Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа»



Дата29.11.2023
өлшемі117.74 Kb.
#484788
түріСабақ
Қазақ әдебиеті 8-сынып 2- тарау Мұрат Мөңкеұлы `Сарыарқа` өлеңі 7-сабақ ҚМЖ 2-нұсқа


Бекітемін: Пән: қазақ әдебиеті Күні : 21.11.2023 ж

Сабақтың тақырыбы:

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа»өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Дереккөздер



Сабақтың басы



Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл
Оқушыларға слайдтан Құрманғазы, қазақтың сары даласы, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің суреттері көрсетіледі.

Оқушылар суреттер арасындағы байланысты табу керек. Қабілеті жоғары не музыкалық білімі бар оқушылар бұл суреттерде Құрманғазының «Сарыарқа» күйі көрініс тапқанын айтуы мүмкін.


Содан кейін оқушылар Құрманғазыатындағы мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы «Сарыарқа» күйін тыңдап, жұпта күй мазмұнының не жайында екеніне, жаңа сабақпен қандай байланысы бар екеніне болжау жасайды.
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

Құрманғазы «Сарыарқа» күйі



Сабақтың ортасы


Мағынаны тану
1- тапсырмаЖ,ЖЖ.
Оқушылар филология ғылымының докторы, профессорҚадыр Жүсіптің «Екі жақты, бір тілді, Сөйлейтін сөзге шешенмін…» атты ғылыми зерттеу еңбегінен «Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихын оқып танысады.


«Сарыарқаның» жырлану тарихы
Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үйішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді,сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашаған­мен айтыстыралық. Мұрат өз ауылын­да жүргенде елін, жерін, Берішін мақ­тап дес бермейді дейді. Енді несін мақтай­ды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстыр­сақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді.
Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат – әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.
Сөйтіп жүргенде Адай елінің үл­кен жиы­ны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.
«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бас­тап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.
Оқушылар жұбымен пікірлесіп, өлең мазмұнын болжайды.
2- тапсырма С.,ЖЖ.ОқушыларМұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңінің мазмұнын тыңдайды және негізгі түсініктер мен сөз, сөз тіркестерін анықтайды. Өлең табиғатын ашатын сөздер мен сөз тіркестерін қағазға жазады.
Сыныптастарымен өлеңнің идеясы мен пафосының ұлттық мүдде тұрғысынан ашылуы туралы бірнеше пікірлерді оқып, оларды маңыздылық деңгейіне сай орналастырады.
Мұғалім оқушыларды аралап жүріп, жауаптарын стикермен бағалап кетеді.
3- тапсырма ЖЖ,ТЖ. «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
1-қадам.Өлең мазмұнына байланысты жуан, жіңішке сұрақтар дайындайды;
2-қадам. Оқушылар топта оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды.



Дидматериал дар


Сабақтың соңы





Таразы суреті




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет