Сыныптарға арналған олимпиадалық тапсырмалар. 5- сынып Олимпиадалық тапсырма



Дата04.03.2016
өлшемі104.5 Kb.
#39154
5-6-9 сыныптарға арналған олимпиадалық тапсырмалар.

5- сынып

Олимпиадалық тапсырма

I тур

Диктант
Мен диқанмын


Мен диқанмын, жерді сүюге, білуге тиіспін.Мен туған жерді жырлайтын өзімше ақынмын. Жетісуды,оның ішінде Көксу, Тентек,Қаратал бойын, жақсы білемін. Өзімнің туған жерім- сұлу,әдемі жерді көрмедім.

Диқанның жермен кіндігі бір. Оларды ажыратсаң өледі. Не диқан өледі,не жер өледі. Жер мен диқанның қасиетінің өзі осында. Бұл ғана емес, осы жердің астында қанша жерде тас жатыр, қай жерде қанша су бар, қай жерді қанша суғару керек,қай жерден қанша өнім алуға болады, мен соның бәрін білемін. Оны білмесем, мен диқан емеспін. Менің тарихым – осы туған жерім.


/104 сөз/

5 сынып қазақ тілінен тест сұрақтары

ІІ тур
1. “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.
A) Биік сезім.
B) Биік тау.
C) Биік ой.
D) Биік тұлға.
E) Биік сөз.
2. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.
Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.
A) Ниетің.
B) Қисық.
C) Болса.
D) Ағайынға.
E) Өкпелеме.
3. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт.
B) Самат аяғын ауыртып алды.
C) Ол науқасынан айығып кетті.
D) Жел күшейе түсті.
E) Ол аяғын созып жатыр.
4. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.
Бұлақтың көзін ашу – игі іс.
A) Бұлақтың.
B) Көзін.
C) Ашу.
D) Игі.
E) Іс.
5. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
A) Сүт таңертең ұйып қалды.
B) Оң қолым ұйып қалды.
C) Әңгіме ұйып тыңдалды.
D) Олар сүттей ұйып отыр.
E) Сүттей ұйыған жанұя.
6. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
A) Қарындашын ұштау.
B) Найзаны ұштау.
C) Қайланы ұштау.
D) Шеберлікті ұштау.
E) Таяқты ұштау.
7. Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.
A) Затты атап білдіретін мағынасы.
B) Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз.
C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы.
D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы.
8. Омонимдес сөзді көрсетіңіз.
A) Гүлнәр мектепке барды.
B) Ол ақылды бала.
C) Айт болды.
D) Уақытты бағала.
E) Айгүл – зерек оқушы. 9. Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.
A) Шапан, келін.
B) Алты, жеті.
C) Арықтан суару.
D) Кел, оқып отыр.
E) Бәрі, тегіс.
10. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
A) Күшті, мықты.
B) Шелдену, қоңдану.
C) Бағалы, құнды.
D) Әлді, қарулы.
E) Қайратты, қажырлы.
11. “Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.
A) Зерігу, құмар болу.
B) Еріну, кешіру.
C) Жалтару, қорғану.
D) Зерігу, іш пысу.
E) Ығыр болу, көңілі қалу.
12. Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тыным, тыныштық таппаған.
B) Бұраң бел, алма мойын.
C) Ара гүлге қонды.
D) Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
E) Сөз ағасы – құлақ.
13. Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) Қара.
B) Ірі.
C) Сары.
D) Осал.
E) Қас.
14. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
A) Қала мен ауыл арасы.
B) Алты қанат ақ үй.
C) Ит терісін басына қаптады.
D) Көпке тараған күй.
E) Тез келді.
15. “Әсем” сөзінің синонимдік тұрақты тіркесін көрсетіңіз.
A) Азар да безер болды.
B) Тайға таңба басқандай.
C) Бетінен оты шықты.
D) Ай оңынан туды.
E) Қыздың жиған жүгіндей.
16. .Қай тіркес тура мағынада қолданылған? А) көз сүзу; в) тізе бүгу; с) шашын алу; д) іші пысу; е) мұрны қанамау.

17 . «Өкіну» мәніндегі фразеологизмді табыңыз.А) Салы суға кету. В) Санын соғып қалу; с) Аузына құм құйылу; Д) Төбе шашы тік тұру: е) Мұзға отырғызып кету.

18.Омонимді табыңыз

а) Жүйрік атымен шауып келеді. В) Бұлар менде атымен жоқ. С) Олар таң атқалы аттан түспеді.

Д) Ол қас жауына атқалы тұрған оғын атпады. Е) Оның тұлпары атын атаса жетіп келеді.

19. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз. А) Ол әйеліне алтын алқа сатып алды.

В) Айман оған жылы лебізін білдірді. С) Түнгі ауа салқындай бастады.

Д) Күзгі дала сары жапырақтан көрінбеді. Е) Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты.

20. Қай сөйлемде «қара» сөзі ауыспалы мағынада қолданылып тұр? А) Олар қара тастан үй тұрғызды. В) Біз үйдің іргетасын қара бояумен боядық. С) Хат қара сиямен жазылыпты.

Д) Қодар жуырда қара күштің иесі ретінде суреттелді. Е) Ол бүгін қара костюмін киіпті.

Тестің кілті 5 сынып


  1. в

  2. в

  3. а

  4. в

  5. а

  6. д

  7. д

  8. с

  9. с

  10. в

  11. д

  12. д

  13. с

  14. с

  15. е

  16. с

  17. в

  18. с

  19. в

  20. д

6 сынып


І тур

Диктант


Жайлау
Жыл он екі ай – көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу,қыстау деп атаған.

Жайлау – қыстаудан алыс жатқан даладағы жазғы қоныс. Оны шөбі шүйгін, суы мол, тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады. Жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Ол кезде жер беті масаты кілемдей құлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауға іліккен –ақ соң тойынып семіреді. Мал ғана емес, адамдар да сергіп, жиын той өткізіп аунап-қунап қалады. Бие байлап, қымыз ішеді. Қысқа арнап азық- түлік жияды.

Бірақ бұл қызықты мезгіл де өте шығады. Еліміздің әр жерінде жұртқа белгілі атақты жайлаулар бар. Олар: Қарқара, Шалкөде,Сырт, Шұбартал, Асы.
(112 сөз)

6 «а»- сынып бойынша қазақ тілінен тест тапсырмалары.

2 тур


  1. Айтылатын және естілетін тілдік құбылыс қалай аталады?

а). Үн

в) дауыс


с) өкпеден шыққан ауа

д) әріп


е) дыбыс

2. Тілдің ең кіші бөлігі не?

а) дыбыс

в) буын


с) үн

д) кіші тіл

е) әріп

3. Қайсысы дауысты дыбысқа негізделеді?



а) буын

в) тасымал

с) әріп

д) екпін


е) дауысты дыбыс

4. Қай дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады?

а) р,й,с. с) с,ш,щ.

в) л,о,ө. д) а,ә,е. е) к,қ,ғ.

5.Тек салдырдан тұратын дыбыс қайсы?

а) а с) й

в) п д) ғ е) ж

6.Архаизмнен болған тіркесті табыңыз?

а) үлкен планета

в) Абай даңғылы

с) нарықтық экономика

д) валюта бағамы

е) Физикалық карта

7. Бұрын көнерген сөз болып қазір неологизмге айналған сөзді табыңыз.

а) апрель д) апта

в) ай е) байрақ

с) ғасыр

8. Историзмді табыңыз

а) Мешіт д) қылует

в) имам е) муфри

с) жамағат

9. Біріккен сөзді табыңыз.

а) Талдықорған д) Қоңыр ала

в) Ашық ауыз адам е) Тісін қайрады

с) Бес дәптер

10. Дара сөзді табыңыз

а) Тізесін бүкті д) Отыз бестерге жуық

в) Әкімшілік е) Жақсы көру

с) Бес жүз

11. Күрделі сөзді табыңыз

а) Қолын жуды

в) Миллионның жартысы

с) Жарақаттану

д) Жығылып қала жаздады.

Е) Ол отырды

12.Тұрақты тіркесті табыңыз

а) Ат ізін салмады в) Сексен бес машина с) Аюдай ақырды д) Көпір арқылы

е) Азайып кетті

13. Қос сөзді табыңыз

а) Жүрегі алыр ұшты в) Көктемгі демалыс с) Боранмен айқас д) Көзін ала бер

е) Қызылды жасылды

14.Қысқарған сөзді табыңыз

а) Көз шырымын алды в) Әлек салды с) Кетіп бара жатыр д) Оқуды үздік оқиды

е) Педколледжді бітірді.

15. Туынды түбірді табыңыз

а) Жапырақ в) мәдениет с) келешек д) арыстан е) шекара

16. Барыс септігінде тұлғасындағы сөзді табыңыз

а) Жазғаның в) Білімдіні с) Оқушымын д) Мектептен е) Оған

17. Тәуелденген сөзді белгіліңіз

а) Дәрігерсің в) Гүлдерден с)Білімді д) Сөйлесті е) Өміріме

18. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз

а) жазды в) әкесі с) қаздар д) оқырман е) озбырсың

19.Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Кітап оқыдық.

а) Бастауыш

в) Баяндауыш

с) Толықтауыш

д) пысықтауыш

е) анықтауыш

20.Жалқы есімді көрсетіңіз

а) сөйлем

в) тәуелсіздік

с) Күн

д) ел


е) көкшіл

21. Деректі зат есімді көрсетіңіз

а) азап

в) шабуыл



с) дәулет

д) тас


е) ар-ұят

22. Омоним бола алатын сөз

А) қағаз; в) кітап;

с) бет; д) мұқаба; е) оқулық.

23. Түбір дегеніміз не?

а) қосымшасыз тұрып мағына береді.

ә) сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.

б) белгілі бір мағына береді.

в) жұрнақ арқылы жасалған сөз.

24. Түбірге қосымша қосылу арқылы қандай сөздер

жасалады?.

а) түбір сөз. ә) күрделі сөз б) туынды сөз. в) дара сөз.

25. Дара сөз дегеніміз?

а) сөз құрамы. ә) бір ғана түбірден. б) бірнеше түбірден. в) екі немесе одан көп түбірден.

тест тапсырмаларының жауап кілті.

6 - сынып



номер

жауап

номер

жауап

номер

жауап

1

А

11

Д

21

Д

2

Е

12

А

22

С

3

А

13

Е

23

Ә

4

Д

14

Е

24

Б

5

В

15

Е

25

Ә

6

А

16

Е







7

Е

17

Е







8

Д

18

А







9

А

19

С







10

В

20

С








Олимпиадалық тапсырма

І тур

9 сынып


Диктант


Көне Отырар
Көне Отырар-екі мың жыл өмір сүрген,Арыс өзенінің оң жақ жиегіндегі екі жүз гектар территорияда орын алған қала. Көне дәуірлерден бұл жерлерде қаңлы, қоңырат тағы басқа тайпалар тұрған. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып,отырықшылықпен танысып,басқахалықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Бидай өсіру жақсы суландырылды. Қалада жақсы су жүйесі болған.

Отырар қаласы тоғысқан сауда жолдарының ортасында тұрған,сондықтан,өзіне басқалардың назары көп түскен. Оны жаулап алу-Таразбен,Баласағұнмен,Қытаймен, Кавказбен,Волга өзені және Қара теңіз жағалауымен,Бетпақдала арқылы Сібірмен жалғастырар еді. Отырар туралы араб, парсы саяхатшыларының жазбаларында көп айтылады. ХІ ғасырдың ортасында Сырдария бойындағы жерлерді қыпшақ тайпалары жеңіп алған. Қыпшақтар қаланы кеңейтіп,су жүйесін жөндейді. Мықты қорғанысы бар Отырар 1229 жылы монғол басқыншыларына берілмей қаланы алты ай қорғаған кезде қолды басқарған Батырхан,Қайырхан еді. Отырарлықтарды алты ай мерзімнен кейін басып алған жау қаланы түгел өртеп жіберді. Жауға қарсы тұрған,қаланы басқарған Қайырхан өлім жазасына кесілді. Күйзеліске ұшыраған қала 50 жылдан кейін ғана қайта өмірге келді, бірақ, ол талай рет тағдырдың қаталдығына ұшырайды.



(171 сөз)

9 сыныпқа арналған тест сұрақтары

І-нұсқа.

1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлемді тап.

а) Күн жаңа ғана шыға бастады.

ә) Ол бүгін келе ме екен.

б) Алақай, бүгін күн жылы.

в) Мектеп алдында ойна.

2. Жетек сұрақ дегеніміз?

а) Мәлімет алу үшін бастапқы сұрақ.

ә) Негізгі сұраққа жауап алу үстінде.

б) Анықтап алу үшін қойылған сұрақ.

в) сұрап білу мақсатында.

3. Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты қалай деп аталады.

а) сұраулы сұрақ. б) негізгі сұрақ.

ә) жетек сұрақ. в) анықтауыш сұрақ.

4. Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені қалай атаймыз.

а) сөйлем мүшесі. б) күрделі мүше.

ә) дара мүше. в) үйірлі мүше.

5. . Сөйлем мүшесі дегеніміз?

а) сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.

ә) Сөйлем айтылу мақсатына қарай.

б) Бір нәрсені хабарлап айтылуы.

в) Көңіл-күйге байланысты сөйлем.

6. Сөйлем мүшесі құрамына қарай неше түрге бөлінеді?

А)5; ә)3; б)2; в)4.

7. Үйірлі мүше дегеніміз не?

а) толық мағыналы бір сөзден болған мүше.

ә) тұрақты тіркестен тұратын мүше.

б) кемінде екі не одан да көп сөзден құралған мүше.

в) шылаулы тіркестен болған мүше.

8. Бірыңғай тұрлаулы мүшені тап.

а) Анықтауыш, бастауыш.

ә) Толықтауыш, пысықтауыш.

б) Баяндауыш, анықтауыш.

в) Бастауыш, баяндауыш.

9. Сөйлем ішінен үйірлі бастауышы бар сөйлемді тап.

а) Омар қырман басында жүр.

ә) Жұмысы жоқтың аздырар адам баласын.

б) Күле беру ыңғайсыз.

в) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

10. Сөйлем ішінен баяндауыш болып тұрған зат есімді тап.



Сендер бақытты адамсыңдар.

а) сендер. ә) адамсыңдар; б) бақытты.

11. Талғаулы салалас сөйлем дегеніміз.

а) құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды.

ә) құрамындағы жай сөйлемдердің алдынғысы соңғысына нұсқап мазмұнын ашатындай әрекеттерді баяндайды.

б) құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы әрекеттерді баяндайды.

в) құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің кезектесіп келуін білдіретін әрекеттерді баяндайды.

12.Оқшау сөздер сөйлем мүшесінің қызметін атқара ала ма?

а) Иә; ә) жоқ; б) білмеймін; в) таныс емеспін.

13. Сөйлем ішінен анықтауыш қызметін атқарып тұрған есімдікті тап.

а) Сәндікке күміс жүзік тағатын болды.

ә)Қысқа жіп- күрмеуге келмес.

б) Осы жылқы-жүйрік.

в) Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.

14. Сөйлем ішінен үстеу болып тұрған бастауышты тап.

Шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.

а) шапшаң. б) соңыра

ә) асықтырады: в) кешіктіреді.

15. Пысықтауыш мағынасына қарай неше түрге бөлінеді.

а)6: ә)7; б)4; в)3.

16. Бағыныңқылы баяндауышы шартты райлы етістік болып тұрған сөйлемді тап.

а) Жақсы, үлгілі комбайыншы бола алсақ, бұдан артық қандай абырой бар!

ә) Хамит пен Кенжебектің қарасы үзілгенше, Қалиша мен Ермек үйге кіреді.

б) Осы хабардың өзі жанға арқау болғандай, келушілер көңілденіп тарасты.

в) Ай әлі тумағанмен, самсаған жұлдыздың жарығы жақын тұрған қара-қараны анық аңғартады.

17..Қай сөйлем жалаң сөйлемге жатады.

а) жаңбыр ашылды ма? ә) Жоқ, жаңбыр әлі ашылған жоқ.

б) Жаңбыр қашан ашылады екен. в) Жаңбыр ашылғаннан кейін үйге бару керек.

18.Сөйлем ішінен пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сөзді тап.



Ол үйге жүгіріп кірді.

А) үйге; б) жүгіріп.

ә) ол; в) кірді.

19. Сөйлем ішінен жақсыз сөйлемді тап.

а) Абайдың оқуына түскісі келді.

ә) Басқаны ауызға да алдырмаймын.

б) Дала кең, бірақ саған орын жоқ.

в) Ол дос жүрегіне сенеді.

20.Жалаң сөйлем дегеніміз?

а) Тұрлаусыз мүше қатыспаған.

ә) Тұрлаусыз мүше қатысқан.

б) Бір мүше түсіп қалған.

в) Толық мүше қатысқан.

21. Сөйлем ішінен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тап.

а) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.

ә) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.

б) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқты.

в) Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді,- жұмыстан қолы тимеді.

22. Сөйлем ішінен кезектес салалас құрмаласты тап.

а) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.

ә) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.

б) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқты.

в) Қазан тұрып біресе атын мақтайды, біресе өзін мақтады, бірақ айналып келгенде, бәрі де беделдің өнерін сөз етісті.

23. Бағыныңқылы баяндауышы есімшеден жасалып тұрған сөйлемді тап.

а) Әбден тоғызы жеткен ескі үй болғандықтан, оған ешкім кірген жоқ.

ә) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.

б) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқты.

в) Қазан тұрып біресе атын мақтайды, біресе өзін мақтады, бірақ айналып келгенде, бәрі де беделдің өнерін сөз етісті.

24. Бұл қандай сөйлем.

Ояздар ел кеңесіне беріп отыр дейді.

а) жақты; ә) толымды.

б) толымсыз; в) жалаң.



25. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар?
а)5; ә)6; б)3; в)4:

9 сынып қазақ тілі
Тест тапсырмаларының жауап кілті:


1

А

14

А

2

Ә

15

А

3

Б

16

А

4

Ә

17

А

5

А

18

Б

6

Ә

19

А

7

Б

20

А

8

В

21

Ә

9

Ә

22

В

10

Ә

23

Ә

11

А

24

Б

12

А

25

В

13

Б








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет