7. html тілінің мультимедиялық МҮмкіндіктері



Дата08.09.2022
өлшемі15.48 Kb.
#460431
түріПрограмма
EMBET

7. HTML ТІЛІНІҢ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ


Броузерлердің (Netscape Navigator, Internet Explorer) мульти­медия­лық файлдарды іске қосатын қосымша программалық модуль­дері бар. Олар LiveAudio (WAV, AU, AIFF және MIDI форматтарын­дағы дыбыстық файлдар), Live3D (VRML), LiveVideo (АVI бейнелік файлдары) және QuickTime (дыбыс пен мәтін қосылатын MIDI түріндегі MOV форматындағы файлдар) тәрізді технология­ларды сүйемелдей алады.

7.1. тәгін пайдалану


Жоғарыдағы айтылған мультимедиалық мүмкіндіктердің бәрін web-құжатқа тәгі арқылы енгізуге болады. Оны жабу мін­дет­ті емес. Бұл тәгті пайдалану кезінде дыбыс ойнайтын құралдың басқару элементтерін сурет тәрізді көрсету мүмкіндігі бар. тәгінің бірсыпыра параметрлерін келтіре кетейік:
8 кесте

Атрибут

Атқаратын қызметі

1

2

SRC

Іске қосылатын объектінің толық маршруты көрсетілген файлының аты. Бұл параметр міндетті түрде жазылуы тиіс.

PALETTE

Іске қосылатын объектінің палитралары типтері (түстер палитрасы), мәндері: foreground, background

TYPE

Объект файлының типі

HIDDEN = false  true

Объектінің экранда көрсетілу типі, мәндері: false – объект көрсетілмейді (келісім бойынша), true – объект көрсетіледі

CONTROLS= console  smallconsole

console – терезеге дыбысты басқару тақтасы шығарылады, оның ойнату, тоқтату, дыбысты реттеу тәрізді батырмалары көрсетіледі;
smallconsole – терезеге шағын басқару тақтасы шығарылады, оның да ойнату, тоқтату, дыбысты реттеу тәрізді батырмалары көрсетіледі;

HEIGHT=n

дыбысты басқару тақтасының немесе бейнефи­льм кадрының пиксельмен берілген биіктігі;

WIDTH=n

дыбысты басқару тақтасының немесе бейнефи­льм кадрының пиксельмен берілген ені;

LOOP= true  false  n

true – аудио не бейнефайл тұрақты ойналады;
false – аудио не бейнефайл бір рет ойналады;
n – аудио не бейнефайл n рет ойналады.

Бұл тәгтің басқа атрибуттары тәгінің атрибуттарына ұқсас (жалпы HTML құжаты ортасына объект енгізу тәсілі бірдей десе болады), сондықтан NAME, ALT, BORDER, ALIGN, HSPACE, VSPACE сияқты атрибуттарды қарастырмаймыз.
Мультимедиялық мүмкіндіктерді сүйемелдей алмайтын басқа броузерлер үшін элементі көрсетіледі де, оның ашылу және жабылу тәгтері арасында түсініктеме мәтін жазылады. <br /><b>Мысалдар: </b> <br /><EMBED SRC=nature.wav> <br />тәгі nature.wav музыкалық файлын фон ретінде тыңдауға мүмкіндік береді. Құжатқа PDF (Adobe Portable Document Format) форматындағы JS.PDF файлын енгізу үшін мынадай жолды жазу керек: <br /><EMBED SRC=js.pdf width=500 border=0 align=left></embed></embed>

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет