5 т-100-130 турбоагрегатын қайта жаңарту кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспарының жобасы бойынша жария тыңдауының хаттамасы



Дата23.02.2016
өлшемі56.24 Kb.
#8653
2014-2015 жылдарға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО генераторын ауыстырумен

5 Т-100-130 турбоагрегатын қайта жаңарту кезеңіне



қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспарының жобасы бойынша

жария тыңдауының хаттамасы

Өткізілген күні: 2014 жылғы 21 қараша

Өткізілген жері: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 3-ЖЭО мәжіліс залы.

Жария тыңдауын ұйымдастырған: «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ

Жария тыңдауын өткізу туралы ақпарат мына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жеткізілді: «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» газеттерінің №124 сандарында мемелекеттік және орыс тілдерінде 01.11.2014 ж. жария тыңдауының өткізілетін күні мен орны, сондай-ақ іс-шаралар жоспарының жобасын сұратуға болатын мекенжайы және телефоны көрсетілген хабарландыру жарияланды.

Пайдаланылған материалдар:

2014-2015 жылдарға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО генераторын ауыстырумен № 5 Т-100-130 турбоагрегатын қайта жаңарту кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспарының жобасы бар стендтер.



Қатысқандар:

Жергілікті атқарушы органның өкілі Мырзабаева А.М - «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы-заңгер (2014 ж. 3 қарашадағы № 9-7367 хабарлама, апарушы арқылы жолданды), Орлик Т.Ю. – ҚР ЭМ Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің аға мемлекеттік инспекторы (2014 ж. 3 қарашадағы № 9-7369 хабарлама, апарушы арқылы жолданды); Сиюнич Т.Н.- «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ экологиялық сараптау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімінің бас маманы (2014 ж. 3 қарашадағы № 9-7368 хабарлама, апарушы арқылы жолданды); Гринев И.Н. – 3-ЖЭО директоры, Верголяс А.Г. – 3-ЖЭО бас инженері, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО персоналы – 13 адам, жұртшылық өкілдері - 3 адам (қатысушылардың тізімі қоса берілген).



Сөз сөйлегендер:

Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары, жария тыңдауына қатысушыларды қарсы алып, жария тыңдауын ашу үшін жергілікті атқарушы органның өкілі «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы-заңгер А. М. Мырзабаеваға сөз берді.

А. М. Мырзабаева – «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы-заңгер күн тәртібінің мәселелерін атап өтті:

Жария тыңдауының күн тәртібі:

  1. Жария тыңдауының төрағасын және хатшысын сайлау.

  2. 2014-2015 жылдарға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО генераторын ауыстырумен № 5 Т-100-130 турбоагрегатын қайта жаңарту кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспары бойынша баяндама.

  3. Жобаны талқылау, баяндамашыға сұрақ қою, сұрақтарға жауап.

Сөз сөйлеу регламенті ұсынылды - баяндамаға 15 минут, талқылауға – 10 минут.

Сөз сөйлегендер:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша №4 цехтың химиялық зертханасының инженер-лаборанты Герасименко Т.В. сөз алып, жария тыңдауының төрағасы етіп 3-ЖЭО директоры И.Н. Гриневті, хатшысы етіп – ҚОҚБ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженер Е.В. Харченконы сайлау жөнінде ұсыныс жасады.

Дауыс берудің нәтижесі бойынша жария тыңдауының төрағасы болып И.Н. Гринев., хатшысы болып Харченко Е.В. бірауыздан сайланды.



Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша төраға И.Н. Гринев баяндама жасау үшін сөзді қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер Е.В. Богачонокқа берді.

Е.В. Богачонок 2014-2015 жылдарға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО генераторын ауыстырумен № 5 Т-100-130 турбоагрегатын қайта жаңарту кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспары бойынша баяндама жасады (баяндаманың материалдары хаттамаға қоса берілген).


Баяндамадан кейін.

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

№5 Т-100-130 турбоагрегатын қайта жаңарту кезеңіне ғана әзірленгендіктен, табиғат қорғау іс-шараларының жоспары аса үлкен емес.



Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ

Турбоагрегатты қайта жаңарту бойынша жұмыстардың ұзақтығы қандай?



Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

№5 турбоагрегатын қайта жаңарту бойынша жұмыстардың ұзақтығы жобаға сәйкес 10 айды құрайды.



Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ

Қайта жаңарту бойынша жұмыстарды мердігерлік ұйымдар ма әлде өздеріңіз жүргізетін болсыздар ма?



Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

Қайта жаңарту бойынша жұмыстарды мердігерлік шарт бойынша мердігерлік ұйым жүргізетін болады.



Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ

Қайта жаңарту бойынша жұмыстарды қандай мердігерлік ұйым жүргізеді?



Жауап: Гринев И.Н., 3-ЖЭО директоры

Қайта жаңарту бойынша жұмыстарды «САЭМ-Павлодар» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізетін болады.



Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ

Қайта жаңарту кезеңіне табиғат қорғау бойынша іс-шараларға және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін шығындарды мердігерлік ұйым төлей ме?

Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

Жоқ. қайта жаңарту кезеңіне табиғат қорғау бойынша іс-шаралар мен қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша барлық шығындарды табиғат пайдаланушы, яғни «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ көтеретін болады. Мердігерлік ұйым турбоагрегатты қайта жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізуге ғана жалдалған.



Гринев И.Н., 3-ЖЭО директоры

Бесінші турбина бойынша тағы кімнің қандай сұрағы бар?



Сиюнич Т.Н., ГУ «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ

Турбоагрегатты қайта жаңарту қандай мақсатта жүргізілетін болады?



Гринев И.Н., 3-ЖЭО директоры

Генераторды ауыстырумен №5 Т-100-130 турбоагрегатты жаңарту ЖЭО қуатын ұлғайту және сенімді жұмыс істеу мақсатында жүргізіледі. Демонтаждалатын турбоагрегат 1975 жылы, 40 жыл дерлік бұрын орнатылған. Қайта жаңартудың шеңберінде турбинаның өзінің ресурсын атқарған түйнектері мен бөлшектерін ауыстыру көзделген. 3-ЖЭО Павлодар қ. Солтүстік өнеркәсіптік аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарын бумен және ыстық сумен, Павлодар қ. орталық ауданының коммуналдық және тұрғын үй секторларын жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін ыстық су түріндегі жылумен жабдықтау көзі болып табылады. Жаңа жабдықты қайта жаңарту және орнату кезінде электр станциясының ПӘК арттырудың есебінен 3-ЖЭО технологиялық циклдарының тиімділігі, сондай-ақ ауа салқындатумен, яғни сутекті пайдаланусыз электр генераторын қолдану есебінен қауіпсіздігі және сенімділігі артады.



Төраға Гринев И.Н.: (талқылаудан кейін) Қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Жария тыңдауының қорытындысын жасауға рұқсат етіңіздер. Жария тыңдау өткізілді деп санаймын. Жария тыңдауының нәтижесі жасалған ескертулер мен бүгінгі талқылаудан кейін түскен ұсыныстар ескеріліп, хаттамамен ресімделеді. Сондай-ақ, жария тыңдауының хаттамасы Павлодар қаласы кәсіпкерлік бөлімінің интернет –ресурсында тыңдау өткізілген күннен соң Жария тыңдауын өткізу ережесінде көзделген мерзімде жарияланатынын хабарлаймын.


Құрметті жұртшылық, сіздер Жария тыңдау хаттамасының мазмұны бойынша өздеріңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 7 күнтізбелік күннің ішінде беруге құқылысыздар.
Жария тыңдауының төрағасы ______________________________ Гринев И.Н.

Жария тыңдауының хатшысы _________________________________ Харченко Е.В.


Қосымша:


  1. Жария тыңдауын өткізу туралы газетке берілген хабарландырудың көшірмесі;

  2. Жария тыңдауының материалдары (баяндамалар);

  3. Жария тыңдауға қатысушылардың тізімі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет