8 сынып. III тарау
Металдар белсенділігін салыстыру
1. Металдардың оттекпен әрекеттесуі.
2. Металдардың сумен әрекеттесуі
3. Қышқылдармен әрекеттесуі
Металдардың жемірілуі
Жемірілу деп металдар мен олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен бүлінуін айтады. Темір мен оның құймаларының жемірілуі таттану деп аталады. Металдардың жемірілуін химиялық және электрохимиялық деп бөледі
Металдардың жемірілуі
Қышқыл, сілті және тұз ерітінділері әсерінен жүреді.
Металл бетінің құрғақ оттек немесе басқа газдардың әсерінен бұзылуы
Химиялық (Газдық) Электрохимиялық
Металл белсенділігі өзінен төмен металмен жанасқанда оның жемірілуі күшейеді, ал өзінен белсенді металмен жанасқанда металдың жемірілуі әлсірейді.
Жақсымен жолдас болсаң,
Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,
Қаларсың ұятқа.
Мысалы, темір(Fe) өзінен белсенділігі төмен мыспен (Cu) жанасқанда темір жемірілуге жылдам ұшырайды, ал өзінен белсенділігі жоғары мырышпен (Zn) жанасқанда баяу жеміріледі.
Жемірілуден қорғау шаралары. Жемірілу экономикаға үлкен зиянын тигізеді. Әлемде жыл сайын жемірілуден шамамен 20% металл шығындалады. Жемірілуге ұшыраған қондырғыларды жөндеуге де көп қаржы жұмсалады. Сондықтан жемірілудің алдын алу маңызды. Оның 2 жолы бар: 1) металл бұйымдарының бетін лакпен, бояумен, эмальмен немесе 2) зиянды ортаға төзімді жабынмен қаптау. Ол үшін хромдау, никельдеу, қалайымен қаптау жүргізіледі.
Өз-өзіңе жауап бер:
1. Жемірілу деген не?
2. Жемірілудің қандай жолдары бар? Айырмашылығы қандай?
3. Жемірілудің зардабы қандай? Оның алдын алу шаралары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |