7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі
Жүргізуші: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Абзал азаматтарымыз , көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Жүрекке адалдықтың ескен гүлін Ғажайып келешектің төккен үнін Ардақты ағаларға шын көңілден Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін-дей келе, сіздердің құрметтеріңізге
«Жеңіс туы» хор Қабыл алыңыздар! Жүргізуші: Ата Заңымыздың 34 – бабында әркім мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді. Ту Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің, Бейнелеген алтын шапақ күн көзін. Адалдық пен пәктік көңіл нышаны Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім. Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім, Ырымдады болса екен деп сәтті күн. Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын, Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
Елтаңба Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап, Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап. Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып. Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап. Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай. Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай. Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған, Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.
Әнұран
Әйгілісің әуеніңмен әлемге, Әнұраным, пәктігіңді дәлелде. Қазағыма қайсар шабыт бергендей, Ұран болып айтыла бер әр елде. Жүрегінен орын алып елімнің, Шартараптан шарықтаумен көріндің.
Жүргізуші: Мың бұралып билеген Аруды кім сүймеген . Күміс көмей аруларға Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекте сынып қыздарымыздың «Көктем вальсін» тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Оқушы: Көп аузынан түспейтін, Отан деген немене? Оның тұлға түс кейпін, Достым білгің келе ме?
Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен – Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Оқушы: Отан дейміз кең-байтақ Астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Оқушы: Отан- тарих, Отан – тіл, Жасаған елің, өз- халқың. Отан – өлең, Отан-жыр, Көтерген көкке ел даңқын.
Оқушы: Отан –біздің үйіміз
Отан біздің жырымыз, Отан біздің бақшамыз, Құлпыртатын гүліміз.
Оқушы: Отан – көкшіл туымыз. Отан - біздің еліміз, Отанды қорғап жүреміз Туып өскен жеріміз.
Оқушы: Отан деген атамекен, Отан деген туған жер. Отан-Ана,Отан-үлкен, Қазақстан туған ел.
Оқушы: Отан – осы достарым, Көңілге мұны түйе біл! «Отан» деп өс жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл!
Жүргізуші: Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың, Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың. Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған, Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, -
ұлдардың орындауында «Туған ел» әні
Оқушы: Арыстан батыр – атымыз, Қыран құсқұмай–затымыз. Жауынгер жалын жасақтың, Арқалы азаматымыз.
Оқушы: Асу бермес шын,құздармыз, Жауларға қаһар, ызғармыз. Қатер кеп төнсе халқыма, Қалқаны болар біз бармыз.
Оқушы: Отаным,кең далам орманды, Болаттан соғылған қорғанды. Бақыттың,шаттықтың мекені Қолдаймын, қорғаймын ордамды.
Оқушы: Нұр шашады алтын күн Отанымда мереке! Қона берсін еліме, Бақыт, шаттық береке!
Оқушы: Қызмет етіп Отанға Бола біл сең нағыз ер.
Мақтан тұтар ерлерді, Туған елің,туған жер.
Оқушы: Отаным анамдай көремін. Озасың бәрінен сенемін Желбіреп әрқашан көк туым Гүлденіп көркейіп өсемін.
Оқушы: Қаһарман халық–қазақпыз, Құлдықтан мүлде азатпыз. Ерікті өскенен жайлап, Армансыз және азапсыз.
Оқушы: Бізді өсірген аялап, Отан-қамқор,саябақ. Отан-ортақ үйіміз. Көңілді ән мен күйіміз.
Оқушы: Туған жер-алтын таң, Кең далам,таулы орман. Ұл мен қыз қорғаймыз, Бақытты ұлы Отан.
Барлығы: Біз Отанның ұланымыз, Біз Отанның қыранымыз.
Жүргізуші: Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың, Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың. Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған, Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, - дегендей ұлдардың орындауында «Туған ел» әні
Жүргізуші: Балалар, елін, жерін сүйетін, қорғайтын азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек? - Білімді, өнерлі, ақылды, еңбекқор, әдепті - Дұрыс-ақ, ендеше сабағымызды жақсы оқып, елімізді қорғайтын, адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Оқушылар ортаға шығып, келесі әріптерді көтереді. Қ- қазаққа қызмет ететін А- арманына жететін З- заңды жақсы білетін А- алға қарай жүретін Қ- қайырымды елімнің С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін А- абыройын,жігерін Н- намысын қолдан бермейтін Бәрі: Мен боламын патриот, Болашағы елімнің! Жүргізуші: Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Кешіміз өтіп жатыр салтанатты, Төгілген күн нұрының шапағаты. Ортада жас бишілер би билейді, Халайық қол соғыңыз мархабатты.
Алдарыңызда « Шаңырақ » биі
Жүргізуші: Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар, көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |