8 оқушы Тарихымжатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның
Желтоқсан тұрар басында!
9 оқушы Жас арудың жанарында –Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында –Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан
Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан
Ән:
1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.
Көрініс:«Қайраттың тұтқындалуы». 1-жүргізуші: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.
2-жүргізуші: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.
1-жүргізуші: Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.
2-жүргізуші: Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады.
1-жүргізуші: Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.
2-жүргізуші: слайд : «16 Желтоқсан» 1-жүргізуші: Бақтыӊ құсы әр адамга қонып бір,
О, тәӊірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне тәуелсіздік агайын
Әр қазақтыӊ жүрегі боп согып тұр
2-жүргізуші: Таӊғажайып атыӊ да дәл табылды
Табылды ды талай жұртқа танылды
Қазақ елі көкке жетті көк туыӊ
Сен –тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі
Бірге Өзініздікі- елін де
Өзіндікі –жерін де
Өзінді сезін бақытты
Тәуелсіздік төрінде