«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы»



бет1/6
Дата02.07.2016
өлшемі411 Kb.
#172373
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

Ә Н 042-18-7.1.03/03-2015




Тәжірибелік жұмыстарға арналған

әдістемелік нұсқау



№ 1 басылым

11.06.2015 ж


Факультет Инженерлік-технологиялық

Кафедра «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы»

5В072600 - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығына



«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы»

пәнінен арналған тәжірибелік жұмыстарға



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Семей


2015

Алғы сөз

1 ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының т.ғ.к., доцент м.а. ______ Нурымхан Г.Н.10.05.2015 ж.
Құрастырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының оқытушысы ________ Кулуштаева Б.М. 10.05.2015 ж.
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәнінен 5В072600 - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығына барлық оқу түріне арналған әдістемелік нұсқау.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының мәжілісінде

№ 9 хаттама «13» мамыр 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі_____________________ Б.К. Асенова
2.2 Инженерлік –технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде

№ 5 хаттама «5» маусым 2015 ж.


Төрайымы ______________ Н.А. Нургазезова

МАЗМҰНЫ





Кіріспе






Тоқыма материалдары зерттеудің жалпы әдістері






Тоқыма материалдары сынаудың климаттық жағдайларын анықтау






Тоқыма толшықтар мен жіптердің құрылысы






Тоқыма талшықтардың және жіптердің геометриялық қасиеттері






Тоқыма жіптердіңжартылай циклды сипаттамаларын анықтау






Матриалдың созылуының бір циклды сипаттамасын анықтау






Жаймалардың су өткізгіштігін және суға қарсы қасиеттерін анықтау






Беймата жаймаларының сызықтық өлшемдерін, құрылымдық сипаттамаларын және беттік тығыздығын анықтау






Трикотаж жаймаларының өлшемдік және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау






Тоқыма материалдардың гигроскопиялық қасиеттерін анықтау






Матаны үзілуге дейін созғандағы механикалық қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау






Тоқыма материалдарының қыртыстанбауын анықтау






Материалдың драпталануын және июге қаттылығын анықтау






Мақта талшығы шоғының беріктігін анықтау






Тоқыма материалдарының бояуының беріктігін анықтау







Пайдалаған әдебиеттер





Кіріспе

Жеңіл өнеркәсібіне зығырды, конопляны, кендірді, жүнді, жібек пен мақтаны бірінші өңдеуден өткізетін, мата шығаратын кәсіпорындар, тері зауыттары және халықтың мұқтажына қажетті тауарлар өндіретін фабрикалар жатады.

Қазақстанда ең дамыған, халық мұқтажын өтеуде зор маңызы бар салаларға тігін, жүн, тоқыма, тері- аяқкиім және аң терісінен қажетті бұйымдар шығаратын өңдірістерді жатқызуға болады.

Тігін өнеркәсібі республиканың барлық облыстарында дамыған, әсіресе Алматы мен Қарағанды облыстарын атауға болады. Жүн жуатын өнеркәсіп негізінде Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Ал мақата шығару өнеркәсібінің дамып келе жатқан аймағы Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары. Қазақстада көптеген мөлшерде жүнді мата, былғары аяқ киім шығарылады. Қосанай облысында химиялық жіп қосқан биязы шұға, пальто мен костюмдік жүн маталар өндірістері бар. Соңғы жылдарыең құлдырап кеткен саланың бірі осы жеңіл өнеркәсібі, осыған сәйкес олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері де төмендеп отыр. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары күкірт диоксиді, бутилацетат, ацетон, бензол, толуол, аммиак, күкіртті сутек, басқа да әртүрлі қосылыстар мен қатты қалдықтар.

Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Тоқыма материалдары зерттеудің жалпы әдістері

Жұмыс мақсаты: Техника кауіпсіздігі мен өртке қарсы құрылғыларды қолданудың негізгі ережелерімен танысу

Студенттер зертханаларға және жұмыс орындарға техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы құрылғыларды қолданудың негізгі ережелерімен танысқаннан кейін ғана жіберіледі.

Жұмыстың алдында олар техника қауіпсіздігі жайлы нұсқаулықпен танысып, арнайы журналға қол қоюлары керек.

Жұмыс орны бөтен заттардан босатылуы қажет. Құрылғылармен жұмыс істеу алдында студент арнайы киім «халат» қию керек және мұғалімінің немесе лаборанттың қатысумен жұмысты бастауы қажет.

Құрылғыны қосу алдында тоқ өтетін сымдарды және құрылғының жерге қосылуын көріп шығу керек. Жұмыс істеу барысында, құрылғыны қараусыз қалдыруға болмайды. Құрылғының қозғалып тұратын бөлшектерін ұстауға, сондай-ақ оны тазалау және майлауға болмайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін құрылғыны электр желіден өшіру қажет.

Химиялық реагенттермен әрбір жұмыс істейтін студент, оларды байқап құйып және ыдысқа жақындамауы керек. Қышқылдың төмен концентарцияларын алу үшін, оны судың ішіне құйып, яғни керісінше суды қышқылдың әшәне құюға болмайды. Егер қышқылдың тамшылары дегенге тиетін болса,оны тез арада сумен жуып, одан кейін әлсіз сода ерітіндісімен жуу керек. Ал, егер денеге жоғары концентрациялы сілті ерітіндісі тиетін болса, оны тек қана сумен мұқият жуады.

Әрбір студент өрт қауіпсіздігі құралдарының орналасқан жерін жәнет оларды қалай қолдануды, сондай-ақ өрт шыққан уақытта міндетті түрде өрт өшіру тобын шақыру қажет және өртті сөндіру шараларын жүргізіп, яғни электр желісін өшіріп, бағалы заттарды шығару қажет.

2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС



Тақырып: Тоқыма материалдары сынаудың климаттық жағдайларын анықтау

Жұмыс мақсаты: Тоқыма материалдарды зерттеу кезіндегі климаттық жағдайлар температура Т, °С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығымен (φ) (ГОСТ 10681-75, СТ СЭВ 2038-79) сипаталынады.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ, %

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы су буын сіңіріп алу дәрежесімен сипатталынады және келесі формуламен анықталынады:

φ = 100рdt

мұндағы, рd берілген температурадағы атмосферадағы су буының қысымы, [Па], рt сіңірілген су буының қысымы, [Па].

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасын анықтау үшін аспирационды психрометр мен қарапайым психрометрлерді пайдаланылады. Ал, бұл көрсеткіштерді тәулікбойы қадағалап тұру үшін термограф пен гигрограф қолданылады. Осы қадағалаушы приболрардың көрсеткішінің дұрыстығын тексеру үшін аспирационды психрометр арқылы тәулігіне бір рет тексеру жүргізіп отырады.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде ГОСТ 10681-75 (СТ СЭВ 2038-79) стандартқа байланысты зертханалық орындарда келесі климаттық жағдайлар сақталуы қажет:



  • ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ=65+2%;

  • температурасы Т=20+2°С болуы тиіс.

Тоқыма материалдары қасиетін анығырақ анықтау үшін сынақ алдында дайындалған үлгіні кондициондау қажет. Ол материалдың ылғалдылығына W, физикалық және механикалық қасиетіне үлкен көмегін тигізеді.

Материалды стандарттық климаттық жағдайда ГОСТ 10681-75 белгілі бір уақытта ұстайды. Кондициондау кезінде материалдың бастапқы ылғалдылығына байланысты сорбция процесі (ылғалды сіңіру) немесе десорбция (ылғалды беру немесе шығару) процесі өтуі мүмкін. Егер сорбция процесі өткен жағдайда теңелген ылғалдылық көрсеткіші десорбция процесіне қарағанда төмен (сүрет 1). Сүретте сорбция процесі түзу сызықпен, ал десорбция процесі үздік сызықпен көрсетілген. Сондықтан теңестірілетін нәтиже алу үшін кондициондау сынағын сорбция жағдайында материалдың ылғалдылығымен жүргізеді. Бұл жағдайда материалдың ұлгісін алдын – ала 50 °С аспайтын температурада 1 сағат ббойы кептіреді.

Ал, салыстырмалы ылғалдылығы 10-25% болуы қажет, содан соң стандартты климаттық жағдайда тұрақты салмаққа жеткенше ұстайды. Әдетте, тұрақты салмақ екі сағатта 0,25% дейін өскенін байқаймыз.

Материалдың, ылғалдылығына ұзақ кондициондаумен бірге мынандай факторлар әсерін тигізеді: ауаның қозғалу жылдамдылығы, тікиіршік мөлшері, оның тығыздығы және түрі. Осыған байланысты стандартта әртүрлі материалдың сынағын өткізгенде, кондициондау ұзақтығы әртүрлі болады.


Өлшеудің ең аз шамаларында қорытынды таңдамдардың сипаттамаларын анықтау (n<50).

Орташа таңдам мәнін келесі формула бойынша анықтайды:

х = Ʃ хі / n

Мұндағы, n – өлшеу саны үлгі көлемі; хi- өлшеудің бөлек нәтижелері.

Егер х басқа есептеулерге қолданылса, онда оны төмендегі дәрижеден бір саты төмен жазады. Ал, егер х сынақтың соңғы нәтижесін сипаттайтын болса, онда оны бастапқы көрсеткіштердің төменгі сатысына дейін айналдырады.

Орташа квадраттық ауытқу ығыстырылған S және ығыстырылмаған Š болуы мүмкін.

Орташа ығыстырылған мәндер, материалдың барлық партиясының орташа квадраттық ауытқуымен салыстырғанда, кіші таңдамдарда төмен болады. Белгісіз орташа шама а кезінде материалдың барлық партиясы үшін S – ті келесі формула бойынша анықтайды:

S = +√ Ʃ (хі - х)2 / n-1, ал Š = МкS

Мұндағы, Мк – коэффициент, мұның шамасы 1.1 кестеде көрсетілген (егер а белгісіз болса, онда к = n – 1, және белгілі болса, онда к = n; n – өлшеу саны).

Кғесте 1.1 Мк және к мәндері



к

Мк

к

Мк

к

Мк

к

Мк

1

1.253

6

1.042

14

1.018

19

1.008

2

1.128

7

1.036

15

1.017

20

1.007

3

1.085

8

1.032

16

1.013

21

1.006

4

1.065

9

1.028

17

1.013

22

1.005

5

1.051

10

1.025

18

1.010

23

1.004

Варияциялық коэффициенттер ығыстырылған (С) және ығыстырылмаған (С) болуы мүмкін.

Оларды пайыз бойынша келесі формулалармен анықтайды:

С = 100* S/х

Ć = 100* S/х

M таңдамдары үшін n < 10.

Өзгеру құлашы R келесі формуламен анықталынады:

R = х max – x min

Материалдың біркелкісіздігінің орташа құлашы бойынша анықталынады:

Ṝ =Ʃmі=1 Rі / m

Мұндағы, Rі - ші таңдалым құлашының мәні.

Материалдың барлық партиясы үшін орташа квадраттық σығыстырылмаған ŠR мәнін орташа құлаш бойынша анықтайды:

ŠR = аn

Мұндағы, аn – коэффициент таңдамдардың көлеміне сәйкес МЕМСТ бойынша анықтайды.




n

2

3

4

5

6

7

8

9

10

а

0,88

0,59

0,48

0,42

0,39

0,36

0,35

0,33

0,32

n

62

08

57

99

46

98

12

67

49

Үлкен көлемде таңдамдарды кездейсоқ әдіспен теңдей m – топтарға бөлу қажет және оларды жоғарыдағы формулалар бойынша R; Ṝ және ŠR анықтайды.


Үлкен шамадағы өлшемдер үшін бір сатылы таңдамдардың қорытынды сиппатамаларын анықтау. (n ≥50)

Бөлшекті мәндердегі өлшенетін шамалардың хі және х, сонымен қатар үлкен сынақтардың қорытынды сипаттамаларды анықтау, әсіресе S және S2, өте қиын. Сондықтан бұл жағдайда бастапқы көрсеткіштерді топ бойынша алдын – ала топтастырылады және ауытқуын орташа тандаудан х емес, шартты центрден Х0 анықтайды.

Жіптің санти Ньютонмен үзілу ұзаруының 100 өлшеу нәтижелерін туынды әдіспен анықтау мысалын қарастырайық. (1.2. кесте).

Алдымен, 1.3 кестеден максимальды және минимальды мәндерді тауып алады (х max = 1,39; x min = 92).

Содан кейін, барлық нәтижелерді 1.3 кестеге енгізеді.

Кесте 1.2



Бастапқы нәтижелер

Құлаш мәні

112

127


111

112


118

109


101

112


105

120


104

110


123

108


104

115


99

105


105

112


109

102


120

115


116

98

112



112

98

120



113

109


101

98

114



111

111


125

105


109

110

105


111

112


96

113


108

111


123

139


108

95

115



107

121


103

113


116

121


109

113

136


109

111


116

110


114

106


104

96


111

129


112

112


114

111


112

115


101

113


102

110


120

101


108

117


121

103


111

112


99

126


119

120


95

97

95



92

98

98



14

41

22



22

26

20



26

33

25



43

Топ саны таңдамдардың көлеміне байланысты 7 ≤ nk ≤ 20 болады.

Топ интервалын R келесі формула бойынша анықталынады:

R = (х max - x min)/ nk

R шамасы 5 немесе 10 тең болғаны дұрыс, себебі 1.2. кестедегі мәндерді, есептеулі 1.3. кестеге енгізу ыңғайлы болуы үшін. 1.2. кестедегі мәндер үшін nk = 10; топ интервалы К = (139-92) / 10 = 4.7, шықан Кшамасын толық мәнге айналдырамыз, яғни 5 деп қабылдаймыз ( К= 5).

Кесте 1.3 Анықталған нәтижелерді енгізу кестесі




Топ шекарасы

Шыққан нәтижелердің белгіленуі

u

a

ua

ua2

1

2

3

4

5

6

135-139

130-134


125-129

120-124


115-119

110-114


105-109

100-104


95-99

90-94


//// ////

//// ///


//// /// //

//// //// //// /

//// //// ///

//// //// //// //// //

//// //// /

//// ////

//// //// //

//// //


8

7

10



13

11

18



9

8

10



6

+5

+4

+3



+2

+1

0



-1

-2

-3



-4

40

28

30



26

11

0



-9

-16


-30

-24


1600

784


900

676


121

0

81



196

900


576







100




56

5834

1.3. кестенің 1-ші бағаншасына топ шекарасын енгіземіз. Оны жоғарыда айтылғандай ең максимальды мәнді анықтап, одан топ интервалын R азайту арқылы ең төменгі яғни, минимальды мәнін тауып аламыз ( оны формула арқылы анықтайды).

Кестенің 2-ші бағаншасына нүкте немесе таяқшалар арқылы 1.2 кестеден алынатын нәтижелерді өзінің класына сәйкес белгілейміз.

Алынған белгілердің қосындысы арқылы u жиілігін анықтайды да, 3-ші бағаншаға жазады.

Шартты центр х0 – мен ең көп жиілік мәнін белгілейді де, оны ɑ = 0 деп белгілейді. Яғни, бұл шартты ауытқуға сәйкес. Мұны 4 – ші бағаншаға енгізеді. Осы жерде 0 – ден жоғары мәндерді оң бірлікпен, ал төменгі мәндерді теріс бірліктермен жазып алады. Содан кейін, барлық топтар үшін ua және ua2 туындыларын анықтайды. Оларды 5 және 6 бағаншаларға жазып алады.

Содан кейін, Ʃ ua/n, Ʃ ua2 суммаларын және шартты моменттерді m1 = Ʃ ua/n; m2 = Ʃ ua2/n; есептейді. Х0 – мәнін анықтағаннан кейін, яғни ɑ = 0; орташа таңдамалы х, орташа квадраттық ауытқуды S және варияциялық коэффициентті С анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет