РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ерте ғасырлық мемлекеттер
Орындаған: Нуретова А.С
Тексерген: Ерназаров Ж.Т
Орал қ., 2023 ж.
Мазмұны:
1. Сақ, сармат тайпаларының орналасуы.
2. Шаруашылығы мен тұрмыс тіршілігі.
3. Саяси тарихы.
4. Қоғамдық құрлысы.
5. Діни наным сенімдері мен мәдениеті.
6. Археологиялық ескерткіштері.
Сақ, сармат тайпаларының орналасуы.
Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын
алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең
б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді.
Біздің заманымыздан бұрынғы V- ғасырдың 40-шы жылдары аяғында грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегінде және басқа да көп жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғыы 1 мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Казақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады.
Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады:
1) антик дәуірінің авторлары (гректер) – Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей және т.б.;
2) Ахеменидтер әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына
жазуы, т.б.).
Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды
«Азия скифтері» деп атайды.
Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға /Афраси-аб/ болған деген деректер бар.
Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, қаспилер, аргипейлер және т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді:
массагеттер – Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар – Сырдарияның төменгі жағын, Арал
теңізінің жағалауын, исседондар – Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар – Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер – Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер – Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген.
Достарыңызбен бөлісу: |