5 дәріс. Магниттік материалдар



бет1/3
Дата01.11.2022
өлшемі22.82 Kb.
#463739
  1   2   3
Лекция 6 Магниттік материалдар


5 дәріс. Магниттік материалдар
Магниттік материалдар электр- және радиобайланыста, өткізгіш және диэлектрлік материалдар сияқты, маңызды рөл атқарады. Электр машиналарында, трансформаторларда, дроссельдерде, электррадиоаспаптарында және өлшегіш аспаптарында әрқашан магниттік материалдар пайдаланылады: магнит жүргізгіш ретінде, тұрақты магниттер ретінде немесе магнитті өрістерді экрандауда.
Магниттік өріске орналастырылған кез келген зат магниттік моментке (М) ие болады. Көлем бірлігінің магниттік моменті магниттелгендік (Jм) деп аталады.
Jм=M/V
Магниттік өрістің магниттелгендігі кернеулікпен  былай байланысқан:
Jм=kмH,
мұнда kммагниттік қабілеттілік деп аталатын берілген заттың магниттік өрісте магниттенуге қабілеттілігін сипаттайтын өлшемсіз шама.
Заттың магниттік қасиеттерінің ең бірінші себебі – магниттік моменттері бар элементарлы айналма токтары түрінде елестетілетін электр зарядтары қозғалуының ішкі елеусіз формалары. Мұндай айналма токтары болып атомдағы электрондардың орбитальдік спиндері және орбитальдік айналуы келеді. Протондар мен нейтрондардың магниттік моменттері электронның магниттік моментінен жұықтағанда 1000 есе аз болады. Осы себептен атомның магниттік қасиеттері электрондармен анықталады да ядроның магниттік моментін ескермеуге де болады.
5.1 Заттарды магниттік қасиеттері бойынша жіктеу
Табиғаттағы барлық заттарды сыртқы магниттік өріске реакциясы бойынша және ішкі магниттік реттелуінің сипаттамасы бойынша 5 топқа бөлуге болады:
-диамагнетиктер;
-парамагнетиктер;
-ферромагнетиктер;
-антиферромагнетиктер;
-ферримагнетиктер.
Диамагнетиктердің  магниттік өткізгіштігі m < 1, сыртқы магниттік өрістің кернеулігіне тәуелсіз.
Диамагнетизм атомды магниттік өріске енгізгенде электронның орбитальдік айналуы бұрыштық жылдамдығының аз ғана өзгеруімен қамтамасыздандырылады.
Диамагнетиктерге инертті газдар, сутек, азот, көптеген сұйықтықтар (су, мұнай), кейбір металдар (мыс, күміс, алтын, мырыш, сынап және т.б.), жартылай өткізгіштер мен органикалық қосылыстардың көбісі жатады. Коваленттік химиялық байланысы бар заттардың барлығы және аса өткізгіш күйіндегі заттар диамагнетиктер болып табылады.
Диамагнетизмнің сыртқы көрсеткіші – диамагнетиктердің біртекті емес магниттік өрістен итеріліп шығарылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет