5В011100-«Информатика» мамандығына арналған «Есеп шығару әдістемесі»


Төмендегідей тапсырмаларды практикалық жұмыстар кезінде орындау керек



бет43/56
Дата02.01.2022
өлшемі1.37 Mb.
#452399
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
Есеп шығару әдістемесі (1)

Төмендегідей тапсырмаларды практикалық жұмыстар кезінде орындау керек.

  1. нұсқа

Flat (бөлмелер саны, көлемі, қабаты, мекен жайы, бағасы) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға бес элементтен тұратын Flat типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға бағалары (пернетақтадан) енгізілген саннан аспайтын пәтерлер жайлы ақпаратты шығару керек. Егер, ондай пәтер болмаса, программа экранға сәйкесінше хабарламаны шығаруы тиіс.

  1. нұсқа

PEREVOZKI (ұшақ типі, рейстер саны, осы кезге дейінгі сағатпен берілген ұшқан мерзімі, мың километрмен берілген ұшқан қашықтығы) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға алты элементтен тұратын PEREVOZKI типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға ұшқан мерзімі (пернетақтадан) енгізілген саннан артық ұшақтар жайлы ақпаратты шығару керек. Егер, ондай ұшақ болмаса, программа экранға сәйкесінше хабарлама шығарылуы тиіс.

  1. нұсқа

AVTO (машина маркасы, түсі, бағасы, максималды (максимум) жылдамдығы) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға алты элементтен тұратын AVTO типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға жылдамдығы (пернетақтадан) енгізілген саннан (аспайтын) кем болатын машиналар жайлы ақпаратты шығару керек. Егер, ондай машина болмаса, программа экранға сәйкесінше хабарламаны шығаруы тиіс.

  1. нұсқа

TELEFON (абоненттің ЖАТ, телефон нөмірі, телефонға төлеген төлемі, орнатқан жылы) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға бес элементтен тұратын TELEFON типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға орнатылған жылы (пернетақтадан) енгізілген саннан (аспайтын) артық болатын телефондар жайлы ақпаратты шығару керек. Егер, ондай телефон болмаса, программа экранға сәйкесінше хабарламаны шығаруы тиіс.

  1. нұсқа

DET_SAD (бала бақша нөмірі, бүлдіршіндер саны, қала ауданы, бір айлық төлемі) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға алты элементтен тұратын DET_SAD типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға көрсетілген аудандағы (ауданның аты пернетақтадан енгізіледі) бала бақшалар жайлы ақпаратты шығару керек. Егер, бұл ауданда балабақшалар әлі болмаса, программа экранға сәйкесінше хабарлама шығарылуы тиіс.

  1. нұсқа

MUSEUM (мұражай аты, жұмыс жасау уақыты, билеттің құны, мекен жайы) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға алты элементтен тұратын MUSEUM типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға билетінің құны (пернетақтадан) енгізілген саннан (аспайтын) аспайтын мұражайлар жайлы ақпаратты шығару керек. Егер, ондай мұражай болмаса, программа экранға сәйкесінше хабарламаны шығаруы тиіс.

  1. нұсқа

TOUR (елі, турдың ұзақтығы, транспорт түрі, бағасы) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға жеті элементтен тұратын TOUR типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға билет құны (пернетақтадан) енгізілген саннан (аспайтын) аспайтын елдер жайлы ақпаратты шығару керек. Егер, ондай ел болмаса, программа экранға сәйкесінше хабарламаны шығаруы тиіс.

  1. нұсқа

PRICE (тауардың аты, құны, дүкеннің аты) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға жеті элементтен тұратын PRICE типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға пернетақтадан енгізілген дүкендегі тауарлар жайлы барлық ақпаратты шығару керек. Егер, ондай дүкен болмаса, программа экранға сәйкесінше хабарламаны шығаруы тиіс.

  1. нұсқа

FRIDGE (тауардың аты, дайындаған фирмасы, қоймадағы саны, бағасы) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға бес элементтен тұратын FRIDGE типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға бағасы (пернетақтадан) енгізілген саннан (аспайтын) аспайтын тоңазытқыштар жайлы ақпаратты шығару керек. Егер, ондай тоңазытқыш болмаса, программа экранға сәйкесінше хабарламаны шығаруы тиіс.

  1. нұсқа

ZODIAK (жұлдыз бойынша зодиак белгісі, аты және жөні, туылған күні) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға жеті элементтен тұратын ZODIAK типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға жұлдызы «мерген» болатын адамдардың жөнін, атын және туылған күнін шығару керек. Егер, ондайлар жоқ болса, программа экранға сәйкесінше хабарламаны шығаруы тиіс.

  1. нұсқа

STUDENT (оқу орнының аты, студенттің тегі және инициалдары, топ нөмірі, бес бағадан тұратын жиым-үлгерімі) құрылымын сипаттаңыз. Пернетақтадан жиымға алты элементтен тұратын STUDENT типіндегі мәндер енгізіңіз. Экранға орта балы (пернетақтадан) енгізілген саннан артық болатын студенттер жайлы ақпаратты шығару керек. Егер, ондай студент болмаса, программа экранға сәйкесінше хабарламаны шығаруы тиіс.

Әдістемелік нұсқау: Берілген есептің қойылысын талдап, Си тіліндегі программасын құрыңдар. Dev C++ ортасында программаны орындатып,тестілеңдер.

11. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Құрылымдық типтер жəне құрылым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет