6B02312 Ағылшын филологиясы
Абдуалиева Тоғжан Берікқалиқызы
Аннотация
Филология – адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі.
Яғни, адамгершілік құндылықтар мен белгілі бір тарихи елдің түп
тамырын зерттейтін ғылым. Негізі филологияның түрлі салалары
бар. Мысалы, менің таңдауым: шетел филологиясы. Бұл
мамандықты таңдаудағы мақсатым жайлы айтайын..
Қазіргі таңда бірнеше тіл білу заман талабы. Өз тіліңмен қатар,
өзге тілді білу арқылы көптеген мүмкіндіктерге жол ашылады.
Мысалы, ағылшын, орыс тілі халықаралық қатынаста кеңінен
таралған. Біз мұнымен шет елдерде жұмыс жасап, тәжірибе
алмасып, Қазақстанда осы саланы дамыта аламыз. Негізі шетел
филологиясын таңдау себебім, Қазақстандағы орта буындағы жас
ұрпаққа білім беру. Сонымен қатар қазақ газет-журналдарында
аудармашы қызметін жетілдіріп, өз мамандығымның кәсіби
маманы болу. Шет елдерге саяхаттау, білім алу, жұмыс жасау
секілді түрлі мүмкіндіктер болады. Ең бастысы, менің жүрек
қалауымдағы мамандық екеніне көзім жетті. Болашақта оқыған
оқуымның кәсіби маманы болып шығатыныма сенімдімін!!
Достарыңызбен бөлісу: |