СөЖ №7 Халықтық тәрбиенің факторлары



бет1/2
Дата26.11.2022
өлшемі19.13 Kb.
#465828
  1   2
Этнопедагогика 7


СӨЖ №7
Халықтық тәрбиенің факторлары

1.Табиғат - халықтық тәрбиенің факторы


2. Халықтық тәрбиедегі ойындар мен сөздердің рөлі

1.Табиғат - халықтық тәрбиенің факторы. Жер бетiнде бiрнеше халықтар жойылып, олардың орнына жаңа халықтар пайда болды. Ал қазiргi өркен жайып, өмiр сүрiп отырған ұлттардың да әлденеше ғасырдан кейiн жер бетiнен жоғалып, олардың орнын жаңа этностардың басуы мүмкiн. Кез келген табиғат жүйесiнiң, (соның iшiнде этностардың да) ыдырап, құрып бiтуi сөзсiз. Бұл – табиғат заңы. Өмiрдiң өлiммен ұштасуы, ал өлiмнен кейiн жаңа өмiрдiң жер бетiнде өркен жайып, дүниеге келуi – диалектикалық заңды құбылыс. Ал мәдениет тарихынан ондай диалектикалық заңдылықты көрмеймiз. Табиғаттан адамның өзгешелiгi – олар материалдық игiлiктердi жасап, заттардың санын көбейткенiмен, табиғат сияқты, жанды бiр заттан екiншi бiр жанды зат (тiршiлiк иесiн) туғыза алмайды. Мысалы, табиғатта өсiмдiк пен аңдардың, хайуанаттардың жаңа түрлерi (белгiлi тарихи кезеңде) пайда болып, өсiп-өне бередi. Жер бедерiнiң тау-тас, жел мен жаңбырдың әсерiнен мүжiлiп, төбешiкке, тiптi бара-бара тегiс жерге айналуы, өзен-көлдердiң суалып, құрып кетуi немесе жер астына сiңiп, ағыс бағытын өзгертуi мүмкiн. Ал адам баласы жасаған Мысыр пирамидасы немесе Эйфел мұнарасы өзгерiссiз, ғасырлар бойы сақталады. Мәдени ескерткiштердi жасаушы этностар жер бетiнен жоғалғанымен, олар жасаған мұралар ұзақ жылдар бойы өмiр сүредi. Табиғат байлығын игерушi адамдардың мәдени-техникалық прогресi үнемi алға қарай жүре беретiн құбылыс болып көрiнуi мүмкiн. Бiрақ, шын мәнiсiнде, олай емес. Мәселен, бiздiң жыл санау дәуiрiмiзге дейiнгi VIII ғасырда өмiр сүрген скифтер қара теңiз жағасын жайлаған, 500 жыл бойы өркендеген, мәдениетi бай ел болған. Олар теңiз жолында сауда-саттықты өркендетiп, кереметтей өнердiң, өзiндiк мәдениеттiң иесiне айналды. Өткен ғасырлардағы адамдар кейiнгi ұрпаққа жақсы дағдылар мен бiлiм жиынтығын мұра ретiнде қалдыруды армандады. Мысалы, вавилондықтар – математикалық түсiнiктердi ойлап тауып, қалдырып кетсе, гректер – философия мен театр өнерiн, римдiктер – юриспруденцияны, арабтар – персиялық “ақылдың кенi” – алгебраны бiзге мұра еттi. Фрацуздар асқан сұлу живопись өнерiмен, итальяндықтар әсем сазды музыка мәдениетiмен, ал қазақ халқы аса бай ауыз әдебиетiмен iз қалдырды. Олардың бәрi де бiр-ақ мақсатты көздеп, келер ұрпақты бақытқа бөлеудi армандады. Өткен ғасырлардағы халықтар жасаған асыл мәдени мұралардың бiздiң дәуiрiмiзге жұрнағы ғана жеткен. Бiзге жеткен мұраның қалдығымен ғана өткен дәуiр мәдениетiнiң өресiн өлшеу, жоғалғандарын елеп-ескермеу тарихқа қиянат болып табылады. Оларды жан-жақты қарап, ескермесек, өткендегi этностық мәдениетке дұрыс баға бере алмаған болар едiк. Ағаш пен киiздi былай қойғанда, қиыршық құм тас, сияқты материалдардың өзi желмен, жаңбырмен үгiлiп, тозып, жоқ болып кететiнiн естен шығаруға болмайды. Оның үстiне, жер сiлкiнiсi, су тасқыны сияқты апаттар тағы бар. Осындай апаттардың салдарынан тарихи ескерткiш-мұралар да жойылады. Олай болса, адамзат қолымен жасалған мәдени-ескерткiштердiң бәрi мыңдаған жылдардан кейiн жойылып кетуi мүмкiн. Сөйтiп, материалдық мәдени мұралардың өткен дәуiрлердегi осындай жай-күйi тарихты дұрыс баяндамауға әкеп соқтырады. Ұлт мәдениетiнiң озық үлгiлерi арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеу – этнопедагогиканың өзектi мәселесi. Қазақ этностар мәдениетiнiң өткенiн анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет