1. Жоба сипаттамасы 500 кВ-тық ОҚмаэс алма ӘЖ құрылысы «Кернеуі 500, 220 кВ желілермен Қазақстан Ұэт-на жалғанатын 500 кВ



Дата04.07.2016
өлшемі185.87 Kb.
#176080


«Кернеуі 500, 220 кВ желілермен Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500 кВ-тық «Алма» құрылысы» жобасының шеңберінде жүзеге асырылатын 500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ-нің құрылысы үшін жерді сатып алу жоспары

1. Жоба сипаттамасы
500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ құрылысы «Кернеуі 500, 220 кВ желілермен Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500 кВ «Алма» құрылысы» жобасының (бұдан әрі – Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына енді.

500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ құрылысын табысты аяқтау Қазақстан Республикасының Алматы өңірі үшін орасан зор пайда әкеледі, атап айтқанда:



  1. осы өңірдің электрмен жабдықталуын қамтамасыз етеді;

  2. Балқаш ЖЭС-нің бірінші кезекті қуатын (1320 МВт) беруді қамтамасыз етеді;

  3. Алматының серіктес қалаларын дамыту, Алматы қ.-ның индустриалдық паркін салу үшін инфрақұрылымды құруға мүмкіндік жасайды.


1.1. Жобаны қаржыландыру
500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ құрылысы ХҚДБ-ның 78 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттік қаражаты есебінен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдемесіне) жүзеге асырылады.

856,560 млн. теңге мөлшеріндегі өз қаражаты есебінен (соның ішінде «KEGOC» АҚ-ның жарғылық капиталын әрі қарай көбейту үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінген) жерді сатып алу.


1.2. Желі трассасының өтуі және көшіп-қону мәселелері
500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ трассасын таңдау және келісу сатысында «KEGOC» АҚ тарапынан жер телімдері иелеріне зиян келтірілуін мейлінше азайту жөнінде шаралар қолданылды.

Осы тұрғыдан Жоба жеке тұрғын үй салу мен дербес қосалқы шаруашылықты жүргізудің мақсаттық жүктелімді жерлерін қозғамайды, бұдан басқа 500 кВ-тық ОҚМАЭС -Алма ӘЖ-нің трассасы бойынша көшіп-қону мәселелері шығарып тасталған, өйткені таңдалған трасса ауыл шаруашылық арналымдағы жерлер бойынша өтеді.

Құрылыс үшін жер иелеріне тиесілі 126,602 жер мен 490,175 га мемлекеттік жер керек етіледі.

500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ бастапқы орны 500 кВ-тық ОҚМАЭС ҚС-ның 500 кВ АТҚ, ал ақырғы орны - 500 кВ-тық Алма ҚС-ның 500 кВ АТҚ болып табылады (1-қосымша).

Жобаланатын 500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ-нің трассасы Алматы облысындағы Жамбыл мен Іле аудандарының және Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданының аумағы бойынша өтеді, ӘЖ-нің жалпы ұзындығы 321,7 км құрайды.
1.1-кесте


Атауы

Саны

500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ

Ұзындығы, км

соның ішінде

Жамбыл облысы бойынша

Алматы облысы бойынша

321.7
93,4

228,3



2. Активтер және көшіп-қонумен қозғалатын тұлғалар санаттары

500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ-нің құрылысы жөніндегі жұмыстар Алматы және Жамбыл облыстарының жерлерінде оларды ауыл шаруашылық пайдаланудан алып тастаумен бірге жүргізіледі.

500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ трассасы экономикалық құндылыққа ие пайдалы қазба байлықтар кен орындары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кесіп өтеді.

Қозғалған жер телімдерін сәйкестендіру үшін ұстаным екі басты дереккөзге сүйенеді: 1) жүйедегі кадастр және жер ресурстары мен жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорын трассаларын таңдау және келісу сатысында жерді пайдалану деректері, әрі 2) жобалаушылар жүргізген геодезиялық жұмыстар, сол кезде ӘЖ-ні салу уақытына ені 30 м қолданыстағы жолақ шегінде барлық жер пайдаланушылары анықталды.

Жоба шеңберінде жүзеге асырылатын осы 500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ құрылысына Жер сатып алу жоспары (одан әрі – ЖСЖ) «KEGOC» АҚ Президенті 2009 жылдың 15 қазанында бекіткен Жер сатып алудың тұжырымдалық саясат шеңберлері (ЖСТСШ) негізінде әзірленді және құрылыс уақытына жер телімдерін алып тастауға байланысты әсерді жұмсарту мақсатында жүргізілетін іс-шараларды сипаттайды.

