№5 дәріс.
Тақырыбы: Организм реактивтілігінің дерттанудағы маңызы.
Жоспары/План:
1. Организм реактивтілігі
2. Реактивтілік түрлері
Реактивтілік – организмнің қоршаған орта ықпалдарына белгілі бір жол-мен жауап қайтару қасиеті. Реактивтілікті – белгілі бір ықпалға жауап ретінде организмде қабыну, қызба, иммунитет, жараның бітуі, лейкоцитоз, фагоцитоз т.б. даму жылдамдығы, қарқыны мен ұзақтылығы бойынша анықтайды. Реактивтіліктің түрлері:
– әдеттегі тітіркендіргішке организмнің қалыпты жауабы, мұнда нормергиялық жауап серпілісі туралы айтылады
Патергия— қалыптан тыс жауап:
гиперергия – реактивтіліктің жоғарылауы
гипергия – органихм реактивтілігінің төмендеуі (аурулар сылбыр, белгілері айқын болмай өтеді) (қарттардың реактивтілігі)
анергия — реактивтіліктің мүлде болмауы (өзі ауырмай микробтардың тасымалдаушылары болады, терең кома, сілейме, наркоз жағдайларындағы)
дизергия — қалыптан тыс, бұрмаланған жауап (төмен температураға тамырлардың кеңеюі, жарыққа көз қарашығының кеңеюі)
Гиперергия - қоршаған орта ықпалдарына орга-низмнің жауап қайтару қабілетінің көтерілуі. Ол ауру туындататын әсерлерге дене қызуы қатты көтерілуімен, қабыну қарқынды дамуымен, қабынулық сіңбенің тосқауылдық қызметі артуымен, фагоцитоз және антиденелер өндірілуі күшеюімен, жараның бітуі тездеуімен көрінеді.
Гипергия - қоршаған орта ықпалдарына организмнің жауап қайтару қабілетінің төмендеуі. Ауру туындататын ықпалдардан қабыну сылбыр өтеді, дене қызымы онша көтерілмейді, жараның бітуі баяулайды.
Анергия-қоршаған орта ықпалдары-на организмнің жауап қайтар-мауы (шала туылған нәресте-лерде, қарттарда, терең кома, сілейме, наркоз кездерінде) кейбір адамдардың бактерия тасымалдаушылығы.
Дизергия-қоршаған орта ықпалдарына организмнің бұрмаланған түрде жауап қайтаруы (аллергия, тербелістік ауру, климакс кездерінде)
Төзімділік (резистенттілік) - деп ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығын айтады.Төзімділік пен реактивтілік өзара бірімен бірі тығыз байланысты және екеуі де тірі организмнің негізгі қасиеттерінің бірі болып есептеледі. Төзімділік спецификалық және бейспецификалық болып ажыратылады.
Реактивтіліктің түрлері
Түрлік реактивтілік – белгілі бір организмге тән реактивтілік, басқаша айтқанда сыртқы әсерлерге өзіндік тұқымқуалаушылық, анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеті.
Топтық реактивтілік – бұл жеке топ адамдарының белгілі бір ортақ қасиеттеріне байланысты, сыртқы әсерлерге реактивтілігі(адамдардың тұрған мекен-жайына, қан топтарына, дене бітіміне, тін үйлесімділік антигендеріне, жынысына, жас мөлшеріне т.с.с. қарай бөлінген топтарының қорш-ған орта ықпалдарына жауап қайтару қабілеті.). Мысалы: еркектерде подагра,асқазан жарасы, ревматоидты артрит, микседема, жиі кездеседі.
Дербес (өзіндік) реактивтілік (индивидуальная реакт.) әр адам түрлік, топтық реактивтілікпен қатар сыртқы әсерлерге өзінің өмір сүру ерекшелігіне байланысты іс-әрекеттермен жауап береді. Мысалы: тұмау вирусының әсерінен біреулер қатты ауырады, екіншілер жеңіл ауырады, ал үшіншілері мүлдем ауырмайды, бұл өзіндік реактивтіліккебайланысты.
Физиологиялық реактивтілік – сыртқы ортаның әр-түрлі факторларының әсеріне организмнің өмір сүру әрекетінің өзіне зиянсыз өзгеруі. Мысалы: адамның (жануарлардың) патогенді емес микробтарға, әлсіз тітіркендіргіштерге (орташа физикалық күшке, сыртқы ортаның температура өзгерістеріне) бейімделуі.
Патологиялық реактивтілік (дерттік) организмінің сыртқы ауру тудырғыш факторларына ауыру арқылы жауап беруі, немесе ауру, дерт-патологиялық реактивтілік. Бұл реактивтілік жеке адамда (жануарларда), топта, түрде болады. Дерттік реактивтілік байқалады:
Тұқым қуалаушылыққа бейімділігі, аллергиялық болмысы бар адамдарда;
Қоршаған ортаның химиялық улы немесе радийбелсенді заттармен ластанулары;
Шала туған жас балалар мен қарттарда;
Ұзақ ашығу;
Ұзақ гиподинамия т.б. кездерінде.
Спецификалық реактивтілік – бұл организмінің антиген әсеріне антидене немесе жасуша комплексінің пайда болуымен және әсерімен жауап беруі, яғни имундық жүйенің реактивтілігі. Түрлері: белсенді спецификалық иммунитет, аллергия, аутоиммунды аурулар, имун жетіспеушілік жағдайлар.
Спецификалық емес реактивтілік – организмнің сыртқы факторлар әсеріне жауап берудегі болған өзгерістер имундық жүйенің қатысуынсыз болған жағдайда болады. Мысалы: организмде гипоксия, жарақат шокында, зорлануда пайда болатын өзгерістер.
Хирургияда реактивтіліктің өзгеруімен жара процесінің, сепсистің, перитониттің және басқа аурулардың әртүрлі ағымдары байланысты болды. Жылдам емдеу, қызыл түйіршіктер, жараның эпителизациясы дененің жоғары реактивтілігін көрсетеді. Баяу емдеу, ақшыл түйіршіктер, жараның әлсіз эпителизациясы науқастың реактивтілігінің төмендігін көрсетеді.
Организм жасына байланысты реактивтіліктің өзгеруінің бірнеше кезеңдерін ажыратуға болады. Жатырішілік даму кезеңінде ұрықтың реактивтілігі толығымен ана ағзасының реактивтілігіне байланысты. Жас организмде әдетте ерте жаста реактивтіліктің төмендеуі байқалады. Жаңа туылған кезеңдегі реактивтіліктің төмендеуі (бұл кезеңді кейде өсу және даму кезеңі деп те атайды) тосқауыл жүйелерінің, ішкі секреция бездерінің және жоғары жүйке қызметінің дамымауына байланысты.Жыныстық жетілу кезеңі жүйке және эндокриндік жүйелердің дамуымен, дененің тосқауыл жүйелерінің жақсаруымен (тері, шырышты қабаттар, лимфа түйіндері және басқалар) жүреді, антиденелер шығару қабілеті артады, басқа қорғаныс құралдары пайда болады және бұл кезең реактивтіліктің жоғарылауымен сипатталады. Организмнің даралық реактивтілігіне көптеген ықпалдар, солардың ішінде оны бұзатын, жағда-йлар әсер етеді. Мәселен, негізгі ауруынан басқа сүлде дерттердің (қантты диабет, туберкулез, сүлде гепатит т.б. қабыну ошақтары) болуы реактивтілікті бұзады.
Достарыңызбен бөлісу: |