«Қазақ әдебиеті» пәні. Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім
|
Мектебі: М.Маметова атындығы шағын жинақты негізгі орта мектебі
|
Күні: 06.11.2019 жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова Аян Бекболатқызы
|
Сынып: 9
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
1.Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» дастанының сюжеттік композициялық құрылымы
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттарына (сілтеме)
|
Т/Ж1.
Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
|
Сабақтың мақсаттары
|
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау
|
Бағалау критерийлері
|
әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминалогия:
Шығармадағы психологизм, әдебиеттегі психологизм, автор ойы, мінез толқынысы
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:
кейіпкерінің ішкі жан әлемін ашуда автор әр түрлі көркемдік тәсілдерге жүгіне отырып...
көркем туындыға тән шындық...
әр кейіпкерінің ішкі әлемі мен ішкі ойын шебер бере алған автор...
адам табиғаты жан-жақты танылып, оның ішкі жан дүниесіне тереңдей ену мүмкін емес, бірақ...
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар
|
Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Бейнежазба
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, мәтін стилін анықтаған болатын
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
5 мин
|
1.Ұйымдастыру
Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру. (Психологиялық тренинг)
«Оқиғаны жалғастыр» тренингі
Оқиғасын бастап айтқан оқушының ойын келесі оқушы жалғастырады
Топқа бөлу.
1-топ. «Алғырлар» тобы
2-топ. «Тапқырлар» тобы
Cабақтың тақырыбымен,оқу мақсаттарымен,бағалау критерийлерімен таныстыру
|
А4 форматы
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
ЖЖ. Миға шабуыл
Оқушылар дастан жанрының ерекшелігі туралы ойларымен бөліседі.
Дастан – өлеңмен де, қара сөзбен де айтылатынэпикалық жанр түрі.
Сабаққа кіріспес бұрын мұғалім оқушылардың Кенесары, Наурызбай жайында не білетіндеріне, сол кездегі тарихи кезеңге назарын аудартады. Тарих пәні мұғалімінен алдын ала кеңес алуға да болады. Шығарма ертеректе жазылған тарихи дастан болғандықтан, оқушыларға алдын ала
«Түсіндірме сөздік» дайындап қойғаныңыз жөн.Алдын ала кейбір сөздердің түсіндірмесін өзіңіз дайындап әкеп таратсаңыз, уақытты үнемдейсіз.
Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) -
көркемөнер туынды-сының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы.
Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс.
ЖЖ
1-тапсырма. «ББҮ» кестесімен жұмыс жасайды.
Қазақ тарихындағы белгілі тұлғалар Кенесары, Наурызбай жайлы не білетіндерін «БІЛЕМІН» бағанына, сабақ мазмұны бойынша не білгісі келетіндерін «БІЛГІМ КЕЛЕДІ» бағанына жазып, өз ойларын жұбымен бөліседі.
2-тапсырма
Т/Ж.
kitap.kz сайтынан Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» дастанынан үзінді тыңдату
Оқушыларға «Ақырында олардың қырғыздан болды қазасы» деген жеріне дейін тыңдатып, осы оқиғаны әрі қарай жалғастырып болжауларын, Кенесары – Наурызбайдың кім екенін, тағдырларының неліктен олай болғанын сұрайды. Оқушылар өз болжауларын айтқан соң, дастан мәтіні және сөздік ұсынылады.
ТЖ
3-тапсырма
«Джигсо» әдісімен
Шығарманың көлемді болуы себепті мұғалім бөліп берген оқиғалар бойынша Кенесары – Наурызбайдың Абылай ханның ұрпағы екені, ажалы қырғыздан болғаны, қырғызбен болған соғыс; Кенесары – Наурызбайдың қырғызға салған ойраны, опасыздық, батырлардың қазасы туралы мәтінді бөліп оқиды. Таныс емес сөздердің астын сызып, «Түсіндірме сөздіктен» мағынасын анықтайды. Топтар бір-бірімен кездесіп, әр топ өкілі поэманың өздері оқыған бөлігі бойынша мазмұны, көтерген мәселесі, «Түсіндірме сөздікпен» жасаған жұмыстары жайлы ойларын ортаға салады, қажеттілерін жазып алады, сұрақтар қояды, соңынан өкілдер өз топтарына барып олжаларымен бөліседі.
ТЖ
4-тапсырма
С. Сыныпта шығарманың сюжеттік-композициялық жоспарын жасайды.
Басталуы
|
|
Байланыс
|
|
Дамуы
|
|
Шиеленісуі
|
|
Шарықтау шегі
|
|
Шешімі
|
|
Дескриптор:
- шығарманың сюжеттік-композициялық жоспарын жасайды
ҚБ:Топтық бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»
|
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, хрестоматиясы, 9-сынып
«Арман-ПВ» баспасы 2019ж
https://kitap.kz/audiobooks/nysanbay-zhyrau-kenesary-nauryzbay
http://kerey.kz/?p=5889
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Кері байланыс: «Кенесары, Наурызбай» жыры туралы
2 ақпарат –
1 пікір –
Үйге тапсырма: «РАФТ» стратегиясы
Оқушылар шығарманың өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып, қайта өңдеп, өзі қалаған кейіпкер атынан монолог жазады.
Рөл – кез келген рөлге ену
Аудитория – тыңдарман, оқырман, қауым
Форма – монолог
Тақырып – «Кенесары – Наурызбай» дастаны
Дескриптор:
-кейіпкер атынан монолог жазады;
-сөз саны 50-100
|
А4 парағы
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
|
Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға сұрақтарға жауап беруге, өзіндік пікірін айта алуына қолдау жасаймын.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға
талдау жасатамын.
Қабілетті оқушыларға мысал келтіре алу, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жазу тапсырмаларын ұсынамын.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |