Жоспарлау бойынша пайдаланушы-тапсырыс берушінің нұсқаулығы. Тапсырыс беруші
«Тапсырыс беруші» бөлімі мемлекеттік сатып алу жоспарымен жұмысы істеу үшін, сатып алуға өтінімді құруға арналған.
«Тапсырыс беруші» бөлімі келесі түрде көрсетіледі:
«Тапсырыс беруші» бөлімінде келесі мәзірдің тармақтары бар:
-
Жылдық жоспарлар (Мемлекеттік сатып алу жоспары, уақытша жоспар тармақтары, жоспар тармақтарын жүктеу);
-
Сатып алуға өтінімдер;
-
Шарттар.
Мемлекеттік сатып алу жоспары
Назар аударыңыздар! Мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында екі тәсілмен орналастыруға болады:
-
Егер мемлекеттік сатып алу жоспары шағын жоспар тармақтарынан тұрса, онда жүйенің функционалымен қолдануға болады («Мемлекеттік сатып алу жоспары» мәзірі, «Жылдық жоспар» бөлімі)
-
Егер мемлекеттік сатып алу жоспары көп жоспар тармақтарынан тұрса, онда жеңілдету үшін файлдан мемлекеттік сатып алу жоспарын иппорттауды қолдану керек (рәсім «Жылдық жоспарларды импорттау» бөлімінде жазылған);
«Мемлекеттік сатып алу жоспары» бетіне көшу үшін «Мемлекеттік сатып алу жоспары» мәзірінің тармағындағы «Жылдық жоспарлар» бөлімін қолдану керек.
Мемлекеттік сатып алу жоспары тапсырыс беруші құрған, кестелік түрде ұсынылған, сатып алудың жылдық жоспары тармақтарының тізімін құрады.
Мемлекеттік сатып алу жоспарында келесі басқару элементтері орналасқан:
Объект
|
Әрекеті
|
«Қосу» батырмасы
|
Батырма жаңа жоспар тармағын құру үшін арналған, оны басқанда жаңа жоспар тармағын құру беті ашылады.
|
«Өтінімді құру» батырмасы
|
Батырма сатып алуға өтінімді құру үшін арналған, оны басқанда өтінімді құру беті ашылады.
|
Белгіленген: Көшіру
|
Әмір белгіленген жоспар тармағын көшіру үшін арналған, оны басқан кезде көшірілетін тармақтың ақпараттарымен жаңа жоспар тармағын құру беті ашылады.
|
Белгіленген: Редакциялау
|
Әмір белгіленген жоспар тармағын редакциялау үшін арналған, оны басқан кезде жоспар тармағын редакциялау беті ашылады.
|
Белгіленген: Жою
|
Әмір кестеде белгіленген жазылымды жою үшін арналған, оны басқан кезде жоюды растау туралы хабарлаулар шығады және ризалық білдірген жауап болғанда жазылымдарды жою жүргізіледі.
|
Белгіленген: Бекіту
|
Әмір белгіленген жоспар тармақтарын бекіту үшін арналған, оны басқан кезде жоспар тармағының мәртебесі «Бекітілді» болып өзгереді, жоспар тармағы редакциялауға жабылады, жойылуға жатпайды. Бекітілген жоспар тармағы бойынша сатып алуға өтінімді құруға болады.
|
Белгіленген: Кері қайтару
|
Әмір белгіленген жоспар тармағын кері қайтару үшін арналған, оны басқан кезде жоспар тармағының мәртебесі «Құрылды» болып өзгереді, жоспар тармағын редакциялау мүмкін болады.
|
«Орындау» батырмасы
|
Батырма таңдалған әмірді орындау үшін арналған.
|
Барлығы: Қарап шығу
|
Батырма барлық мемлекеттік сатып алу жоспарын қарау үшін арналған.
|
Барлығы: Жою
|
Әмір «Құрылды» мәртебесімен барлық жоспар тармақтарын жою үшін арналған, оны басқан кезде жоюдың расталғаны туралы хабарлау шығады және ризалық білдірген жауап болғанда жазылымдарды жою жүргізіледі.
|
Барлығы: Бекіту
|
Әмір барлық жоспар тармағын бекіту үшін арналған, оны басқан кезде жоспар тармақтарының мәртебесі «Бекітілді» болып өзгереді, жоспар тармақтары редакциялауға жабылады, бірақ жойылмайды.
|
Барлығы: Кері қайтару
|
Әмір бекітілген барлық жоспар тармақтарын кері қайтару үшін арналған, оны басқанда жоспар тармақтарының мәртебесі «Құрылды» болып өзгереді, жоспар тармақтарын редакциялау мүмкін болады.
|
Жаңа жоспар тармағын құру
Жаңа жоспар тармағын құру үшін, «Қосу» батырмасын қолдану қажет.
Жаңа жоспар тармағын қосу беті келесі түрде көрінеді:
Жоспар тармағын құру пішінінде келесі басқару элементтері бар:
Объект
|
Әрекеті
|
«Кері» батырмасы
|
Батырма «Мемлекеттік сатып алу жоспары» бетін қайтару үшін арналған.
|
«Сақтау» батырмасы
|
Батырма құрылған жоспар тармағын сақтау үшін арналған.
|
ЭҚТӨЖ анықтамасынан кодын іздеу үшін «ЭҚТӨЖ» алаңында ізделіп отырған мәнді енгізу қажет:
Іздеу параметрлеріне сәйкес, табылған сөздердің тізімі көрсетілген болады.
Өлшем бірлікті таңдау үшін ашылма тізімді қолдану керек, немесе жолға іздейтін мәннің бірінші әріпін енгізу керек:
Аналогиялық іздеу ашылма тізіммен барлық жолдарда жүзеге асырылады.
Жоспар тармағының толтырылған пішімін келесі түрде көруге болады:
Назар аударыңыздар! Мемлекеттік мекемелер үшін жоспар тармақтарын құру пішімі өзгеше және келесі түрде көрсетіледі:
Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу керек.
Жоспар тармағын түзету
Назар аударыңыздар! Редакциялауға тек қана «Құрылды» мәртебесімен жоспар тармақтары жатады. Егер жоспар тармағы «Бекітілді» мәртебесіне ие болса оны кері қайтару қажет (рәсім осы бөлімнің төменінде жазылған).
Құрылған жоспар тармағын редакциялау үшін «Редакциялау» ашылма тізімінен әмірді қолдану керек.
Жоспар тармақтарын редакциялау келесі түрде көрінеді:
Жоспар тармақтарын редакциялау пішімінде келесі басқару элементтері бар:
Объект
|
Әрекет
|
«Кері» батырма
|
Батырма «Мемлекеттік сатып алу жоспары» бетіне қайту үшін арналған
|
«Сақтау» батырма
|
Батырма өзгертілген жоспар тармағын сақтау үшін арналған.
|
Жоспар тармағын бекіту және кері қайтару
Жоспар тармағы құрылғаннан кейін «Құрылды» мәртебесіне ие болады. Жоспар тармағы редакциялана алады және оны жоюға болады.
Сатып алудың жоспар тармақтарын бекіту үшін «Бекіту» әмірін қолдану қажет.
Бір белгіленген жоспар тармақтары бойынша, және Барлығын: Бекіту әмірін қолдану арқылы барлық құрылған жоспар тармақтарын бекітуге болады.
Мемлекеттік сатып алу жоспарының тармағы бекітілгеннен кейін, жолдың мәртебесі «Құрылды» мәртебесінен «Бекітілді» болып өзгеріледі.
Егер бекітілген жоспар тармағын редакциялау қажет болса, онда ол үшін «Кері қайтару» әмірін қолданып, кері қайтару қажет.
Бір белгіленген жоспар тармақтары бойынша, және Барлығын: Кері қайтару әмірін қолдану арқылы, барлық құрылған жоспар тармақтарын кері қайтаруға болады.
Мемлекеттік сатып алу жоспарының тармағы кері қайтарылғаннан кейін, жолдың мәртебесі бекітілдіден «Құрылды» болып өзгеріледі.
Жоспар тармақтарын қарау
Жоспар тармағын қарау үшін жоспар тармағының ID белсенді сілтемесіне басу керек.
Жоспар тармағын қарау беті келесі түрде көрсетіледі:
«Кері» батырмасы сатып алудың жоспар тармақтарын бетке қайтару үшін керек.
Барлық бекітілген жылдық жоспарды қарау үшін Барлығын: Қарау әмірін қолдану керек.
Жылдық жоспарды қарау беті келесі түрде көрсетіледі:
Мемлекеттік сатып алу жоспарында іздеу Мемлекеттік сатып алу жоспарында іздеуді жүзеге асыру үшін Сүзгі бар.
Сүзгінің мәзірі мемлекеттік сатып алу жоспары бетінің сол жағында көрсетілген және келесі түрде көрсетіледі:
Іздеу жүйесінде келесі басқару элементтері бар:
Объект
|
Әрекеті
|
Іздеу
|
Осы алаң іздеген мәнді енгізу үшін арналған
|
Сатып алу тәсілі
|
Ашылма тізімнен сатып алудың тәсілдерін таңдау қажет:
-
Конкурс
-
Электрондық сатып алулар арқылы конкурс
-
Электрондық сатып алу арқылы баға ұсыныстарын сұрату
-
Бір көзден алу
-
Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу
-
Ұйымдастырылған электронды сауда-саттық
-
Ашық тауар биржалары арқылы
-
Ерекше тәртіп
-
Арнайы тәртіп
-
Заң нормаларын қолданусыз
-
Екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен конкурс
-
Электрондық сатып алу арқылы екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен конкурс
-
Шарттың өзгеруі («Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39 б. 2 т. 3 т.)
-
Шартты ұзарту (Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 5 б. 9 т.)
|
Сатып алу нысанасының түрі
|
Ашылма тізімнен сатып алу нысанасының түрін таңдау қажет:
-
Тауар;
-
Жұмыс;
-
Көрсетілетін қызметтер.
|
Сатып алудың жоспарланған мерзімі
|
Ашылма тізімнен жоспарланған айды таңдау қажет
|
Мәртебе
|
Ашылма тізімнен мәртебені таңдау қажет:
|
«Қолдану» батырмасы
|
Батырма іздеу үшін таңдалған критерийлерді қолдану үшін қажет
|
«Тазарту» батырмасы
|
Батырма таңдалған критерийлерді түсіру үшін қажет
|
Іздеу үшін, «Іздеу» жолында келесі әмірлерді қолдану қажет:
ЖӘНЕ операторы («картоп» та, «сәбіз» де бар, барлық жазылымдар табылады): картоп және сәбіз
НЕМЕСЕ операторы («картоп» немесе «сәбіз» бар, барлық жазылымдар табылады): картоп | сәбіз
ЕМЕС операторы («картоп» бар, бірақ «сәбіз» жоқ, барлық жазылымдар табылады): картоп – сәбіз, картоп ! сәбіз
Сөйлем бойынша іздеу (сөйлем толық кездесетін, барлық жазылымдар табылады): "картоп және сәбіз"
Бүркеншік бойынша іздеу (жол астылық карто*бар, яғни картоп, картошка және т.б.): карто*
Жылдық жоспарды жүктеу
«Жылдық жоспарды жүктеу» бөлімі мемлекеттік сатып алудың жоспарын жүктеуге арналған.
Файлдан мемлекеттік сатып алудың жоспарын жүктеу қызметі мемлекеттік сатып алу порталына сатып алудың жылдық жоспарын тасымалдау рәсімін тездету мақсатында іске асырылған.
Жүктеу үшін файлды дайындау
Назар аударыңыздар! Жылдық жоспарды жүктеу тек қана, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының электрондық үлгісіне сәйкес толтырылған файлдан шығарылады.
Жүктеу үшін файлды дайындау
Жылдық жоспарды жүктеу тек қана, Excel пішімінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының электрондық пішіні бойынша толтырылған файлдан шығарылады.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының үлгісі келесі түрде көрінеді:
Назар аударыңыздар! Үлгінің құрылымын өзгертуге, қосуға, жолдарды, ұяшықтарды біріктіруге болмайды. Үлгінің құрылымын өзгерту деректерді жүктеу кезінде қателердің пайда болуына әкеп соғады.
Назар аударыңыздар! Барлық жолдар толтыру үшін міндетті. Тек қана мемлекеттік мекемелер үшін арналған алаңдар ерекше болып табылады. (бағандардың атауларын қара).
Файлды сақтау
Толтыру бойынша әдістемеге сәйкес үлгінің пішімі бойынша мемлекеттік сатып алудың жоспарының файлын толтырғаннан кейін, оны Юникод мәтіні пішімінде сақтау қажет.
Ол үшін, Excel бағдарламасында «Басқаша сақтау» батырмасын басу қажет және көрінген терезеден «Юникод мәтіні» файл түрін таңдау қажет.
Пайда болған хабарламаның файлын сақтау үшін, «ОК» батырмасын басу керек.
Содан кейін «Иә» батырмасын басу қажет.
Файлдың импорты
Жүктеу үшін файлды дайындағаннан кейін, оны мемлекеттік сатып алу порталына импорттау керек.
Ол үшін «Жылдық жоспарлар» , «Жылдық жоспардың импорты» бөлімініе кіру керек.
Мәзірдің «Жылдық жоспарды жүктеу» тармағын басқаннан кейін «Жылдық жоспарды жүктеу» беті ашылады, оны келесі түрде көруге болады:
Сатып алу жоспарының импорты беті келесі ақпараттардан тұрады:
-
Көшімелеу үшін мемлекеттік сатып алудың толтыру әдістемесі және жоспар үлгісі
-
«Мемлекеттік сатып алу жоспарының импорты» бөлімі
-
Жүктелген файлдардың тізімі
Мемлекеттік сатып алу жоспарымен файлды таңдау үшін «Файлды таңдау» батырмасын басу керек.
Пайда болған тілқатысу терезесінен, жүктеу үшін алдын-ала дайындалған файлды таңдау қажет және «Ашу» пернесін басу керек.
Одан әрі «Аталуы» алаңында файлдың аталуын көрсету қажет және «Жүктеу» батырмасын басу керек.
Мемлекеттік сатып алу порталына файлды жүктеу біткеннен кейін жүктелген файлдар тізімінде, жүктелген файлға сәйкес жол көрінеді.
«Мәртебе» алаңында мемлекеттік сатып алу жоспарында жүктелген файл қандай кезеңде тұрғаны көрінеді.
-
Жүктелді – файл мемлекеттік сатып алу порталына жүктелді, бірақ деректерді пысықтауды өткен жоқ
-
Пысықталды – деректерді пысықтау рәсімі аяқталды, жүктелу туралы есеп құрылды
Пысықталу кезеңіне файл өту үшін жүктелген файлдар тізімінде «Пысықтау» белсенді сілтемесіне басу керек.
Назар аударыңыздар! Жүктелген файлдың деректерін пысықтау рәсімі пысқталуға түскен файлдардың тәртіпті кезегінде жүргізілетін болады.
Деректерді пысықтау рәсімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының электрондық мекен-жайына деректерді пысықтау рәсімі аяқталғаны туралы хабарлама жіберілетін болады, жүктелген файдардың тізімінде файлдың мәртебесі «Пысықталды» болып өзгереді және Есепті қарау үшін сілтеме көрінеді.
Жүктелу туралы есепті қарап шығу үшін жүктелген файлдар тізімінде «Есеп» белсенді сілтемесін басу керек.
Жүктелу туралы есеп
Файлдан деректерді жүктеу процесі аяқталғаннан кейін жүктеу бойынша есеп құрылатын болады, ол келесі түрде көрінеді:
Мемлекеттік сатып алу веб-порталына көшірілетін, есептемеде сатып алу жоспарының барлық жолдары, жалпы қатесіз жоспар тармақтарының саны және осы жоспар тармақтарының жалпы сомасы көрсетілетін болады.
Қызыл түспен көрсетілген жолдарда қате бар. Алаңда қате болса, қате туралы хабарлама көрсетіледі.
Жасыл түспен көрсетілген жолдарда сәйкесінше қате жоқ және олар уақытша кестеге орналастырылады.
«Дубликат» таңбасымен жолдар жылдық жоспарда немесе жоспар тармақтарының уақытша кестесінде бар. Жоспар тармақтарын қайталаудан сақ болу үшін осы мерзімдер импортталмайды.
Назар аударыңыздар! Егер Жүктеу туралы есепте қателер болса, онда:
-
импорттың рәсімін үзу;
-
мемлекеттік сатып алу жоспарының Excel-файлын ашып, табылған қателерді түзетіңіз, Юникод мәтні пішімінде сақтаңыз;
-
мемлекеттік сатып алу порталына файлды иппорттау рәсімін қайталау қажет.
НЕМЕСЕ
-
жүйенің функционалын қолданып дұрыс жүктелмеген деректерді енгізу қажет («Мемлекеттік сатып алу жоспары» мәзірі, «Жылдық жоспарлар» бөлім).
Уақытша кесте
Жүктелген файлдың деректерін пысықтау рәсімі аяқталғаннан кейін жүктеу туралы есеп құрастырылады және түзу деректермен (жасыл түспен белгіленген жүктелу туралы есеп) сатып алудың жоспарының жолдары уақытша кестеге орналастырылады.
Уақытша кестенің бетін ашу үшін мәзірден «Уақытша жоспар тармақтары» мәзірі тармағының «Жылдық жоспары» бөлімін таңдау қажет.
Уақытша жоспар тармақтары беті келесі түрде көрінеді:
Уақытша кестеде келесі басқару элементтері орналасқан:
Объект
|
Әрекеті
|
Белгіленген: Жоспарға көшіру
|
Батырманы басқан кезде белгіленген жолдар мемлекеттік сатып алу жоспарына тасымалданады
|
Белгіленген: Жою
|
Батырманы басқан кезде белгіленген жолдар жойылады
|
Барлығы: Жоспарға көшіру
|
Батырманы басқан кезде барлық жолдар мемлекеттік сатып алу жоспарына тасымалданады
|
Барлығы: Жою
|
Батырманы басқан кезде барлық жолдар жойылады
|
Белсенді сілтемеге басқан кезде жоспар тармағының ID жолды қарау пішіні ашылады, ол келесі түрде көрінеді:
«Кері» батырмасы уақытша жоспар тармақтары бетіне оралу үшін арналған.
Жүктелген деректердің дұрыстығын тексергеннен кейін мемлекеттік сатып алу жоспарына деректерді тасымалдау үшін «Жоспарға көшіру» әмірін қолдану қажет.
Жоспар тармақтарының уақытша кестесінен жолдарды көшіргеннен кейін, жүктелген жоспар тармақтары «Мемлекеттік сатып алу жоспары» мәзірінің «Жылдық жоспарлар» бөлімінде болады.
Сатып алуға өтінімдер
Сатып алуға өтінімдер сатып алуды өткізу қажет болған жағдайда, тапсырыс беруші құрған, өтінімдердің тізімін білдіреді
-
электрондық сатып алу арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілі;
-
қағаздық рәсімдер арқылы конкурс туралы хабарландыруды құру үшін;
-
қағаздық рәсімдер арқылы бір көзден алу хабарландыруын құру үшін;
шарттарды тіркеу үшін
-
Заң нормасын қолданусыз;
-
бір көзден алу;
-
ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;
-
ашық тауар биржалары арқылы;
-
ерекше тәртіп;
-
арнайы тәртіп.
Сатып алуға өтінім «Сатып алуға өтінімдер» мәзірінде көрінеді, және де «Тапсырыс берушілердің өтінімдері» бөлімінің ұйыдастырушының жұмыс орнында қайталанады, соның негізінде мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру құрылады.
«Сатып алуға өтінімдер» бетіне көшу үшін «Сатып алуға өтінімдер» мәзірінің «Жылдық жоспарлар» бөліміндегі тармағын қолдану қажет.
Сатып алуға өтінімдер кесте түрінде ұсынылған.
Менің өтінімдерімде келесі басқару элементтері орналасқан:
Объект
|
Әрекеті
|
«Қарап шығу» батырмасы
|
Өтінім белгіленген өтінімдерді қарау үшін арналған
|
«ЭМС бас тарту» батырмасы
|
Батырма сатып алудан бас тарту үшін арналған.
|
«Жою» батырмасы
|
Батырма менің өтінімдерім тізімінен өтінімді жою үшін арналған.
|
ID
|
Құрылған өтінімнің жалпылауыш жазылымы
|
ID т\т
|
Негізінде өтінім құрылған жоспар тармағының жалпылауыш жазылымы
|
Атауы
|
Құрылған өтінімнің атауы
|
Сатып алудың тәсілі
|
Сатып алудың тәсілі
|
Сипаттау
|
Өтінімге қысқаша сипаттама беру:
-
Өлшем бірлік;
-
Сан, көлем;
-
Бірлік бағасы;
-
Жоспарланған сома.
|
Жеткізудің мерзімі
|
Жоспарланған жеткізудің мерзімі
|
Мәртебе
|
Алаңда келесі мәндер бар:
-
Құрылды – өтінім «Тапсырыс берушілердің өтінімдері» бөлімінде көрсетіледі, өтінімнің негізінде сатып алуға хабарландыруды құруға болады
-
Таңдалды – мәртебе өтінімнің негізінде құрылған, сатып алуды құрған кезде беріледі
-
Жарияланды – мәртебе хабарландыруды жариялағаннан кейін белгіленеді
-
Күтуде - мәртебе конверттерді ашу рәсімі анықталғаннан кейін белгіленеді
-
Аяқталды – мәртебе қорытындыларды жинақтағаннан кейін жазылымда белгіленеді
|
Сатып алуға өтінімдерді құру
Сатып алуға өтінімді құру үшін, «Мемлекеттік сатып алу жоспары» мәзірі, «Жылдық жоспарлар» бөліміндегі «Өтінімді құру» батырмасын қолдану керек.
Назар аударыңыздар! Өтінім тек қана бекітілген жоспар тармағы бойынша құрылады.
Өтінімді құру бетін келесі түрде көруге болады:
Ашылма тізімнен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысын таңдау қажет. Егер ұйымдастырушы біреу болса, онда ұйымдастырушыны белгілеу автоматты түрде болады.
Өтінімді құру пішімінде келесі басқару элементтері бар:
Объект
|
Әрекеті
|
«Кері қайту» батырмасы
|
Батырма мемлекеттік сатып алу жоспарының бетіне оралу үшін арналған.
|
Сатып алуға өтінімдерде ЭМС бас тарту
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 10 тармағына сәйкес тапсырыс беруші екі жағдайда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқықты.
Мемлекеттік сатып алудан бас тартуды өткізу үшін «Сатып алуға өтінімдер» бөлімінде «ЭМС бас тарту» батырмасын қолдану керек.
Бас тарту тек қана жоспар тармағы «Жарияланды» мәртебесіне ие болған кезде орындала алады, яғни өтінімнің негізінде құрылған сатып алу өту поцесінде болған кезде.
«ЭМС бас тарту» батырмасын басқан кезде мемлекеттік сатып алудан бас тарту беті ашылады.
Мемлекеттік сатып алудан бас тарту себебін таңдағаннан кейін «Өтінімді қабылдамау» батырмасын басу қажет.
Жоспар тармағының мәртебесі «Бас тарту» болып өзгереді, жоспар тармағы мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырудан жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |