Коммерциялық келісім-шарт құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
I. Преамбула (немесе кіріспе бөлімі)
II. Келісім – шарт пәні. Қатысушы жақтардың құқытары мен міндеттері.
III. Келісім- шарттың қосымша жағдайлары
IV. Өзге жағдайлар.
Бірінші бөлім. Преамбула келесі негізгі жағдайлардан тұрады:
1. келісім-шарттың аталуы;
2. келісім-шартқа отыру күні;
3. келісім-шартқа отыру орны;
4. контрагент фирмасының толық аталуы
және оның мемлекеттік
тіркелуі;
5. келісім-шарт бойынша екі жақтың аталуы;
6. келісім – шарт бойынша
қол қоюшылардың фамилиясы,
аты-тегі,
дәрежесі, құжаттары.
Екінші бөлім. Келісім-шарттың маңызды бөлімі:
1. келісім-шарттың бірінші жағының құқығы мен міндеті;
2. екінші жақтың құқығы мен міндеті;
3. екі жақтың міндетті орындалу уақыты;
4. әр жақтың міндетті орындау орны;
5. әр жақтың міндетін орындау тәсілдері.
Үшінші бөлім. Келесідей жағдайлары бар:
1. келісім-шарттың қызмет ету мерзімі;
2. екі жақтың жауапкершілігі;
3. міндеттерін қамтамасыз ету тәсілдері –
кепілдік, айыппұл,
тапсырыс,
алдын-ала төлеу.
Төртінші бөлім. Өзге жағдайлар:
1. келісім-шарт қатынастары қандай заңнамалармен реттеледі;
2. екі жақ арасындағы байланыстардың жағдайлары;
3. келісім-шарт алдындағы жұмыстар және оған қол қойылғаннан кейінгі
нәтижелер;
4. екі жақтың реквизиттері;
5. келісім-шарт саны;
6. келісім-шарт бойынша өзгертулер енгізу тәртібі;
7. екі жақтың қолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі) 27.12.1994 ж (13.05.2020ж
өзгертулермен)
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29
қазандағы № 375-V ҚРЗ.
3. Мұхамбетова З.С. ҚР кәсіпкерлік қызметті дамыту. Монография.
Қарағанды 2010