Шарап Нұрбол Ауельбекұлы
Шымкент қаласы, №75 мектеп – гимназиясының
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие
керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп
әкеледі”, – деген екен. Өткен дәуірден, баба-әжелеріміз қалдырған мұраларынан, қазақ күн
көрінісіне, ұрпақ тәрбиесіне, тұрмыстық қажеттеріне тағы басқа керектеріне жаратқан,
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан салт-санамызда күні бүгінге
дейін өзінің маңызын
жоймаған дәстүрлеріміз бар. Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің
жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек:
«Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ
жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға
әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10 м қозғалатын тасбақа да 200
жыл өмір сүреді. Ендеше білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, әр адам өз денсаулығына
жауапты болу керек.
Ұлы Абайдың: «Адамда әрбір нәрсеге қызығушылық, білмекке құмарлық» — деген
сөзі бар. Өзіне ұнағанын күнделікті өміріне пайдалануға болады. Не нәрсені болса да білгеннің
зияны жоқ дегендей осы дәстүрлеріміздің бірі ұлттық ойындар қазіргі таңда дене шынықтыру
сабағында үлкен орын алатыны белгілі.
Мектептегі дене шынықтыру пәнінің жоспарлау жұмысын ұйымдастыру жас ұрпақтың
жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отанын қорғауға дайындау үшін,
салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды
әдеттерге темекі, ішімдік, есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал
кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік
дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады.
Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам баласының салауатты өмір сүруі оның
қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ
деген халықтың қанында бар тазалық жүйесін сақтай білуіміз қажет. Салауатты өмір сүрудің
негізгі шарттары бұдан гөрі кеңірек.
Оқушыларды мектепте оқытқан кезеңдерінде мынадай негізгі міндеттерді
орындауымыз керек:
Денсаулықтарын нығайту, мүсін түзілігін
қалыптастыру, ағзаларын дамыту және
шынықтыру, негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, жігер күш, дене қуат
қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
Ұлттық
ойындарды
оқу
және
тәрбие
үрдісінде
пайдаланудың
өзектілігі
қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру — қазіргі
міндеттердің бірі. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану
оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,
кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар:
аңға байланысты, малға
байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет етеді.
Соңғы кезде қалыптасқан ойындардын негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың
көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін
арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді,
дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз
қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы
мен қабілеттерін
арттырады. Осы ойындардың ішінде өз іс тәжірибемде кеңінен колданатын ойындардың бірі
тоғызқұмалақ ойыны.
76
Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір қанбайтын, халық даналығынан
шыққан ойындардың бірі — «тоғызқұмалақ» ойыны. Тоғызқұмалақ — қазақ халқының
ертеден келе жатқан есеп ойыны. Өйткені, бұл ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара
тартысына құралған. Бұл күндері оны арнаулы тақтада ойнайды. Тақтаның ойып жасалған он
сегіз ұяшығы бар. Әрбір ойыншының тоғыз-тоғыздан отауы, құмалақ жинайтын бір-бірден
қазаны болады. Отаулар тоғыз-тоғыздан қарама-қарсы түске боялып қойылады.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнын ашуға,
белгілі бір мақсатқа жетуге өз ықпалын тигізеді. Сонда ғана оның танымдық,
тәрбиелік
маңызы арта түседі. Осы жарыста жүлделі орынға ие болған оқушылар өзге пәндерді оқу
барысында, әсіресе математика сабақтарында оқу қабілеттерінің жоғары екенін көрсете білді.
Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға
қатыстыру өте тиімді. Ұлттық ойындар қатарындағы мазмұнды, бейнелік, еліктеу сияқты
ойындарға ақсүйек, алтыбақан, жасырынбақ жатады. Ой ойындарына тоғызқұмалақ, дойбы,
жұмбақ, мақал-мәтел, асық ойындары кіреді.
Осы ұлттық ойындардың ішінде көпшілігімізге белгілі асық ойнына тоқталмақпын.
Асық – саясатқа бай қазақтың қадым заманынан қазірге дейін жеткен ұлттық ойыны. Ұлттық
ойындар қатарында асықтардың алатын орны ерекше. Асық ойындары ерте кезден бері
кішкентай бүлдіршіндердің сүйіп ойнайтын ойындар қатарына жатады.
Асық ойындары адамның жүйке жүйесін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлділікке, тұрақтылыққа
жетелейді.
Әрбір оқушы өз денесін жан – жақты жетілдіру үшін:
— денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру, жаттығулар мен ойындар туралы түсінік
алып,
олармен шұғылдану, негізгі қимылдарды жасау техникасының дұрыс негізін қалап,
балалардың қимыл салаларын жетілдіріп, дене құрылысын дұрыс қалыптастыру; өз денелерін
дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, әдемі жасауға, сабақтан тыс уақытта жаттығуларды
ынталанып жасауға, спорт түрлеріне қызығушылықтарын арттырады.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін
сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Оқушының
сөздік қорын байыта
түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің
халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын
деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес,
ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», — деп тегіннен тегін айтпаса керек.
Қорыта айтқанда дене шынықтыру сабақтарында ұлт ойындарын үнемі қолданып
отырса, ол сабақтың маңызын арттырып, сапасын көтере түседі. Менің пікірімше ұлт
ойындары дене шынықтыру сабағында оқушыларды өзінше әрекеттенуге, қабылдау
мүшелерінің жұмысын
арттыруға және ойлай білу, мақсатқа жету, өзін-өзі ұстай білуге
үйретеді, өзіне-өзі сенуге, белсенділікке тәрбиелейді, ойын тәртібін сақтау оларды
ұйымшылдыққа баулиды.
77