ТАБИҒИ ТАС МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНАН АЛЫНАТЫН ШИКІЗАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР - Дәріс жоспары:
- Тау жыныстарының генетикалық топтастырылуы. Олардың пайда болу жағдайы, құрылысының сипаттамасы және қасиеттерінің өзара байланысы;
- Табиғи тас материалдар: түрлері, қолданылуы;
- Құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар.
1 Тау жыныстарының генетикалық топтастырылуы. Олардың пайда болу жағдайы, құрылысының сипаттамасы және қасиеттерінің өзара байланысы - Тау жыныстары деп құрамы тұрақты, бір минералдан - мономинералдан, немесе бірнеше минералдан - полиминералдан тұратын минералдық массаны айтамыз.
- Мономинералдық тау жыныстарына - кварц құмы, гипс, магнезит жатады, ал полиминералдыққа - гранит, базальт, порфир т.б. жатады.
- Минерал (лат. minera — руда) деп химиялық құрамы, құрылысы және қасиеттері бойынша біртекті, жер бетіндегі және тереңдігіндегі физика-химиялық процестер нәтижесінде түзілетін табиғи дене. Басым көпшілігінде минералдар — қатты денелер: кристалды және аморфты.
1 Тау жыныстарының генетикалық топтастырылуы. Олардың пайда болу жағдайы, құрылысының сипаттамасы және қасиеттерінің өзара байланысы - Әрбір минералдың оған ғана тән қасиеттері мен белгілерінің кешені бар. Оларға химиялық құрамы мен құрылысын, тығыздығын, қаттылығын, жабысқандығын, оптикалық қасиеттерін (жылтыры, түсі, жарықтың сынуы және т.б.) жатқызады. Минералдарды осы белгілері бойынша сәйкестендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |