5 Көрмені тамашалауға 140 қыз және 160 ер бала келді



Дата04.10.2022
өлшемі15.77 Kb.
#461964
матем 6


: 1) Картадағы масштаб бойынша 1см- аймақтың 4 километріне сәйкес келеді.Картадағы екі қаланың арақашықтығы 8 см-ге тең. Осы қалалардың арақашықтығы қанша километр болады?
2)Қазақстан бойынша пойызбен саяхат жасайтын оқушыларға купе вагонға 9 билет үшін 108 000 теңге төленді. Егер купеге қарағанда плацкарт вагонның бір билеті 3000 теңгеге арзан екені белгілі болса, онда плацкарт вагонмен саяхат жасайтын топ үшін 11 билетке қанша ақша төленеді?
3) Отбасында үш ағайынды бала бар. Олардың жастары қаншада екенін сұрағанда, үлкені былай деді: Үшеуміздің жасымызды қосқанда 27 шығады.Менің жасыма Арманның жасын қосқанда, 22 ал Бауыржан мен Арманның жасын қосқанда 15 жас болады. Ағайындылардың әрқайсысының жасы қаншада?
4)Көрмеге 200 оқушы келді. Әр топта 12 ер бала және 8 қыздан бар. ЭКСПО-2017 көрмесіне барлығы неше ер бала келді? ЭКСПО-2017 көрмесіне барлығы неше қыз бала келді?
5)Көрмені тамашалауға 140 қыз және 160 ер бала келді. Олар әр топта бала саны теңдей болатындай 10 топқа бөлінді. Әр топта неше баладан болады?
6) Көрме павильлондарының бірінде дүйсенбі күні 958 адам болды. Олардың 429-ы – ересек адам, ал қалғаны – бастауыш сынып оқушылары. Дүйсенбі күні Павильонда қанша бастауыш сынып оқушысы болды?
7) Кешкісін көрме алаңында концерт өтті. Концертте 586 ересек адам болды, ал қалғаны – балалар. Егер концертке барлығы 800 адам келген болса, онда балалардың саны қанша?
8)Қонақтар көрмеден шыққаннан кейін, дәмханаға кірді. Даяшыда 3 көк және 4 қызыл кесе болды. Ол үстелге 4 кесені қойды. Үстелде әр түсінен неше кесе болуы мүмкін? Барлық мүмкін нұсқаларды тап.
9)Шетелдік турист айтылған сандарды жазып алғысы келді. Бірақ естуі бойынша жазғандықтан, көп қате жіберді. Оған бес жуз бесті атады, ал ол 500 5 деп жазды. Бес жүз елудің орнына ол 500 50 деп жазды. Бес мың елудің орнына ол 5000 50 деп жазды. Туристке айтылған сандарды дұрыс жазып көрсет.
10)Қазақстанның солтүстігі мен батысында Ресеймен 7591 км, шығысында Қытаймен 1782 км, оңтүстігінде Қырғызстанмен 1241 км, Өзбекстанмен 2354 км және Түркіменстанмен 426 км ортақ шекарасы бар. Еліміздің шекарасының жалпы ұзындығын тап.
 1) Музейге бару үшін оқушылар үш-үштен сапқа тұрды. Айна, Әлия, Арман – алдынан санағанда 7-қатарда, соңынан сана­ғанда 5-қатарда тұрғандарын байқады. Музейге неше оқушы барған?
2) Тарихи орындарға бару үшін әрқайсысы 12 оқушыдан тұратын 21 топ жолға шығуға дайындалды. Оларға жолға шығу үшін әрқайсысында 14 орындығы бар шағын автобустар бөлінді. Оқушыларға барлығы қанша шағын автобус қажет болды?
3) Автобус аялдамаға дейін 68 км/сағ жылдамдықпен бірнеше сағат жүрді. Қалған жолды ол 65 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта жүріп өтті. Барлық жүрген жолы 464 км болды. Жолдың бірінші бөлігін автобус қанша сағатта жүріп өтті?
4) Әкесі мен анасы пойызбен барып-қайтуға әрқай- сысының бағасы 16 800 тг тұратын билеттер сатып алды. Есептесу үшін ішінде 180 000 тг бар банк карточкасын берді. Қонақ үйде оларға таңдау үшін бірнеше бөлме ұсынылды: • «Люкс» бөлме – тәулігіне 18 000 тг; • «Жайлы» бөлме – тәулігіне 14 500 тг; • «Стандарт» бөлме – тәулігіне 9 200 тг. Тәулігіне тамақтану құны адам басына 5 000 тг болатынын есепке алғанда, осы бөлмелердің бірін 5 тәулікке жалға алуға карточкадағы қалған ақша жете ме? Әртүрлі нұсқаларды қарастыр.
5) Қораптарда 1 қызыл шардан бар, ал қалғаны – Көк шарлар.Бірінші қорапта 15 шар, екінші қорапта 120 шар, үшінші қорапта 200 шар бар. Қорапқа қарамай 1 қызыл шарды алу мүм-кіндігі артығырақ болу үшін, шарды қай қораптан алу керек?
6) Отбасынд үш бала бар. Анасының жасы барлық баласының жастарының қосындысынан 5 жас артық. Әкесінің жасы Арман мен Бауыржанның жасының қосындсынан 3 есе артық. Кімнің жасы үлкен: әкесінің бе әлде анасының ба? Қанша жас үлкен?
7) Арман 22 қыркүйекте дүниеге келген. Ол Әлиядан 60 күн кіші. Биылғы жылы Арманның туған күні жексенбіге сәйкес келді. Әлияның туған күні биылғы жылы аптаның қай күніне сәйкес келеді?
8) Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының ғимараты мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілді . Онда бірнеше музей орналасқан .Музей кассасында 40 000 билет болды . Оның 8000 - ы балаларға , ал қалғаны ересектерге арналған .Балалар билеті ересектер билетіне қарағанда неше есе кем ?
9) М узей қоймасында әлі қойылмаған 40 000 жәдігер бар .Оның 8000 -ы үлкен қораптарда сақталған .Кішкентай қораптар әр сөреге 100 - ден қойылды .Қораптар неше сөреге қойылды ?
10) Халқаралық байланыс қоңырауы үшін Болат 2828 теңге төлеуі тиіс . Болат 2 рет қоңырау шалып 5 минуттан сөйлесті .Телефонмен 1 минут сөйлесу құны қанша теңге тұрады ?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет