5 практикалық сабақ



Дата17.11.2023
өлшемі17.61 Kb.
#483533
түріСабақ
5-семинар Перизат


5 практикалық сабақ Арнайы мектепте тәрбие процесін ұйымдастыру
Мектеп оқушыларына сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі құрылымы - сабақ үстіндегі, сабақтан тыс уақыттағы, мектептен тыс уақыттағы, қоғамдық ұйымдардағы және қоғам, мектеп, ата-аналар бірлестігінде, жоғары сыныпта кәсіптік білім беруде т.б. іске асырылады, бір-бірімен сабақтастықта және жүйелі түрде байланыстыра отырып, шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесінің негізгі құрауыштары тәрбие заңдылықтары мен ұстанымдарын, әдістер мен формаларын, құралдарын т.б. дұрыс нәтижелі пайдаланған да ғана табысты нәтижеге жетеміз.
Заңдылық ретінде біз тәрбие үрдісіндегі тұрақты құбылысты қарастырамыз, оны іске асыру кезінде жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында әсерлі нәтижелерге қол жетеді. Тәрбиенің негізгі заңдылықтарын тәжірибелік-эксперименттік жұмыста нақты қамтылуы көзделді. Ол «тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажетін өтеуге сай келуі, оның демократиялық принципті іске асыруы, адам құқығын қорғау мәселелері мен тығыз байланыстылығы, тәрбие үдерісінің диалектикасы, жеке тұлғаның үздіксіз дамуда, өзгерісте, қозғалыста болуына байланысты. Оқушылардың жас және жеке басы ерекшеліктерінің ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы, тәрбиенің екі жақты сипаты. Тәрбие ісіне қатысу екі жақты болады: біріншіден, тәрбиеші дене тәрбиеленушіге дейінгі тікелей байланыс арқылы іске асырылатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабар неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл заңдылық мұғаліммен оқушының өзара әрекеттесуін және тәрбиенің нәтижелі болуын қарастырады. Егер тәрбие үрдісіне қатысушылардың өзара байланысы нәтижелі болмаса, тәрбие ісінің тұтастығы да болмайды.
Тәрбиенің ұжымдық бағыттылығы, мектептің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны, оқушылармен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекетті сол қалпында сақтауды қажет етеді».


Жіктеу негізі



Тәрбие әдістері

Бағыттылығы бойынша



Сендіру, жаттықтыру, мадақтау, жазалау

Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ісәрекетінің сипаттамасы бойынша

- түсіндірмелі-репродуктивті, - проблемалық-ситуативті,
- үйрету мен жаттықтыру әдістері,
- ынталандыру мен тежеу,
- жетекшілендіру әдістері,
- өздік тәрбие әдістері.

Тәрбие үдерісінде алатын орны бойынша

тұлға санасын қалыптастыру әдістері

- іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері және 25 қоғамдық мінез-құлықтың тәжірибесін қалыптастыру,


- іс-әрекет пен мінез-құлқысын ынталандыру әдістері.





Педагогикалық жіктеу бойынша

- балалардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыру мен өздік ұйымдастыру әдістері. ұжымдық ойын, ұжымдық біркелкі талаптар, ұжымдық өздік басқару, ұжымдық жарыстар

- мақсатталған күнделікті қарым-қатынас әдістері, іс жүзінде, дос-жаран ретінде, сенімді өзара әрекеттесу: сендіру, педагогикалық талап, құрметтеу, талдау, пікірталас, ұғыну, сенім, ынталандыру, жан ашу, қорғау, сынау


- педагогикалық әсер ету әдістері, іс-әрекетті, балалардың мінез-құлықтарын түзету, ынталандыру және тежеу, олардың тұлғасына жақындау, оларды өздік реттеуге және өздік тәрбиеге ынталандыру.





Іс әрекет концепциясы бойынша

- тұлға санасын қалыптастыру әдістері (сендіру әдістері)
- іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері

- іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері.



Тәрбие іс-шарасына дайындалуда педагогтың әрекеттерді орындау бірізділігі:


1. Оқу бағдарламасы бойынша материа мазмұнымен танысу.
2. Тақырыпты құрастыру.
3. Әдістемелік әдебиеттен сабақ материалын оқу.
4. Сабақ құрылымын анықтау.
5. Сабақтың білім беру, тәрбие, дамыту міндеттерін құрастыру.
6. Сабақта қайталау үшін материалды іріктеу.
7. Сабақ жабдықтарын дайындау.
8. Тәрбие сабағының жоспарын құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет