5 дәрістің тақырыбы: Тарихи метрология. Метрге дейінгі өлшем бірліктер жүйесі. Терминдер мен анықтамалар



Дата06.03.2022
өлшемі15.26 Kb.
#456022
5 апта


5 дәрістің тақырыбы: Тарихи метрология. Метрге дейінгі өлшем бірліктер жүйесі.
Терминдер мен анықтамалар. Метрон. Метрология. Фунт. Пұт. Г. Агрикол. Ж.Ж. Скалигер. Сажень. Верст. Аршын. Гран. Скрупул. Пұт. Фунт. Сусымалы денелер. Вершок. Берковец. Контарь.
Дәрістің топтама-тәсімі. Тарихи метрологияның пәні, міндеттері және әдісі. Метрологияның тарихи пән ретінде қалыптасуы мен дамуы. Тарихи зерттеу процесіндегі метрологияның ролі. Метрологиялық түп деректер және оларды зерттеу әдістері.
Тарихи метрология – тарихи дамуында түрлі өлшемдерді – ұзындық, аудан, көлем, салмақ өлшемдерін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Метрология сөзі гректің «метрон» - өлшем және «логос» - ғылым деген сөздерінен құралған. Метрологияның дербес ғылыми пән ретінде қалыптасуын ХҮІ ғ. жатқызады және оны белгілі ғалымдар Георг Агрикол мен Жозеф-Жюст Скалигер есімдерімен байланыстырады. 1550 ж. Агриколдің «римдіктер мен гректердегі өлшемдер туралы бес кітап» атты туындысы тарихи метрологияға бастама болды. ХІХ ғ. экономика тарихына қызығушылықтың күшеюімен байланысты ортағасырлық өлшем бірліктерге баса назар аударыла бастайды. Метрологияның жекелеген мәселелері бойынша арнайы зерттеулер пайда болады. «Ұлы Карл фунтының», «кельндік марканың» т.б. тағдыры дискуссияның негізгі тақырыбына айналады.
Тарихи метрология бойынша Ресейде пайда болған алғашқы еңбектердің қатарында А.И.Ламбертидің «Ресейлік салмақ өлшемдерінің алғашқы пайда болуы және қазіргі жағдайы туралы» зерттеуін және Ф.И.Петрушевскийдің «Жалпы метрология» еңбегін айтуға болады. Екі автор да Ресейде түрлі тарихи кезеңде қалыптасқан метрикалық жүйені елдің әлеуметтік-экономикалық тарихынан бөліп қарастырады. Ф.И.Петрушевский еңбегі алғашқы түп деректерге анализ жасағандықтан, суреттеуші сипатқа ие.
Ұлы Қазан революциясынан кейін 30 ж. ортасына дейін өлшемдер тарихы бойынша еңбектер негізінен халыққа ескі орыс өлшем жүйесінің метрикалық жүйеге көшу себептерін түсіндіру мақсатында жазылған. Метрология мәселелерінің одан әрі өңделу мақсаты Русь мемлекетінің ежелгі кезңдегі тарихы бойынша жазылған еңбектерінен көрініс тапты. Олардың қатарында Б.А.Рыбаковтың «ХІ-ХҮ ғ.ғ. Русьтегі ұзындық өлшемдер жүйесі» (1949 ж.), И.И. Смирновтың «ХҮІ ғ. Мәскеу мемлекетіндегі өлшемдер мәселесі туралы», С.Г.Стримулиннің «Феодалдық Ресей өлшемдері туралы» (1957 ж.), Н.В.Устюговтің «Ежелгі орыс метрологиясының очеркі» (1946 ж.), В.Л.Яниннің «Ортағасырлық орыс мемлекетінің ақша-салмақ жүйесі. Монғолдарға дейінгі кезең» (1956 ж.).
1944 ж. орыс метрологиясы бойынша үлкен анықтамалық мәліметтер және практикалық білімдер сақталған Л.В.Черепниннің «Орыс метрологиясы» оқулығы жарияланады. 1955 ж. Е.И.Каменцева мен Н.В.Устюговтің «Орыс метрологиясы» оқулығы шығады. Мұнда орыс өлшемдері мен ақша санау жүйесі дамуының негізгі кезеңдері суреттеледі. Тарихи метрологияны зерттеуде тарихи метрология бойынша Халықаралық комиссия үлкен еңбек сіңіріп келеді, 1795 ж. бері осы пән бойынша конгресс шақырылады.
Қандай да болсын ғылыми пән сияқты метрологияның да өзінің зерттеу пәні ғана емес, сондай-ақ ол негізінде өз міндеттерін шешіп отыратын түп деректері де болады. Метрологияны зерттеу үшін «Орыс шындығы» және жылнамалар, сонымен бірге Русь туралы шетелдіктер туындылары және саяхатшылардың суреттемелері өте маңызды. Сонымен қатар кейбір басқа тілден аударылған шығармаларды да атап өтуге болады, әдетте шетелдік өлшем бірліктер, көбінесе гректік, ежелгі орыс тіліне аударылғанда егер олар Русьте белгілі болса, ежелгі орыс терминдеріне сәйкес аударылды. Мысалы, ежелгі гректік ұзындық өлшемі «оргия» аударғанда «сажень» терминімен беріледі. Мұнан осы екі өлшемнің мөлшерінің сәйкестігі туралы қорытындыға келуге болады. Феодалдық бытыраңқылық кезеңі үшін метрологиялық түп деректердің ауқымы бұрынғысынша қала берді. Олардың ішінен «Батыс Европаға Исидордың саяхатының күнделігі» (ХҮ ғ.), Сигизмунд Герберштейн «Жазбаларын», 1189-1199 ж.ж. Новгородтің Гот жағалауларымен келісімін, 1229 ж. Смоленскінің Ригамен және Гот жағалауларымен келісімдерін ерекше бөліп көрсетуге болады.
Қашықтық өлшемдерін зерттеу үшін 1627 ж. құрылған «Үлкен сызба кітабының» зор маңызы бар. Мұнда белгілі бір елді-мекендер арасындағы қашақтық көрсетілген.
Ресейде өлшем жүйесі негізінен ХҮІІІ ғ. басында қалыптасты, сондықтан ХҮІІІ-ХХ ғ.ғ. метрологияның басты міндеті ең алдымен өлшем бірліктерін нақтылау, ұлан-ғайыр мемлекет территориясына міндетті бірыңғай өлшем бірліктерді енгізу болды. Осы кезеңдегі орыс өлшемдерін зерттеу түрлі түп дерек көздеріне негізделді. ХҮІІІ ғ. І жартысында өлшемдер жүйесінің тарихы үшін кедендік кітаптар өз мәнін сақтайды. Зерттеушілердің құзырында өлшем бірліктер үлгісінің түп нұсқалары, сондай-ақ ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. сенімділік ісін ұйымдастыру үшін құрылған комиссия құжаттары пайда болады. Өлшемдер және салмақ өлшемдері туралы неғұрлым маңызды заңдар 1797, 1835 және 1899 ж.ж. шығарылады. 1797 ж. Заңның міндеті дәл өлшем жүйесін құру болды.
Англиядағы, Ресейдегі метрге дейінгі ұзындық өлшем бірліктері және олардың таралуы. Европадағы метрге дейінгі аудан өлшемдері және олардың таралуы. Метрге дейінгі көлем өлшемдері. Сұйықтық, сусымалы денелер өлшемдері. Метрге дейінгі орыстық салмақ өлшемдері - пұт, фунт және т.б. Гректік аптекарлық салмақ бірліктері - гран, скрупул, драхма және олардың Ресейде қолданылуы. Орыстық көлем өлшемдері - шелек, бочка, штоф, чарка және т.б.
1. Аралық верст – 2 жолдық верст – 1000 сажень -2,160 см.
Жолдық верст – 500 сажень – 1.080 км.
Сажень – 3 аршын – 12 четверть – 48 вершок – 216 см.
Аршын – 4 четверть – 16 вершок – 72 см.
Четверть – 4 вершок – 18 см.
Вершок – 4,5 см.
2. Ласт – 72 пұт.
Четверть – 12 пұт.
Берковец – 10 пұт.
Контарь – 2,5, пұт.
Пұт – 16 безмен – 40 үлкен гривень.
Үлкен гривень – 2 кіші гривеь – 96 алтын монет.
Ондық жүйе бойынша пұт – 16.38 кг.
Фунт – 409,512 г.
Алтын монет – 4,267 г.
3. Десятина – 2 четверть – 4 осьмин – 8 жарты осьмин – 16 четверик.
Четверть – 2 осьмин – 4 жарты осьмин – 8 четверик – 3 третник.
Осьмин – 2 жарты осьмин – 4 четверик.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет