Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Бақша ағаштары» Сабақтың мақсаты



Дата20.06.2016
өлшемі27.67 Kb.
#149251
түріСабақ
Қазақ тілі 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

«Бақша ағаштары»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қазақтың ұлы жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, ақын өлеңдерінің идеясын ашу, «Бақша ағаштары» әңгімесінің үндестігін таныту, білім қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге, сөз құзіреттіліктерін дамытуға, танымдық дүниетанымын кеңейтуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік мәні: Оқушыларға жақсы мінез, білімді азамат болып өсіп қалыптастыруға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ, ізденіс сабағы

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: топтастыру, сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгіме ұйымдастыру, оқушы пікірі

Көрнекіліктер: Ы. Алтынсарин суреті, дала өсіп тұрған ағаштар (түзу, қисық ағаштар), мақал- мәтелдер


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды тексеріп, сабаққа даярлау

2.Үй тапсырмасын тексеру:



  1. А. Байтұрсыновтың «Аққу, шортан һәм шаян» атты мысалды талдап, жаттап келу.

  2. «Шаттақ шеңберін » жүргізу.

  3. Сыныпты топқа бөлу: 1. Білімпаз

2. Өнерпаз

Сынып оқушыларынқызыл және жасыл конфеттер беру арқылы топқа бөлу




  1. Жаңа сабақ

«Мені таны» әдісі арқылы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы шолу жасау.


І. Білімпаз тобы: Ы. Алтынсарин өмір жолы
ІІ. Өнерпаз табы: Ақын шығармашылығына тоқталу
Қазақтың ұлы ақыны Ы.Алтынсарин 1841 жылы Қостанай обылысы Затобол ауданында туған. Әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балқожа бидің қолында өседі.

Ы. Алтынсарин ағартушы, оқытушы – педагог, жазушы, тәрбиеші, аудармашы. Ақын шығармашылығының негізгі тақырыбы: адамгершілік, еңбексүйгіштік, әдептілік, елге, жерге, ата – анаға деген сүйіспеншілік.

Жазушы дұрыс тәрбие беру мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Үлгі боларлық әңгімелер жазады. Өзінің өнегелі өмірі тыныссыз ізденісі, жан –жақты таланты арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны зор. Көрнекті әдебиет ғалымы Қ. Жұмалиев: «ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс еуропа мәдениетіне қолы қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын – жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқына келешегі үшін істеген еңбегі зор»- деп баға

береді.
.



  1. Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары» атты әңгімесін мәнерлеп оқып, мағынасы мен мәнін танытып, оқушылар талғамына бағыттау.




  1. Сөздікпен жұмыс: әңгімені тану барысында сөздік дәптермен жұмыс.

Бақшашы- боғбон

Шыбық- новда

Ғибрат алу- ибрат олиш




  1. Жаңа сабақты тану

  1. Әңгіме дегеніміз не?

  2. Неге әңгіме «Бақша ағаштары» деп аталған?

  3. Әңгіменің тәрбиелік мәнін қалай ұғынасың?

  4. Әңгімедегі әкенің балаға деген тәрбиенің адам өміріндегі қалай жеткізді деп ойлайсыңдар?

  5. Өзбек тілінде қандай тәрбиелік сөздерді білесің?

4 Шығармашылық жұмыс

І. Білімпаз тобы: тәрбие туралы қазақ тілінде және өзбек тілінде мақал – мәтелдер айту.
ІІ. Өнерпаз тобы: «Тәрбие- тал бесік» тақырыбында эссе жазу
5.Сабақты бекіту.

1. Топтастыру әдісі бойынша Ыбырай Алтынсаринды кім деп таныдық?








Қорытынды: «Аялдама» әдісі арқылы тақырып бойынша сұрақ – жауап жүргізу

Бағалау: өзін – өзі бағалау, топтық бағалау.

Үйге тапсырма: Ы. Алтынсариннің кез келген өлеңін жаттап келу.

Рефлексия: Не білдім? Нені үйрендім? Не білгім келеді?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет