Тақырыбы:Бір Отан-бір отбасы
Мақсаты: Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. «Ғажайып алаң» ойынын ойнату.
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Секторлық тақтайша, мақал- мәтелдер
Әңгімелесу
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
–Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі
–Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластық, алғыс айтуға байланысты «Сыйласаң- сыйлы боласың» деп аталады.
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деді Президент Нұрсұлтан Әбішұлы.
2 - жүргізуші: Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.
1 - жүргізуші: Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым - қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
2 - жүргізуші: _____ менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке тағы да кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың?
1 - жүргізуші: Тізімді бірге құрайық!
2 - жүргізуші: Бастысы – алғыс айта білу...
1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..
Бірге: Рахмет айтамыз!
Оқушыларды ортаға шақырсақ.
1-оқушы:Аллаға әуелі рахмет!
Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
2-оқушы:Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
3-оқушы:Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!
Салт - санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
4-оқушы:Таза ауа үшін сімірген.
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.
5-оқушы: Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға
Бүгінгі күн — нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ескеретін күн бүгін -
Ризашылық қой әр елде - дей келе, енді 2 - сынып оқушыларының алғыс өлеңдеріне кезек берелік.
1. Анама алғыс!
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.
2. Әкеме алғыс!
Ұл болсын деп тілеген Ердәулеттей
Өмірімде бөрідей болуға баулып
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Бақытым болар жырымды жария етсем
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.
3. Ағаға алғыс!
Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.
Бір бәлеге тап болса құрдастарым
Қапсырмалап, қысатын жанымды демім.
Бауырларым болмаса тірегім болған
Осыншама айбатты, арынды ма едім?!
4. Әпкеге алғыс!
Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.
Анамыздан айнымай туылғаннан ақ
Иесіне айналған әдемі үміттің.
Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі
Белгісі болып жаралған әдеміліктің.
5. Ініге алғыс!
Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп.
Деп жүреді:”Ардақтап көтеремін мен
Атамыздың аманат, мұратын биік”
Қиындыққа кезіксе соққы болатын
Менің жаным ол үшін тынатын күйіп.
6. Ұстазға алғыс!
Бағым жанып, батылмен бел асқаныма.
Төзіндіріп өмірдің талаптарына
Ниеттеген арманның ең асқағына.
Арқасында ұстаздың даналар баққан
Ой - өрісім бұл күнде тең аспаныма.
7. Досыма алғыс!
Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.
Ең бақытты ер болып жүретін едім
Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
Көтеретін еңсемді егіліп, талсам
Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.
8. Еліме алғыс!
Балаң едім батаңмен жанатын бағы.
Нәтижесі тілектің өзіңнен туған
Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
Қол жеткізіп еліме тарту етемін
Биіктікті қыранның қанатындағы.
* Оқушылар А4 қағазына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдау және баланың аты-жөні айтылмай бірнешеуін оқып шығу.
Қортындылау:
– Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар !
9. Өмірге алғыс!
Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.
Айналайын, тағдырым, қасиетіңнен
Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен.
Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың
Ей, өмірім, алғысқа - алғысыңменен!!
2 - жүргізуші: Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
«Қамажай» биі
1 - жүргізуші: Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір - біріне құрмет білдіретін күн. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болады.
2 - жүргізуші: Қазақстан халқы мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейлік негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
1 - жүргізуші:
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы»
Грузин: Дамир
Қырғыз: Амир
Қазақ қызы: Қарақат
Дамир: Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан.
- Сенің ұлтың кім?
Амир:- Қырғыз.
Дамир:- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
Амир:- Менің өз елім – Қазақстан.
Дамир:- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
Амир:- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
Дамир:- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек.
Амир:- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ қызы келеді)
Қарақат: - Балалар, осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
(Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліне баруың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
Қарақат: О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа да ұлттар тұра береді. Тұрғанда тату – тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, бізге неге дос болмасқа! Қане салыңдар қолдарыңды!
(Бірге қосылып) Біз доспыз, әрқашан біргеміз. «Ынтымақ бар жерде бірлік, достық, татулық бар» Ендеше ынтымағымыз әрқашанда жараса берсін.
Қарақат:
Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал - жая, қазы - қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша - бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз
2 - жүргізуші Айнұр: Біздің Қазақстан жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгін осында татар, орыс, тәжік, өзбек, әзербайжан, кәріс ұлт өкілдерінен біздің мектебімізде оқитын оқушылары бүгінгі іс - шарамызға өз ризашылықтарын білдіру келіпті. Осы ұлт өкілдеріне қошеметтеп қол шапалақтап қояйық.
1 - жүргізуші:
1. Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым – деп, орыс халқының өкілдерін шақырамыз.
2 - жүргізуші:
2. Кім сүймейді ет жақынын, туысын,
Әзірбайжан туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын - әзірбайжан халқын ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
3. Жолым түсіп, тағдыр талап,
Кәріспен болдым дос қонақ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол - ақ – дегендей кәріс ұлтын шақырамыз
2 - жүргізуші:
4. Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда – мордвин ұлтын шақырамыз
1 - жүргізуші:
5. Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр Тәжік деген
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр – тәжік ұлтын шақырамыз.
2 - жүргізуші:
6. Бұралып гөзал билегенде
Өзбектің асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,
Құрбылар айтыңдаршы қандай пенде. - өз биімен өзбек жерлесімізді ортаға шақырайық
1 - жүргізуші:
7. Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден! – татар ұлтын шақырамыз
2 - жүргізуші:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде тұр аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
1 - жүргізуші:
Ортақ бізге бір Отан.
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы - дегендей өздеріңіздің бүгінгі алғыс айту күнінде елімізге айтар алғыс - тілектеріңіз болса айтып өтсеңіздер.
1. Орыс ұлтынан 11 «Б» сынып оқушысы:
Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезеңде біздің орталық өлке жұршылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жоқ. Әрине негізгі мақсатымыз - славян мәдениетін дамытуға, орыс тілін оқытуға ұлттық салт - дәстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан қашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа біге түк керек емес. Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе өзара түсіністігімізді дамыту. Қазақстан еліне алғысым шексіз, Қазақ елі жасасын!
2 - оқушы орыс ұлтынан 10 «Б» сынып оқушысы:
Республикам Менің!
Республикам Менің!
Абатым!
Көркіңді көрсе - мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сен де лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сен де достасып бірге табатын!
Республикам менің!
Республикам менің!
Келбеттім!
Кең бесігіңді кемел еліңді тербеттің!
Кіндігі сенің қазағым үшін жер, көктің!
Алғысын айтам ақ жүрегімнен мен көптің
3 - оқушы. Орыс ұлтынан :
Асқарлы қарлы шың,
Аялаған ән құсым.
Туған жер армысың,
Саған мың алғысым!
2 - жүргізуші: Ендігі сөз кезегін әзірбайжан ұлтына берейік.
4 - оқушы. 10«Б» сынып оқушысы:
Жетісу, Сарыарқа жерінде ата - бабаларымыз қалай келіп тұрақтап қалғаны тарихтан мәлім. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдылығының арқасында біздің әзірбайжан халқы да өсіп - өніп жақсы тіршілік кешуде. Мына біздің аталарымыз, көптеген қиын жағдайларда бастарынан өткерді. Олардың біраз ұрпақтары қонақжай қазақ халқының жерінде тұрақтап қалды. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға өте бай. Ал, байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек, бір - бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал қазақ елі!
1 - жүргізуші: Ендігі сөзді кәріс ағайынымызға берейік.
5 - оқушы 6«Б» сынып оқушысы:
Мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызға айтарым, қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып тұру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай, берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық. Құдайға шүкір, Конституциялық құқығымыз да ел қатарлы қорғалуда. Біз қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді қалаймыз. Ешкім де, ешқашан да ұрыс - керіс, жанжал, айқай шумен жақсы тұрмыс жасай алмайды. Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!
2 - жүргізуші: Келесі сөз кезегін мордвин халқына берейік.
6 - оқушы: 3«Б» сынып оқушысы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! –
1 - жүргізуші: Келесі сөз кезегін тәжік ұлтына берейік.
8 - оқушы 4 «Б» сынып оқушысы:
Қуаныштан желпілдейді түндігім,
Шын ниетпен алғыс айтар күн бүгін.
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.
2 - жүргізуші: Келесі сөз кезегін көршілес мемлекетіміз өзбек халқына берейік.
9 - оқушы 1 «Б» сынып оқушысы:
Своих детей храни, земля,
Пусть ночи будут мирными
У нас на всех одна, одна земля.
Своих детей люби, Земля
Мы вместе будем сильными,
Ведь Родина унас на всех одна.
1 - жүргізуші: Келесі сөзді татар елінің өкілдеріне берейік.
10 - оқушы 3 «Б» сынып оқушысы:
Біз қазақ халқының шексіз дарқандығын айтқымыз келеді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алуына болады. Өйткені достығы, бірлігі мықты ел қашанда дараланып тұрады. Қазақстан Республикасында тұратын мақтан тұтатын ұлттың бірі - біздер татарлар. Дініміз бөлек болса да, түркі тіліміз бір болғандықтан қазақ тілін үйренуге дайынбыз. Қазақ жеріндегі жақсы тұрмысымыз туралы сырттағы бауырларымыздың аузынан естіп төбем көкке бір елі жетпейді. Жасасын Қазақстан! Баршаңызға мың алғыс!
11 - оқушы 1 «Б» сынып оқушысы:
Ризашылық өлеңі
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын бәріңе.
Оқушы өз әнін шырқайды.
Тілектеріңізге көп - көп рахмет!
1 - жүргізуші: Осындағы түрлі ұлттан шыққан бауырларымызға қазақ балаларының да айтары бар екен. Ендеше, тыңдап көрелік.
1 - оқушы:
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды.
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлер жарасқан.
2 - оқушы: 6 «Б» сынып оқушысы
Қадірменді бір досымыз – өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің
Дәм - тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен басбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
3 - оқушы: 6 «Б» сынып оқушысы
Қазақ – қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
2 - жүргізуші: Бейбітшілік жасасын!
1 - жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
2 - жүргізуші: Қазақстан жасасын!
1 - жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
2 - жүргізуші: Иә, Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Осы тәуелсіз мемлекетімізді уақыт талабына сай салиқалы ақылмен, терең парасат - пайыммен басқарған Н. Назарбаев сынды ерен елбасын қалай мақтап, мадақтасақ та жарасады.
Көп ұлтты халықтың арасында «ши» шығармай бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болып, дер кезінде республикадағы ұлттардың Ассамблеясының жұмысын жандандырып, олардың тілін, әдет - ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Осылайша ел басқарудың ауыр міндетін қайыспай көтеруде.
Достарыңызбен бөлісу: |