5 - дәріс. Этнографиялық зерттеулер
Жоспар:
1) М-Ж. Көпеевтің мұрасын зерттеу
2) Түркі эпостары. Едіге және Орақ-Мамай туралы эпос. Әлішер Науаи және Қазақ әдебиеті
МӘШҺУР ЖУСІП ЖӘНЕ ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН
Мәшһур Жусіп Көпейұлы мен Әлкей Хаканұлы Марғұлан - қазақ халқының мандайына біткен жарык жулдыздары. Олар - казактын бай әдебиеті, тарихы мен мәдениетінде өшпес муралар калдырып, улттык кундылыктарымыздын бугінгі кунге дейін шашылмай-төгілмей жетуіне мурындык болган біртуар адамдар. Екі тау тулганын калыптасу жолында ауыз әдебиетінін улгілері ерекше орын алады. Екеуі де жастайынан халык мұраларымен әуестеніп, дарқан даланын асыл касиеттерін бойына сініріп өсті. Мәшһур Жусіп те, Әлкей Марғұлан да жас кезінен ете зеректіліктерімен көзге тусіп, өз болашактарынан зор уміт куттірген асыл жандар еді.
Акын Мәшһур Жусіп 5 жасында-ак казактын кисса-дастандарын, батырлык, ғашыктык жырларын жатка окыған. Осындай алгырлырына төнті болган Муса «мәшһур» деген ат косактап, осыдан бастап алты алашка Мәшһур Жусіп деген атпен жария болганы белгілі. Сол сиякты Әлкей Маргулан да бес жасынан бірнеше жырларды жатка білген. Елдін аксакалдары бала-шагасымен бірге кешкурым уакытта ауыл шетінде жиналып, оған казак жырларын окыткызып койып отыратын болган. Ол окыган кезде тандайы тандайына жукпай, аксакалдардын ауыздарынын майын тамызып, шұрайлы тілімен көңілдің айызын қандырып тіпті ауыл әйелдерін егілтіп жылаткан кездері де болган көрінеді. Екі ғұламанын да шыккан туптері, айналасы белгілі адамдар болган. Әлкей Маргуланнын аргы атасы калмактармен болган согыста атагы жер жарган ер Олжабай батыр болса, әкесі де өз заманынын белгілі сал-серісі болган. Ол жайында Әлкей Марғұлан көп жазган, осындай тамаша асыл касиеттер солардан дарыған деп біледі. Мәшһур Жусіп те ез өленінде: «Біздердін туп атамыз – акын Кутан, // Деушіге: «Акын болган Мәшөур кайдан?»- деген жолдары аркылы акындыктын калай бойына конғанын жырға коскан. Әлкей Маргуланнын әкесі Хакан Мәшһур Жусіппен туйдей курдас адамдар болган. Олар ауыл молдасынан бірге окып, өмірлерінін сонына дейін аралас-куралас болып өткен адамдар екен.
Ол женінде Әлкей Маргулан былай деп еске алады: «Маргуланнын баласы Хакан (1857-1920) Жасыбай көліндегі кыстакта туып-өскен. Бала кунінде Баянауылдагы казак мектебінде окып, арабша жаксы жаза білген. Әкем Мәшһур Жусіппен, Біләл молдамен бірге окыган. Бала кунінде олар біздін ауылда кездескенде бірімен-бірі шуйіркелесіп, жас кездерін есіне тусіріп, әзілдесіп отырганы есімде әдемі сакталыпты».
Көп әдебиеттерде Әлкей Маргулан Мәшһур Жусіптін батасын алган деп айтылады. Мәшһур Жусіп коптеген гуламалардын болашактарын болжап, өз багасын беріп отырганы тарихтан белгілі.
Маселен, Мәшһур Жусіп «өз көзім кергенде, өз тусында Шорман баласы Мусадан жорға озған жоқ» десе, косы кунгі жастарда Каныш Сәтбаев адамнын жоргасы» деген ілтипатын білдіріп, аман-есен болып журуін тілеген. Әлкей Маргулан да омірде биік шындарга жетуге көптеген гулама
адамдардын ыкпалы болгандырын жазган: «Менін ғалым болып калыптасуыма өскен ортамданы адамдар әсер етті, олар: Султанмахмут Торайгыров, Әбікей Сәтбаев, Каныш Сәтбаев, Хәкім Иманбеков, Жагыпар Секербаев және Жаяу Муса». Калай болганда да Әлкей Маргуланнын қалыптасу жол жолында зиялы адамдардын әсері коп болган және олармен тыгыз карым-катынаста болган. Осыны Әлкей Маргуланнын Мәшһур Жусіп Копейулымен жазыскан хаттары да айғактайды.
Әлкей Маргулан Maшhyp Жусіптін шыгармашылығымен етене таныс болган. Ол женінде: «Мәшһур Жусіп кебінесе «билер сөзін» жинауга коніл бөлген. Бірак, сонымен катар жонгар дәуірін суреттейтін бірнеше әнгімелерін («Абылай», «Канжыгалы Богенбай», «Суйіндік ер Олжабай») жазып калдырды. Мәшһур Жусіп Көпейулынын бул жинагандары әлі баспа жузін көрген жок. Онын жинаган уш томдык кітабы Казак гылым академиясынын кітапханасында сактаулы тур», - деген еді. Енді бір сөзінде: «Казак халкынын ортасынан шыккан акын-галымдардан халыктары жыр казынасын жиюга атсалыскан кісілер белгілі акын Омар Каралов пен Мәшһур Жусіп Кепейулы және жогарыда айтылган Жусіпбек Шайкы-Исламулы»,- деген гылыми багасын береді. Әлкей Маргулан 1946 жылдары Мәшһур Жусіптін әдеби мурасы женінде «Казактын тарихшысы Мәшһур-Жусіп Кепеевтін әдеби мурасы» атты гылыми макала жариялаганы белгілі. Одан баска акыннын туындаларын кешірумен де айналыскан.
Ол акыннын «Мусаны жоктау», «Махаббат», «Хат», «Садуакастын өлендері», «Коркыт әнгімесі» сынды шыгармаларын 1891 жылдары көшіргенін атап көрсетеді. Сол сиякты бугінде Әлкей Маргуланнын колжазбалары Алматы каласындағы Орталык гылыми кітапхана корында сактаулы. Осы гылыми кітапхана кызметкері М.Е. Искакованын берген мәліметіне суйенсек, Әлкей Маргулан Мәшһур Жусіптін колжазбаларын көшіріп, Орталык гылыми кітапхана корына тапсырган: «Аталуы. Букардын
Абылайга айтканы. Авторы. Калкаманулы Букар. Жинаушысы. Кепейулы Мәшһур Жусіп. Ол жайлы деректер оган арналган жеке сипаттамада берілді.
Әлкей Маргуланнын Мәшһур Жусіппен жазыскан хаттарынан коптеген маліметтерді алып отырганын анык ангаруга болады. Осы хаттардын бір жолында: «Мумкін болса, Кенесары жорыны жайынан есінізде калган әнгіме болса, тез кунде жіберуге тырысыныз. Кенесарынын сіресе Атбасар, Караөткел төңірегіндегі аттаныстары, оган Куандык. Суйіндік калай карады? Шорман, Узли, Коныркулжа-кенені калай көрді», - деген сөздеріне караганда Машһур Жусіптен мәліметтер алып отырган. Енді бір хатта: «Және сізден сурайтын өтінішім - мына төменде аталган кісілердін ман- жайын, ата-тегін, кашан туып, кашан өлгенін білесіз бе? Білсеніз, келесі хатта солардын толык жайын жазып жіберуінізді өтінемін», - дей отырып, Макыш Калтаев, Садыргалиулы, Садуакасов Хамидолла, Алмасов Откірбай, Кашафалдин Шанмарданов, Жанузак Әлжанулы Жанібеков, Акылбек Сабал, Сабыр акын жайында моліметтер сураткан. Одан әрі: «Абылайдан бері шыккан акындардын аты болса, оны да жазыныз. Және кандай өлен жазып калдырган, кімдермен айтыскан? Менін сурайтыным - осы», - деген тілектерін білдіріп отырган. Әлкей Маргулан Мәшһур Жусіптін жинаушылык кызметімен өте ертеден таныс болган. Онын кунды мәліметтеріні жоғалып кетуше өте аландап. алдебір белгісіз біреулердін колында кетуден корыккан. Бул женінде жазыскан хаттарында былай делінген: «Сізде ерте куннін әдемі сөзі коп екенін мен әуелден білем. Көп кісі алып, жок кылып, ушы-киырын устатпай, сыландап кеткенін жөне білем. Бірак бар дуниенізге енді не болыныз. Кім-корінгенге бере берменіз. Колыныз тиіп, бос уакытыныз болса, ол әнгімелерді ретке тусіріп, баптай берініз. Ол нәрсе тубінде далада калмайды.
Әлкей Маргулан коптеген тарихи деректерді Мэшур Жусіптен алып, оған суйеніп жазып отырган.
Қысқасы, Әлкей марғұлан мәшһүр жүсіпті ағасы ретінде аса құрметтеген.
Оның шығармаларымен жақын таныс болып, кейбір еңбектерін көшірумен де айналысқан. Мәшһүр Жүсіптен құнды мәліметтерді ала отырып, өз зерттеулерінде ақынның жазғандарын нақты дерек ретінде пайдаланып отырған. Осыған қарағанда Әлкей Марғұланды алғашқы машһүртанушылардың қатарына жатқызуга толық негіз бар және осы бір саланың негізі ертеден тамыр алатындығын айғақтайды.
\2. Әлкей Марғұланның Замандастары оның архив ақтарып, шаң қапқан жұмыстан қолы қалт еткен сәтте ару Алматының көшелерінде серуендегенді жақсы көретінін айтады. Ал біздің көз алдымызға қазіргі Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы пәтерлерінен шығып алып, қазақ ғылымының бары мен жоғын түгендеп жүрген Әлкей Марғұлан, Бейсембай Кенжебаев ақсақалдар елестейді.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сәбит Оразбаев екі ақсақалдың жарасымды әңгімесі туралы былай дейді: «Мен Марғұланмен көрші тұрдым. Мұқан Төлебаев көшесінің бергі бетінде біз, арғы бетінде Әлекең тұратын. Марқұм Бейсембай Кенжебаев екеуінің әңгімесі тым жарасатын. Екеуі серуендеуге шыққанда өткенді, кеткенді көп әңгімелеуші еді. Сондай күндердің бірінде мені шақырып алып, Бейсекеңнен: «Мына бала кім?», – деп сұрады. «Әртіс бала», – деді таныстырған Бейсекең. «Әртіс болсаң айтшы, Шәкен жөнінде пікірің қалай?», – дейді Марғұлан. «Ойбай аға, ол кісі туралы пікір айтуға мен әлі жете қойған жоқпын, сахнаға жаңа келдім, жас әртісін», – дедім. «Онда, біліп қой», – деп әртістер туралы біраз әңгіме айтты. Шәкеңді, Қаллекиді мақтады. «Елубай Өмірзақов Ленинді ойнады, кішкене ұшқалақтық жасады», – деді. Өзі Сер-ағаңды, Серке Қожамқұловты қатты жақсы көреді екен. Сөйтіп Бейсекең мен Әлекеңді әңгімелесіп отырған жерінен жиі кездестіретін болдым. Екі ақсақалдың әңгімесі тым терең еді, тым ойлы еді. Мәшһүр Жүсіптің сөздерін бірінші рет Марғұланнан естідім»…
Иә, сталиндік репрессия Әлкей Марғұланды да айналып өтпеген. 1934 жылы қудаланып, басы әрең аман қалған. Бұл қудалау кейін де тоқтаған емес. 1940 жылдардың аяғында газет беттерінде қазақтың ұлтшылдығы туралы, соның ішінде Е.Бекмахановты, Б.Сүлейменовті, Е.Ысмайыловты, Қ.Жұмалиевті, қаралаған, жау санаған мақалалар көптеп жарияланды. Мысал үшін, соның бірін ғана оқырманға ұсынайық: «Доктор филологических наук Маргулан в своей книге «Эдыге в истории и преданиях» (1944 год) наделяет Эдыге – этого злейшего врага русского народа – всеми лучшими чертами казахского народа»; «В книге А.Маргулана «О характере и исторической обусловленности казахского эпоса», в которой обобщен большой труд, автор не дал партийного освещения тех задач, какие должны были быть решены в этой книге»; «Извечная борьба за независимость положена в основу периодизации истории казахского эпоса. Развитие производства, классовая борьба, чаяния и ожидания народных масс в борьбе против эксплуататоров – все это остается в тени». (авторы – Б.Степанов).
Достарыңызбен бөлісу: |