«6М011400-тарих», «6М020300-тарих» мамандығы бойынша
магистратураға тапсыратындарға арналған сұрақтар (2014 ж.)
-
Қарлұқ мемлекеті. Оғыздар. Саяси тарихы. Қалалары.
-
Тас және қола дәуірі. Археологиялық мәдениеті. Шаруашылығы.
-
Қимақтар. Қыпшақтар мемлекетінің құрылуы. Саяси тарихтағы қыпшақтардың ролі. Хорезм және Русьпен өзара қарым-қатынасы.
-
Қарахандар мемлекеті. Саяси тарихы. Қалалары. Діні, археологиялық ескерткіштері.
-
Сақтар, үйсіндер, қаңлылылар. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы. Археологиялық ескерткіштері.
-
1868-1869 ж.ж. Орал және Торғай облысы қазақтарының және 1870 ж. Маңғыстаудағы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістер.
-
Ғұндар. Мемлекеттілік дәстүрлері. Савроматтар мен сарматтар.
-
Көне түріктер мемлекеті. Әкімшілік-саяси құрылымы.
-
Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған отаршылдыққа қарсы ұлт- азаттық көтерілісі. Игельстром реформасы.
-
Қазақстан монғол мемлекеті құрамында. Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда. Әкімшілік-саяси құрылымы.
-
Қазақ хандығының құрылуы. XVI ғ. Қазақ хандығы. Саяси тарихы және Орта Азия
хандықтарымен қарым-қатынасы.
-
Қазақстан территориясындағы көне және ортағасырлық дін. Исламның таралуы.
-
Ұлы Жібек жолы, оның Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі алатын орны.
-
Ортағасырлық ғылым және мәдениет. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашғари, А.Яссауи.
-
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (XIV-XVI ғ.ғ.) және олардың дәстүрлі қазақ мемлекеттілігі құрылуындағы ролі /Ақ Орда, Көшпелі өзбектер мемлекеті, Ноғай Ордасы, Моғолстан, Сібір хандығы/.
-
XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси өміріндегі дағдарыс. Кіші жүзді патшалы Ресей мемлекетінің отарлауы. Әбілқайыр хан және оның саяси қызметі.
-
XVII-XVIII ғ.ғ. басындағы Қазақ хандығы. Жонғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы. Азаттық күрестегі хан, би, батырлардың ролі.
-
XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығының саяси жүйесі, оның дағдарысы.
-
Қазақтың шығу тегінің антропологиялық, этникалық, тілдік, саяси және т.б. негіздері. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.
-
XVI-XVII ғ.ғ. Қазақ хандығындағы заңдар кодекстері. Жеті жарғы.
-
Абылай хандығы. Абылай ханның қазақтардың тәуелсіз мемлекеті үшін күрестегі ролі.
-
Ішкі (Бөкей) хандығының құрылуы: саяси және әлеуметтік негіздері. Жәңгір ханның қызметі.
-
Ресейдің Орта жүзді отарлауы.
-
Ресейдің Ұлы жүзді отарлауы. Әскери жазалау экспедицияларының Қазақстанды отарлаудың аяқталуындағы ролі.
-
XIX-XX ғ.ғ. басындағы Қазақстанның Қытаймен, Орта Азия мемлекеттерімен, Ресеймен сауда-экономикалық байланыстары.
-
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. 1822-1824 ж.ж. Сібір және Орынбор қырғыздары туралы уақытша ережелер.
-
1837-1847 ж.ж. Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Кенесары хан – тарихи тұлға.
-
1867-1868 ж.ж. және 1886-1891 ж.ж. реформалар. Ресей империясының отарлау саясатының әкімшілік-құқықтық орнығуының көрінісі.
-
Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған Ресейдің және Орта Азия хандықтарының отарлау саясатына қарсы күрестері.
-
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған отаршылдыққа қарсы ұлт- азаттық көтеріліс.
-
ХІХ – ХХ ғ. бас. Қазақтың музыка мәдениеті. Ықылас Дүкенұлы, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет. Батыс Қазақстандағы ақын-күйшілер: Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхит, Сейтек, Дина т.б.
-
Қазақстанның ХІХ ғ. ІІ жартысындағы мәдениеті. Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл, ақын. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы.
-
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі алғы шарттары және басталуы.
-
XVII-XX ғғ. қазақтардың тұрмысы. Дәстүрлі көші-қоны, киім-кешектері, азық-түлік, шаруашылық бұйымдар. Қазақтардың көне тұрмыс салт-дәстүрлері мен мейрамдары.
-
М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегі және оның маңызы.
-
КСРО халықтарын Қазақстанға жер аудару (1930-1940 ж.ж.).
-
Қазақстанда ұлттық-либералдық қозғалыстың пайда болуы. Демократиялық баспасөз (ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басы) және оның ұлттық сана сезімді қалыптастырудағы ролі /А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев т.б./.
-
ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы қоғамдық-философиялық ойдың дамуы. /А.Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш т.б./.
-
1920-1940 ж.ж. Қазақстандағы мәдени құрылыс. Негізгі бағыттары және қиындықтары.
-
1920-30 ж.ж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. Саяси қуғын-сүргін.
-
1946-1970 ж.ж. Қазақстан өнеркәсібінің дамуы. Қазақстан КСРО-ның ірі индустриалдық базасы.
-
Қазақстандағы 1917 ж. Ақпан революциясы. Демократиялық қозғалыстар мен партиялар. Алаш партиясының құрылуы.
-
Қазақстандағы индустрияландыру (1928-1940 ж.ж.) және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
-
1929-1932 ж.ж. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Қазақтардың қарулы көтерілістері.
-
Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу. Батыс Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы.
-
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында (1941-1945 ж.ж.).
-
1946-1970 ж.ж. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет пен ғылым өкілдерін қудалау. «Е.Бекмаханов ісі».
-
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың қасіретті зардаптары.
-
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Жаңаша баға.
-
Қазақстандағы мәдени өмір мен ғылымның дамуы (1946-2001 ж.ж.).
-
КСРО-дағы тоталитарлық жүйенің дағдарысы және оның 1970-80 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық дамудағы көрінісі.
-
1986 ж. Желтоқсан оқиғасы және оның КСРО-дағы тоталитарлық жүйенің ыдырау процесіндегі орны.
-
Қазақстан ЖЭС жылдарында. Кіші Қазан саясаты (1921-1927 ж.ж.).
-
Қазақстан азаматтық қарсылық кезеңінде (1917-1920 ж.ж.).
-
Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс (1918-1920 ж.ж.) Түркістан автономиясының жариялануы. Алаш-Орда үкіметі. Қазақ АКСР-нің құрылуы.
-
1916 ж. көтерілістің басты ошақтары. Қазақ интеллигенциясының көтеріліске көзқарасы. 1916 ж. көтерілістің жеңілуі және тарихи маңызы.
-
1990–шы жылдардағы экономикалық реформалар: қиындықтары, мәселелері.
-
Егемен және тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы. Қазақстан Республикасының саяси құрылысы. Конституциясы. Мемлекеттік рәміздері.
-
1980-90 ж.ж. Қазақстан халықтары. Этнодемографиялық мәселелер. Жер жүзіндегі қазақ диаспорасы.
-
Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар. «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы ұлттық келісім және ішкі саяси тұрақтылық тұжырымдамасы.
-
Қазақтардың XVІІ – ХІХ ғғ. әлеуметтік ұйымдасуы мәселесі – тарихи әдебиеттерде /М.П.Вяткин, В.Ф.Шахматов, С.В.Толыбеков, С.З.Зиманов, Е.Б.Бекмаханов, Н.А.Масанов және т.б./.
-
ХІХ ғ. 2 жартысындағы қазақ ауылындағы әлеуметтік өзгерістер. ХІХ-ХХ ғғ. басындағы патша самодержавиясының аграрлық саясаты. Қоныстандыру қозғалысы. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның әлеуметтік-демократиялық зардаптары.
63. XV-XVIII ғ.ғ Қазақ хандығы тарихы бойынша зерттеулер /М.Тынышбаев, С.Асфендияров, В.Юдин, Т.Сұлтанов және т.б./.
-
Қазақ эпостары, аңыз-әңгімелер және тарихи шежірелері – тарихи деректер ретінде.
-
Қазақстанда көшпенділіктің пайда болу мәселесі және ерте көшпенділер тарихын зерттеу /М.П.Грязнов, К.А.Акишев, А.Х.Марғұлан, С.П.Толстов, т.б./.
-
Тарих ғылымы 1960-80 жылдарда. Ә.Марғұлан, С.Бәйішев, М.Асылбеков, С.Бейсембаев, Б.Сүлейменов, А.Нүсіпбеков, Х.Арғынбаев, К.Нұрпейісов.
-
Ш.Уалихановтың тарихи-этнографиялық еңбектері. Шоқанның Орталық Азия халықтарын зерттеудегі үлесі.
-
Қазақстан және Ресей ғалымдарының ертедегі және ортағасырлық қала мәдениеті мен тарихын зерттеудегі үлесі /А.М.Марғұлан, К.М.Байпақов, Б.Ерзакович, А.Н.Бернштам, К.А.Пищулина, Т.К.Сенигова және т.б./.
-
Мұхамбет-Салық Бабажановтың тарихи-этнографиялық еңбектері. Батыс Қазақстанды зерттеудегі ғалымның үлесі.
-
Қазақстанның ғалымдарының Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі (М.Н.Қозыбаев, Белан т.б.).
-
Қазіргі заманғы тарих ғылымының өзекті мәселелері. «Тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы...»
-
Қазақтардың XVIII-XIX ғ. басындағы мәдениетін, шаруашылығын, тарихын зерттеудегі Ресей ғалымдарының үлесі. /П.С.Паллас, П.И.Рычков, В.В.Радлов, Н.А.Аристов және тағы басқалар/.
-
1920-30 ж. тарихи өлкетанудың қалыптасуы. Қазақстанды зерттеу қоғамы. А.П.Чулошников.
-
1980 ж. соңы - 90-жж. Қазақстандағы тарих ғылымы, оның дамуындағы жаңа тың бағыттар.
-
Ұжымдастырудың тарихнамалық мәселелері.
-
1950-90 ж.ж. Қазақстанның мәдени өмірі дамуының мәселелері – тарихи әдебиеттерде.
-
1916 ж. Ұлт-азаттық көтерілістің тарихнамасы.
-
Соңғы ғасырлардағы түркі тілді деректемелер.
-
Қазақтардың этникалық тарихы мен этногенезі бойынша зерттеулер (А.И.Левшин, Ш.Уәлиханов, Бартольд, М.Тынышбаев, В.Востров, М.С.Мұқанов және т.б.).
-
Қазақстандағы мәдени құрылыс (1920-40 ж.ж.) мәселесінің тарихнамасы.
-
Қазақстанды Ресейдің отарлауының тарихнамалық мәселелері (С.Асфендияров, М.П.Вяткин, Е.Бекмаханов, Н.Г.Апполова, В.Я.Басин, Б.Сүлейменов, М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев, Ә.Қ.Мұқтар және т.б.).
-
Қазақстандағы ежелгі және ортағасырлық мемлекеттер тарихын зерттеу (VI-XI ғғ. //Л.Гумилев, Ю.И.Зуев, С.М.Ақынжанов, Б.Е.Көмеков, Э.А.Бернштам, С.Г.Кляшторный, Т.И.Сұлтанов, В.Юдин т.б.).
-
Қазақстан тарихы бойынша жинақталған еңбектердің жарыққа шығуы (1930-80 ж.ж.) «Қазақ КСР тарихы», «Қазақ КСР тарихының материалдары», «Қазақ КСР тарихы ежелгі дүниеден қазіргі заманға дейін» (5 том) және т.б.
-
М.Тынышбаевтың Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеудегі үлесі.
-
Соңғы орта ғасырлардағы парсы деректемелері.
-
Бөкей Ордасы тарихының тарихнамасы.
-
А.И.Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордасы мен даласына сипаттама» кітабы-қазақтар туралы алғашқы іргелі еңбек.
-
XVIII-XIX ғ.ғ. ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихнамалық мәселелері (Е.Б.Бекмаханов, М.П.Вяткин, В.Ф.Шахматов, А.Ф.Рязанов, М.Қозыбаев, Ж.Қ.Қасымбаев, И.Н.Кенжалиев, т.б.).
-
С.Асфендияровтың Қазақстан тарихы ғылымының аяқтануына қосқан үлесі.
-
Е.Бекмахановтың негізгі еңбектері. Ғалымның Қазақстан тарихы ғылымының дамуына қосқан үлесі.
Достарыңызбен бөлісу: |