Барлық алынып тасталатын жерлер:


2.1-кесте. ӘЖ бағыттары мен қосалқы станция қимасындағы алынып тасталатын жер ауданы



р/р

Объект атауы

Құрылыс мезгіліне уақытша пайдалану (уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы (жалгерлік), га.

1

500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ

616,777

Барлығы




616,777


2.2-кесте. Мүдделері әрбір аудан қимасында қозғалатын тұлғалар саны



р/р

Аудан

Жобамен қозғалған жеке тұлғалар саны

Жобамен қозғалған заңды тұлғалар саны

Аудандар қимасындағы жер телімдерінің жалпы ауданы, га

1

Іле

52

27

246,1361

2

Жамбыл

12

18

121,4662

3

Мойынқұм

0

1

249,1754




Барлығы

64

46

616,777

Құрылыс әсеріне 110 жер иесі (жеке және заңды тұлғалар), олардың ішінде 86 дәнді дақылдар өсірумен, көкөніспен және көп жылғы шөптермен (пішен) айналысады, 24 – бұлар шаруашылық субъектілерінің (автожолдар, темір жолдар, электр тораптары, су арналары мен т.с.с.) жерлері.

500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ бағыты жер телімінің мақсатты жүктелімдегі жер санаттарын мыналар үшін қозғамайды:

1) тұрғын үйлер;

2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызметтеу, коммерциялық қызмет объектілерін, білім беру ұйымдарын, әкімшілік, ғылыми-зерттеу мекемелерін, ғибадат ғимараттары мен өзге де іскерлік ғимараттарды, құрылыстар мен үймереттерді орналастыру үшін алынған және арналған қоғамдық іскерлік салу;

3) өнеркәсіптік, коммуналдық және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қоймалық объектілерді орналастыру үшін алынған және арналған өндірістік салу.

Мына төмендегі 2.3-кестеде 500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ құрылысы қозғаған тұлғалар санаттары 2-қосымшада аталғандай, өзектендірілген ЖСТСШ базалық матрицасына сәйкес көрсетілген.


2.3-кесте


Жобаның құрамбөлігі

Элемент

Жобаның ықпалы

Жоба қозғайтын тұлғалар санаты

Өтемақы құқығы

Электр жеткізу желілері

Тіректер

Тіректер астындағы жерлерді иесіздендіру/

алып тастау



Жер иесі және жалгер


Нарықтық құн бойынша өтемақы

Электр жеткізу желілері

Тұрақты бөліп беру жолағы

(тұрақты пайдалану құқығы)




Жер иесі



Астық пен басқа да ысыраптар өтемақысы


Жалгер


Астық пен басқа да ысыраптар өтемақысы



3. 500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ құрылысына жер телімдерін бөліп беру жөніндегі іс-шаралар
3.1. Жобаны іске асыру жөніндегі қоғамдық тыңдауларды мемлекеттік және үкіметтік емесе ұйымдарды, Жобаның іске асырылуы мүдделерін қозғайтын жеке және заңды тұлғаларды тартумен жүргізу. Қоғамдық тыңдаулар 2008 жылдың 17 қарашасында өткізілді.

3.2. «KEGOC» АҚ-ның құрылыс үшін жер телімін бөлу жөнінде уәкілетті органдарға (аудандық әкімдіктерге) сұрау салулар жіберуі .

3.3. Жер телімін таңдау және сұратылған жер телімін беру мүмкіндігі туралы құзыретті комиссияның (құрамында уәкілетті органдар мүшелері бар) қорытындысы.

3.4. Жерге орналастыру жобасын әзірлеу, ол 500 кВ-тық трасса бойынша берілетін жер телімінің ауданын нақтылауды қамтиды.

3.5. Нақтыланған картографиялық материалдарды даярлау.

3.6. Жер пайдаланушыларымен жер телімдерінің бөлігін уақытша алып тастауды келісу.

3.7. Нақтыланған жер салығын есептеуге деректер даярлау үшін топырақтық ізденімдер, ауыл шаруашылығы өндірісінің ысыраптарын төлеу дәлдемелері және ары қарай Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеу үшін жататын жер телімдерінің бағалаулық құнын анықтау.

3.8. Аталған жер телімін бөліп беруге әкімдік қаулысының жобасын даярлауға деректерді қалыптастыру.

3.9. Әкімдіктің жер телімін бөлу туралы қаулысын алу.

3.10. Аталған жер теліміне сәйкестендіруші құжат әзірлеу.

3.11. Жер пайдаланушыларымен шарттар жасасу (зиянды бағалау нәтижелері бойынша). Өтемақыны төлеу 2 кезеңде, әрбір жер иесімен жасасқан бір шарт шеңберінде былайша жүргізіледі:

1) жер телімін құрылыс уақытына алып тастау кезінде зиянды төлеу;

2) жер телімін тіректерге сатып алу, оның ауданы жер телімін «KEGOC» АҚ-ның жеке меншігіне ресімдеу кезіндегі таңдау актісіне сәйкес анықталады.

Өтемақы мөлшерін анықтау кезінде оның құрамына кіретіндер:

1) жер телімінің немесе жерді пайдалану құқығының құны;

2) жер телімін игеруге, оны пайдалануға, қорғаныш іс-шараларын жүргізуге, топырақтың құнарлылығын арттыруға байланысты олардың инфляциясын ескере отырып шығындар құны;

3) жер телімінің меншік иесіне (жер пайдаланушысына) жер телімін алып тастаумен (топырақты өңдеуге, егіске арналған шығындар, тұқым құны, жиналмаған астық құны) келтірілген 2 жыл ішіндегі залалдар;

4) айырылып қалған пайда.

Өтемақылық төлемдер ықпал етуге дейін жүргізіледі және бағалау нәтижелеріне сәйкес комиссиялар мен салықтар шегерілмей төленеді.

3.12. Жерді пайдалану құқығын тіркеу уәкілетті мемлекеттік органдарда.



4. Нормативтік құқықтық ЖСЖ базасы

ЖСТСШ-да Конституция, Қазақстан Республикасының Жер кодексі нормативтік құқықтық актілер болып табылады деп атап көсретілген.

Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілермен қатар жерді иеліктен алу процесі мыналар ретіндегі нормативтік құқықтық және өзге де актілермен реттеледі:


  1. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңы;

  2. мүлікті бағалау стандарттары жөніндегі халықаралық комитеттің МСО 2007 халықаралық стандарттары;

  3. Қазақстандық бағалаушылар қауымдастығының стандарттары;

  4. қазақстандық бағалау стандарттары: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Негізгі терминдер мен анықтамалар» бағалау стандарты; Қазақстан Республикасы Әділет министрі м.а.-ның 2010 жылғы 9 желтоқсандағы №325 бұйрығымен бекітілген «Жылжымалы мүлік құнын бағалау» бағалау стандарты; Қазақстан Республикасы Әділет министрі м.а.-ның 2010 жылғы 9 желтоқсандағы №326 бұйрығымен бекітілген «Жылжымалы мүлік құнын бағалау» бағалау стандарты; Қазақстан Республикасы Әділет министрі м.а.-ның 2010 жылғы 9 желтоқсандағы №327 бұйрығымен бекітілген бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына арналған талаптар.

ЖСТСШ-да Бүкіләлемдік Банктің 4.12 Операциялық басшылығында (одан әрі – 4.12 ОБ) көрсетілген және Жобаны іске асыру үшін жерді алып тастау кезінде соларға ілесу қажет негізгі қағидаттар баяндалған. Осы қағидаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен дәл келеді. Алайда, 4.12 ОБ мен Қазақстан Республикасы заңнамасының арасындағы сәйкессіздік жағдайында мейлінше аз стандарттық талаптар ретінде 4.12 ОБ қабылданады, бұл ретте Жобаны іске асыру шеңберінде қаржыландырылатын жерді сатып алу жөніндегі барлық іс-шаралар (қаржыландыру көзіне тәуелсіз) ұлттық заңнама бұдан да жоғары немесе талапшыл стандартты керек ететін кездерден басқа жағдайларда 4.12 ОБ талаптарына сәйкес болады және сонда қолданыла алады.

Жер телімдерін алып тастау кезінде «KEGOC» АҚ төмендегі мынадай қағидаттарды ұстанды.

Тұрғындардың жылжуын толығымен болдырмады және осы Жоба шеңберінде бірде бір тұлға көшіп-қонбады/жылжымады. Өтемақы еркектер үшін де, әйелдер үшін де бірдей жағдайларда жүргізіледі. Төленетін өтемақылар мүдделері қозғалған тұлғаларға өздерінің бұрынғы кірістері мен тіршілік деңгейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Мүдделері қозғалатын тұлғалар құнсыздану есепке алынбағандағы уақытша ысыраптары мен әсер етулерді қоса отырып, жоғалған мүлкінің кірісі мен бизнесінің толықтай құн мөлшерінде өтемақы алуға толық құқысы бар. Мүдделері қозғалатын тұлғалармен консультациялар өткізіледі.

Меншікке жалаң құқықтарының жетіспеушілігі немесе пайдалануға арналған шарттың жоқтығы мүдделері қозғалатын тұлғалардың Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің саясатына жету үшін өтемақы немесе ықпал алу құқығын өзгертпейді.

Ерекше назар әйелдер немесе басқа да әлсіз адамдар басқаратын шаруашылықтарға аударылады; оларға тіршілік деңгейін сақтау немесе жақсарту үшін қажетті ықпал көрсетіледі.

Жерді иеліктен шығару Жоба шеңберінде жүргізіледі және «KEGOC» АҚ-ның өз қаражаты есебінен толықтай қаржыландырылады.

Өтемақылық төлемдер ықпал етуге дейін жүргізіледі және бағалау нәтижелеріне сәйкес комиссиялар мен салықтар шегерілмей төленеді.
5. Әртүрлі қозғалатын тараптар үшін өтемақыны есептеу жөніндегі ережелер
Женр телімінің иесіне өтемақы төлеу мөлшерін есептеу «Жамбылсконсалтинг» ЖШС және «Бағалау мен Сараптама» ЖШС компанияларымен «KEGOC»-мен жасасқан шарттар негізінде жүргізіледі.

Бағалаушы компанияның есептеулері кезінде 500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ бағыты тек мынадай ауыл шаруашылық арналымындағы жерлер санатын ғана қозғайтыны назарға алынды: 1) суғарылатын егістік; 2) жайылымдық алқаптар; 3) астық; 4) мемлекеттік қор (қор жерлері).

5.1-кестеде тек осы Жоба бойынша жүзеге асырылатын ысыраптар мен өтемақы шаралары көрсетілгенбудут ь.

5.1-кесте. Төлемақылар кестесі


Жобаның құрамбөлігі

Элемент

Жобаның ықпалы

Жоба қозғайтын тұлғалар санаты

Өтемақы құқығы

Түсіндірмелер

Электр жеткізу желілері

Тіректер

Тіректер астындағы жерлерді иесіздендіру/алып тастау

Жер иесі/жалгер


Нарықтық құн бойынша өтемақы

Жоғалған астық үшін алмастыру құны (нарықтық құн) бойынша салықтарды, транзакцияға, тіркеу мен аударымға комиссияны шегермегендегі ақшалай өтемақы.

Жер иесі

Жердегі активтер үшін өтемақы

Алынып тасталған жер мен жердегі активтер үшін нарықтық ақпарат әдісімен салықтарды, транзакцияға, тіркеу мен аударымға комиссияны шегермегендегі ақшалай өтемақы (салыстырмалы ұстаным).

Электр жеткізу желілері

Құрылыс үшін уақытша жер бөліп беру

(құрылыс мезгіліне жалгерлік)



Жер иесі

Астық пен басқа да ысыраптар үшін өтемақы

Жоғалған астық үшін алмастыру құны (нарықтық құн) бойынша салықтарды, транзакцияға, тіркеу мен аударымға комиссияны шегермегендегі ақшалай өтемақы 2 жылғы).




Жалгер

Астық пен басқа да ысыраптар үшін өтемақы

Жоғалған астық үшін алмастыру құны (нарықтық құн) бойынша салықтарды, транзакцияға, тіркеу мен аударымға комиссияны шегермегендегі ақшалай өтемақы (2 жылғы).










Мемлекетік мекемелер мен шаруашылық субъектілерінің жерлері

Мемлекеттік мекемелердің ставкаларына сәйкес

Мемлекеттік мекемелердің ставкаларына сәйкес


Жер санаттары мен өтемақы әдістері:
5.2 жер санаттары мен өтемақыны есептеу әдісі:

5.2-кесте

Жер санаттары

Өтемақыны есептеу әдісі

Ауыл шаруашылық жерлер (жыртылатын жерлер, жайылымдық алқаптар, астық)

Құрылыс мезгіліне уақытша жерді пайдалану кезінде (нарықтық құн бойынша) салықтарды, транзакцияға, тіркеу мен аударымға комиссияны шегермегендегі өтемақы:

Бірінші есептік жыл үшін өзіндік құны 70% кезіндегі таза табыс (ТТ) (тәуелсіз бағалаушы компаниямен қабылданады):



Өнімділік * егістік ауданы * сатып алу бағасы* 1,25 * 1,324 *0,3

Мемлекеттік қор (қор жерлері)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі №890 қаулысымен бекітілген базалық ставкаларға сәйкес.

Жер телімінен жіберіліп қойған мүмкінділі пайданы есептеу кезінде 5.3-кестеде көрсетілген шығыс деректері қолданылды.


5.3-кесте. Дереккөздер

Атауы

Дереккөз

Жерді пайдаланушының телімінде өсірілетін дақыл түрі.

Жерді пайдаланушының жер телімін зерттеу Актісі.

Ауыл шаруашылық өнімінің құны (өзіндік құн бағасы мен сатып алу бағасы бойынша), теңге

Қазақстандық сайттар www.almatyobl.stat.kz, www.stat.kz, www.krisha.kz,

Өнімділік, центнер/1га

Қазақстандық сайттар www.almatyobl.stat.kz, www.stat.kz, www.krisha.kz,


Болжамдық жалпы кіріс (құрылыс мезгіліне 2 жыл мерзімге уақытша жер пайдалануға алынатын жер телімінен айырылып қалған пайда) мына формула бойынша есептеледі:
Өнімділік *егістік ауданы * сатып алу бағасы * 1,25 * 1,324 *0,3

мұндағы:

1,25 – бағалаушының жорамалдары бойынша ауыл шаруашылық өнімінің орташа бағасының 25 %-ға ұлғайтылуы;

1,324 – егіншілік өніміне арналған бағалар өсуін талдаудан бағалар өсімі. 70% - бағалаушы таңдауынан ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзіндік құны.

Осы өтемақы жер телімі иесіне, сондай-ақ жер телімі жалгерлікте болған кезде – жалгерге төленеді.

500 кВ-тық ОҚМАЭС - Алма ӘЖ құрылысы аяқталған соң Компанияның жеке меншігіне сатып алынатын жер телімінің құны салыстыру ұстанымымен айқындалды (нарықтық ақпарат әдісі), яғни бағалаушылар айқындаған ӘЖ тіректерінің астындағы жер телімін бөліп берген кезде жер телімінің иесіне, сондай-ақ жер телімі жалгерлікте болған кезде және ӘЖ тіректерін орнату мен оларды қызметтеу үшін жерді пайдаланушыдан жер телімін «KEGOC» АҚ-ның жеке меншігіне сатып алу кезінде жалгерге төленеді.

Мемлекеттік қор (қор жерлері) жерлерінен жер телімдерін «KEGOC» АҚ-ның жеке меншігіне сатып алу ӘЖ құрылысы аяқталған соң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі №890 қаулысымен бекітілген базалық ставкаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының бюджетіне жер телімінің мақсаттық арналымының өзгеруінен туындаған ауыл шаруашылық өндіріс ысыраптарының міндетті төлемдерін төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағыі №1037 қаулысымен бекітілген нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.


6. ЖСЖ-ны іске асырудың институционалдық схемасы
Жер телімдерін құрылыс үшін қажетті бөліп беру көлемдерін және олардың құнын құзыретті түрде есептеу үшін «KEGOC» АҚ «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы өңірлік филиалын (бұдан әрі – «ЖерҒӨО» РМК АӨФ) және тәуелсіз бағалаушы компанияларды («Жамбылсконсалтинг» ЖШС пен «Бағалау және Сараптама» ЖШС) тартты.

«ЖерҒӨО» РМК АӨФ - құзыретіне жерге орналастыру, мемлекеттік кадастр мен жерлерді мониторингілеу кіретін уәкілетті орган. Осы уәкілетті орган төмендегі мынадай жұмыстардың сапалы орындалуы үшін жауап береді:



  1. жерге орналастыру жобасын әзірлеу (геодезия секторы);

  2. картографиялық материалдар мен экспликация жасау (жер кадастрын енгізу секторы);

  3. топыраққа зерттеулер (жерді зерттеулер мен мониторингілеу секторы), оның құрамына мемлекет бюджетіне төленетін төмендегі мынадай жұмыстар кіреді:

- ауыл шаруашылық ысыраптар төлемдерін есептеу;

- бонитет баллдарын есептеу, соның тұрғысынан жерді пайдалану үшін салықтар анықталады;

- жерді пайдалануға жалгерлік ставканы белгілеу;

- жер телімінің кадастрлық (бағалаушылық) құнын бағалау жер телімін «KEGOC» АҚ-ның жеке меншігіне бөліп беру кезінде жүзеге асырылады.

«Жамбылсконсалтинг» ЖШС пен «Бағалау және Сараптама» ЖШС тәуелсіз бағалаушы компаниялары («Жамбылсконсалтинг» ЖШС пен «Бағалау және Сараптама» ЖШС төмендегі мынадай жұмыстардың сапалы орындалуы үшін жауап береді:

құрылыс мезгіліне жер телімінің бөлігін алған кезде айырылып қалған пайда мен зиян құнын анықтау;



  1. ӘЖ құрылысы аяқталған соң ӘЖ тіректерінің астына келетін жер телімдерін жерді пайдаланушы тарапынан «KEGOC» АҚ-ның жеке меншігіне тапсыру үшін тіректер астындағы жер телімінің әділетті құнын анықтау.


7. Шағымдармен жұмыс үшін байланыс арналары
Қазіргі уақытта ықпалға түсіп қалған жер телімдерінің меншік иелерімен оларды Жоба туралы, өтемақы алу құқысы туралы хабардар ету үшін геодезиялық жұмыстар алдында жұмыс жүргізілді. «KEGOC» АҚ қызметкерлерімен, тәуелсіз бағалаушы компаниялармен және жергілікті атқарушы органдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл ықпалға түсіп қалған адамдардан ақпарат алу міндетін әжептәуір жеңілдетті және осы кісілерге құрылыс алдындағы қорқынышын еңсеруге көмектесті.

Алайда, жүргізілген жұмысқа қарамастан, өтемақыларды төлеу процесі кезінде Жобаны бағалауға, төлеу талаптарына және рәсімдеріне қатысты шағымдар туындау мүмкіндігін ескеру қажет. Жобаға қатысты барлық шағымдар «KEGOC» АҚ-на «KEGOC» АҚ Жобасының Инженеріне өтініш түрінде 8-7172 - 690 - 451 факсіне келіп түсе алады немесе шағым www.kegoc.kz. сайтында орналастырылуы мүмкін.

Шағымды алған соң «KEGOC» АҚ даулы мәселелерді шешу үшін барлық шараларды қолданады.

Дау-дамайды жоғарыда аталған арналар арқылы шешу мүмкін емес кезде жерді пайдаланушы жергілік басқару органдарына жүгіне алады және осы дау-дамай бойынша шешім болмаған жағдайда 2 аптадан асқан бойда дау-дамай соттық ретпен шешілуі мүмкін.


8. Мониторинг және бағалау
Бағалау, өтемақыларды төлеу мониторингі және жерді пайдаланушылар тарапынан шағымдарды қарау тиімділігі жылына 2 рет жүргізіледі. «KEGOC» АҚ-нан мониторингбойынша жауапты адам - «KEGOC» АҚ Жобасы Инженерінің байланыс телефоны 8-7172 - 690 – 451.

9. Консультациялар және ақпаратты ашу
«KEGOC» АҚ құрылыс алдында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар мен уәкілетті органдарды қозғалған өңірдегі көзделген құрылыс туралы хабардар етеді, сондай-ақ объектіні салу жөнінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

«KEGOC» АҚ сондай-ақ әрбір жер пайдаланушыны көзделген құрылыс туралы трассаларды таңдау мен келісу сатысында жеке-жеке хабардар етеді. Құрылыс басталғанға дейін бір жыл бұрын жерді пайдаланушы құрылыстың көзделген мерзімі туралы қосымша хабарлама алады.

Қозғалатын тұлғалармен ЖСЖ жобасы жөніндегі консультациялар жүргізілді және олардың ескертпелері ЖСЖ-ның ақырғы нұсқасына кірді.

Мердігерлік ұйымдар құрылыс мезгілінде жерді пайдаланушымен оның теліміндегі нақты жұмыс күндерін келіседі.



Осы ЖСЖ-да аталған ережелер жалпыға қолжетімділік мақсатында Компанияның www.kegoc.kz сайтында орналастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет