Орталықтандырылған қалалық кітапханалар жүйесі
№5 кітапхана – филиалы (балалар үшін)
Теміртау 2011
Табиғат – біздің тамырымыз, біздің өміріміздің бастауы.
(Танымдық сағат)
Мақсаты: Оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамкорлық, жанашырлық сезімге баулу, оқушылардың табиғат жөнінде ой-өрісін кеңейту; білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту; табиғатын сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыкка, өзара сыйластықка тәрбиелеу.
Кітапханашы: Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадан тепе-теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы онжылдықта күшейіп, енді адамзат экологиялық мәселелерді шешуді белсенді түрде қолға алды.Түрліше табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдык акциялар ұйымдастырылуда, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарылуда. Табиғатымыз — адамға баға жетпес байлық.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді,
- деп ақын ағамыз жырлағандай табиғат тазалығын сақтайтын да, ластайтын да адам. Сондыктан мектепте жас ұрпақка экологиялық білім мен тәрбие беру адамзаттын табиғатка, қоршаған ортаға, қоғамға және адамға деген көзкарасы мен қатынасын түбегейлі өзгертудің, сөйтіп нағыз өркениетті адамның дамуын камтамасыз етудің бірден-бір жолы.
Оқушы:
Киеліге жоламас күйе деген.
Жерін, елін, Отанын сүйетіндер
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.
Тірі нәрсе - шөп деген, көгал деген,
Көкті жұлса болады обал деген.
Ата-анамыз жыланды үйге кірген
Ак сүт құйып басына "жоғал" деген.
1Кітапханашы: Жер, жалпы табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты коныс-мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз. Халқымыздың мактанышы болып саналатын ғалым, этнограф, зерттеуші Ш.Уәлиханов былай деген екен: "Табиғат пен адам егіз! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан кұпия не бар?! Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмыска қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, кұт әкеледі".
оқушы: Туған жер мен өзіңмен өзектеспін,
Қиналғанда дем беріп көмектестің.
Табанымда туған жер табы калып,
Топырағыңнан нәр алып өзіңде өстім.
оқушы: Туған жер бар үмітім күтер алдан,
Қасиетінді кастерлер көтере алған.
Мен қалай туған жерді ұмытамын,
Қаны тамып, кіндігім сенде қалған.
оқушы: Туған жер бастауысың өнегенің,
Мен уығыңмын басында керегенің.
Қалайша ұмытамын мен Анамның
Бесігіме әлдилеп бөлегенін.
оқушы: Тәңіріме бас иіп бағынамын,
Туған жерді аңсаймын, сағынамын.
Туған жер деп соғады жүрегім де,
Басымды иіп, алдына табынамын.
Кітапханашы: 1-окушы: Табиғат ол бізді коршаған орта: аспан, ай, кун, жұлдыз, ауа, күннің көзі, жылуы, өзен, көл, жарык. Табиғат - байлыктын көзі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының кұтты коңыс-мекені, алтын ұя тал бесігі! Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адам біртұтас, бір-бірінен бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уакытта зиян тигізбеген.
Халқымыздың мақтанышы болып саналатын ғалым, этнограф, зерттеуші Ш.Уәлиханов былай деп жазды: "Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан кұпия не бар? Қазақта дуниеге үлкен мән береді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен кұстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту адам баласына байлык пен бақыт, кұт әкеледі деп санайды". Шынында да халқымыз табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді "әулие бұлақ", "әулие ағаш" деп бағалаған. Ал қарлығаш, аққу, ұлар сияқты құстарды жақсылыктың жаршысы, бакыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзбауға, балапандарын жоюға немесе өздерін өлтіруге рұқсат етпеген.
оқушы: Ажарлы туған өлкем атырабым,
Жайқалтқан жасыл әлем жапырағын.
Тіршілік атаулыға нәрін берген -
Ол сенің қасиетті топырағың.
оқушы: Кандай ғажап ажарлы, аса көркем,
Казакстан - арайлы туған өлкем.
Тереземіз тең бүгін басқа елдермен,
Өсе берсін ұл-қызын жайып өркен.
оқушы: Егемендік қылғаны жарқын жастық
Болашаққа сеніммен қадам бастық.
Көркейтейік туған жер табиғатын,
Кең даламда жайқалған алтын астық
оқушы: Жаратылыс деген ен ізгі анадан,
Туғаннан сон нәр алып түз даладан,
Жалбарына бастады табиғатка
Табиғаттың заңдарын бұзған адам
Кітапханашы:Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялык даму бағдарламасында "Қоршаған ортаны ластауға, экологиялык калыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен окушыларға экологиялык білім беріп, табиғатты корғауға тәрбиелеу – бүгінгі күннін кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі"деген. Осы бағдарламаны басшылыкка ала отырып алдағы уакытта табиғатка деген сүйіспеншілік, табиғат байлығын қорғап молайту — басты мақсат.
Оқушы: Акындар табиғатты анаға теңеген. Табиғат мейірімді ана сиякты, өзіндегі барды адамға, жан-жануарларға береді.
Табиғат — ол анамыз,
Табиғатка баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттык әнге саламыз.
Оқушы:Жазда аралап тауын да,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
Оқушы:Кыста мәз боп каламыз,
Сырғанауға барамыз.
Шытырлаған аязда
Зымырайды шанамыз.
Кітапханашы:Казіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Экология деген сөз тіршілік ету мекені, өмір сурген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Оны немістің атакты табиғат зерттеушісі Эрис Геккель тұнғыш рет 1969 жылы ғылыми сөздікті корға косты.
Табиғатты қорғау - бәріміздін борышымыз. Өйткені казір теңізіміз тартылған, орманымыз кесіліп, кұнарлы жерлеріміз сортанданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, адам. Бәріне адамдардың ракымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сурген ата-бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанынын кесірінен десек те болады.Табиғатты аялап, коршаған ортаны корғай білейік!
Оқушы:
Табиғат әсем кыста да,
Соғар боран-бұркасын.
Ак мамыкка орайды
Әрбір бұтақ, бұтасын.
Оқушы:
Табиғат әсем көктемде,
Жайнап жасыл желектер.
Гүлдер шағы жеткенде
Ұшкан, мойыл, жидектер.
Оқушы:
Табиғат әсем жазда да,
Маужырап бір балкиды.
Ауа да ыссы, таза да,
Шайыр иісі анкиды.
Оқушы:
Табиғат әсем күзде де,
Жерге алтындай жаркырап,
Бұтағында көктерек
Төгіледі жапырак.
Кітапханашы: Табиғаттың тамаша туындыларының бірі - хайуанаттар. Халкымыз ежелден-ак көптеген жануарларды аялап, камқорлыкка алған. Оларды жаксылыктың жаршысы, бакыттын бастамасы деп дәріптеген. Олар: далаға ажар берген акбөкен, әні мен сәннін иесі бұлбұл, су аруы аққу.
Күй: "Аққу".
12-оқушы: Тиме аққуға!
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға, аққудын киесі бар.
Мендейлердін затын ал, биесін ал,
Тиме аққуға, аққудын киесі бар.
Ән: "Құстар ".
Оқушы:
Қызыл кітап. Ол 1974 жылы шыкты. Онда жойылайын деген аңдар, кұстар, өсімдіктер енгізілген.
14-оқушы: (Кадыр Мырзалиевтің "Қызыл кітап " поэмасынан үзінді тыңдалады.)
Қызыл, жасыл зер өңді
Қайлы тұр.
Тотылардың музейде талайы тұр.
Адамдардың алдында
Акырғы рет ышкынды да көз жұмды жабайы тур.
Соны ойласаң, күрсініп
Соғады жел.
Өкініштің мылтығын октады шал.
Солқ-солқетіп опат болған
Перзенттерін еске алып жылайды жер
Одан керіп таласканнан
не таппақ кұлан-керік?
Жоғалтканды жоктаған жөн болғанмен
Жоғалтпаған жаксырак одан гөрі...
Көрініс: Марат үйден шығып, мектепке сабакка келе жатыр. Кенет жолдын шетінде бірторғай ұша алмай жатыр екен. Ол касына жакындап барып, торғайды колына көтеріп алды. Оның канаты жараланып калыпты. Марат торғайды алып кайтадан үйге келді. Ол торғайдың жарасын таңып, алдына су, жем берді. Марат торғайға камкор болып жүргенде конырау соғылып, сабак басталып кеткен кез еді. Ол сыныпка кешігіп кіріп келді.
окушы: Кұстар тойын жасаймыз,
Куанамыз тойлаймыз.
Үя жасап ұкыптап,
Біз оларды қорғаймыз.
оқушы: Кешкілік пе, күндіз бе,
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға
Тастағалы жүрміз бе?
Үзіп алсан сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл,
Не қалады сикынан
Кызыл-жасыл жердін бұл?
Қорытынды:
Тест алу.
1) Табигат дегеніміз не?
а) бізді коршаған орта
ә) жер, халык, өнер
б) жыл мезгілдері, уакыт
2) Қус ауада қанатымен, қуйрыгымен не істейді?
а) ұшады, конады
ә) кұс канатымен, кұйрығымен ауаға сүйенеді.
б) тыныс алады
3) Қандай қус бейбітшілік белгісі, хат тасушы атанган?
а) карлығаш
ә) кыран, бүркіт
б) көгершін
4) Кун жулдыз ба, әлде жоқ па?
а) жұлдыз
ә) планета
б) аспан әлемі
5) Үшатын су
а)бу
ә) бұлт
6) жанбыр.
Кітапханашы: Жасыл желекті ағаштарды, әсем гүлдерді, мөлдір бұлақтарды, сайраған құстарды, жан-жануарларды корғаңдар! Жер - сенің аяулы бесігің. Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін. Бүкіл тіршілікке жер үлкен кара шаңырақ. Сондыктан да сен өз туған жерінді, оның табиғатын корғай біл.
Достарыңызбен бөлісу: |