Мақалада әйелдер зейнет жасын ұлғайту мәселесіне қаржы қорларының тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан талдау жасалған



Дата25.02.2016
өлшемі103.97 Kb.
#23544
УДК 65.261.53/5

С:Д:Жубаев

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Астана. Қазақстан.

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫН ҰЛҒАЙТУ - ҚАРЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕ


Мақалада әйелдер зейнет жасын ұлғайту мәселесіне қаржы қорларының тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан талдау жасалған. Республикалық бюджет түсімдері мен Мемлекеттік бюджет шығыстарының көрсеткіштерінің серпіні берілген. Талқылау нәтижесінде зейнет жасын 5 жылға емес, тек 2-3 жылға ұлғайту ұсынылған.
Өзекті сөздер: ынтымақтық және жинақтаушы зейнет жүйелері, зейнет жасы, зейнетақы, зейнетақы қорлары, бюджет, бюджет түсімдері, бюджет шығындары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жыл 27 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің экономикалық дағдарыстарға төтеп бергенін атап өтті. Сонымен бірге Қазақстанның дамығын елдер қатарынан жоғары орын алуы қаржы жүйесінің, соның ішінде зейнетақы жүйесінің тиімді жұмыс жүргізуімен тығыз байланысты екенін айтты. [1]

1998 жылға дейін Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы Кеңес дәуіріндегі зейнетақы жүйесіне ұқсас жүйе бойынша тағайындалып, яғни кәсіпорындардың өз қызметкерлерінің еңбек ақысы мөлшеріне байланысты бюджетке аударылатын салық және жарнасы есебінен төленіп келді.

Бұл жүйе «ынтымақтық» жүйе деп аталды. Зейнетке шыққандардың зейнетақысы жұмыс істеп жатқандардың табысынан бюджетке төленген салық және жарна есебінен қаржыландырылды.

Бірақ, тоқсаныншы жылдардағы экономикалық дағдарыс және жұмыссыздық етек алған жағдайда салық пен жарнадан жиналған бюджеттегі қаражат мемлекттік зейнетақы төлеу үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпеді. Сол кездері зейнетақы көлемінің аз болғанына қарамастан, бұл мәселе өткір сипат ала бастап, уақытылы зейнетақы төлеу қиын болған еді.

1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқылардан болып, зейнетақы жүйесін реформалау арқылы,. «ынтымақтық» жүйесіне қосымша міндетті «жинақтаушы» жүйесін және ерікті кәсіптік жарнадан тұратын жүйені ендірді. Сөйтіп, елімізде көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптастырылды. Нәтижесінде, зейнетақыны уақытында төлеу мәселесі шешілді.

2013 жылдың қаңтарына келіп жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаржы 3,2 трлн тенге болды. АҚШ долларымен есептегенде 21,3 млрд доллардан асты. Ұлттық қорымыздағы қаржыдан 2,5 есе ғана аз.

Ескерте кететін жәйт, өкінішке орай, болашағы кең деп есептелген ерікті кәсіптік жарнадан тұратын жүйе дамымай қалды. Ұлттық банк деректеріне сай, ерікті кәсіптік жарнадан бар жоғы 0,1 млрд тенге қор жиналды.

Адам өмірінің ұзақтығының орта жасының ұлғайуына байланысты дамыған мемлекеттерде жұмыс істеушілер саны мен зейнеткерлер саны ара қатынасы өзгерді. БҰҰ дерегі бойынша, әлем елдерінде орташа есеппен бүгінгі күнде зейнеткерлер саны жалпы халықтың 10 пайызын құрайды, ал жұмыс істеушілер санының зейнеткерлер санына қатынасы 3 тен 1 ге жақын. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 1,5 нан 1 ге болып тұр. Қазақстанда 2,1 ден 1 ге. Яғни, екі жұмыс істейтін адамға 1 зейнкеткер келіп тұр. Ал, статистикалық дерек көздеріне сүйенсек, еңбекке қабылетті жастағылар саны 10,6 млн.адам, еңбекке қабылетті жастан асқандар 1,7 млн.адам, арақатынас 6 дан 1 ге. Сонда, еңбекке қабылетті адамдардың жұмыспен қамтылмағандары, солардың ішінде зейнетақы жүйесіне қосылғандары аз адам болып тұр. [5.стр 8]


Бұл жағдайда, егер зейнетақы жүйесін тиісінше өзгертпесек, бюджет қаражатынан төленетін қаржы көлемі ұлғайып, жақын болашақта бюджетке ауыртпашылық түседі. Мәселе осында. Басқа тиімді жолын таппасақ, бюджет табысын ұлғайту үшін салықтарды өсіруге мәжбүр боламыз. Салықтардың өсуі өз кезегінде экономикамыздың тұрақты дамуына кері әсерін тигізетіні бар...

2013 жылғы Республикалық бюджетіміздің табысының тек 70 пайызы ғана салықтардан құралып, қалғанын трансферт деп аталатын Ұлттық қордан бөлініп жатқан қаржыдан пайдаланып жатырмыз. Әлемдік тәжірибеде, мемлекеттердің бюджеті, негізінен, 97-100 пайыз салықтардан құралады. . [6.стр 159]


Кесте 1 Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің табыстары






Табыстар

2006

2008

2013

млрд.тг

үлесі

%


млрд.тг

үлесі

%


млрд.тг

үлесі

%


1

Салық түсімдері

1668

90,4

2071

62,4

3736

70,0

2

Салықтан тыс түсімдер

49

2,6

72

2,2

59

1,1

3

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

8

0,4

8

0,2

19

0,4

4

Трансферттердің түсімдері

122

6,6

1165

35,2

1517

28,5




Барлығы

1847

100

3317

100

5332

100

Ескерту. Кесте Қазақстанның 2011 статистикалық жылнамалығы деректері негізінде түзілді.

Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша Республикалық бюджеттің табыстарының көзі болып 2006 жылы 6,6 пайыз трансферт түсімдері болса, 2008 жылы – 35,2 пайыз, 2013 жылы – 28,5 пайыз болған. Жақын болашақтағы мақсатымыз, Республикалық бюджеттің табыстарының негізгі бөлігін салықтардан қалыптастырумыз керек, немесе бюджет шығындарын оңтайландырып, Ұлттық қор трансферттері үлесін мүмкіндігінше азайту керек.

Мемлекеттік бюджет шығындарының басым бөлігі әлеуметтік салаларды қаржыландыруға жөнелтіледі. Бұлар, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуді қаржыландыру. Соңғы жылдары әлеуметтік саланы қаржыландыр көлемі бюджет қаржысының басым бөлігін, 45-46 пайызын құрауда. Бұлардың ішінде зейнетақы қаражаттары «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» фунуционалды тобының құрамына кіреді. [6.стр 160]

Кесте 2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің әлеуметтік сала шығындары





Табыстар

2006

2008

2013 (болжау)

млрд.тг

үлесі

млрд.тг

үлесі

млрд.тг

үлесі

1

Білім беру

327

15,2

572

16,8

984

16,3

2

Денсаулық сақтау

223

10,3

363

10,6

648

10,7

3

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

422

19,6

622

18,3

1146

19,1

4

Әлеуметтік сала барлығы

972

45,1

1557

45,7

3018

46,1

5

Басқалары

1178

54,9

1837

54,3

3006

53,9




Барлығы

2150

100

3394

100

6024

100

Ескерту. Кесте Қазақстанның 2011 статистикалық жылнамалығы деректері негізінде түзілді.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету қаражаттары бюджет шығындарының 18-19 пайызын, яғни жалпы бюджет шығындарының қомақты бөлігін құрап тұр. Бұл шығындардың негізгі бөлігі зейнетақы төлемдері. Сондықтан, жоғарыда келтірілген деректердің көлемдерін талқылау арқылы жақын болашақта бюджет шығындарын тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін зейнетақы төлемдерінің үлесін бюджет шығыстарының құрамында бақылаусыз өсуіне жол бермеу мақсатқа сай болар еді.

Өркениетті елдер бұл мәселені шешудің жолдарының бірі ретінде азаматтардың зейнетке шығу жасын ұлғайтуды қолданып отыр. Қазақстан да 1998 жылы, батыл қадам жасап, зейнетке шығу жасын алдыңғы әйелдер 55 және ерлер 60 жас деңгейден әрқайсысын 3 жасқа ұлғайтып, бюджетімізден зейнетақы төлеу мәселесін оңтайлы шешкен еді. Қазақстанның бұл тәжірибесін, бүгінгі күнде зейнетақы төлеу мәселесінде өте күрделі жағдайда тұрған Ресей Федерациясы өнеге ретінде алмақшы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің дайындаған ұсынысы бойынша, әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 ден 63 жасқа дейін көтеру нәтижесінде жақын болашақта зейнетке шығатын зейнеткерлер саны 26 пайызға азаяды. Бүгінгі күнгі 1,6 млн зейнеткерлер санымен шартты түрде салыстырсақ, бұл 400 мың зейнеткерге аз. Бюджеттен төленетін зейнетақы көлемінің шартты түрде үнемделетін көлемі алдағы 11 жылда 3 трлн теңге болуы күтілуде. [5.стр 8]

Әрине, мәселе әйелдердің зейнет жасын ұлғайту арқылы бюджет қаражатын үнемдеу емес екені белгілі, сонда да мұндай қомақты қаржының бюджет шығындарына аурытпалық болмауы, азаматтардың зейнетақы қорларын өздерінің жарналарынан қалыптастыру, мемлекеттің қаржы қорының тұрақты сақталуына, экономикамыздың басым бағыттарын жеткілікті дәрежеде қаржыландыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде экономикамыздың қарқынды дамуы қамтамасыз етілсе, зейнетақының ен төменгі мөлшерін сезілерлі дәрежеде көтеріп, зейнеткерлер тұрмысын жақсартуға мүмкіндік туылады.

Зейнетақы мөлшерінің, зейнетке шығу жасының өзгеруі мемлекеттің қаржы қорларын-бюджетті қалыптастыруға тікелей байланысты екенін нақты ашық айту керек. Егерде мәселе әйелдердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі өтілінің аз болуымен ғана байланысты болғанда, оны қабылданған заңдар талабын өзгертумен шеше салуға болар еді.

Осы мәселе төңірегінде және бір нәрсеге көңіл бөлгеніміз дұрыс болар еді. Біз шығыс халқымыз, өзімізге сай салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, менталитетіміз бар. Біз әйел-қыздарымызды ерлерге тең көрмейміз. Олардың нәзік жанды екенін естен шығармай, өзімізден артық санаймыз. Қазақ қызын төрге отырғызған. Сондықтан, әйелдердің зейнет жасын ерлерге теңестірмей, зейнет жасын 5 жылға емес, тек 2-3 жылға көтеру дұрыс болар еді деп ойлаймын.

Бүгінгі күнде Қазақстан еркектерінің туған кезден күтілетін өмір ұзақтығы 64,5 жас. Жақын болашақта осы көрсеткішті 70 жасқа жеткізсек, еркектердің зейнет жасын 65 ке көтеріп, сонда ғана әйелдерімізге 63 жастан зейнетке шығуына байланысты шешім қабылдауды ұсынған болар едім.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы. 2012 жыл 27 желтоқсан.

  2. Зейнетақыны зейіндеу. Егемен Қазақстан. №98. 3.04.2013.

  3. В ожидании перемен. Бизнес и власть. 29.03.2013.

  4. Әлеуметтік қорғау әлеуеті. Егемен Қазақстан. № 108. 17.04.2013.

  5. «Система становиться гибкой и расширяет возможности». Бизнес и власть. 12.04.2013.

  6. 2011 жылғы статистикалық жылнама. КР Стаистика агенттігі. Астан 2012 жыл.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет