Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
|
3-деңгейдегі СМЖ құжат
|
УМКД
|
УМКД 042-18-15.1.30/03-2013
|
УМКД «Қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
2013 жылғы
№1 басылым
|
5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
«Қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
МАЗМҰНЫ
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық (семинар) сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
5 Өзгерістерді тіркеу парағы
6 Әріптестердің танысуы
1 ГЛОССАРИЙ
1 АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.
2 АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.
3 АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.
4 АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.
5 АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.
6 АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.
7 АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.
8 АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.
9 АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін.
10 АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.
11 АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.
12 АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.
13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.
14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.
15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.
16 ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.
17 ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.
18 ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.
19 ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.
20 ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.
21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады.
22 ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.
23 ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.
24 ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.
25 ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.
26 ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.
27 ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.
28 ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.
29 ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.
30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау.
31 ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.
32 КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.
33 КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.
34 КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.
35 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу.
36 КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.
37 КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.
38 КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп.
39 ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.
40 МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі.
41 ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.
42 ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.
43 ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.
44 ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.
45 ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.
46 ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.
47 ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.
48 ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.
49 ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.
50 ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.
51 ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.
52 ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.
53 ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.
54 ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.
55 ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.
56 ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің
баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.
57 РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.
58 РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.
59 РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.
60 СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.
61 ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.
62 ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.
63 ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.
2 ДӘРІСТЕР
1-дәріс
тақырыбы: Қазақстан Конституциясы және БАҚ пен этика
Паблик рилейшнз концепциясының дамуы. Қоғаммен байланыстың теориясы мен іс-тәжірибесі.
Қазіргі қоғам дамумен пайда болған Паблик Рилейшнз қарым-қатынастың, байланыс жасаудың әдіс-тәсілдерінің ара-жігін ашып көрсететін байланыстың ерекше түрі. Паблик Рилейшнз анықтамасының өзінің әр алуандығының өзі оның қызметінің сан қырлы екенін көрсетеді. Диплом жұмысында осы алуан сараптамаларға өзімше сараптама жасап, оның Қазақстандағы қызметінің бірнеше қырларын ашып көрсетуге тырыстым. Паблик Рилейшнз (public relations–«қоғаммен байланыс»)- өзіне берілген анықтамалар санына қарағанда кең мағыналы ұғым екенін жан-жақты талдау арқылы жұмыстың өзектілігі айшықтала түсті. 1975 жылы (Foundation for Public Relations Research and Education)атты американдық ұйым осы сөздің 500 анықтамасын тапқан болса, бүгінгі таңда Қазақстанда Паблик Рилейшнз тоғыз түрлі қызметімен көрніс табуда.
Ағылшындық С.Блэк PR-ға мынадай анықтама береді: «Шынайы және толық ақпарат арқылы қоғаммен байланысты жетілдірудегі ғылым және шеберлік өнер болып табылады»[1, 26 б].
Көптеген пікірлерге қарамастан, PR-дың негізгі болмысы: ғылымнан технология байланысымен өнерге дейінгі сатылардан тұрады.
PR-ға өзге пікірді ХХ ғасырдың басында Э.Бернэйз білдірді: «паблик рилейшнз – қоғамның бейімін және іс-әрекетін, сондай-ақ ұйымның қоғам көзқарасымен байланыстық әрекетін өзгертуге негізделген, бағытталған күш»[2, 56 б]. PR-ды анықтаудағы «әрекеттік» пікірді Британдық қоғаммен байланыс Институты да (IPR) жалғастырады: «паблик рилейшнз – ұйымның қоғаммен жағымды байланыс орнатуға бағытталған ұзақ жоспарлы іс-әрекет.
PR практикалық іс-әрекетке негізделген байланыс түрі деген көзқарасты қолдайды. Осы зерттеушілердің ішінен В.Г.Корольконың пікірі PR анықтамасына сай келеді:
«паблик рилейшнз – ақпаратпен (соның ішінде әлеуметтік) басқарудағы арнайы жүйе, қоғамдық пікір қалыптастырудағы коммуникациялық байланыс.
Жоғарыда аталған пікірлердің ішінен PR теоретиктері В.Хазятон және С.Ботан зерттеулері негізді деп айтуға болады: «паблик рилейшнз – бұл әлеуметтік ғылымдарға жататын тез қарқынмен дамып келе жатқан ғылыми бағыт»[3, 71 б ].
1978 жылы Мехикода өткен Бүкіләлемдік PR ассамблеясының ассоциациясында PR-дың ғылыми сипаттамалары айтылды. Осы ассамблеяға 30 ұлттық PR ассоциациясы қатысты. Осында паблик рилейшнз практикасы – қоғамға және ұйымға бірдей қызмет ететін, өмірге енгізілетін жаңалықтарды алдын ала ұтымды жоспарлауға, саралауға мүмкіндік беретін әлеуметтік ғылым және өнер түрі деген пікір толық қолдау тапты. Идеалистік жалпылықтан арылған, ешбір болжамсыз пікірді айрықша атап өту қажет. Бұны Джон Рокфеллер де айтқан, адаммен байланыс орната білу – бұл біз қант пен кофені қалай сатып аламыз, сондай мүмкіндігі бар тауар деген. Және бұл үшін екі есе артық төлер едім – деп коммерциялық қырын танытып отыр.
Түрлі анықтамалар мен көзқарастарға қарамастан, зерттеушілер бір тұжырымда келісушілік білдіреді: қоғаммен байланыстың бір әрекеті – ұйыммен оның толық аудиториясымен коммуникациялық басқару түрі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.
2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.
3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.
4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.
5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.
2 -Дәріс.
тақырыбы: Саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Саяси коммуникацияны ғылыми зерттеудің бағыты ретінде алғаш Батыс ғалымдары өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған. Сонымен коммуникация түсінігін кеңінен ашу үшін, американдық зерттеушілер Г.Лассуэлл, Л.Пай, Т.Шибутани, Ю.Хабермас, француз саясаттанушылары Ж.М.Коттрэ, Р.Ж.Шварценберг, канадалық зерттеуші М.Маклюэн, неміс ғалымы Н.Винер, голландиялық зерттеушілер Й.Бордвик пен Б.Ван Каам, американдық әлеуметтанушылар Б.Берельсон, Г.Годэ, П.Лазарсфельдтар зерттеу жасаған. Негізінен «коммуникация» ұғымы ғылыми зерттеулерде ХХ ғ. пайда болған термин. Қазіргі «ақпарат ғасыры» саналатын ХХІ ғасырда коммуникация барлық саяси-әлеуметтік процесте басты элемент болып есептеледі.
Жалпы, «саяси коммуникация» ұғымы туралы әр түрлі тұжырымдар қалыптасқан. Мәселен, Р.Ж.Шварценберг: «саяси коммуникация дегеніміз – басқарушы мен бағынышты арасындағы олардың өзара келісімге келу мақсатындағы ақпарат алмасу» [8] деп көрсетсе, ал «Саяси» энциклопедияда: «Саяси коммуникация – (communicatio лат. тілінен аударғанда – хабарлама, жеткізу, әңгімелесу, сөйлесу деген мағына береді) саяси қызметті жүзеге асыратын, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделері есебін ескере отырып, олардың саяси әлеуметтендірілуін қамтамасыз ететін саяси ақпараттарды алмасу және жеткізу процесі» [9] деген пайымдама ұсынылады. Демек, саяси коммуникация саяси жүйедегі саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени процестермен тығыз байланыста дамитын жаңа ақпараттық технологиялар арқылы саяси субъектілердің өзара және қоғаммен арадағы хабар тарату, алмасу деген мағынаны білдіреді деп қорытындылауға болады. Сондай-ақ, коммуникация мәселесін саясаттану, философия, әлеуметтану, психология және педагогика тәрізді бірқатар гуманитарлық ғылым салалары зерттеу нысаны етіп алып, өздерінің ұстанатын бағытына сәйкес жан-жақты қарастыратыны белгілі жайт. Бұл ретте әрбір қоғам мүшелерінің билікпен өзара байланыс орната отырып, ақпарат алмасуға түсуін, олардың саяси іс-шараларға белсене қатысуын қажет ететін бүгінгі таңда коммуникация мәселесін саяси ғылым саласында зерделеу зор маңызға ие. Автор, саяси коммуникацияның Қазақстандағы қалыптасуы мен дамуын әр жылдардағы жаңа саяси технологиялардың қалыптасуына байланысты мынадай кезеңдерге бөліп көрсетеді:
Бірінші кезең – 1991-1998 жылдар аралығы. Бұл уақытта Қазақстан Республикасы өзінің дербес Ата Заңын қабылдап, жаңа саяси жүйеге өтіп, өзіндік дамудың жаңа жолын қалыптастырды. Саяси жүйеде шетелдік түрлі технологиялар тәжірибелерін қолдану арқылы тәуелсіз мемлекетімізде тұңғыш рет саяси коммуникацияның қалыптасуына алғышарт жасалды. Бұл әсіресе, осы аралықтағы сайлау науқандарында нақты байқалған болатын.
Екінші кезең – 1998-2007 жылдарды қамтиды. Ата Заңымызға енгізілген өзгерістер арқылы саяси жүйені нығайта отырып, жұртшылықты ақпараттандырудың әртүрлі стратегиялары мен бағдарламалары жасалды. «Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат туралы Заңы», «Ақпараттандыру туралы», «Байланыс туралы» Заңдардың жекелеген баптарын жаңарту арқылы, еліміздегі саяси коммуникацияның тиімді қызмет етуіне жол ашты. Сайлаудың жаңа жүйесі қалыптасып, оны жүзеге асырудың әртүрлі тәсілдері енгізілді. Ұялы байланыс, телефакс, Интернет т.б. сияқты жаңа байланыс түрлері кеңінен таралып, еліміздегі саяси коммуникацияның дамуына ықпал етті.
Үшінші кезең – 2007 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі аралықты қамтиды. Қазақстан Республикасы президенттік-парламенттік басқарудағы жаңа саяси жүйені қалыптастыра келе, әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты нығайтудың жаңа форматтарына өтуге көшті. Елімізде «электрондық үкімет», ақпарат таратудағы «сандық формат» сияқты жаңа тәсілдерге өтудің бастамалары жүргізілуде.
Біздіңше, саяси өмірде саяси коммуникация қоғамға ықпал етудің мықты және сенімді құралдарының бірі болып есептеледі. Саяси коммуникация нақты саяси жүйе шеңберінде саяси субъектілермен қатар, аталған жүйемен және тұтастай қоғаммен арада саяси ақпарат алмасу процесін көрсетеді. Бұған қоса айтарымыз, бұл коммуникативті кеңістікте саясаткерлер бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен өздері үшін жағымды қоғамдық пікірді қалыптастыруға тырысады. Сондықтан, саяси коммуникация процесінің қатысушылары билік органдары, БАҚ және қоғам болса, ал мәні – сенім, хабарламалар құрау, символдарды жасау мен тарату және мағыналарын түсіндіру болып табылады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.
2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.
3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.
4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.
5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.
3 -Дәріс.
тақырыбы: PR-дың мәні мен мазмұны
Отандық PR дамудың бірнеше кезеңінен өтіп кетті. Ендігі, мәселе қазақстандық PR ғылымы мен білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру. Кәсіби PR маманын дайындауға бағытталған жаңа көзқарас негізінен мынадай мәселерде көрініс табуы керек. Біріншіден, кез-келген ғылым мен мамандықтың дұрыс берілуі мен дамуы оларға деген мемлекеттің ұстанымына байланысты. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, тоталитаризмнен демократияға өткен еліміз PR-дың Қазақстанда тарауына қолдау көрсетіп отырғанымен де, білім, ғылым саласында нақты жүйеленген шараларды қолға алу артықтық етпес.
Екіншіден, оқу саласындағы басты қиындықтардың бірі болып табылатын білім үрдісінде тәжірибелі-оқытушылардың тартылмауы. PR-шыларды оқытып, дайындаудың әлемдік тәжірибесінде практик-оқытушыларсыз маман дайындау мүмкін емес. Мәселен, “Ресейлік PR мамандарын даярлаудың басты базалық оқу орны Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық Институның “жұртшылықпен байланыс” бөлімшелерінде консалтингтік агенттіктер мен фирмаларда қызмет атқаратын практик PR-шыларды оқытушылық қызметке тарту кең тараған. PR агенттіктер өкілдеріне өздері дәріс беретін студенттер арасынан дарынды мамандарды таңдап алуға мүмкіндік береді” [11, 21 б].
Практик PR мамандарын оқытушылық қызметке тартудың бұл әдісі жас мамандардың әртүрлі компанияларда тәжірибеден өтуіне жол ашады. Кезінде осындай тәжірибені Қазақ Ұлттық Университетінде жасалған. Бірақ Отандық PR-шылар ниет білдіре қоймады.
Үшіншіден, PR нарықтағы басты ойыншылар мен операторлардың басын қосатын Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Ұлттық Қауымдастық (НАСО) мамандар даярлау мәселесіне тың көқарас танытуы керек. Ұлттық қауымдастықтың басты міндеті ретінде: ел алдында PR-ды жарнамалау, нарықтың ортақ қалыптарын жасау және кәсіби әрі сапалы қызмет көрсетуді қалыптастыру мәселелері көрсетілген. Ресейдің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Қауымдастығы (РАСО) білім жүйесінде маңызды роль атқарды. Аталмыш қауымдастық 1993 жылы бастама көтеріп, Паблик рилейшнз менеджерлерінің мектебін құрған болатын. Сондай-ақ, Қауымдастық PR теориясы мен практикасына қатысты отандық оқулықтарды шығаруды да жолға қоя білді.
Төртіншіден, PR мамандарының біліктілігін арттыруға көмектесетін қысқа мерзімді курстарын, семинар-тренингтерді көптеп ашуды шешу керек.
Бесіншіден, келешекте PR мамандығы бойынша ғылыми магистр дәрежесін енгізу қолға алған жөн. Сонда PR мамандарын оқу орындарында әзірлеу тек қана бакалавр деңгейінде қалып қоймай, одан ары ғылыми дәрежеде де жалғасатын болады. Мұндай тәжірибе алғаш рет Ұлыбританияның Стерлинг Университетінде 1998 жылы енгізілген болатын. Ал, бүгінде Ұлыбританиямен қатар дамыған мемлекеттердің көптеген университеттері PR магистрін дайындау үстінде.
Алтыншыдан, PR дегеніміз түрлі ғылымдардың басы тоғысатын ғылым түрі. Сондықтан да, PR-шы саясаттануды да, экономиканы да, психологияны да білуі және мүмкін болса басқа да ғылыми салалардан хабардар болуы тиіс. Білім беру жүйесінде осы мәселеге қатысты екі тәсіл қолданылады. Біріншісі, келешек PR мамандарын әзірлейтін кейбір оқу орындары сол бір факультеттің оқу бағдарламасына әр алуан ғылым өкілдерінің дәріс оқуын жолға қояды. Ал, екіншісі, Мәскеу Мемлекеттік Университетіндегідей журналистика факультетінде жеке PR тобы, жеке жарнама бөлімі бар да, ал, психология факультетінде арнайы “Жарнама және PR психологиясы” мамандығы ашылған. Біздің оқу орындары да осы мәселе төңірегінде ойланса?
Осы уақытқа дейін отандық PR нарығы өз дамуында үш кезеңді басынан өткерді. Біріншісі, 2000 жылдың қараша айында “Қазақстанға PR-дың келуі” тақырыбында өткен тұңғыш ғылыми конференциядан басталса, екіншісі, сала үшінаса маңызды оқиғалар болып табылатын 2001 жылы Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Ұлттық Қуымдастық пен 2002 жылы “Пиаршы” клубының құрылу кезімен тұспа-тұс келеді. Ал, үшінші кезеңге жаңа PR агенттіктердің құрылуымен, PR-ды қолдана бастаған компаниялар санының өсуімен тығыз байланысты 2003-2005 жылдарды жатқызуға болады. Ендігі кезең PR мамандарын оқыту жүйесі мен жалпы ғылымды қарқынды түрде дамытуға бел шешіп кірісетін уақыт болу керек. Және де, бұл ортақ іске отандық PR кеңістікте жүрген барлық тараптар бір адамдай қатысады деп сенемін. Өйткені, ғылымы мен білімі жоқ сала- болашағы бұлынғыр.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.
2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.
3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.
4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.
5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.
4-Дәріс.
тақырыбы: Қоғаммен байланыстың әлеуметтік ролі. Қазіргі қоғамдағы паблик рилейшнз институттарының қызметі
PR-дың мақсаты – екі жақты байланыстың бір мақсатқа жету үшін, шынайлыққа негізделген ақпаратпен толық танысу үшін, ортақ көзқараста қалыптастыруы.
PR болмысын ұйымның болжамды мақсатының қоғам саясатына тиімді болуында анықтауға болады.
Кәдімгі PR әрекеті бір-бірімен тығыз байланысқан 4 бөлімнен тұрады:
-
көзделген мақсаттың зерттелуі
-
бағдарламаның даярлануы
-
бағдарламаның іске қосылуымен байланысы
-
нәтиженің зерттелуі, бағалануы
PR басты принциптері:
-
ұйым мен қоғамға тең пайдалы іс-әрекет, сондай-ақ осы басқару ісімен айналасушылардың әділ болуы;
-
ақпараттың ашық болуы
-
PR жүйесіндегі материалдардың даярлануы, БАҚ-та жариялануы кезінде журналистердің материал беруінде келеңсіз жағдайларды болдырмау;
-
өзің туралы тек шындықты, шындықтан басқа ештеңені айтпау. (бірақ, әрине, бүкіл шындықты емес. PR-дың өзгешелігі осында – қай ақпаратты жариялауға болады және қайсысын болмайды);
-
өзара тиімділік принципі
PR функциялары:
-
менеджмент бөлігі ретінде жоспарлы және тұрақты жұмыс атқару
-
ұйым мен қоғам арасындағы байланыста роль атқарады
-
ұйымның ішкі және сыртқы ортасында пікір, қабылдай, іс-әрекеті жайлы мониторинг жүргізеді
-
саясаттың қоғамға жүргізілген саясаттың арасында болған даудамайды шешуге тырысады
-
ұйыммен қоғамға жүргізілген саясаттың арасында болған даудамайды шешуге тырысады
-
ұйыммен қоғамның дамуынан туған жаңа саяси іс-әрекеттер арасында кеңесшілік етеді
-
қоғам мен ұйым арасындағы байланысты екі жақты тиімділігін орнатады
-
ұйымның ішінде және сыртында арнайы керек көзқарастарды, қабылдауды қалыптастырады
-
ұйыммен қоғам арасында әрдайым жаңашыл байланыстарды туғызып отыруы керек
-
екі жаққа бірдей сенімділікті, түсінушілікті орнатады
-
ұйымның «жағымды келбетін» қалыптастырады
-
ұйымның беделін сақтау керек
Жалпы PR-дың басты үш функциясы бар
-
Қоғамның ұйымға деген сенімділігін, ұйымның толық мақсатына сай келуін қадағалау
-
ұйым қоғам үшін қызмет етуі
-
ұйым мен қоғам арасында бірдей тиімділік
PR-да сондай-ақ қоғаммен қарым-қатынасына, байланыс орнатуына, сөйлесуіне үлкен мән беріледі.
PR мамандары бұны жетік білуі керек.
Байланыс орнатудың бірнеше жолдары бар:
-
әрдайым шын және толық ақпарат алуға тырысу
-
хабарландыру қарапайым және ұғылықты болу керек
-
асырып айтудан, әсірелеуді қолданудан аулақ болу
-
ескеруге қажет нәрсе: аудиторияның жарты - әйел адамдар
-
қарым-қатынас қызғылықты, жолықтырмайтындай болуы
-
сөйлеу мәдениетіңізге үлкен мән беру
-
қоғамның пікірін білуге уақыт бөлу
-
қоғамдық пікірді білу және әрдайым байланыста болу – басты қағида
-
қарым-қатынас кезінде сенімді және жүйелі болуыңыз керек.
1.3. PR мамандарының қасиеттері мен міндеттері
PR мамандарының басты міндеттері:
-
қоғамдық пікірді жетік білу
-
фирмалар, қоғам, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасында байланыс орнату
-
жалған ақпараттың таралуына, келіспеушіліктерді болдыруға, өсектердің елең алуына жол бермеу
-
фирманың имиджін және танымалдығын қалыптастыру
Көбіне PR мамандары:
-
жарнама компанияларын жүргізу
-
лотерея ұйымдачтыру
-
БАҚ-та қызмет етуге мүмкіндік алады
PR мамандарының қасиеттері:
-
байланысты ұйымдастырудың мазмұнын білу
-
қоғамдық пікірді, адамдармен байланысты басқару
-
стратегиялық ойлау қабілеті. PR мамандарының мақсаты – байланыстың жүйесін, бағытын білу
-
өз нәтижелерін бағалай білу қабілеті
-
ұйымды басқара білу
Осы қасиеттер төменгілердің тууына әсер етеді:
-
сөз шешендігі
-
жеке басының сүйкімділігін
-
жұмыс сүйгіштік
-
жауапкершілік
-
белсенділік
-
жетістіктерге ұмтылу
Достарыңызбен бөлісу: |