6 дәріс. Жалпы қолданыстағы телефондық желі
Дәріс мақсаты: жалпы қолданыстағы телефон желілерін оның элементтерін оқып үйрену. Байланыс жолдарын және коммутациялау тәсілдерін білу.
Әдетте жалпы қолданыстағы телефондық желілердің келесідей түрлерін ажыратады: қалалық, ауылдық, зоналық және қалааралық. Қалалық телефондық желі (ҚТС) ірі қалалар аумағындағы және оған жақын жатқан жерлердегі телефон желісін құрайды. Ауылдық телефон желілері (АТЖ) сол ауыл аумағындағы админстративті аудандарда телефон байланысын қамтамасыз етеді. Жоғарыдағы екі желі түрін жалпы атауы жергілікті телефон желісі деп аталады. Зоналық телефон желілері – бұл құрылғылар кешені, олар жергілікті телефондық желідегі абоненттерді бір зона аумағында орналасқан бір-бірімен байланыстырып отырады. Телефондар зона территориясы жиі областар территориясымен, өлкелермен және басқа адмистративті құрылымдармен қиылысады. Қалааралық телефондық желі –бұл құрылымдар кешені, олар абоненттер арасында байланыс орнатады.
Барлық аталған желілер бірігіп жалпы қолданыстағы телефон желілерін құрайды. Жалпы қолданыстағы желілерге төмендегідей талаптар қойылады –
барлық жергілікті желілермен, ұлттық және регионалды телефонды желілермен толық қосылуы керек. Одан басқа жалпы қолданыстағы желіде мекемелік, ведмоствалық, корпоративті телефондық желілер бар, олар ғимараттарда жоғарыда келтірілген тізімдерде ішкі байланысты орнатады.
Мұндай желілер толығымен жеке (автономды) болуы мүмкін, бірақ олар жалпы қолданыстағы телефондық желілерге жиірек кіруіне болады.
Телефондық желілер масштабтарына және күрделігіне қарамастан, құрамы элементтерден тұратын, үш топқа біріктіруге болады:
- абоненттік терминалдар (қарапайым телефон аппараттары);
- байланыс жолдары (абоненттік және қосқыш жолдар);
- коммутация орталығы немесе телефон стансалары.
Негізгі екі жол түрлері, телефон желілерін қосатын, яғни абоненттік құрылғы және АТС: абоненттік жол (АЖ) және қосқыш жолдар (ҚЖ).
16 сурет – Телефон желілері құрылымы
Қолданыстағы құрылғылар (абоненттік терминалдар) жалпы қолданыстағы телефондар желісінде (ЖҚТЖ), телефондар, факстар, модемдер болады, олар қолданушылардың жалпы қажеттілігін өтеу үшін қызмет жасайды. Қолданушы құрылғылар желілік тораптармен интерфейстер жолымен қолданушы-желі ретінде қосылады (UNI, user-network interface).
Коммутациялық тораптар және стансалар көптеген техникалық құрылымдардан тұрады, олар абоненттердің шақырыстарын абоненттік жолдан қосқыш жолдық желілерден келіп түскен сигналдарды өңдейді, абоненттерге негізгі, қосымша қызметтерді көрсете отырып орындайды, сонымен қатар есептеуге, қызметтері үшін ақы төлемдерін алуға септігін тигізеді. Арналар коммутациясы аналогты немесе цифрлы болуы мүмкін. Аналогты коммутация үрдісі деп бұл кезде қосылыстар соңғы нүктелермен қосылу арнасындағы аналогты сигналдарды түрлендіру арқылы жүзеге асырылады.
17 сурет– Коммутациялау тәсілдері
Коммутациялаудың екі қағидасы белгілі: тура қосылу және ақпараттарды жинақтап қосу. Тура қосу кезінде тораптық коммутацияға кіретін арналарда физикалық қосылыстар шығыстық абоненттері бар арналарға тура келетін ақпараттар жүзеге асырылады. Ал ақпараттарды жинақтап тарату әдісінде тораптық коммутацияға кіретін арналардағы сигналдар жады құрылғысына жазылады содан кейін белгілі бір уақыт аралығында шығыстық арналарға жіберіледі. Өз кезегінде, тура қосылу төмендегі жүйелерге бас тарту жүйесі және күту жүйесі болып бөлінеді. Тура қосылу жүйесі қағидасы арналарды коммутациялау жүйесінде іске асырылады. Арналар коммутациясы деп – арналарды қосу қиылысатын арнаны алу үшін операциялар жиынтығы, коммутациялау тораптары арқылы басқалармен қоса соңғы пунктке біріктіру деп түсінеміз. Мысалы: телефон байланысын алатын болсақ түсінікті болады. Ашық аудандардағы коммутация – ашық арналарды электромеханикалық, электронды, цифрлы немесе оптикалық технология коммутациялық элементтерді қолдана отырып, сол технология базасында құрылған қосу. Уақытша коммутация ашық коммутациялау мүмкіндігін қарастырады, бірақ ашық коммутациялау физикалық күре жолда өз қабылдағышына коммутациялау жазығында жетеді, қабылдағыш тек өзіне керекті деректерді алуы керек деген команда алады, олар сол уақытша арнаға сәкес болуы шарт. Жиіліктік коммутация заң бойынша телевизиялық арналарды және радиоарналарды коммутациялау үшін қолданылады. Жинақтау коммутациясы деп операциялар жиынтығын айтамыз, қабылдау кезіндегі ақпараттарды тораптық коммутациялау немесе оның бір бөлігін жинақтап оны келесі ақпарат немесе бөлігін сондағы адреске сәйкес жібереді. Жинақтау коммутациясының екі түрі белгілі: ақпараттар коммутациясы жүйесі және пакеттер коммутациясы жүйесі. Уақытша коммутатор арналардың жүруін әр арнаға бөлінген уақытша кезекке қарай ауыстырады.
18 сурет – Уақытша құрылған коммутация қағидасы
19 сурет – Телефон байланысы желілеріндегі сигналдау түрлері
20 сурет – Стансааралық сигналдау мысалы
21 сурет – Абоненттік жолдағы сигналдау мысалдары
Достарыңызбен бөлісу: |