№92 гимназия
3 «А» сынып жетекшісі
Тлеубергенова Жанар Сайлаукызы
Тақырып: Дәстүрді сыйлаған озар
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан тарихы мен ұлттық – салт дәстүр жайында білімдерін тереңдету, оқушы бойында ұлтжандылық пен азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, өзін-өзі құрметтеуге, ұлттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тәуелсіздікке 20 жыл эмблемасы, дәстүр туралы кітап, сурет көрмесі, мұражай экспонаттары, ойын элементтеріне арналған плакаттар, оюлы доп, гүлдер.
Барысы:
Балалар, қазір біз бабалар тарихы, өмірі, ұлттық дүниетанымы жайлы үн қатып,сыр шертетін № 92 гимназияның ұлттық мұражайында отырмыз.
Мұражай –мәдени ошақ. Мұражайда өзінің ерекше тәртібі, мәдениеті бар. Экспонаттарды қолмен ұстауға, қозғалтуға болмайды. Тек көзбен көріп, құлақпен тыңдап, жүрекпен сезіп, түсінеміз.
Тірек сөздер байланысын тапқызу арқылы тәрбие сағаты мақсатын ашу:
мемлекет Отан тарих салт- дәстүр ата-баба халық ұлт дүниетаным
(асықта сөздер жапсырылған)
ҚР тарихында биылғы жыл неліктен ерекше? (ҚР тәуелсіздігіне -20 жыл)
20 жылда қандай жетістіктер болғанын ойын арқылы қайталау:
Сандар сөйлейді:
1991ж. 16 –желтоқсан
1992ж. 4- маусым
1993 ж.15 қараша
1995ж. 30 тамыз
1997ж. 11 шілде
1997ж. 06 шілде
2006ж. 6-қаңтар
2010ж. 1-2-желтоқсан 30.01.-07.02.2011ж.
Жауаптар:
1991ж. 16 –желтоқсан- ҚР тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды.
1992ж. 4- маусым –Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба қабылданды.
1993 ж.15 қараша - Ұлттық валюта – теңге айналымға кірді
1995ж. 30 тамыз –ҚР Конституциясы қабылданды
1997ж. 11 шілде –ҚР –дағы тілдер туралы заң қабылданды.
1997ж. 06 шілде – ҚР-дың астанасы- Астана қаласы болды.
2006ж. 6-қаңтар –ҚР-дың жаңа гимні қабылданды
2010ж. 1-2-желтоқсан - ЕҚЫҰ –ның саммиті Астана қаласында өтті.
30.01.-07.02.2011ж. –Қысқы Азиада ойыны Алматы,Астана қалаларында өтті
Конституция бабында көрсетілгендей
І бөлім,1- бап:
1. ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары және бостандықтары.
2 бөлім, 19- бап:
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
Ұлтымыздың салт –дәстүрін қадірлейік,
Оқушы, ұлттық –дүниетанымды меңгерейік,
Тәрбие мен білімді тең игерген
Болашақ біздердікі деп білейік , - деп,
бүгінгі «Дәстүрді сыйлаған озар» деген тақырыпта әңгімелесейік.
Салт –дәстүр дегеніміз не?
Ұлттық жай –күй үйлесімі үш бөліктен тұрады: ұлттық сезім, ұлттық салт –дәстүр және ұлттық мінез.
Ұлттық салт- дәстүр – тарихи көне процесс. Ұлттық салт- дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты.
Салт –дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан –ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады.
Қазақ халқының салт –дәстүрлері бала тәрбиесіне байланысты салт –дәстүр, тұрмыс –салт -дәстүр, әлеуметтік – мәдени салт –дәстүр деп үш мазмұнға
бөлінеді.
Дәстүр- халықтың атадан балаға көшіп жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени –тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез –құлық, тәлім –тәрбие және руханиіс -әрекетінің көрінісі.Мысалы ата –ананы, үлкенді сыйлау, құрметтеу,и байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, құрдастық қалжың, сәлем беру т.б. дәстүрге жатады.
Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды, ым –бәрі де салт-дәстүрдің салалары мен тармақтары болып саналады.
Дәстүр –мәдениеттілік белгісі. (обряд)
Әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс –тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталған, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі- салт ретінде қалыптасқан.Ол ұлт үшінөмір, қоғам заңы болып негізделіп сана, тағылым, тәрбие,тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық, тағылым, өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап отырған. Мысалы: той, наурыз көже, қыз ұзату, қонаасы, шашу, ерулік ата салтымыз болып саналады. Оны қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. Қазақтың өмір салты, өнер салты –тарихи мәдени мұра. Оның ел арасында тәлімдік, тәрбиелік, халықтық қызметі мен рөлі өте зор. (традиция)
(Кесте бойынша жұмыс)
Қазақ халқының салт –дәстүрлері
|
Отау көтеру дәстүрлері
|
Тәрбие дәстүрлері
|
Отбасы, тұрмыс дәстүрлері
|
Еңбек дәстүрлері
|
Наурыз дәстүрлері
|
Ислам тағлымдары
|
Қаза ғұрыптары
|
|
|
|
|
|
|
|
Балаға қатысты салт –дәстүрлерді экспонаттарды көрсете отырып таныстыру:
1-оқушы – шілдехана салты туралы;
2-оқушы – бесікке бөлеу салты туралы; Ән «Бесікке бөлеу»
3-оқушы – қырқынан шығару салты туралы;
4-оқушы – тұсау кесу салты туралы; Ән «Тұсау кесу»
5-оқушы - ашамайға мінгізу салты туралы;
6-оқушы - тоқымқағар салты туралы;
7-оқушы – тілашар салты туралы.
Шілдехананы кей жерлерде шілделік деп те айтады.
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда «Балаңыздың бауы берік болсын» деген құттықтау сөз айтады.
:
Тоқымқағар- жас бала, адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұнда арнайы мал сойылып, ет асылып, дастарқан жайылып, ойын –сауық, өлең –жыр айтылады.
Бұл сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат –көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.
Сүйінші деген не? Жаңа таныстырылып кеткен салт –дәстүрдің қайсында сүйінші сұрау орынды?
Көрімдік деген не?
Иткөйлек деген не?
Байғазы дәстүрі туралы не білеміз?
Сүндет той деген не?
Еңбекке қатысты салт –дәстүрлерді экспонаттарды көрсете отырып таныстыру:
Биебау дәстүрі көктемде болады. Бұл дәстүрге әр үй қажеттті саба, күбі,ноқта –желісін дайындап қояды.Биебау дәстүрінде желі басына жұрт жиналып, бие желініне, сауырына, құлын кекіліне, қазық басына, желіге май жағып, «құтты бол», «өсімтал бол» деген тілек –бата жасайды. Содан кейін бие сауу басталады.
Қымызмұрындық –алғашқы 2-3 күнгі қымызды жинап, ақсақалдарды, туысқандарды, көршілерді қонаққа шақырып, құран оқытып, «ақ мол болсын», «көпке бұйырсын» тілек, бата жасау.
Қол кесер - қысқы соғым сою кезінде, жалпы мал сою кезінде көмектесіп қол ұшын берген кісілерге берілетін сый.
Қол үздік – мал сойысу, кілем тоқу, киіз басу т.б. қолмен атқарылатын жұмыстарға ауылдың қолы шебер адамдары тікелей араласып, көмектеседі, ол кісілерге берілетін сый.
Тулақ шашу –жүн сабарды, сабап болған соң берілетін шашу тамағы.
Сірге мөлдіретер –бие ағытар күнгі берілетін қымыз.
Ел ішінде еңбек дәстүрлерінің бұлжымас заңы бар:
егіннен –кеусен, (астық беру)
малдан –зекет, (көгентүп)
табыстан –шүлен.
Шүлен- малды, бай –мырзалар еліне мал, тамақ,бұйым, ақша үлестірген. Бұл –қайырымдылық жасау дәстүрі.Шүлен жасаған адамды «шүленгер» деп атайды.
«Шүлен тарату» салтын (Балалар үйіне қайырымдылық жасау )
Ата –салты туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
1-оқушы
Ата салтым – ардағым,
Туған жерім – ардағым,
Ана тілім –аяулым,
Бостандығым – арманым.
2-оқушы
Сүйсең ата –дәстүрін,
Шырақ жағар көңілде.
Болса осылар елімде,
Нұрланады алда күн.
3-оқушы
Қазақия қарапайым ел деп ұқ,
Құтты қадам аттап басқан төрге нық.
Қазақстан, биіктей бер, өсе бер,
Тәуелсіздік бесігінде тербеліп!
4-оқушы
Салтыңды, тіліңді, кешегі тарихты,
Тәуелсіз еліңді, кең байтақ жеріңді,
Әдет –ғұрпыңды, ұлтқа тән үніңді
Қорғай біл, ұрпағым!
5-оқушы
Қазақтың жиылмаған дастарқаны,
Алдыңа асын тосып, бас тартады.
Жағалай қарттар көшіп әңгімеге,
Ән мен күйге басар жастар жағы.
6-оқушы
Нәр алып халық берген мол мұрадан
Күй төгіп күмбірлете домбырадан.
Қарап көр қазағымның құдіретіне
Аққуды аспандағы қондыра алам.
7-оқушы
Салтын дұрыс білмеген,
Халқын дұрыс білмейді.
Салт –дәстүрін білген жан
Бұрыс жолмен жұрмейді.
8-оқушы
Жаңғырса сана, салтымыз,
Биік болмақ нарқымыз.
Салтын берік ұстанған,
Біздің дана халқымыз.
9-оқушы
Мінеки, сондай жомарт сенің халқың,
Ешқашан ұмытпаған ата салтын,
Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан,
Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын.
10-оқушы
Мен қазақпын қаныммен,сүйегіммен,
Сән -салтанат салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам осынау кең далаға,
Мұрагермін, оған иемін мен.
Ән «Қазақ дәстүрлері»
Қорытынды:
«Оюлы доп» ойыны
Қандай салт - дәстүрлер бар екен? (атау)
«Дәстүрді сыйлаған озар» кітаптар көрмесіне шолу жасау:
Қазақтың салт-дәстүрлерін алдыңғы қатарлы зерттеушілердің бірі жазушы, этнограф –Сейіт Кенжеахметұлы.
«Менің Қазақстаным» сериясы бойынша шыққан «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабында ұлт салт-дәстүрлерінің 350 түрін тауып, жүйелеп жазған.«Жеті қазына» 3 кітаптық жинақ
Рефлексия:
Өзіңе ерекше ұнаған салт –дәстүр атын жазып, 20 санын, күнді гүлмен толтыру
Тәуелсіздік төріңде,
Нұр шапағат көгіңде.
Ертеңі үшін еліңнің
О, жас ұлан,
Ерінбе!
Достарыңызбен бөлісу: |