«Желтоқсан желі» (еске алу кеші) Залды безендіру: кітап көрмесі, дәйексөздер,



Дата24.02.2016
өлшемі2.57 Mb.
#16740
«Желтоқсан желі»

(еске алу кеші)


Залды безендіру: кітап көрмесі, дәйексөздер,
(Көрмеге қойылған кітаптар: «Менің елім Қазақстан», «Қайсар рухты, Қайрат», «Тәуелсіздік тартулары», «Декабрь. 1986», Желтоқсан ызғары», Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Желтоқсан. 1986».
Өткізу жоспары:

  1. Желтоқсан окиғасы туралы түсінік.

  2. Қайрат Рысқұлбековтың өмірінен қысқаша көрініс.

  3. Тәуелсіздіктін келуі.

  4. Тәуелсіздік жайлы өлең жолдарын оқу.

Әлқисса, 1986 жылы 17-18 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндерген ғаламат оқига болды. Совет өкіметі тұсында бұрын-сонды болмаған құбылыс, «Алматыда демонстрация, Бржнев алаңында қаптаған жұрт, көшеде сап түзелген жастар», - деген сөздер ел құлағына жетті. Елеңдеген ел не үшін болып жатқан оқига екенін түсінбей дел-дал болды. Бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерінің кәтерілісіне ұқсап, қазақ декабристер көтерілісі атанып кетті.

Бұл кәтерілістің себебі, былай болған еді: 1985 жылғы қайта құру мен жариялық процестері әмірдің барлық саласын қамтып, жаңа өзгерістер болып жатты. Кадр мәселесі қатты қолға алынып, басшы қызметкерлері бірі орнынан алынып, бірі жаупқа тартылып жатса, енді бірінің жұлдызы жанып жоғары өрлеп жатты. Осы кезде республика жұртын мазалған жағдайдың бірі Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтің жасы келгеніне байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босау-босамауы еді. Аяқ астанан пленум болатындығы туралы хабар сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бесінші пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтетін, онда ұйым мәселесі қаралатын күн жетті, Пленум Қонаев жолдасты пенсияға шығуына байланысты республика Компартиясы Орталық Комитеттінің бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына шеттен әкелінген Геннадий Васильевич Колбин сайланды. Ескі тәртіп бойынша, ешкімнің лебізін тыңдамай жоғарыдан шешіліп қойылған ұсыныс бойынша болды. Өз ара іштей өткізілген пленумды Қонаевтің өзіне жүргіздіртпей, Совет Одағының Компартия Комитетінің сол кездегі хатшысы Разумовский Қонаевқа қысқаша ғана алғыс айтып, оны босату, ал орнына Кобинді сайлау жөнінде ұсыныс жасады. (Осы пленумға қатысқан (КОКП) Орталық Комитетінің ұйымдық партиялық жұмыс бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Ф.Мищенко теккебақылап отырмапты).

Пленум жөніндегі алғашкы ақпарат сол 16 желтоқсан күні сағат 15-те республикалық радиодан берілді. Ертеңінде, яғни, 17 желтоқсанда «Социалистіқ радиодан берілді. Ертеңінде, яғни, 17 желтоқсанда «Социалистик Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Онда Колбиннің өмірі қысқаша баяндалды.

Өкіметтің осы жасырын істеріне ашынған қазақ халқы, әсіресе жастар қауымы 17-желтоқсанда таңғы сағат 8-де бұрынғы Брежнев алаңына жастардың алғашкы тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара-бара жастар саны көбейе бастады. Көп кешікпей алаңға қарулы күштер әкелінді. Астанаға кірер жолдардың бәрі жабылды. Шеруге жиналған жастар саны бірте-бірте арта түсіп, түстен кейін 5000-ға жетті. Сағат кешкі 7-лер шамасында жастарды қуу, тарату қимылы басталып кетті. Өрт сөндіру машиналары келіп су шаша бастады. Ал жастар болса, қаымықпастан машиналарға қарай лап қойды, сол күнгі айқай шу таң атқанша басыла қоймады.

Осы оқиғаға байланысты шығарылған М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өленің бізге Шораева Динара мен Омаров Ерғанат оқып береді:


Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпендер...

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.


Алаң шетін қоршан тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,

Қара беттің көбі бүгін дара түлға, дара бет.

Жас бүлдіршін, мұз жамылған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.


Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,

Кемсітпеші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.

Жоқ!!! Кешегі сын сғатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дөуірінің тауығына шашылмаған тары боп.


Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы болады

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,

Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады.

...Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы

Данқын ешкім бүркей алмас. Оны да еске алады

Желтоқсанның бас алаңы, Қайсар рухты алаңы.


Сөйтіп, 17-нен, 18-не қараған түні алаң айнала қоршауға алынды. Осында жүрген көп жастарды қамауға ала бастады.

Сондағы құрбандарымыздың бірі, Қайрат Рысқұлбековтың түрмедегі өмірінен үзіпді алайық:



КӨРІНІС

Рөлдерде:

Шораева Динара – тергеуші

Шораев Бейімбет – милиция

Тұңғышбай Дәуренбек – милиция

Құттыбай Ерболат – Қайрат рөлінде


Айыпталушы Қайрат Рысқұлбековты тергеуге шакырады:
Тергеуші милицияларға: Аыпталушы Қайрат Рысқұлбековты алып келіңдер.
Милициялар Қайратқа: Жүр тергеушіге.
Тергеуші: Алаңға не үшін шықтың?
Қайрат: Қағазымның туын көкке көтеру үшін шықтым.


Тергеуші: Кімнің қолдаумен шықтындар?


Қайрат: Оны айтпаймын.
Тергеуші: Айт дедім ғой, кім сендерді басқарған?
Қайрат: Айтпаймын.
Ұрып тастайды.

Тергеуші: Алып кетіңдер.


Ал, баласын жоқтап, зар жылаған аналар ше...
Қайрат Рысқулбековты анасының жоқтауы:
Желтоқсаннның шыдадың

Толғағына, қарағым.

Арман, арман, арман көп...

Аытылар теңеу қалған жоқ

Қысқа ғұмыр сүрсең де,

Таң қалдырған қарағым!

Алатауға абиыр,

Алып берген қарағым!

Ерлік жолын халқыңа

Салып берген қарағым!

Қазағың, Қайрат, ел болар

Алты алаш басы бірігіп,

Қайтейін, балам, ғаріп боп,

Жатқан жерін жарық боп,

Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,

Тәубе, тәубе, тәубе етем!
Ербол Сыпатаевты анасының жоқтауы:
Әлді-әлді, ақ көкем,

Жер бесікке жат көкем,

Аямаған қыршының,

Заман беті қатты екен.

Кімнен болды ажалың,

Кімнен болды азабың,

Езілген мынабауырымды

Қалай ғана жазамын,

Алтын баулы ақ сұнқар

Енді қайтып келер ме?!

Мәңгі шөккен қара нар,

Енді қайтып тұрар ма?!

Шейіт болған көкешім,

Басын маған бұрар ма?!

Жоқтау болды бар жырым,

Жоқтау болды бар әнім,

Осы болды тағдырың,

Елің іздеп жатқанда,

Тәубе деймің, қарағым,

Тәубе дәймін, қарағым!
Марқұм Ләззат Асанованы анасының жоқтауы:
Мынау неткен зар заман,

Жүректіге тар заман,

Сені әлтірген дұшпанға,

Зауал келсін алладан.

Асыл едін мыс болдың,

Қарағым көрген түс болдың,

Ізің жатыр, өзің жоқ,

Бейнең бар да, көзің жоқ.

Қайдасың, қайда, қарағым.
Сәбира Мұхаметжанованы анасының жоқтауы:
Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн

Қан жылатқан құрғыр күн

Медет болмай алладан,

Қызығымды жалмаған

Тұнжыраған тұлдыр күн,

Ақбілектей сүйрігім,

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім

Сәбирам опат болған күн.
Ән «Желтоқсан желі» орындайтын Сыздыков Бауыржан.
Міне, желтоқсан оқиғасынан бері де, бірнеше жыл өтті. Қой жылының, яғни, 1991-жылдың соңына таман жаңа деректер ашылып жарық көрді. Желтоқсан оқиғасының шындығын ақтаушылардың бірі, Мұхтар Шахановтың зор еңбегі сіңді. Депутат М.Шаханов тыңбай еңбек етіп, оған салихалы баға беріп, көптеген жазықсызжандардың ақталып шығуына өз үлесін қосты.

Желтоқсан оқиғасы – егемендіктің бастауы болды, Қазақ елі бостандық алды. Тәуелсіздік актінің қабылдануы мен қатар келген желтоқсан оқиғасының 5 жылдығы, яғни, 1991 – жылдың желтоқсан айында сол қанды аланда атап өтілді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» - туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілеген аса қажетті құжат. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүрып келеді. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1999 – жылы – тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып толығымен сайланды.

1992-жылғы маусымның 4-де Қазақстан Республикасының жоғары кенесі өз төл рәмездерін бекітті. Мемлекеттік жалауын, елтаңбасын, әнұраның шығарды. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993-жылдың қарашасында еңгізілді. Ақша белгілерін – теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып ұлттық банк жасаған. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы 1993-жылдың 28-қаңтарында қабылданды.

Осы бақыт үшін, біз баршамыз тәубе дейміз, осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қабілетіметімізді, қажет болса, жанымыз бен қанымызды аямай жұмсаймыз.


Би: Шығыс биі «Марио» орындайтын Худайбердиева Наргиз.
Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдіғім,

Бостандықта байлығым мен ендігім

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім.

Қарсы қарап қатал мынау заманға,

Айналдық біз қайтпас қайсар қамалға,

Алды бүгін Тәуелсіздік тау тасым

Орман, көлім, өзендерім, далам да!

Таңым менің, қаным менің тәуелсіз,

Өткізбейік бізде бұл күнді әуенсіз!
Бәріміз бірге «Менің Қазақстаным» - әнін шыркаймыз.
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен тағы да, шын жүректен құттықтаймын Нұрлы отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның бағы жанып, абыройы арта берсін.

Дайыдаған ОҚЖ-ның аға кітапханышысы

ХҰдайбердиева Г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет