9 сыныптан кейінгі оқуға түсушілерге арналған қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары Сұрақ: Қай сөз антоним бола алмайды? Жауап



Дата28.06.2016
өлшемі106.21 Kb.
#164157
9 сыныптан кейінгі оқуға түсушілерге арналған

қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары
Сұрақ:

Қай сөз антоним бола алмайды?

Жауап

- Үлкен

- Ірі

- Жасыл


- Ауру

- Қас

Сұрақ:

Синоним сөздерді табыңыз.

Жауап

- Ұзын сөйлемнің қысқа мағынасы.

- Үлкен – кіші бас қосты.

- Сүйкімді, болат қанжар тұрсын жайнап.

- Биік әрі әдемі үй.

- Есті кісі, ақылды кісі.

Сұрақ:

Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қар еріді, бірақ жер көгере қоймады.

Жауап

- Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

- Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.

- Іліктес салалас құрмалас сөйлем.

- Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

- Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

Сұрақ:

Түбірлес сөздерді табыңыз.

Жауап

- Нан, сүт, айна.

- Балық, ойыншық, кездесу.

- Ой, ойла, оқушы.

- Сурет, суретші, суретшінің.

- Аға, бала, іні.

Сұрақ:

Лепті сөйлемді табыңыз.

Жауап

- Отан үшін, туған жер үшін.

- Даңғылда ұлы Абайға ескерткіш орнатылған.

- Өзенде нелер болды.

- Сары қымыз – дертке шипа, денеге күш.

- Балаларды екі топқа бөлдік.

Сұрақ:6.

Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Жауап

- 40

- 32

- 36

- 42


- 41
Сұрақ:

Антоним сөздерді көрсетіңіз.

Жауап

- Көрші-көлем

- Жұт-жұрт

- Соғыс-бейбітшілік



- Арман-мұрат

- Салт-дәстүр

Сұрақ:

Синонимдес сөз тізбегін көрсетіңіз

Жауап

- Ағаш, темір

- Ер, батыр

- Тас, жер

- Ауыр, жеңіл

- Қысқа, ұзын

Сұрақ:

Сан есімнен жасалған сөз тіркесін көрсетіңіз.

Жауап

- Аялдаманың қасында

- Екеуі кездесті



- Олар әдепті

- Біз кездестік

- Жақын жолдасым

Сұрақ:

Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.

Жауап

- Үлкен алаң



- Екі оқушы

- Кітапты алды

- Шығысқа қарай

- Дәріханаға бару

Сұрақ:

Барыс септігіндегі зат есімді табыңыз.

Жауап

- Көктемде

- Табиғатты

- Көлдің

- Қаладан

- Досыма


Сұрақ:

Тұрлаулы мүшелерден (жалаң сөйлем) тұратын сөйлемді анықта.

Жауап

- Біз алаңға бардық.

- Мен елдің жіберген емшісімін.

- Айнаш күлді.



- Адамнан мықты не бар екен дүниеде.

- Жазғытұрым.

Сұрақ:

Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.

Жауап

- Адамның басы

- Терең су

- Есік ашық

- Адамның мойыны

- Техниканың тілі



Сұрақ:

Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

Жауап

- Шыдам, төзім



- Ер, шырайлы, тез

- Сұлу, керек, ақ

- Бақ, айла, жер

- Көрік, сөз, әдемі

Сұрақ:

Жинақтық сан есімді атаңыз.

Жауап

- Алтыншы

- Елу бес

- Жетеу


- Үш жүз бес

- Екі-екіден

Сұрақ:

Тәуелдік жалғаудың дұрыс нұсқасын көрсетіңіз

Жауап

- мын,-бын,-тын

- пенен,- бенен,-менен

- -іміз, /-іміз, /-ымыз,-імен

- - ым,/-ім,/м



- -сы, /- сі,-і, -пен, -дан

Сұрақ:

Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз

Жауап

- Дәптер


- Іскер

- Өтініш

- Айғақ

- Дүниеқор



Сұрақ:

Тіл білімін зерттейтін ғылымды атаңыз.

Жауап

- Филология



- Философия

- Жаратылыстану

- Тарих

- Археология

Сұрақ:

«Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте». Өлең жолдарының авторын көрсет.

Жауап

- С.Торайғыров

- А.Байтұрсынов

- М.Мақатаев

- Қ.Мырзалиев



- А.Құнанбаев

Сұрақ:

ды, -ді, -ты, -ті етістіктің қай шағының жұрнағы, көрсетіңіз.



Жауап

- Көмекші етістік

- Ауыспалы шақ

- Осы шақ

- Өткен шақ



- Келер шақ

Сұрақ:

Синоним сөздердің тізбегін табыңыз.

- Болашақ, келешек



- Көтерем, семіз

- Ел, жер

- Хабар, ұсыныс

- Үй, жиһаз

Сұрақ:

Одағайды табыңыз.

Жауап

- Өзімдікі болса игі еді

- Охо, өлкемдегі өмір қандай!



- Балам, ойымды таба алмадың

- Мынау не деп тұр?

- Қой деймін, бала

Сұрақ:

Мезгіл үстеулер қандай сұраққа жауап береді.

Жауап

- Қайда? Қайдан

- Қанша? Нешелеп?

- Неге? Қалай?

- Қайтіп? Қалайша?

- Қашан? Қай уақыттан?



Сұрақ:

Одағай сөзді табыңыз.

Жауап

- Бақытыма қарай мен оқуға бардым.

- Сен, балам, үйге кел!

- Қызым, сен қайдан келдің?

- Алақай, біз киноға баратын болдық.



- Мүмкін, ол ертең келеді.

Сұрақ:

Етістіктің осы шақ категориясын анықтаңыз.

Жауап

- Жүрсе.

- Үйрендім.

- Жазып отыр.



- Үйренбеді

- Жүрмесін.

Сұрақ:

Артық сөзді табыңыз.

Жауап

- Халық

- Жұрт

- Ел

- Бұқара

- Қонақ

Сұрақ:

Тұйық етістікті атаңыз.

Жауап

- Отыру


- Барамын

- Жүрсіз

- Ойлайды

- Тұрды

Сұрақ:

Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. Ол жақсы оқиды, себебі жақсы маман болғысы келеді.

Жауап

- Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

- Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

- Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.



- Іліктес салалас құрмалас сөйлем.

- Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

Сұрақ:

Сөйлем түрін анықтаңыз.

Үйден шықпаңдар!



Жауап

- Бұйрықты сөйлем



- Хабарлы сөйлем.

- Сұраулы сөйлем

- Жақсыз сөйлем

- Толымды сөйлем

Сұрақ:

Жіктік жалғаулы сөзді анықтаңыз.

Жауап

- Кітапханамыз

- Оқушымын



- Дәптерде

- Досымнан

- Күнделікті

Сұрақ:

Шартты райды табыңыз.

Жауап

- Асықпай оқы.

- Жауабы табылып қалар.

- Іздесең, табасың.



- Жауабын тапқың келе ме?

- Ендеше ойлан.

Сұрақ:

Тасымалданбайтын сөзді табыңыз

Жауап

- Мақал

- Сөз


- Зерек

- Дәрі

- Әкеге

Сұрақ:

Күшейтпелі шырайлы көрсетіңіз

Жауап

- ең күшті, әдемірек

- үлкеңірек, әдемірек

- өте үлкен, ең үлкен



- ең күшті, жастау

- қызыл, жасыл, көк

Сұрақ:

Тілдегі барлық сөздердің жиынтығы қалай аталады ?

Жауап

- лексика



- термин

- диалект

- варваризм

- диалектизм

Сұрақ:

Фонетика саласына жататын термин сөз

Жауап

- мақал-мәтел

- сөз тіркесі

- қатаң


- омоним

- етістік

Сұрақ:

Келер шақта тұрған етістікті табыңыз.

Жауап

- Оқисың



- Бардың

- Сұрады

- Ойлап тұр

- Жүр

Сұрақ:

Мезгіл үстеумен тіркескен сөз тіркесін табыңыз

Жауап

- ежелден таныс



- тауып алды

- отыз адам

- жаңа киім

- жақсы белгі

Сұрақ:

Болымсыз етістіктің жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз

Жауап

- сағат бұралды /ма/

- жайлауға келді /ме/

- сөзді бөл /ме/



- бөл /ме/ жарық

- институтқа түсті /ме/

Сұрақ:

Белгісіздік есімдікті анықта

Жауап

- мен, біз

- ешкім, ешжерде

- қырық, бір

- біреу, әлдекім



- отыр, тұр

Сұрақ:

Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз

Жауап

- Балалар далада ойнап жүр



- Сен қашан келесін

- Келгеніңе қанша болды

- Әттең, кешігіп қалдың-ау

- Жауап бер

Сұрақ:

Морфология нені зерттейді?

Жауап

- сөз таптары



- сөйлем

- фонема

- дыбыс

- сөз тіркесі

Сұрақ:

Антоним сөздерді көрсетіңіз.

Жауап

- бал-бала

- барды-барады

- ұйықтады-ұйықтаған

- қызыл-сары

- бар-жоқ



Сұрақ:

Көп нүктенің орнына қажетті септеуліктерді жазыңыз. Ол Отан … ерлік көрсетті.

Жауап

- және

- туралы

- үшін


- қарсы

- дейін

Сұрақ:

Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.

Жауап

- Ақ көйлек

- Істің ақ, қарасы тексерілді.



- Жігерлі адам мақсатына жетеді.

- Қара киім

- Қызыл шапанын киіп Аяз Ата келді..

Сұрақ:

Омоним сөздерді табыңыз.

Жауап

- Шапан, келін

- Жеті, алпыс

- Ат үрку, ол атты



- Оқыр, бұзбас

- Бәрі, тегіс

Сұрақ:

Сөйлем басында тұрған қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз.

Жауап

- Тырнақша

- Қос нүкте

- Нүкте

- Үтір


- Леп белгісі

Сұрақ:

Салыстырмалы шырайдағы сөзді тап.

Жауап

- Жақсы

- Жеңілдеу



- Ең үлкен

- Жеп-жеңіл

- Қызыл

Сұрақ:

Өткен шақта тұрған етістіктерді анықтаңыз.

Жауап

- Халықпен

- Жазады

- Сөйлесті



- Көремін

- Ойнап жүр

Сұрақ:

Тұйық етістікті атаңыз.

Жауап

- Отыру


- Барамын

- Жүрсіз

- Ойлайды

- Тұрды

Сұрақ:

«Бір сөзімді кеше өзіңізге айттым ғой….»

Есімдікті тауып оның түрін анықтаңыз.

Жауап

- Сілтеу

- Сұрау

- Өздік


- Болымсыз

- Жалпылау

Сұрақ:

Түбір сөзді табыңыз

Жауап

- Дидар


- Ақтау

- Орманшы

- Тәрбиелі

- Бөлгіш


Сұрақ:

Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар екенін көрсетіңіз.

Жауап

- Назарбаев

- Астана

- Алтын адам

- Қазақстан



- Мемлекет

Сұрақ:

Сөйлемде үстеу ненің қызметін атқарады?

Жауап

- Бастауыш

- Пысықтауыш



- Толықтауыш

- Анықтауыш

- Баяндауыш

Сұрақ:

Антоним деген не?

Жауап

- Мағынасы бір-біріне жақын.

- Сөз бен сөзді байланыстыратын.

- Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

- Дауыссыз дыбыстар.

- Бастауыш пен баяндауыш байланысы.

Сұрақ:

Топтау сан есімді анықтаңыз.

Жауап

- Бес

- Алтыншы

- Төрт-төрттен



- Жетеу

- Алты мың

Сұрақ:

Бірыңғай ашық буынды сөзді көрсетіңіз. Жауап

Жауап

- Орыс

- Құл

- Жолда

- Ерке

- Аласа


Сұрақ:

Есімше деген не?

Жауап

- Зат есімнің түрі

- Септік жалғау

- Сөйлем мүшесі

- Етістіктің түрі



- Сөз құрамы

Сұрақ:

Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

Жауап

- Қара қағаз

- Қара жұмыс

- Қара көйлек



- Қара ниет

- Қара сөз

Сұрақ:

Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

Жауап

- Саяси арпалыс.

- Арпалысқан ой.



- Боранмен арпалысу.

- Дұшпанмен арпалысу.

- Арпалысу, алысу.

Сұрақ:

Синоним сөздерді көрсетіңіз.

Жауап

- Көз, қас, бақ

- Ол, соған, біз

- Кеше, ертең

- Оннан бір, екі, бірінші

- Алыс, қашық, шалғай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет