ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
УМКД
|
УМКД 042-16.1.32/03-2013
|
УМКД
«Cауат ашу әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
______2013 жылғы
№ 3 басылым
|
5 В 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
«Cауат ашу әдістемесі»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
1.1 Әдіс – құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері. 1.2Әрекет – іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады. 1.3 Бейін алды даярлық – білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау. 1.4 Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. 1.5 Білімдену – оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі. 1.6 Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. 1.7Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. 1.8 Даму – адам ағзасында жүріп отырған Дедукция – ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы. Дидактика – педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі. Дүниетану – дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті, жалпы ой-өріс. Индукция – жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі. Индивид – жеке адам, тек өкілі. Инновация /латын/ – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану. Интерактивтік – интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі. Кешенді тестілеу – ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны. Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушылардың және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту. Концепция /тұжырымдама/– қайсыбір құбылысты түсінудің, түсіндірудің тәсілі, оның мәнін ашу үшін қолданылатын басты идеялар, жетекші ойлар. Қашықтықтан білім беру технологиясы – білім алушылардың және педагог қызметкердің жанама /алыстан/ немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қалыптасу – барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі. Тәрбие – тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы. Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы. Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді. Модуль – сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне. Модель – үлгі (эталон, стандарт). Мотив – ынта-ықыластың аууы. Мониторинг – күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу. Нысан – субъектің, яғни адамның таным мен іс-әрекет аймағы.
Достарыңызбен бөлісу: |