А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет112/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бұғанаасты артериядан мойынның дорсальды бұлшық еттеріне 
төмендегілер кіреді. Аталған артериялар өздері артерия қанымен қамтамасыз 
ететін дене аумақтарының магистральды тамырлары. 
Қабырға-мойын бағаны— truncus costocervicalis communis — алдыңғы 
қабырға аралық артерия мен дорсальды жауырын артериясы ажырайтын 
магистральды артерияның негізін құрайды. Қабырға-мойын бағаны жылқыда 


176 
бұғанаасты артериядан бірінші болып жеке бөлінеді, күйіс қайтаратын 
жануарлар мен шошқада терең мойын және омыртқалық артериялармен бірге, 
ал итте терең мойын артериясымен бірге басталады.
Ішкі көкірек артериясы(a. thoracica interna) бұғанаасты артериясынан 
беткей мойын артериясы бөлінетін тұстан, оған қарсы жақтан басталып, 
төссүйектің дорсальды бетімен дененің каудальды жағына бағытталады. Ішкі 
көкірек артериясы өз кезегінде бірнеше тармақтарға тарамдалады: 
1) перикардиальды-диафрагма артериясы - үлпершек пен көкетті 
қоректендіреді; 2) айырша бездің (тимустың) тармақтары; 3) көкірек 
ортасының тармақтары; 4) тескіш тармақтар.Тескіш тармақтардан өз 
кезегінде төс сүйек тармақтары мен вентральды қабырға аралық тармақтарға 
бөлінеді.
Сыртқы көкірек артериясы(a. thoracica externa) бірінші қабырғаның 
сыртқы жағында бұғанаасты артериясынан басталып, төстің сыртқы бетінде 
орналасқан бұлшық еттер мен теріні қанмен қамтамасыз етеді. Сыртқы көкірек 
артериясы бөлінгеннен кейін, бұғанаасты артериясы қолтық артериясы 
(а.axillaris) — деп аталады. Қолтық артериясы алдыңғы аяқты қоректендіретін 
негізгі магистральды қан тамыры. 
Аталған артериялар аттарына сәйкес, дене аумақтарын артерияқанымен 
қамтамасыз етеді.
Омыртқалық артерия(a.vertebralis) бұғана асты артериясының үлкен 
артерия тармағы. Аттас вена және жүйкеменбірге 6-ншы мойын омыртқаның 
көлденең 
тесігіне 
еніп, 
одан 
әрімойын 
омыртқалардың 
көлденең 
өзектеріарқылыатлантқа дейін өтіп, шүйде артериясымен жалғасады. 
Омыртқалық артериядан мойын омыртқалардың шекарасында үш артерия 
тармақтары ажырайды. Оның жұлындықтармағы – омыртқааралық тесік 
арқылы омыртқа өзегінің ішіне кіріп, дорсальдыжәне вентральды жұлын 
артерияларына тармақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет