамастан мемлекет тәуекелге барды. «Біздің 
«Болашақ» 
бағдарламасын 
бекіткеніміздің 
дұрыс болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. 
Еліміз үшін ең күрделі болған 1993 жылы 
қарттарға зейнетақысын бере алмай жатқан 
кезде, 
мұғалімдер 
мен 
дәрігерлерге, 
әскерилерге айлығын төлей алмай жатқан тұста 
жастарымызды әлемнің ең үздік ЖОО-ларына 
жолдап жаттық. Мемлекет әрбір жас үшін жыл 
сайын 30 мың-50 мың АҚШ долларға дейін 
төлеп отырды. Міне, осы жолмен қазір 14 мың 
жас өрен оқып, тағы да 20 мыңын ата-
аналардың өзі жіберіп отыр. Олардың 12 мыңы 
қайтып келіп, біздің экономикаға жұмыс 
істеуде» деген еді Елбасы 2019 жылы. Яғни, 
экономика мен әлеуметтік сала ларға қаржы 
табылмай тұрған қиын сәтте мемлекет білімді 
кадрлар даярлауды бірінші орынға шығарды. 
Бүгінде 
бағдарлама 
өз 
жемісін 
беріп 
жатыр.Негізі, Қазақстан сол жылдары ТМД-да 
бірінші болып шетелдерде жастарды оқытуды 
бастаған мемлекет еді. Әрине, ол кезде өз 
қал таларынан қаржы шығарып, Еуропа мен 
АҚШ-қа, Жапония мен Кореяға оқуға кеткен 
азаматтар ТМД елдерінде аз болған жоқ. 
Алайда дәл Қазақстан сияқты бұл іске 
мемлекеттік деңгейде мән беріп, арнайы 
бағдарлама әзірлегендер сирек еді. Өйткені 
шетелдерде жастарды оқыту арзан «ермек» 
емес. Қазақстандық алғашқы студенттер 1994 
жылы оқуға аттанған болатын. Сөйтіп, 1994- 
2004 жылдар аралығында әлемнің 13 елінде 
785 студент білім алды. Кейін шетелге оқуға 
кететін сту денттер саны мыңдап саналатын 
болды. 27 жыл ішінде 11 мыңнан астам білікті 
кадр даярланды. Сонымен бірге мыңдаған 
азаматымыз әлі шетелдерде білім алып жатыр. 
Статистикаға сүйенсек, олардың 44,4 пайызы 
Ұлыбритания мен Ирландияның оқу орнында, 
41,9 пайызы АҚШ пен Канада университетінде, 
6,4 пайызы Еуропа елдерінде білім алып жүр. 
Сонымен бірге 3,6 пайызы – Аустралияда, 2,2 
пайызы – Ресейде, 1,5 пайызы Азия елдерінде 
оқып жүр. Бұл Қазақстанның жоғары білім 
саласында да көпвекторлы бағыт ұстанатынын 
көрсетеді. Ал «Болашақ» бағдарламасы бұл 
ұстанымның 
ұстынына 
айналған.Бүгінде 
«Болашақ» стипендиясы арқылы шетелдерде 
оқып келген мыңдаған маман түрлі салаларда 
еңбек етіп жүр. Олар медицина, инженерия, IT, 
білім беру, құқық және басқа да салада қызмет 
етуде. «Болашақ» стипендиясымен оқыған 150-
ден астам азамат ғылыми мекеме мен жоғары 
оқу орнында профессор деңгейіне жетті. Олар 
жылына 1,2 мың ғылыми мақала жариялайды. 
Сонымен қатар бағдарлама нәтижесінде 
экономиканың нақты секторына 4 мыңнан 
астам маман қосылды. Олардың 2,2 мыңы 
инженер 
болса, 
1,5 
мыңы 
ақпараттық 
технологиялар мен коммуникация, 400 адам 
жаратылыстану, 80 маман ауыл шаруашылығы 
саласында 
еңбек 
етуде. 
Одан 
бөлек, 
шетелдерде оқып келген 790 маман медицина 
саласында жұмыс істейді. Олардың 545-і – 
білікті дәрігер. Жылына 
бұл 
мамандар 
ша мамен 213 мың науқасты емдейді. 972 
маман бастауыш, орта және жоғары оқу 
орындары мен білім беру орталықтарында 
жұмыс істейді. Олар шамамен 163 азаматқа 
білім беріп жүр. Сонымен бірге 200-ден астам 
азамат өнер, мәдениет саласында еңбек етеді. 
Демек, жылына миллионға жуық кө рермен 
тамашалайтын 5 мыңдай концерт, қойылым 


және түрлі мәдени шара өткізеді деген сөз. 
Жалпы, «болашақтықтардың» 75 пайызы өз 
білгендерімен 
ұдайы 
бөлісіп 
отыратыны 
анықталған. Осылайша, Елбасының тікелей 
бақылауында 
құрылған 
«Болашақ» 
бағдарламасы Қазақстанда білім мен ғылымды 
насихаттауға орасан зор еңбек сіңіруде. Бұл 
үрдіс әрі қарай жалғасын табары сөзсіз 
84) 
«Мәдени 
мұра», 
«Тарих 
толқынында»мемлекеттік 
бағдарламалары: 
мақсаты мен негізгі кезеңдері. Мәдени мұра» 
Мемлекеттік бағдарламасын есептеуге болады. 
Осы Бағдарлама міндеттері елдiң маңызды 
тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн 
қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде 
қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз 
әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды 
зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем 
және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы 
ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық 
тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-
сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы 
жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім 
берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын 
құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен 
қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi 
кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың 
фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi 
заманғы 
аудиотаспаларға 
көшiру 
болып 
табылады. «Мәдени мұра» бағдарламасының 
келесі кезеңі материалдық артефакттарды 
қалпына келтіру, 
тарихи материалдарды 
іздестіру, 
жинастыру 
және 
ғылыми 
шығармаларды 
қайта 
жаңғыртуда 
жаңа 
тәсілдерді енгізумен қатар халықтың шынайы 
мәдени құндылықтарын насихаттауды қажет 
етеді. Бұл Бағдарлама еліміздің мәдени 
мұраларын 
сақтауға, 
пайдалануға 
және 
зерттеуге, үгіт-насихат, даму жалғастығы және 
тарихи-мәдени салтдәстүрлерді қайта қалпына 
келтіру, мәдени мұраны зерттеудің тұтастай 
жүйесін құру іс-шаралары, оның ішінде қазіргі 
кезеңдегі ұлттық мәдениет, фольклор, салт-
дәстүр және әдет ғұрып, төл ұлтымыздың 
жазуы мен тарихымыздың ғасырлар бойғы 
тәжірибесін талдау, әр қырынан тарихи және 
ғылыми сериялар жасау, сонымен қатар тарихи 
және мәдени ескерткіштерді қайта өңдеу, 
қалпына 
келтіру 
және 
мұражайларға 
айналдыруға, 
мәдени мұраның 
ғылыми-
зерттеу, материалдық-техникалық құрамдас 
мәселелерін нығайту және дамытуды зерттеуге 
байланысты негізгі аспектілерді анықтайды.
85) Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың 
жеті қыры» бағдарламалық мақаласы. 1.ҰЛТ 
ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ Біздің 
жеріміз материалдық мəдениеттің көптеген 
дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы 
десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам 
өмірінің 
ажырамас 
бөлшегіне 
айналған 
көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде 
ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі 
адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап 
тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа 
құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы 
жер жүзінің əр түкпірінде əлі күнге дейін 
пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі 
қазақтардың 
арғы 
бабалары 
ұлан-ғайыр 
Еуразия 
құрлығындағы 
саяси 
жəне 
экономикалық тарихтың беталысын талай рет 
түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді. 1. Атқа 
міну мəдениеті Атқа міну мəдениеті мен жылқы 
шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан 
тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік 
өңіріндегі энеолит дəуіріне тиесілі «Ботай» 
қонысында 
жүргізілгенқазба 
жұмыстары 
жылқының 
тұңғыш 
ретқазірг 
іҚазақстанаумағында 
қолға 
үйретілгенін 
дəлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы 
біздің бабаларымыз өз дəуірінде адам 
айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық 
ауқымда алсақ, шаруашылық пен əскери 
саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. 
Жылқының 
қолға 
үйретілуі 
атқа 
міну 
мəдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын 
асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер 
империялары тарих сахнасына шыққан дəуірдің 
символына айналды. Ту ұстаған салт атты 
жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең 
танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты 
əскердің 
пайда 
болуына 
байланысты 
қалыптасқан көшпенділер əлемі «мəдени 
кодының» 
айрықша 
элементі. 
Автокөлік 
қозғалтқыштарының қуаты əлі күнге дейін 
аттың күшімен өлшенеді. Бұл дəстүр – жер 
жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы 
дəуірге деген құрметтің белгісі. Біз əлемнің 
барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған 
осынау ұлы технологиялық революцияның 
жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін 
пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі 
киім үлгісінің базалық компоненттері Дала 
өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. 
Атқа міну мəдениеті салт атты жауынгердің 
ықшам киім үлгісін дүниеге əкелді. Ат үстінде 
жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз 
алғаш рет киімді үстіңгі жəне астыңғы деп екіге 
бөлді. Осылайша кəдімгі шалбардың алғашқы 
нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты 
адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс 
кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. 
Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен 
жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері 
мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере 
қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған 
көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш 
айырмасы 
жоқ. 
Сонымен 
қатар 
бүгінгі 
етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа 
мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің 
«мұрагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген 
көшпенділер тақымына басқан сəйгүлігіне 
неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман 
мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты 
адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым 
отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, 
қолындағы қаруын еш қиындықсыз жəне 
неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. 
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ 
тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты 
қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, 
ыңғайлы əрі қуатты бола түсті. Масағына 
қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе 
берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға 
айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген 
түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір 
технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай 
түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл 
қару ең маңызды əрі кең таралған соғыс 
құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген 
атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет 
біздің 
бабаларымыз 
жасаған. 
Еуразия 
көшпенділерінің айрықша маңызды əскери 
жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған 
атты əскер осылайша пайда болды. Отты қару 
пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін 
атты əскердің дамуы біздің дəуірімізге дейінгі І 
мыңжылдық пен біздің дəуіріміздің І ғасыры 
арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы 
бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік 
орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше 
түрі – айбарлы атты əскердің қалыптасуына 
ықпал етті. 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия 
Металл 
өндірудің 
амал-тəсілдерін 
табу 
тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат 
дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан 
алуан металл кендеріне бай қазақ жері – 
металлургия 
пайда 
болған 
алғашқы 
орталықтардың 
бірі. 
Ежелгі 
заманда-ақ 
Қазақстанның Орталық, Солтүстік жəне Шығыс 
аймақтарында тау- кен өндірісінің ошақтары 
пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс 
пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-
бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар 
өндіру 
ісін 
дамытып, 
олардың 
жедел 
технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба 
жұмыстары барысында табылған металл 
қорытатын пештер мен қолдан жасалған 
əшекей бұйымдары, ежелгі дəуірдің тұрмыстық 
заттары мен қару жарақтары бұл туралы 
тереңнен сыр шертеді. Осының бəрі ежелгі 
замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті 
технологиялық 
тұрғыдан 
қаншалықты 
қарқынды дамығанын көрсетеді. 3. Аң стилі 
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен 
етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас 
бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты 
Ұлы 
даланы 
мекендеген 
халықтардың 
дүниетанымы 
мен 
құндылықтарын 
қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы 
бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық 
мəдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын 
көрінісі, 
көркем 
болмысы 
мен 
рухани 
байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. 
Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам 
мен 
табиғаттың 
өзара 
байланысының 
символына баланып, көшпенділердің рухани 
бағдарын 
айқындап 
отырған. 
Олар 
жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас 
аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен 
Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті 
жануарлар əлемінде сирек кездесетін тұрпаты 
текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл 
ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша 
жоғары 
өндірістік 
тəжірибесі 
болғанын 
көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен 
жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс 
пен қоладан балқымалар жасаудың жəне 
құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың 
күрделі əдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң 
стилі» феномені əлемдік өнердегі биік 
белестердің бірі саналады. 4. Алтын адам Біздің 
түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға 
жол ашып, əлемдік ғылым үшін сенсация 
саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның 
Есік 
қорғанынан 
табылған, 
өнертанушы 
ғалымдар 
арасында 
«қазақстандық 
Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын 
адам». Бұл жауынгер талай тылсым құпияның 
бетін ашты. Біздің бабаларымыз əлі күнге дейін 
өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса 
жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. 
Жауынгердің алтынмен апталған киімдері 
ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын 
жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге 
бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен 
эстетикасын əйгілейтін бай мифологияны паш 
етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша 
ұлықтап, оның мəртебесін күн секілді құдірет 
деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сəн-
салтанатты 
жасау- 
жабдықтар 
ежелгі 
бабаларымыздың зияткерлік дəстүрлерінен де 
мол хабар береді. Жауынгердің жанынан 
табылған күміс кеселердің бірінде ойып 
жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия 
аумағынан 
бұрын-соңды 
табылған 
жазу 
атаулының ішіндегі ең көнесі. 5. Түркі əлемінің 
бесігі Қазақтардың жəне Еуразияның басқа да 
халықтарының тарихында Алтайдың алар орны 
ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы 
Қазақстан жерінің тəжі ғана емес, күллі түркі 
əлемінің бесігі саналды. Дəл осы өңірде біздің 
дəуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде 
Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде 
жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі 
мемлекеттері 
мен 
ұлы 
көшпенділер 
империялары 
сабақтастығының 
айрықша 
моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ 
уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта 
ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси 
жəне мəдени өмірінде өзінің өшпес ізін 
қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген 
түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі жəне 
отырықшы 
өркениеттің 
өзіндік 
өрнегін 
қалыптастырып, өнер мен ғылымның жəне 
əлемдік 
сауданың 
орталығына 
айналған 
ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол 
ашты. Мəселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы 
əлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – 
Əбу Насыр Əл-Фарабиді дүниеге əкелсе, түркі 
халықтарының рухани көшбасшыларының бірі 
Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір 
сүріп, ілім таратқан. 6. Ұлы Жібек жолы Еліміздің 
географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия 
құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден 
əртүрлі 
мемлекеттер 
мен 
өркениеттер 
арасында транзиттік «дəліздердің» пайда 
болуына септігін тигізді. Біздің дəуірімізден 
бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның 
Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі 
арасындағы сауда жəне мəдениет саласындағы 
байланыстардың 
трансконтинентальды 
желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. 
Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара 
тауар 
айналымы 
мен 
зияткерлік 
ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін 
орнықты платформа болды. Керуен жолдарын 
мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз 
еткен Ұлы дала халқы ежелгі жəне орта 
ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының 
басты дəнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, 
Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс жəне 
славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш 
пайда болған сəттен бастап, Ұлы Жібек жолы 
картасы, негізінен, Түрік империяларының 
аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер 
үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы 
гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда 
экономиканы өркендетуге жəне мəдениетті 
дамытуға септігін тигізді. 7. Қазақстан – алма 
мен қызғалдақтың отаны Асқақ Алатаудың 
баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи 
отаны» екені ғылыми тұрғыдан дəлелденген. 
Қарапайым, бірақ бүкіл əлем үшін өзіндік мəн-
маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр 
жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де 
əлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс 
алмасының отаны саналады. Дəл осы тұқым ең 
көп таралған жемісті əлемге тарту етті. Бəріміз 
білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір 
түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы 
баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты 
арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен 
бүкіл əлемге таралған. Осы танымал жемістің 
терең тарихының символы ретінде еліміздің 
оңтүстігіндегі ең əсем қалалардың бірі Алматы 
деп аталды 
86) Қазақстан Республикасының Президенті 
ҚасымЖомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен 
қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы. 
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. 
Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, 
ата бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры 
нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих 
тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып 
жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл 
көптеген халықтар үшін қиындығы мен 
қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан 
тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай 
жолдан 
өтіп 
келеміз. 
Азаттығымыздың 
айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы 
азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге 
жеттік?», 
«Келер 
ұрпаққа 
қандай 
елді 
аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта 
түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар 
толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл 
– 
арман-мақсаттарымызды 
тоғыстырып, 
болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін 
өткенге 
тағы 
бір 
мәрте 
оралатын, 
жетістіктеріміз 
бен 
кемшіліктерімізді 
ой 
елегінен 
өткізетін 
маңызды 
мезет. 
Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш 
онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. 
Оның 
әрқайсысы 
атқарған 
миссиясы 
тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Мен 
азаттықтың 
алғашқы 
онжылдығын 
жаңа 
Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атар 
едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен 
мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік 
жүйесі 
қалыптасты. 
Ұлттық 
валютамыз 
айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. 
Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен 
дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз 
беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. 
«Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдадық. 
Шығыстағы көршімізбен шекарамызды бекіттік. 
Басқа да іргелес мемлекеттермен шекара 
жөніндегі келіссөздер қарқынды жүргізіле 
бастады. Ел аумағын ядролық қарудан толық 
тазарттық. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік. 
Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік 
институтын берік орнықтырдық. Отандық 
бизнестің негізін қаладық. Жастар әлемнің 
маңдайалды оқу орындарында білім ала 
бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге 
мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. 
Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын 
атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. 
Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық 
рухымыз көтерілді. Екінші онжылдық – Қазақ 
елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жылдарда 
мемлекетіміздің 
тұғыры 
нығайып, 
экономикалық 
әлеуетіміз 
арта 
түсті. 
Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, 
заң 
жүзінде 
бекіттік. 
«Мәдени 
мұра» 
бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды 
түгендедік. Солтүстік Аралды құтқарып, қашқан 
теңізді қайтардық. Әлемдік және дәстүрлі 
діндер 
көшбасшыларының 
съездерін, 
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 
ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және 
сенім шаралары кеңесінің саммиттерін өткізуге 
және басқа да бірқатар маңызды халықаралық 
жобаларға 
бастамашы 
болдық. 
Елімізге 
шетелден қомақты инвестиция тарттық. Есілдің 
жағасында бой көтерген еңселі елордамыз 
ұлттық идеямызға айналды. «Батыс Еуропа – 
Батыс Қытай» халықаралық дәлізі сияқты ірі 
инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. 
Тұрғын-үй құрылысы да бұрын-соңды болмаған 
қарқынмен дамыды. Үшінші онжылдықта 
шаңырағымыз биіктеп, өсіп өркендеп, мерейлі 
мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін 
біржола 
шештік. 
«Қазақстан 
– 
2050» 
стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз 
елдің қатарына қосылуды межеледік. Әр бағыт 
бойынша 
«Үдемелі 
индустриялық-
инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты 
қадам» сияқты ауқымды бағдарламалар жүзеге 
асырылды. 
Саяси 
және 
экономикалық 
реформалармен қатар рухани жаңғыруға баса 
мән бердік
87)Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты 
және халықаралық қатынастары. Қазақстан 
Республикасының 
сыртқы 
саясаты 
белсенділігімен, 
тепе-теңдік 
сақтауға 
ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы 
сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты 
ынтымақтастыққа 
бағытталғандығымен 
ерекшеленеді. 
Халықаралық 
аренада 
мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және 
экономикалық факторларына байланысты көп 
ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық 
ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен 
татуластық 
және 
олардың 
аймақтық 
біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп 
жүргізіп 
келеді. 
Қазақстанның 
өзге 
мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да 
тиімді қарымқатынас құруға дайындығы оның 
бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан 
шет мемлекеттердің санының көптігімен 
дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған 
сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 
мемлекетімен дипломатиялық қарымқатынас 
орнатты. Көптеген себептерге байланысты 
Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем 
саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. 
Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында 
ipi 
трансұлттық 
корпорациялардың, 
өзге 
мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. 
Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы 
географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет 
болып табылады, оған қоса экономикалық даму 
қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы 
көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму 
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету 
керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат 
басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, 
ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес 
мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы 
қарым қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл 
тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш 
мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты 
байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe 
қатысты бірталай маңызды құжатқа қол 
қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, 
Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, 
Тегеран, Ташк ент, Бішкек және тағы да басқа 
мемлекеттердің 
астаналарына 
ресми 
сапарларының қорытындылары да осыны 
айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң 
әлемнің жетекшi державалары мен көршілес 
ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық 
серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге 
болады.
88) Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық 
саясаты. Заманауи қазақ қоғамында діннің 
ықпалы орасан зор екені осы уақытқа дейін 
болып өткен экстремизмдік əрекеттер мен 
қоғамдағы діни жағдайдың тұрақсыздығын бір 
дəлелдеп өткендей. Бүгінгі күнде Қазақстанда 
4551 діни бірлестіктер бар (салыстырмалы 
түрде: 1990 жылы олардың саны 670 болған.). 
Қазақстан халқының көпшілігі дінді этникалық 
мəдениет пен ұлттық дəстүр деп қарастырады. 
Дəстүрлі діни институттардың ықпал ету аясы 
кеңейіп, халықтың діни əсерді қабылдау 
деңгейі өсуде, діни ұйымдардың əлеуметтік 
қызметі күшейіп, діни ілім рөлі өріс алуда, діни 
миссионерлердің 
қызмет 
белсенділігі 
қарқындауда. Осы факторлардың барлығы 
заманауи қоғамға діннің əсерін күшейте түсетіні 
күмəнсіз. 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ə. 
Назарбаев 
«Елдегі 
діниэкстремистік идеологияның элементтерін, 
азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп 
төндіретін, конституциялық құрылымға қол 
сұғушы əрекеттердің қатаң түрде алдын алу 
қажет» [1] деп қадап айтқан болатын.
89) 
Қазақстан 
Республикасының 
жастар 
саясаты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі 
Аида Балаева өзі басқаратын министрліктің 
алдына жастар саясатына қатысты қойылған 
стратегиялық міндеттер туралы айтты. Атап 
айтқанда, биыл жыл соңына дейін Мемлекеттік 
жастар саясаты туралы заңнамаға өзгерістер 
енгізіліп, ҚР Парламентінің қарауына ұсынылуы 
керек. Онда «Жастардың даму индексі», 
«Жастардың әлеуметтік қызметтері», «NEET 
санатындағы жастар» ұғымдары заңнамалық 
тұрғыдан 
бекітілуі 
тиіс. 
Сонымен 
бірге 
министрлік алдында «Тәуелсіздік ұрпақтары» 
ұлттық жобасын әзірлеу міндеті тұр. Мұнда 
жастарды мемлекеттік қолдаудың барлық 
шараларын бірыңғай құжатқа біріктіру, сондай-
ақ, талантты жастарды қолдау үшін «Тәуелсіздік 
ұрпақтары» гранттарын тағайындау және беру 
көзделген. – Жастарды дамыту индексі жастар 
саясатын іске асыру, мониторинг, бағалау 
тәсілдерін 
біріздендіруге 
және 
нақты 
нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекеттік, 
әсіресе, 
жергілікті 
органдардың 
жауапкершілігін арттыруға бағытталған, – деді 


Аида Балаева. Сондай-ақ жастар саясатының 
жекелеген 
бағыттары 
бойынша 
кеңес 
мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер 
палатасы басқарма төрағасының орынбасары 
Олжас Ордабаев баяндама жасап, «Жүзден 
жүйрік» бағдарламасына кәсіпкерлік саласын 
енгізуді ұсынды. ҚР Энергетика министрлігінің 
«Ядролық физика институты» республикалық 
мемлекеттік кәсіпорнының Нұр-Сұлтан қаласы 
бойынша филиалының директоры, физика-
математика 
ғылымдарының 
кандидаты, 
қауымдастырылған 
профессор 
Максим 
Здоровец ғылыммен айналысуға 5 жылдық 
гранттарды енгізуді ұсынды. Бұл отандық 
ғалымдар үшін ұзақ мерзімді мақсаттар қоюға, 
болашағы зор зерттеулерді сапалы әрі жаңа 
деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін айтты. 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
жанындағы 
әлеуметтікэкономикалық 
реформаларды талдау және мониторингілеу 
орталығының сараптамалық-талдау тобының 
консультанты Әділ Құсманов жастар жетістікке 
жетіп 
жүрген 
бизнес, 
IT, 
әлеуметтікэкономикалық 
даму 
және 
мемлекеттік басқару саласында және тағы 
басқа бағыттар бойынша мемлекеттік жастар 
сыйлығының санын арттыруды ұсынды. ҚР 
Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық 
зерттеулер 
институты 
директорының 
орынбасары Сабина Сәдиева жастарды жас 
ерекшеліктері бойынша топқа бөле отырып, 
олармен мақсатты түрде жұмыс жасау 
қажеттігін атап өтті.
90) 
«Қаңтар 
оқиғасы». 
Қазақстан 
Республикасының Президенті Қасым-Жомарт 
Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен 
жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен 
маңызы Халқымыз жалпыұлттық референдумда 
саяси 
жаңғыру 
бағдарын 
қолдады. 
Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті 
Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды 
қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді 
экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз 
«Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы 
қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең 
алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, 
әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған 
қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік 
береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы 
азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі 
шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент 
жанындағы 
Омбудсмен 
тағайындалады. 
Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. 
Бірақ, 
халықты 
нарық 
тұрақсыздығының 
ықпалынан барынша қорғайды. Шағын және 
орта бизнесті мейлінше дамытады. Тарифтерді 
күшпен ұстап тұрудың ақыры соның бәрін 
кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдайлар 
туындауына 
әкеп 
соқтырады. 
Осының 
салдарынан азаматтардың денсаулығына және 
өміріне қатер төнеді 
41. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.42. Орта 
және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы.43. Бөкей 
ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің 
ерекшеліктері.44. Жоламан Тіленшіұлының наразылық 
қозғалысы(1822-1824 жж.).45. Жәңгір ханның ағартушылық 
саясаты.46. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей 
империясы құрамына кіруі.47. Кенесары Қасымұлы 
бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.48. Жанқожа 
Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері.49. 
1867-1868 жж. уақытша ереженің жүзеге асырылуы.50. 
1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы 
және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістері.51. 
Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак 
әскерлері.52. ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон 
мәселесі.53. «Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы 
наразылық.54. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс 
аударуы.55. Ш.Уәлиханов және оның Қазақстанның 
тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне 
қатысты ғылыми мұрасы.56. Еуропалық саяхатшылар Қазақ 
даласы туралы.57. Мемлекеттік Думадағы қазақ 
депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-
таражға салынуы туралы пікірлері.58. Жәдидшілдік 
ағартушылық идеяларының ықпалы.59. 1916 жылғы Орта 
Азия ұлт-азаттық көтерілісі.60. Қазақ тіліндегі алғашқы 
мерзімді басылымдар.61. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-
демократиялық революциясы және оның Қазақстанға 
әсері.62. Жалпықазақ съездері және олардың маңызы.63. 
Алаш автономиясының құрылуы.64. Түркістан (Қоқан) 
автономиясы үкіметінің құрылуы.65. Қазақ өлкесіндегі 
«ақтар» мен «қызылдардың»қарсыластығы.66. Қырғыз 
(Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық 
Республикасының құрылуы.67. 1921-1922 жж. 
Қазақстандағы ашаршылық.68. Қазақстандағы жаңа 
экономикалық саясат (ЖЭС).69. Бай шаруашылықтарының 
тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары.70. 
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын 
отырықшы өмірге күштеп көшіру.71. Сталиндік қуғын-
сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.72. Саяси 
сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп 
депортациялау.73. ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі 
өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін 
Қазақстанға эвакуациялау.74. Қазақстан аумағындағы 
ядролық сынақтар және олардың зардаптары.75. 
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.76. 
КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. Горбачевтың «қайта құру» 
саясаты.77. 1986 жылғы Алматыда және республиканың 
басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы.78. 1991 
жылғы тамыз бүлігі және КСРО-ның ыдырауы.79. Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, 
Әнұранының бекітілуі.80. «Қазақстан-2030» 
Стратегиясы.81. Жоспарлы экономикадан нарықтық 
экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.82. Қазақстан 
Республикасының білім және ғылым жүйелеріндегі 
реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.83. «Мәдени 
мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: 
мақсаты мен негізгі кезеңдері.84. Жоспарлы экономикадан 
нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.85. 
Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры» 
бағдарламалық мақаласы.86. Қазақстан Республикасының 
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен 
қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.87. Қазақстан 
Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық 
қатынастары.88. Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық 
саясаты.89. Қазақстан Республикасының жастар 
саясаты.90. Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен 
жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет